Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

1-БИЛЕТ

1 Қаз.тарихы ғылымының мақсаты мен міндеттері. Тарих (араб сөзі-"зерттеу, оқиғалар жөніндегі әңгіме"). Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, коньюнктураға жағынып,бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен,қаһармандық ж/е қайғылы сәттерімен қоса, ол қандай болсын сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз. Қазақстан тархы мен пәні ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы қазақ қоғамының саяси,экономикалық,әлеуметтік және мәдени даму жолдарын зерттейді.Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты-ұлттық тарихты білу,тарихтың қателігін қайталамау үшін одан сабақ алу. Міндеттері: а)Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.ә)Патриотизмды қалыптастыру.б)Қазақ халқы тарихының әлемдік тарихта алатын өзіндік орнын көрсету.в)Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдеріне қазақ халқының мәдениетін,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын насихаттау.

І.Ежелгі Қ-н (2 млн жыл-б.з.V ғ.) а)тас дәуірі.ә)қола дәуірі. б)темір дәуірі: сақ, үйсін, қаңлы,ғұн.

ІІ.Ортағасырлардағы Қ-н (VI-XVIIғ)а)әуелгі ортағасыр(VI-XII) –түрік дәуірі.ә)орта ортағасыр(XIII-XVғ.І ж)-монғол дәуірі. б)кейінгі ортағасыр (XV 2 ж-XVII)-қазақ хандығының дәуірі.

ІІІ.Жаңа замандағы Қ-н ( XVIII-XXғ) –Патшалы Ресей 1731-1917құрамындағы Қ-н.

IV.Қазіргі замандағы қ-н (xXғб–xxIғ.–1917-2007- а)кеңестік дәуірдегі қ–н ә)тәуелсіз қ–н

4-БИЛЕТ

4.Қола дәуіріндегі тайпалардың өнері,наным-сенімдері. Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола(мыс пен қалайының қорытпасы).Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдарын ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б 2-1 мыңжылдықтар). Еңбек құралдары: тесе,тас кетпен, келі келсап, орақ, шалғы. Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа қаратылып, қол-аяғын бүгіп жатқызған. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация басым болған. Бұл табиғаттың жаңарту заңдылығы, жаңа өмірге көшу түсінгі. Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттері-адамзаттың рухани мәдениетін, оның дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады.

Қола дәуіріндегі тайпалардың сәндік бұйымдарының ішінде жиі кездесетіні сқина тәріздес дөңгелек сырғалар. Сәндік бұйымдарды жасау өнерінің даму дәрежесі жоғары болғандығының көрінісі: 1) Айбас сағасындағы Алакөл қабірінен табылған алтын білезік.2) Мыңшұңқыр қабірінен табылған екі сырға. (Б.з.б. II мың ж.).Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін,діни ғұрыптарды атқаратын ж/е үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген.Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сыйыну және о дүниеге сену кең тарады.

2-БИЛЕТ

2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері. Қаз.аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д. 800-140 мың ж.)кезеңіне жатады.Алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай білуі,аң аулау,терімшілікпен айнаоысуы,тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәт.бөлектенуі.Климаттың жылы ж/е құрғақ болуы. Тасты жару үшін жұмыр тас қолданды.Алғашқы еңбек құралдары чоппер,чопплинг болды.Солт.Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611 тас құрал табылды.Ескерт:Оңт.Қ. Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Қарасу, Орт.Қаз. Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы. Шығ.Қаз.Қозыбай. Бат.Қаз. Шабақтысай,Сарытас. Орта пал. (140-40 мың ж.) оңт.Қаратау жотасынан сол.Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін,бат. Сарысу өз.орта ағысынан шығ. Ертіс өз.жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастады. От алуды үйрену, діни сенімінің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандерталь адамның пайда болуы.Еңбек құралдардарын жасау тәсілі-неуклеустік.Мустерліктер адамның аяғын бүгіп бір қырымен жатқызып жерлеген. Ескерт: Оңт.Қ. Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ. Орт.Қ.Обалысай,Мұзбел,Өгізтау.Бат.Қ.Өніжек,Аққыр,Құмақаж.Шығ.Қ.Бөдене,Қызылсу. Кейінгі пал. (40 мың-12мың ж. аралығы). Қазіргі адамға ұқсас кроманьондықтың қалыптасуы, жеңіл найза, ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы,аналық рулық қауымның орнауы. Тас құралдарын жасау тәсілі-ретушьтік. Ескерт: Оңт.Қ.Ащысай, Үсіктас. Орт.Қ. Батпақ, Қарабас, Бат.Қ.Аққыр,шақпақата. Шығ.Қ.Свинчатка,Шульбинка,Пещеры,Қанай.Мезолит (12-5 мың ж.) климат жылынып,мұз еруі басталды, жебелі садақ, бумеранг, балық аулау құралдары,қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Ескерт: Солт.Қ.Мичурин,Тельман,Екібастұз.т.б. Орт.Қ.Әкімбек, Қарағанды. Неолит (4-3 мың ж.) жерді өңдеу,мал шаруашылығымен айналасу,қыш ыдыс жасау,тігін тігу, кен өндіру. Ескерт: Оңт.Қ.Қараүңгір,Үшбұлақ, Қарақұдық.Шығ.Қ.Нарым, Қызылсу, Сатшықыз. Солт.Қ.Қаратомар, Дамсы, Ботай. Бат.Қ. Құлсары, Сарықамыс т.б. Орт.Қ.Қосқұдық, Ырғыз,Қараторғай, Батпақ. Солт.-батыс Қ. Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Аманкелді, Мақанжар,т.б.

3-БИЛЕТ

3.Қола дәуіріндегі Қаз. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәд. Қола дәуірі (2-1 мың ж) Мал шарашылығы мен егіншілік пайда болды.Әкелік рулық қатыныс орнады.Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.Бұл дәуірде Қазақстан даласын,Оңт.Сібірді ж/е Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалық мекенеді.Бул мәдениеттін алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең андронов мәдениеті деген атау алды(1914ж.археолог Б.В.Андриановтың қазба жұмысы (А.Я.Тугаринов).1927жыл-археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштерін Батыс Қазақстаннан тапты.Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар-Ә.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г.Максимова,С.С.Черников, А.М.Оразбаев.Андронов тайпалары Қаз-ның барлық аймағын мекендеген.Негізгі қоныстанған ауданы-Орт.Қаз.Бұл өңірден 30-дан астап елді мекен, 150-дей қабір қазып зерттеледі.Солт. ж/е Бат.Қаз.150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды.Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Баспаналары-жертөле ж/е жартылай жер бетіндегі үйлер.Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қол дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәд.Беғазы-Дәндәбай мәдениеті. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,ол,бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды,екінші жағынан,онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі.Ошақ қасиетті орын саналған.Жаңа түскен келін ошақты айналған,ал мәйітті шығарарда ошақты айналдырған.

5-БИЛЕТ

5 Сақтардың саяси тарихы, шаруашылығы ж/е мәдениеті. Б.з.б. I мыңжылдықта Қаз.теририториясын мекендеген көшпелілер-сақтар.Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңт.Сібір тайпалары ж/е Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастығы болды. Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі: гректер-азиялық скифтер; парсылар-құдіретті еркектер; ирандықтар-жүйрік атты турлар. Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы: Парадарайя(теңіздің арғы жағындағы сақтар):Қара теңіздің солтүстігі,Арал теңізі маңы,Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы. Тиграхауда (шошақ бөрікті турлар): Тянь-Шань,Жетісу. Хауамаварга(хаома сусынын дайындайтын сақтар):Мургаб аңғары.Көрші мигия, лигия патшалықтарымен қарым-қатынас жасады. Б.з.б. 6-ғас.сақ массагеттерінің патшайымы Томиристің парсы патшасы Кирмен соғысты. Парсылар Египет, Вавилон, Ассирия, Грекияның бір бөлігін бағындырып, империя құрды. Алайда Кир патша жеңіліп қаза тапты. Б.з.б. 519-518ж.Дарийдің Қара теңіз жағалауындағы скифтерге жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. Б.з.д. 330-327ж. Македонский (Ескендір Зұлқайнар) парс империясын талқандады. Сақтар Спитамен бастаған көтеріліске қолдау жасады.Сақтардың негізгі шаруашылығы –көшпелі мал шар.Олар шар.3 түрін үйлестірді: Көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Жылқы өсір маңызды орын алды. Мәдениеті: Сақтар күн,от,әруақтар культтеріне табынды. Күн культы-тарих шығармасында Скифтер күнді құрмет тұтады. Күнге арнап жылқы малын құрбандыққа шалады-деп жазылған. Таңбалы тас ескерткіші Күн басты адам бейнелері,Есік қорғанынан табылған жүзіктегі күн басты адам бейнесі мұртты обалардың шығысқа бағытталуы Күн шыңымен байлан. От культы-Археологиялық қазба жұм. барысында мыстан, қоладан жасалған құрбандық ыдыстардың табылуы,күл қалдықтарының кездесуі от сенімімен байланыстырылған. Әруақтар культы- тарих шығар. келтірілген Скиф патшасының Дарийге берген жауабында Бесшатыр қорғаннан әруаққа сенуге болады. Тотемизм деп-белгілі бір этностың өзінің шығу тегін белгілі-бір аңмен байланыстыруы. Аңдық стиль д/з-белгілі-бір аңды іс-қимылда мифологиялық тұғыда бейнеленуі.

6-БИЛЕТ

6 Жазбаша деректердегі үйсіндердің этносаяси тарихы.

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді.Б.з.д. 11ғ. 160ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп,сақ тайпаларын бағындырды,сөйтіп қолбасшы «гуньмо»деп аталатын иеліктің негізін салды. Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды,олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен (Кангуй) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ұштасып жатты.Үйсіндердің астанасы Чичуген (Қызылалқап қаласы) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.Қытай императоры Удидің 138ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжанцянь Үйсіндер иелігінде 630мың адам бар және айқасқ 188мың жауынгер шығара алады деп жазады.Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30мың атты нөкері ж/е оларға бағынатын 10мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған. Деректерде б.з. III-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси тарихи олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілірдің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.

7-БИЛЕТ

7Үйсіндер:археологиялық ескерткіштер, орналасуы ж/е шаруашылығы. Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған обаларына қазу жұмыстары жүргізілген ж/е олардың мекенжайлары зерттелген.Үйсіндердің қорымдары таулы алқаптер мен өзен жағалауларына орнал. Әдетте олар өзен бойын қуалай созылып жататын обалар тізбегі болып табылады. Обалардан-археологтар алтыннан жасалған көптеген әшекейлерді-киім қапсырмаларын, алтын сырғалар мен қола айналарды,ағаш қобдишаларды тауып алып келеді. Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б.з.д. 3-2ғғ. Жатады. Олар-Қапшағай 3,Өтеген 3,Қызыл еспе,Қызыл ауыз 3, Қызыл Қайнар. Олар ортақ сипат-қорымдар теріскейден түстікке қарай,әрқайсысында 5-6 дан обасы бар тізбек болып,созылып жататындай жоспарланып істелген.Орта кезеңге-Өтеген Тайғақ,Қарлақ,Алтын Емел, Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жатады. Бұл кезеңде үйсін қорымдары жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан анықталған. Ақырғы мерзім 2-ғғ.–Қапшағай, Шолақ-Жиде,Гүр Қора, Қалқан қорымдары жатады.Үйсін шар.ерекшелігі мал шар.егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды болған. Әсіресе жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген.Бай үйісінің 4-5 мың жылқысы болды.Байлықтың негізгі өлшемі-жылқы саны. Үйсіндердің егін шар/мен айналысқандығын суару жүйелерінің болғандығы дәлелдейді. Көбінесе тары мен арпа еккен.Б.з. бса кезінде үйсіндерде отырықшылық болып,ал б.з. 3-5ғ. Бау-бақша шар.тәлімі егіншілік түрінде одан әрі дамыған.

8-БИЛЕТ

8.Қаңлылар:орналасуы,шаруашылығы, және арх/қ ескерткіштері

Қаңлылар туралы мәліметтер б.з.б II ғасыр қытай деректерінде жазылған. Б.з.б. II ғасырда «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орта Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі қаңлы мемлекеті. Қазақстан өңірінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды. Б.з.б IІғасыр және III ғасыр.Территориясы: Қаратау жотасы Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі мекені Сырдарияның орта ағысы. Қаңлы мемлекеті өз жерімен өтетін ұлы жібек жолының үнемі бақылауда ұстауға ұмтылған.

Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты.Қауыншы мәдениеті Ташкент төңірегіндегі аймақ. Бұл мәдениеттің ең жақсы зерттелген ескерткіші Сырдария жағалауындағы Ақтөбе қонысы.Отырар Қаратау мәдениеті Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық. Бұл мәдениет ескерткіштерінің маңызды орталығ Отырар алқабы. Арс өзенінің сол жағалауынан 20 шақты төбе табылды: Пұшық Мардан, Қостөбе; Шымтөбе, Сейітман төбе, Азайтөбе.Жетіасар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары аралығы. Бұл б.з.б I мыңжылдығының ортасы б.з I мыңжылдығының ортасы аралығында Арал теңізінің шығыс жағында өркендеген мәдениет.Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы. Басты байлығы мал. Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Мал жайыымы Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен. Қыстаулары негізінен Сырдария бойы. Хорезмде, Арал өңірнде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында отырықшылық дамыды, қосалқы кәсіпшілік аңшылық пен балық аулау. Оларда сүйек ұқсату ісі дамыған, сүйектен пышақ, қанжар, семсерлерге қын жасалған. Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған

9-БИЛЕТ

9. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан

Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань Цзяннің қолжазбаларынан білеміз . Б.з.б III-II ғасыр жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұ.ж.ж Шығыс пен Батысты байланыстырып Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Лазурит жолы: Бадахшан тауы Иран Месопатамия Мысыр Сирия Қытай. Нефрит жолы: Жаркентдария, Шығыс Түркістан, Қытай. Дала жолы: (б.з.б I мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы Дон, Оңтүстік Орал, Ертіс, Алтай , Зайсан көлі. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді;1)Батыстан шығысқа бағытталған жол;2)Іле бағыты;3)Еуропа бағыты; 4)Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.Ұлы жібек жолының VI-VII ғасырдағы ең гүлденген бағыты Қытайдан Жетісу және Оңт. Қазақстан арқылы батысқа баратын жол. Ұ.ж.ж қалалар: Құлан, Ілебалық, Екібұғы, Отырар, Шадғар, Тараз, Испиджаб. Ұ.ж.ж арқылы тасылған тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар т.б. V-II ғасыр Қазақстан территориясында феодалдық өндірістік қатынастар қалыптаса бастады. Ерекшелігі көшпелі өндіріс әдісіне негізделу және рулық патриархалдық құрылыстың кейбір белгілерін сақтап қалу. Әуелгі ортағасырлық мемлекеттердің қалыптасуының ағышарттары: Қоғадық қатынастардың өзгеруі;Таптың қатынастардың пайда болуы

10-БИЛЕТ

10.Ғұндар:саяси тарихы, шар/ғы ж/е мәдениеті

Ғұндар б.з.б I мыңжылдықта Орта Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайпалық бірлестіктер құрылды. Б.з.б III ғ аяғында қытай деректерінд «ғұн» атауы кездеседі. Б.з.б 206 жылы ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытyайдағы Хань әулетін жеңеді. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта орта ағысына дейігі жерлер қосылды. Б.з.б 55 жыл ғұн одағы екіге бөлінді:1)Оңт. Бөлігі Хань империясына бағынышты болды.2)Солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік батысындағы Қырғыз Нұр көлі маңына ордаларын орнатты. Б.з.б 93ж – ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы.Б.з IV ғ оңтүстік Орал даласына, Дунайға жетті, «ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды. Б.з Vғ орт Аттила әскері Аттила Рим империясын жеңді. 451 жылы Аттила әскері Галлиядағы Катапаун даласында рим франк соғыс одағымен шайқасты. 452жыл Аттила Италияны ойрандап, Падуя, Милан қалаларын алды. Ғұндар өмірінде мал шарушылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орын алды. Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М. Қағари ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркіліне бастағанын жазды. Баспанасы киіз үй. Тарих ғылымында ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстентивті мал шаруашылығы деп сипатталды. Оларда ошақ қасиетті орын саналған. Мәдениеті: Ғұндар арасынада қолөнер кәсібінің өркен жайғаны металдан,сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдардың көп табылғанынан белгілі. Қабырларда кездесетін н/е құмыра шеңберінде жасалған керамика, құмыралар мен көзелер, саптыаяқтар- құмырашы өнерінің жоғары дәрежеде өркендегенінің дәлелі.

11-БИЛЕТ

11.Түрік қағанаты

Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.

1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.

581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]