Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
konc MIRAS.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
21.08.2019
Размер:
41.68 Кб
Скачать

Сулейман Демирель атындағы университеті

Құқықтану факультеті

Жалмурзин Мирас

1 Курс студенті

Конституциялық құқық

портфолио

«Заң адамды бағындырады,заңды ақыл бағындырады»

Т.Фуллер

Конституциялық құқық нормалары

1.Құқық беруші нормалар-онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анықтайтын субьектілер құқығын бекітетін нормалар.Мұндай нормаларға сондай ақ Қазақстан Республткасы Президентінің,Парламентінің,Үкіметінің,Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады.

2.Міндеттеуші нормалар-өзінің тәртібін,өзінің әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субьектілердің міндеттерін бекітетін нормалар.Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес,сонымен бірге ҚР парламенті палатарының төрағаларына да жүктеледі.

3.Тыйым салушы нормалар-онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар.Мұндай нормалар мемлекеттің конст.негіздерін(Бастауларын),заң ережелері мен құқық тәртібін корғауға бағытталған.

Нұсқаулардың айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадай нормаларға бөлінеді:

Императивті нормалар-белгіленген ережелерді субьектілерге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін нормалар.Заңмен белг.міндетті құқық нормасы.

Диспозитивті нормалар-нормада көрсетілген жағдаяттарды ескеру арқылы субьектінің әрекет ету вариант таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.Тараптар тарапынан өзгеріске ұшырау.

Құқықты реттеу механизм бойынша нормалар:

Материалдық нормалар-Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын нормалар.Қарым қатынас

Процессуалдық нормалар-Сол арқылы жүзеге асырылатын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.

Санкция – қылмыстың істелгені үшін тағайындалатын жазаның түрі мен шегін анықтайтын Ерекше бөлім бабының бөлімі. Қылмыстық заң баптарында салыстырмалы анықталған, баламалы (альтернативті) және аралас санкциялар кездеседі.

Салыстырмалы анықталған санкция жазаның түрі мен шектері көрсетіледі. Мұндайда сотта жазаны жеке-даралау үшін біршама мол мүмкіндіктер болады. Оның екі түрін ажыратады: жазаның тек жоғарғы шегін ғана анықтайтын санкция және жазаның жоғарғы да, төменгі де шектерін анықтайтын санкция.

Салыстырмалы анықталған санкциялардың екінші түріне ҚК-тің 162-, 181-, 241-баптарының санкциялары мысал бола алады.

Баламалы санкцияда негізгі жазалардың екі немесе одан да көп түрлері көрсетілген болады, сот істің мән-жайына негізделе отырып, жаза мақсаттарына қол жеткізуге неғұрлым көп мүмкіндік беретін жаза түрі мен шегін осы жаза түрлерінен анықтайды. Мысалы, аффект күйінде кісі өлтірілгенде сот бас бостандығын шектеудің, қамаудың және бас бостандығынан айырудың бірін тағайындайды.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшін реттейтін нормаларда екі негізгі қағида ізбе-із іске асырылған – территориялылық және азаматтылық қағидалары.

ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында қылмыс істеген адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылады. ҚР территориясы біртұтас және ажырамас болып табылады. 1993-ж. 13-қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның бірінші бабы осы шекараны келесі түрде анықтаған: «ҚР мемлекеттік шекарасы деп Қазақстанның құрлық, су, жер қойнауы мен әуе кеңістігінің шегін анықтайтын сызықтық пен оның үстінен өтетін тік жазық танылады. Мемлекеттік шекара ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР-ның халықаралық шарттарымен анықталады».

Мемлекеттік шекара төмендегіше анықталады:

Құрлықта – рельефтің тән нүктелері мен сызықтары немесе айқын көрінетін ориентирлер бойынша;

Теңізде – ҚР территориялық теңізінің сыртқы шекарасы бойынша. Территориялық теңізге енін ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР халықаралық шарттары анықтайтын жағалау теңіз сулары жатады.

Ішкі сулар ҚР территориясы болып табылады: теңіздегі неғұрлым алшақ орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардан өтетін сызықпен шектелген порт сулары, жағалаулары ҚР-на тиесілі болатын өзендер мен басқа да су бөгендерінің сулары.

Каспий теңізіндегі ішкі суларға жататын акватория ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР халықаралық шарттарымен анықталады.

Қылмыстық заң қылмыс ҚР-ның континенталдық шельфінде және ҚР айрықша экономикалық аймағында істелген жағдайда да әрекет етеді (ҚК-тің 6-бабының 2-бөлімі).

 Шельф – табиғи байлықтарды алуға мүмкіндік беретін, территориялық теңізге белгілі бір тереңдікте түйісетін (200 метрге дейін және одан да терең) теңіз астының қойнауы. Жер қойнауы – құрлық және су территорияларының астының кеңістігін қамтитын, шаруашылық және басқа да мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін болатын табиғи орта бөлігі. Айрықша экономикалық аймақ территориялық сулардың шегінен тыс теңіз аймақтарында орнатылады. Оның шекараларын халықаралық шарттар анықтайды.

Құрлық және су территорияларының, оның ішінде территориялық сулардың үстіндегі тік жазық әуе кеңістігінің шекарасы болып саналады.

ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлімі ҚР жалауында жүрген кемелерде қылмыс істеу үшін жауапкершілікті реттейді. Егер ҚР портына тіркелген және ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс істелетін болса, жауапкершілік ҚР ҚК бойынша орнатылады. ҚР әскери әуе және су кемелері олардың қай жерде болуына қарамастан, ҚР территориясының бөлігі ретінде саналады.

Қылмыстық заң күшінің территориялық қағидасынан ерекшелік өзара келісімділік бастамаларында шет мемлекеттердің ел басшылары мен өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері үшін істелген. ҚК-тің 6-бабының 4-бөліміне сәйкес шет елдердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитеті бар басқа да азаматтарының олар ҚР территориясында қылмыс істегендегі қылмыстық жауапкершілігінің мәселесі халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Дипломатиялық иммунитет – шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, олардың басшылары мен қызметкерлеріне берілетін құқықтар мен жеңілдіктер жиынтығы. Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқық нормалары 1961-ж. Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланған.

 

Қылмыстың жасалу сатылары – бұл қылмысқа дайындалудан, оған оқталудан және аяқталған қылмысты іске асырудан тұратын қасақана қылмыс дамуының белгілі бір сатылары.

Қылмыстардың көптігінің айрықша белгісі – мұнда бір адам кем дегенде екі қылмыс жасаған болуы керек, әрі олардың әрбірі дербес қылмыс құрамдарын құрайтындай болуы керек.

Тарихы

30 тамыз- 1995 жылы республикалық референдумда Конституцияны қабылдау күні мемлекеттік мерекесі -  Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде жарияланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]