Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінен емтиханға арналған тест сұра...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
99.84 Кб
Скачать

Психология пәнінен емтиханға арналған тест сұрақтары

1) Психология термині қандай мағынаны білдіреді? Жан туралы ілім

2) Психология ғылымы нені зерттейді? Психикалық құбылыстардың пайда болу, қалыптасу, даму заңдылықтарын

3) Психика дегеніміз не? (5 анықтама)

4) Психология ғылымының зерттеу пәні, объектісі-психика

5) Психология салалары. Жас ерекшеліктер, педагогикалық, патологиялық, зоопсихология, медициналық, әлеуметтік, этнопсихология, спорт, заң, сауда

6) Психология әдістері. Негізгі (бақылау, эксперимент), қосалқы (әңгіме, анкета, социометрия, интероспекция)

7) Бақылау әдісі. Зерттеушіге ешқандай өзгеріс енгізбей, психологиялық сырттай бақылау арқылы жүргізілетін әдіс түрі.

8) Эксперимент әдісі. Зерттеушіге арнайы жағдай құру арқылы жүргізілетін әдіс түрі.

9) Әңгіме әдісі. Екі не одан көп адамдардың өзара сөздік жүйеде қатынасы боцынша сұрақ-жауаптың ашық түрде жүзеге асуы.

10) Эксперимент әдісінің түрлері. Табиғи, лабораториялық.

11) Табиғи экспериментті кім, қай жылы ашты? 1910 жылы Лазурски

12) Лабораториялық экспериментті кім, қай жылы ашты? 1879 жылы Вундт

13) Социометрия әдісі. Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас.

14) Интроспекция әдісі. Өзін-өзі бақылау.

15) Педагогикалық психология. Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтарын қарастырады.

16) Жас ерекшеліктер психологиясы. Әр түрлі жас кезеңіндегі адамның психологиялық даму заңдылықтарын қарастырады.

17) Спорт психологиясы. Спорттық іс-әрекеттің психологиялық даму заңдылықтарын қарастырады.

18) Еңбек психологиясы. Еңбек іс-әрекетінің психоогиялық заңдылықтарын қарастырады.

19) Патопсихология. Психикалық дамуында ауытқушылығы бар адамдардың ерекшелігін қарастырады.

20) Сурдопсихология. Есту кемістігі бар адамдар психологиясы.

21) Тирфлопсихология. Көру кемістігі бар адамдардың психологиясы.

22) Олигофрена психологиясы. Ақыл есі кем адамдар психологиясы.

23) Заң психологиясы. Заңға бүкіл процестердің психологиялық заңдылықтарын қарастырады.

24) Әлеуметтік психология. Әр түрлі әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара қарым-қатынасын білдіреді.

25) Зоопсихология. Жануарлардың психикалық ерекшеліктері мен жануарларға тән психологиялық заңдылықтарды қарастырады.

26) Медициналық психология. Медициналық іс-әрекеттің психологиялық жақтарын қарастырады, яғни псих-қ күйді қарастырады.

27) Іс-әрекет дегеніміз не? Адамның қажеттілігін өтеуге байланысты мақсатқа бағытталған әрекеттер жүйесі.

28) Іс-әрекеттердің түрлері. Ойын,оқу, еңбек, қарым-қатынас.

29) Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті. Ойын

30) Мектеп оқушысының негізгі іс-әрекеті. Оқу

31) Ересек адамдардың негізгі іс-әрекеті. Еңбек

32) Психология принциптері. Детерменизм, даму қағидасы, сана мен іс-әрекет бірлігі.

33) Детерменизм. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады.

34) Ойын туралы теориялар (5 автор, теориялар).

А) Жануарлардың төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарды (К.Гросс)

Ә) Ойын-баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл (Г.Спенсер)

Б) Ойын-жай рақат табудың көзі (К.Бюлер)

В) Бала ойыны үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алады (Г.В. Плеханов).

35) Оқу дегеніміз не? Кәсіби іс-әрекетті меңгеруге байланысты және адамның жалпы танымдық сферасын дамытуға бағытталған әрекеттер.

36) Еңбек әрекеті дегеніміз не? Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекет.

37) Қажеттілік деген не? Адамның өмір сүруі үшін міндетті түрде керек ететін қажетсінулер.

38) Қызығушылық деген не? Адамның қызығатын затқа тартымдылық деңгейіне қарай өзіндік талғамы.

39) Материалдық қажеттіліктер. Баспана, тамақ, киім.

40) Рухани қажеттіліктер. Білім, таным.

41) Қоғамдық қажеттіліктер. Еңбек, қарым-қатынас.