Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 07.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
96.67 Кб
Скачать

2 Шалқар қаласы әкімінің 2016 жылғы есебі.

2.1 Шалқар қаласының әкімі с.Джумановтың қала бойынша 2016 жылы атқарылған экономикалық әлеуметтік жұмыстары жөнінде есебі және алда тұрған мақсаттар туралы.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр-Отан» партиясының XVI съездінде ел алдында 5 институционалды реформаны өткізу туралы тапсырманы қойды. Сонымен қатар, осы  реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт Жоспары әзірленді. Елбасы өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға барар жол» атты 2016 жылдың 6 қаңтарында жарық көрген мақаласында жария еткендей, «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының орындалуының тәжірибелік кезеңі басталды. 

Мемлекеттің қоғамға ашық болуы бесінші реформаның басты мақсаты болып табылады. Бұл – транспарентті және есепті мемлекетті қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық жерде осындай кездесулер өткізілуде. Бұл кездесулер өзекті мәселелерді шешуде жауапкершілікті арттыратын тиімді құралдардың бірі, халықпен  диалог орны болып табылады.

  1. Коммуналдық саласы.

Қала әкімдігінің атқарылып жатырған жұмыстарын айқындайтын және басты назарындағы сала коммуналдық саласы.

Қаланы жылдың қай мезгілі болсада қалыпты жағдайда ұстап тұруға. санитариялық тазалығын сақтауға, көгалдандыруға , көрікті келбетін келтіруге т.б жұмыстарға бағытталып бөлінген қаражаттарды тиімді игеріп, төмендегдей жұмыстырды атқарды.

Қалаға кірер жолдар мен көшелердің қыс кезінде қалыпты ұсталуына жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асырылуына бағытталған ақша түсімдерінен 1553,0 мың теңге қаралып, «Инфраком-қызмет» ЖШС-гі арқылы асфальт төсеніштері төселген көшелер арнайы автокөлікпен тазартылды.

Жомарт, М.Шманұлы ауылының жолдары уақытылы тазартылып, тайғақ мезгілде тұз, құм себілді.

Ақпан айында мезгілсіз жаңбыр жаууына байланысты, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында қаланың су жинақталған аумақтарының сулары арнайы техникаларымен үздіксіз сорғызылып алынды. Аталған жұмысқа 1165,0 мың тенге жұмсалды.

Сондай-ақ Карагулин, Ерімбетов, Е.Көтібарұлы көшесінің көл жағы бетіне, Әйтеке би - Қазанғап – Мамедова қиылысы, Олимпийский көшесі бойымен трактормен су ағар арықтар қазды.

М.Шманұлы, Дүйісов-Әйтеке би қиылысы, Пушкин, Олимпейский, А.Ақтан, Жақсыбаев, Ерімбетов көшелерінің су ағар құбырлары жұмысшылар күшімен қолмен қазылып, кеңейтілді.

Суға кету қаупі бар Олимпийский, Пушкин, Ерімбетов, Байсалбаев, Дүйісов, Е.Көтібарұлы, Әйтеке би, Тұңғатаров көшелеріндегі үйлердің алдына барлығы 220 тн құм тасылып төгілді.

МПС №20, Қ.Қонақбайұлы №60 үйлердің ауласының суы насоспен сорылды. Қаланың су жинақталған аймағынан 141м3 су арнайы автокөлікпен сорылды. Бір көзден сатып алу арқылы «Инфраком-қызмет» ЖШС-мен су арықтарын кеңейтуге 250,0 мың теңгеге, ал Шалқар көліне судың мол келуіне сәйкес су тасқынын алдын алу мақсатында көл жағалауына жақын орналасқан үйлердің алдына құм көтеру жұмыстарына 400,0 мың теңге жұмсалды.

Қаланың жыл бойы санитарлық тазалық жағдайын сақтауға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 200 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Жұмысқа тартылған адамдар қаланың жұмысшылар, газшылар, орталық, Жангелдин қалашықтарына бөлініп, 28 топқа жасақталып қоқыстарды қолмен теру, тротуарларды сыпыру, қаланың көп қабатты үйлері орналасқан аумақтарға қойылған 126 дана контейнерлерді тазалау жұмыстарына жіберілді. Жұмысшыларға 242,0 мың теңгеге қажетті құрал жабдықтар сатып алынды.

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асырылуына бағытталған ақша түсімдерінен көп қабатты үйлердің аулаларына 648,0 мың тенгеге 40 дана қоқыс контейнерлері мемлекеттік сатып алу арқылы сатылып алынды.

Қала көшелерінің 5 жерге 520,0 мың теңгеге жаңадан алынған қоқыс жәшіктерін қоятын қоршаулар орнатылды. (МПС № 63-65, Карагулин №13, Қарттар үйі, Желтоқсан № 79, МПС № 62) .

Шалқар қаласының қалаға кірер автожолдар бойы, Шалқар көлі жағалауы, қазылған карьерлердің тазалығын сақтау, белгіленбеген орындарға төгілген құрылыс қалдықтары мен қоқыстарды тазартуға 1,0 млн теңгеге « Инфраком-қызмет» ЖШС –мен бір көзден сатып алуға келісім шарт жасалынды.

«Инфраком-Қызмет» ЖШС-і 40 мекеме, 195 кәсіпкерлік нысандар, жеке тұрғын үйлердің тұрмыстық қалдықтарын жасалынған келісім- шарт бойынша кестеге сәйкес мамыр айында өз жұмысын тоқтатқанға дейін полигонға шығарды.

Тамыз айынан бастап «Таза Қала Шалқар» ЖШС-гі ашылып, 3,0 млн теңгеге қала әкімдігімен келісім шартқа отырлып, қазіргі таңда қаланың тазалығымен айналысуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес наурыз айынан көктемгі және күзгі екі санитарлық тазалық айлығы жарияланды. Қаладағы 80 мекемеге бөлініп берілген 160 көше, 18 км автокөлік жолының бойы, 14 км көл жағалауы аумақтары тазартылды. Сенбілікте 49 техника жұмылдырылып 8000 адам қатысып 162 тн қоқыс полигонға шығарылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын қала тұрғындарына насихаттауда әртүрлі бағыттағы үгіт-насихат және мерекелік баннерлер жасатуға жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асырылуына бағытталған ақша түсімдерінен мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен 2,0 млн теңгеге келісім–шартқа отырылып, баннерлер дайындалып қала көшелеріне ілінді.

Қала көшелеріне су жүретін арықтар салуға 168,0 мың теңгеге, автожолдардың асфальт төсеніштеріне ағымдағы жөндеуге 209,0 мың теңгеге ЖСҚ жасалынды.

Әйтеке би , Есет батыр және Жұбанов көшесінің қиылысынан көлге дейін дейін 7 млн 728 мың теңгеге су ағарлар салынды.

Орталық көшелердегі талдарды бір пішінге келтіру, қураған көне үлкен талдардың түбірлерін тазартуға жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асырылуына бағытталған ақша түсімдерінен 179,0 мың теңге қаралды. «Инфраком-қызмет» ЖШС-гі арқылы бір көзден сатып алу арқылы 1669 түп бір пішінге келтіріліп, 22 рейс тал қиындылары сыртқа шығарылды.

Қала көшелеріндегі тротуар, талдардың түптері, кіші сәулет формасы, темір қоршау, қондырғыларды сырлауға 465,0 мың теңгеге қажетті құралдар сатып алынды.

Қала көшелеріне ( Шойғарин, Ы.Абдуллин, М.Сыдықұлы, М.Шманұлы ) жаңадан жас көшеттер отырғызуға 1500,0 мың теңгеге 20 дана темір қоршаулар орнатылды.

Шағын демалыс орнына және аялдамаларға 145,0 мың теңгеге 10 дана орындық орнатылды.

Вокзал маңы, Желтоқсан, А.Жұбанов көшелеріне барлығы 552,0 мың теңгеге «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығы», «Қазақстан - 2050» мәтінінде түнгі жарықтандырылған қондырғы орнатылды.

Е.Көтібарұлы көшесіне 630,0 мың теңгеге түнгі әсемдік аспалы шамы орнатылды.

Қала көшелеріне 198,0 мың теңгеге 20 дана жол белгілері, 432,0 мың теңгеге бағдаршамдарға техникалық қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырылды. Ал бағдаршам құралдарына 860,0 мың теңге жұмсалынды.

Е.Көтібарұлы көшесіне Біршоғырдан 449,0 мың. теңгеге 200 тонна қиыршық тас тасымалданып төгілді.

«Үлкен Борсық» орман шаруашылығы мекемесі арқылы 180,0 мың теңгеге 100 дана ақ қайың , 187,0 мың теңгеге 900 дана жиде, 250,0 мың теңгеге 500 дана үйеңкі, 500,0 мың теңгеге 3000 дана гүл көшеттері алынып көшелерге егілді.

Ал орталық саябаққа 389,0 мың теңгеге 50 түп қарағай, 445,0 мың теңгеге 300 түп қайын, 90,0 мың теңгеге 100 түп үйеңкі, 90,0 мың теңгеге 100 түп терек, 666,0 мың теңгеге 50 түп шырша сатып алынып егілді.

«Үлкен Борсық» орман шаруашылығы мекемесі 5 га жерге қалаға санитарлық жасыл белдеу орнатуға 7000 түп қара сексеуіл егіп, бұрыннан егілген 35га жерге 1200,0 мың теңгеге механикалық күтім жасады.

Қала көшелерінің асфальт төсеніштеріне су себу жұмыстарына 695,0 мың теңгеге келісім шартқа отырылып, су себілді.

«Ұлы Борсық» КМК-і қала аумағына 300 шаршы метр құрайтын егілген 1400 түп гүлдер мен көшеттерді 3000,0 мың теңгеге суарды.

Шалқар қаласы көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына "Жол Алга Системс" ЖШС-мен мамыр айында келісім шартқа отырылды.

Биекенов көшесі 25 млн 103,0 мың теңгеге ұзындығы 530 м, Москва көшесі 10 млн 218,0 мың теңгег ұзындығы 220м, Бисенов көшесі 20 млн 238,0 мың теңге ұзындығы 430 м, Достан би көшесі 24 млн 235 мың теңгеге ұзындығы 530м автоколік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"Жол Алга Системс" ЖШС-і қаланың Е.Көтібарұлы, Әйтеке би, М.Шыманұлы көшелеріне 11млн 604,0 мың теңгеге 2500 м автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қала көшелеріндегі тротуарларды сырлауға 348,0 мың теңгеге қажетті құралдар сатып алынды. Көшенің талдарын бір пішінге келтіруге мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен 1245,0 мың теңгеге келісім-шартқа отырылып жұмыстар жүргізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында кәсіпкер демеушілігімен Қобландин көшесінің бойынан балалар ойын алаңы салынды.

Қаланың 15 көшесіне түнгі жарықтандыруға 4888,0 мың теңгеге 88 лампа орнатылды.

Қосымша 7 көшеге 2311,0 мың теңгеге түнгі жарықтандыруға келісім-шартқа отырылып жүргізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асырылуына бағытталған ақша түсімдерінен есептегіш құралдары ,электр лампалары мен сымдар және т.б қосалқы бөлшектер 3559,0 мың теңгеге сатып алынды.

Электр жүйесімен қызмет жасайтын «Энергоснаб» ЖШС мекемесімен электр қуаты үшін 11 млн 414,0 мың теңге аударылып берілді.

«Энергосистема» ЖШС –мен 1334,0 мың теңгеге техникалық қызмет, 5712,0 мың теңгеге бағандарды жалға алуға келісім шарт жасалынып қаржысы төленді. Қазіргі таңда жарық үздіксіз беріліп отыр.

2.Құрылыс және жер қатынастары саласы

«2011-2020 жылдарда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында қаладағы Ө.Сейітов № 30, Әйтеке би №4, МПС №100 үйлердің құжаттары толық заңдастырылып тапсырылып, мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатты күтуде.

Жалмағамбетов көшесі № 35 үй тұрғындарымен кондоминиум обьектісі құрылды.

Кәсіпкерлік 58 нысан құрылыс салуға 29070,0 шаршы метр (2,9070 га), жеке тұрғын үй салуға - 317 адамға 253600,0 шаршы метр (25,3600 га ), заңды тұлғаларға-14 нысанға, 13801 шаршы метр (1,3801 га) жер учаскелері берілді.

Қала бойынша тұрғын үй салуға жер учаскесін сұраған азаматтардың қалыптасқан тізімін нақтылау жұмыстарын жүргізуде, қайтыс болған 20 адам есептен шығарылды, сондай-ақ түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланылмаған 23 учаске анықталып, қаланың босалқы жер қорына қайтарылып қалыптасқан тізілімдегі азаматтарға кезек бойынша берілді.

Қаланың даму аймағына 820 жер учаскесіне электр желісі тартылды. Қала бойынша электр, газ, сумен қамтамасыз ететін мекемелер үздіксіз жұмыс жасауда.

Қала бойынша өз қаражаты есебінен жалпы алаңы 9084,31 ш.м құрайтын 67 тұрғын үй мемлекеттік қабылдаудан өтті.

«Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен 3 екі пәтерлі және 1 пәтерлі бір үй мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй құрылысы салынды.

Ұлттық қордан «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Шалқар қаласының «Жазықтық» қалашығының су желілеріне 66,6 млн теңгеге, «Жомарт» елді мекенінің су желілеріне 86,1 млн теңгеге, даму аймағының электр желілеріне 374,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Шалқар қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 463,1 млн теңгеге жұмыстар жүргізіліп , «Даму» аймағына су желілерін жүргізуге 381,0 млн теңге, квартал ішілік газ тарту желісіне 230,3 млн теңгеге жұмыстар атқарылды.

3. Әлеуметтік сала.

2016 жылы қала бойынша 525 отбасының 1397 баласына барлығы 26 млн 67 мың тенге 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдем ақысы, 8 отбасыға 1060,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек, ал 633 отбасыға 5776,1 мың теңгеге тұрғын үй жәрдем ақысы тағайындалып төленді.

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасын орындап іске асырудаәлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтағы 572 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы 412 адам, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасына 51 жас маман жіберілді.

Мамандық бойынша кәсіби оқуға 4 адам, 3 адам қайта даярлауға жіберілді.

«Өрлеу» пилоттық жобасына 2 отбасы қатысып, оларға жергілікті бюджеттен 275,0 мың теңге шартты ақшалай көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту-2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде кедейшілікпен кұрес, жұмыссыздықты азайту мақсатында Шалқар қаласы бойынша 82 адам несие алуға тіркелді. Оның ішінде 39 адам 87,1 млн теңге несие алып кәсібін дамытуда.

Белгіленген тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қайырымдылық, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Е.Көтібарұлы көшесі №37 ғимаратынан киім-кешек қабылдап, аз қамтылған отбасыларға тегін тарататын әлеуметтік бөлме ашылып, қазіргі таңда 14 адам тегін киім-кешек алды.

Қала әкімінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күні қарсаңында кәсіпкерлердің қолдауымен 44 отбасына 101,5 мың теңге, құрбан айт күні аз қамтылған 107 отбасыға 532 кг ет, көп балалы екі отбасыға 80,0 мың тенгеге шөп, 5 қарт қарияға 20,0 мың тенгенің қайырымдылық ал әскерге күзде баратын 16 жас сарбазға 16,0 мың теңгеге бір жолғы көмегі көрсетілді.

10-қазан «Мүгедектер күні» қала әкімдігі мүмкіндігі шектеулі балаларға 30,0 мың теңгеге, жалпы қала бойынша мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлердің қолдауымен 107 мүгедек балаға 1600,0 мың теңгеге қайырымдылық көмегі көрсетілді.

4. Ауыл шаруашылығы саласы.

Қалаға қарасты шаруа қожалықтары мал басын көбейтуде биыл «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Төлеген» ш/қ-ы Шалқар жайлауы несие қоры арқылы 5,8 мың теңге, «Құлан» бағдарламасы бойынша «Ырыс-М» ШҚ 4,8 мың теңге, «Қайнар» ш/қ 13,5 мың теңге, ал «Баубек» ш/қ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10,0 млн теңге несие алды.

Жеке кәсіпкер С.Әйтенов «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 22,0 млн теңгеге қуаттылығы тәулігіне 0,3 тн сүт өндіретін сүт құю кіші цехын ашты.

Қаланың бір тұрғыны құс өсіру мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен несие алып 400 бас тауық, 30-үйрек, 30 қаз әкеліп өсіруде.

Биыл Шалқар көліне су жақсы келуіне байланысты бау-бақша 2015 жылы 188 га жерге егілсе, 2016 жылы 261 га жерге егіліп, 39036 цн өнім алды.

Қала тұрғындары жаз мезгілінде көл суымен қамтылды.

Аудан әкімдігі берген тапсырма бойынша 23250 тонна шөп дайындалып тапсырма 100 пайызға орындалды. Қала халқына 200-250 теңгеден сатылды.

Шалқар қаласында ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде жыл басынан бастап 5 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, онда базар бағасынан 15-20 пайызға арзан және жоғары сападағы ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Сонымен қатар облыс орталығы Ақтөбе қаласына 2 рет, көршілес Арал, Қызылорда қалаларында жәрмеңкеге қатыстық.

Аудан әікімінің тапсырмасына сәйкес балық аулау және ат шабыс аламан бәйге жарыстары ұйымдастырылды.

Шалқар көлінен балықтарды құтқару мақсатында бөгет салынып 120 мың шабақ балық құтқарылды.

Жер пайдалану бойынша 7 ш/қ-на ескерту, 6 ш/қ-ы Ақтөбе жер инспекциясына беріліп, жұмыстар жүргізілудің нәтежесінде мақсатсыз пайдаланған 1 шаруа қожалығының жері мемлекет қорына қайтарылып алынды.

Қала бойынша 5640-ІМҚ, 9590-қой, 3040-ешкі, 2089- жылқы, 1421-түйе, 1937 - құс бар.

Сурет 1. Шалқар қаласындағы түйе саны

5.Білім саласы.

Қала бойынша жалпы 10 мектепте 4985 бала білім алып, 11 бала-бақшада 2250 бала тәрбие алуда.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Ә.Жангелдин атындағы мектепке -15 млн 556,0 мың теңгеге, «Азамат» спорт кешеніне 14 млн 981,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен № 1 мектеп –гимназияны күрделі жөндеу 49 млн 601,0 мың теңге, Көркем сурет лицейіне 5 млн 638,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Материалдық техникалық базасын нығайтуға №2,4,6 мектептеріне 6 жылу қазандықтарын жөндеуге 8 млн 200,0 мың теңге жұмсалды.

1 тамыз -1 қыркүйек аралығында өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясында қала бойынша мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 225 балаға 3400,0 мың теңгеге, оның ішінде қала әкімдігі 4 балаға 60,0 мың теңгеге мектеп құралдары алып беріліп, қаржылай көмек көрсетілді.

Қалада мемлекеттік жеке кәсіпкерлікпен (ГЧП) 60 орындық 2 бала-бақшасы, газшылар және жұмысшылар қалашығынан балаларға 2 ойын алаңдары ашылды.

6.Мәдени, дене шынықтыру және спорттық шаралар.

Қала әкімдігі аудан әкімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басын белгіленген жерге жаңа жылдық шыршаларды безендіріп орнатудан бастайды.

Ұлттық «Наурыз» мерекесін атап өтуде орталық Есет Көтібарұлы көшесіне ағаш үйлер тігіліп, ардагерлерге ас беріліп, тұрғындарға наурыз көже таратылды.

9 мамыр Жеңістің 71 жылдығын атап өтуде Кеңес үкіметінің батыры І.Үргенішбаев ескерткішімен «Бауырластар зиратында» мерекелек шаралар ұйымдастырылып гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ұлы Отан соғысының бір ардагеріне 32,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

1-Маусым «Балаларды қорғау күні, 6-шілде Елордамыз «Астана» күні,1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні және 16 желтоқсанда «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын» атап өту жоғары деңгейде өткізілді.

1- қазан қарттар күні қала кәсіпкерлерінің қолдауымен 120 тыл және еңбек ардагерлеріне барлығы 600,0 мың тенгеге қонақасы берілді.

ҚР-ның 25 жылдығын атап өтуде «Тәуелсіз Қазақстан» тәуелсіздік поезын қарсы алу өз мәнінде өтіп, аудандық білім бөлімімен бірге автошеру ұйымдастырылды.

Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына байланысты әскери қызметін семей ядролық сынақ кезінде өтеген ардагерлердің қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

І.Үргенішбаевты еске алуға бокстан облыстық турнир, ҰОС ардагері И.Матраховты еске алуда допты хоккейден ауыспалы кубогі, В.И.Цеханович атындағы грек-рим күресінен республикалық турнирі, ҚР Құрметті спорт қайраткері М.Есенжоловпен спортқа еңбегі сіңген жаттықтырушы М.Көпесті еске алуда жас өспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық турнирлер ұйымдастрылды.

Денсаулық саласы

Шалқар қаласында орналасқан 78 керуеттік аудандық аурухана, күніне 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 орындық кереует күндізгі стационар, 1 амбулаториялық пункт қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.

Аудандық ауруханада 2816 адам 65 млн 585,0 мың теңге, аудандық күндізгі стационарда 3724 адам 17 млн 886,0 мың теңге үй жай стационарда 959 адам 21 млн 648,0 мың теңгеге ем алды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде науқастарға 54 млн  340,0 мың теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді.

Астана қаласында жоғары медициналық көмек алуға квота арқылы -66 адам ем алды.

7. Кәсіпкерлік саласы.

Ел басының тапсырмасы бойынша жыл басында қалада орналасқан көтерме саудамен айналысатын 6- үлкен сауда орнымен бағаны тұрақтандыру және тұрақты ұсап тұру мақсатында екі жақты жасалынған меморандумға отырылып, азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп отырылды.

Осының нәтижесінде жыл бойы баға тұрақты болып, бағаның негізсіз өсуі анықталмады.

Жеке кәсіпкер өзінің мал сою цехінің жанынан тұшпара цехін ашып жұмыс жасауда.

Жеке кәсіпкер Қ.Оразаев 0,08 га болатын 2 жылыжай құрылысы мен 120 тонналық көкөніс сақтау қоймасын салып аяқтап пайдалануға беріліп 1 тонна қияр өнімін алды.

Сонымен қатар «Алтын ұя» балалар ойын алаңын ашты.

Қалаға қарасты Шыманұлы ауылынан жер алып жеке кәсіпкер М.Сейілов жүн жинайтын цех, «Шыманұлы ш/қ-ғы сүт цехін ашуға несиеге құжаттарын дайындау үстінде. Ал Б.Дүйісов мал бордақылау, құс өсіру фабрикасының құрылысын жүргізуде.

Желтоқсан айында Шалқар ауданы кәсіпкерлерінің «ХІ -Бизнес Форумы» ұйымдастырылды.

8. Қоғамдық қауіпсіздік және саяси ахуал.

Қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алу бойынша,жол жүру ережесін, қылмыстың алдын алу және балалар қауіпсіздігін сақтау үшін қаланың М.Шманұлы-Молдағұлова, М.Шманұлы-Үргенішбаев, М.Әуезов- Ерімбетов, Ақтөбе-Биекенов көшелерінің қиылыстарына 6 млн 800,0 мың теңгеге бағдаршам орнатылды.

Дәстүрлі емес діннің ағымындағы жастарды азайту мақсатында түрлі форматтағы кездесулер өткізілді.Сонымен қатар жамағаттардың діни ахуалы және әлеуметтік отбасылық тұрмыстық жағдайын қадағалу тұрақты бақылауда болып отыр.

Қорытынды.

Қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың тілегі мен сұранысы, талаптары көрсетілген жеке тұлғалардан 654, заңды тұлғалардан 13 және жеке қабылдауда болған 36 адамнан әр -түрлі мәтінде арыз-шағым келіп түсті. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет стандарттары яғни бір терезе қағидасы негізінде « Халыққа қызмет көрсету мемлекеттік мекемесі» арқылы кәсіпкерлік нысан ашуға -79, нысаналы мақсатын өзгертуге- 32 өтініш келіп түсті. Осы аталған барлық өтініш, арыз-шағымға мүмкіндігінше оң шешімін тауып, қанағаттандырылып, уақытылы сапалы жауаптары берілді.