Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
04.09.2019
Размер:
82.18 Кб
Скачать

1.2. Сот жүйесіндегі өзгерістер

1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты:

  • уездік соттар,

  • әскери-сот комиссиялары,

  • облыстық басқарма және үкімет сенаты.

Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық басқармада азаматтық істер қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді.

Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді.

Дегенмен әрбір шешілген істен билік деп аталған кесімнің 1/10 бөлігін алуына рұқсат етілді. Билер соты 300 сомға дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін ғана түпкілікті бола алды. Сырдария облысында қазылар соты 100 сомға дейінгі істі түпкілікті шешті. Құны 300 сомнан асатын істер үшін билердің болыстық және төтенше съездері шақырылды.

Олар құны 500 сомға дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді бекітуге уезд бастығы облыстық басқармаға жіберіп отырды. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында құны 2 мың сомға дейінгі істер түпкілікті шетттілді. Облыстық басқармаға келіп түскен әр түрлі уездерге жататын болыстарға қатысты істер женінде болыстық билердің төтенше съездері шақырылды.

Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:

  1. бітістіруші судьялар;

  2. облыстық соттар;

  3. жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.

1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.

Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен қылмыстық әрекеттер халық сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте, қылмыстық және азаматтық істерді қарау билердің қарауынан басталды. Әскери губернаторлар бекіткен халық соттары (қазылар соты) Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің ең соңғы буыны болды (Халық соты → бітістіруші сот → облыстық сот →Сенат).

1.3. Жер мәселесі және 80—90 жылдардағы әкімшілік басқару

жүйедегі өзгерістер

"Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III тарауында жер мәселесі туралы "Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі" делінсе, 1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: "Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі" деп танылады.

"Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".

Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.

1886 жылы 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5:

  1. Қазалы,

  2. Перовск,

  3. Шымкент,

  4. Әулиеата,

  5. Ташкент уездерінен тұрды.

"Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды.

Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды:

  • облыстық,

  • уездік,

  • болыстық,

  • ауылдық.

Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.

1891 жылы 25 наурызда бұрынғы Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы орнына орталығы Омбы қаласы болған бір Дала генерал-губернаторлығын құрды. Жетісу облысы 1897жылы Түркістан генерал-губернаторлығы қарауына берілді.

Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын Дала генерал-губернаторлығы басқарды, Орал, Торғай облыстарын әскери губернатор басқарды. Дала генерал-губернаторлығының орталығы — Омбы, сонымен қатар Ақмола облысының орталығы да Омбы, Семей облысыныкі — Семей қаласы, Орал облысыныкі — Орал қаласы, Торғай облысыныкі — Орынбор қаласы болып белгіленді.

Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан-жақты, тереңнен ойластырылған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді.

Реформалардың басталуы. Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен 1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылығымен «Дала қомиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлік шенеуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға қазақ ақсүйектері мүлде жолатылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітіп берді.

Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізу көзделді. Әкімшілік реформалардың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қазақ және орыс тілдерінде жазылып, таратылды. Өкімет билігінен шеттетілген билеуші-сұлтандар мен аға сұлтандар ескерусіз қалдырылмады. Оларға түрлі әскери шендер берілді, өмірлік зейнетақылар тағайындалды.

1867—1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы -Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.

Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс — уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс — ауылдардан тұрды.

Семей ішкі округы Семей облысының Павлодар және Семей уездерінің құрамына, ал Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.

Басқарудың ерекшеліктері. Жаңа  реформа  бойынша енгізілген  әкімшілік басқару  жүйесі жоғары  дәрежеде әскери сипат алды. Генерал - губернатордың қолында әскери билік те, азаматтық билік те болды.   Түркістан генерал - губернаторлығы басшысының көрші мемлекеттермен, атап айтқанда,  Қытай және Иранмен тікелей келіс-сөздер жүргізе алу құқығы да бар еді.

Облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындалды. Олар сонымен қатар қазақ әскерлерінің атамандары болып есептелді. Оларды патша үкіметі тікелей өзі тағайындайтын. Уезді уезд бастығы басқарды. Оны ресейлік шенеуніктер қатарынан әскери губернатордың өзі таңдап тағайындайтын. Әкімшілік басқарудың ең төменгі екі сатысында болыстар мен ауыл старшындары тұрды. Олар жергілікті ақсүйектерден іріктеліп алынды.

Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Оларға өмірлік зейнетақы тағайындалды. Патша үкіметінің мұндай қадам жасауға бару себебі - қазақ даласында сұлтандар тобына деген сый-құрмет әлі де болса едәуір дәрежеде сақталған еді.

Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топтардан іріктеліп, сайлауда шар салудың (дауыс берудің) нәтижесі бойынша ғана тағайындалатын. Бұл лауазымды қызмет орнына сайланудан халықтың сенімі мен құрметіне ие адамдардың ғана үміттенуіне болатын. Олар бұрын өздерінің арына сотты болып «дақ түсірмеген» адамдар болуы тиіс еді. Бұл қызметтерге үміткерлердің жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын.

Болыстағы әрбір 50 үйден сайлауда шар салушы (дауыс беруші) бір адамнан сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында болыс сайланатын және осы қызметтен үміткербелгіленетін. Taп осындай тәртіппен әр ауылдағы әрбір 10 үйден сайлауда шар салатын (дауыс беретін) бір адам сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында ауыл старшыны сайланды және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны немесе болыс сайланатын, ал одан кейін дауыс алғандар осы қызметтерден үміткерлер болып белгіленді.

Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзімге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бекітетін. Сондай-ақ оларды бұл қызметтерден кез келгенуақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшындарын қызметке бекіту мен қызметінен алып тастаудың мұндай тәртібі қазақ даласындағы сайлау жүйесінің отаршылдық мазмұнын көрсетті.

Жоғары лауазымды шенеуніктердің отаршыл әкімшілікке қолдау көрсетпейтін адамдарды қызметке бекітпей қоюға құқығы болды.

Ауыл старшындарына және болыстарға қоладан құйылған төс белгілер, сондай-ақ арнайы жасалған мөр берілетін. Отаршыл әкімшіліктің бұл төменгі буындары полицияның және тыңшылардың міндетін қоса атқарды. Олар қазақ даласында тыныштықтың сақталуын қадағалауға, әсіресе барымтаны жоюға міндеттенді. Сонымен қатар заңдардың қатаң сақталуын, алым-салықтың уақтылы әрі толық жиналуын, басқа да міндетті борыштардың түгел орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Олар сот шешімдерінің және халық соттары қаулыларының орындалуын жүзеге асыруға да міндетті еді.

Өкінішке орай, оқиғалардың бұдан кейінгі барысы сайлау жүйесінің «партиялық» күреске айналып кетуіне алып барып соқтырды. Бір рудың өкілдері мен екінші бір ру өкілдерінің арасында шиеленіскен күрес өршіді. Елде байлықпен қызметті сатып алу, қоқанлоқы жасап қорқыту, күш көрсету және жала жабу сияқты келеңсіз қылықтар кеңінен етек алды. Лауазымды қызметтенүміткерлер сайлау науқаны кезінде ақшаны оңды-солды аямай шашты.

Қазынагерлік жүйе және міндетті атқарылатын борыштар. 1867— 1868 жылдарда енгізілген жаңалықтар алым-салық жүйесін де қамтыды. Осы кезден бастап Қазақстанның бүкіл аумағында біртұтас салық — «түтін салығы» енгізілді. Ол жыл сайын бір рет әрі үй басынан ақшалай алынып тұрды.  Орынбор  және Батыс  Сібір  генерал-губернаторлығындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Мал санағы 3 жылда бір рет өткізілді. Малдың санын жасырғандарға салық екі есе көп салынды. Түтін салығын төлеуде, басқа да міндетті борыштарды өтеуде Кіші жүздің қайтыс болған ханы Шерғазы Айшуақұлының отбасы мүшелеріне жеңілдік жасалды. Жеңілдіктер сұлтандар  Баймағамбет Айшуақұлының, Ахмет және Арыслан Жантөреұлдарыныңотбасыларына да, сондай-ақ 1844 жылы хан Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарының қолынан қаза тапқан қазақтарға да берілді. Түтін салығын төлеуден Орта жүздің хандары Уәлимен Бөкейдің ұрпақтары да босатылды. Мұндай шаралар олардың өкіметке қарсы пиғылдарын бәсеңсітуі тиіс болды.

1820 жылдан бастап қолданылып келген билеттік тіркеу орнына сндігі жерде біртұтас төлқұжаттық тіркеу тәртібі енгізілді. Басқа жаққа барып жұмыс істеп, табыс тапқысы келгендер болыстардан төлқұжат алуы тиіс болды.

Көшпелі қазақтар бірқатар борыштар атқаруға міндеттелінді. Aтaп айтқанда, олар көпірлер мен жолдарды тегін жөндеп тұруға міндетті болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас адамдар жататын және іссапарға келген шенеуніктер тоқтайтын киіз үйлер бөліп тұруға міндеттелінді. Қазақтарға оларды отын-сумен және шемеуніктерді жолға мінетін ат-көлікпен қамтамасыз ету де жүктелді. Қазақтар міндетті әскери борыш өтеуден босатылды.

Денсаулық сақтау саласындағы реформа. Әр облыста облыстық дәрігер тағайындалды. Әрбір уезде бір дәрігер мен акушер-кіндік шеше болатын болды. Уездік дәрігерге шешекке қарсы егу шараларын қамтамасыз ету міндеті жүктелінді. Ол науқас адамдарға тегін медициналық көмек көрсетіп, оларды дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуі тиіс болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекемелердегі емдеу орындарында да дәрігерге тексеріле алды. Шамасы, реформаның жағымды бір ғана сипаты болса, ол денсаулық сақтау саласындағы тап осы жаңалықтың енгізілуі дей аламыз. Солай бола тұрса да, дәрігерлердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтардың бұл мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді жарытымды пайдалануы мүмкін болмады. Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ халқының арасында, әсіресе балалар арасында өлім-жітім көп болды.

Жерді пайдалану мәселелері. Қазақтардың қоныстанған жерлері мемлекет меншігі саналды. Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пайдалану құқығы негізінде ғана берілді. Жаңа реформа бойынша ормандар да мемлекет меншігі деп жарияланды.

Қазақтарға жерлерін Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгілі бір мөлшерде жалға беруіне рұқсат етілді. Ал мұның өзі олардың ежелден келе жатқанатамекенінен айырылып, өздерінің жерсіз қалуына алып барып соқтырды.

Қоныс аударып келген орыс шаруалары бірқатар елеулі жеңілдіктерді пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездік билік орындарынан үй салып алу үшін жер телімін, сондай-ақ құрылыстық ағаш материалдарын тегін алды. Олардың сауда жасаумен, қолөнер кәсібімен, өнеркәсіптік қызметпен және егіншілікпен емін-еркін айналысу құқығы болды.

Ал башқұрт, татар, Орта Азия халықтарының өкілдері сияқты мұсылмандар мұндай жеңілдіктерді пайдалана алған жоқ. Өйткені патша үкіметі ислам дінін ұстанатын өзге халықтар өкілдерінің қазақ даласына шоғырлана түсуінен қорықты.

ІІ ТАРАУ. Қазақстандағы 1867 – 1868 жылдардағы реформа

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]