Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р А 15.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
281.6 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті Құқық жоғары мектебі «Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология» кафедрасы

«Бекітемін»

Құқық жоғары

мектебінің директоры

з.ғ.д., профессор Шапақ Ү.Ш.

________«____»______ 2014 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Пәннің атауы «Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы»

Мамандық: 5В030100 – Құқықтану

Оқу нысаны: күндізгі

Сабақ түрлері

Курс/семестр

1

Дәрістер (30 сағат)

ІІІ, 6

2

Семинар (15 сағат)

3

Лабораториялық сабақтар

4

СӨЖ (67 сағат)

5

СОӨЖ (23 сағат)

6

Емтихан

6

Барлығы (135 сағат)

Астана, 2014ж.

1. Түсіндірмелер.

1.1 Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Керімқұлов Әділ Темірұлы – құқық магистрі, ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы.

1996 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тамамдаған.

1998 жылы аталған Университеттің магистратура бөлімін аяқтаған.

Оқытушының ғылыми ізденістері: қылмыстық құқық теориясының күрделі институттарының бірі қылмысқа қатысушылық нысандарының өзекті мәселелері.

Тіл меңгеру деңгейі: казақ (ана тілі), орыс (еркін), ағылшын тілі (сөздікпен).

Кафедра туралы мәліметтер: «Қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминология» кафедрасы, 220 каб., тел.70-30-23.

1.2. Пәннің сипаттамасы. Бұл курс студенттердің қылмыстық жазалардың барлық түрлерінің орындалу саласындағы теоретикалық және әдістемелік проблемаларды зерттеуді, студенттерге сотталғандарды ұстауда ізгілік және адамгершілік сезімдерді қалыптастыруды көздейді. Бағдарламаның жалпы бөлімінде жазалардың орындауының теориялық мәселелері зерттеледі. Ерекше бөлімде қылмыстық жазалардың нақты түрлерінің атқарылу тәртібі мен жағдайы қарастырылады.

Пререквизиттер: Пәнді игеру үшін студенттердің «Философия», «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР Әкімшілік құқығы», «ҚР Қылмыстық құқығы» /Жалпы және Ерекше бөлімдер/, «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерінен алған білімдері қажет.

Постреквизиттер: оқыту аяқталғаннан кейін «Құқықтану» мамандығы студенттеріне «Құқықтық статистика негіздері», «Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері» курстарын оқып-үйрену қажет.

1.3 Пәннің мақсаты: «ҚР қылмыстық атқару» құқығы пәнінің мақсаты қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жаңа әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық жағдайда студенттерді жазаларды өтеудің жүйесі және тәртібімен таныстыру болып табылады. Бұл курсты оқыту соңғы жылдары еліміздегі жүзеге асып жатқан экономикалық және құқықтық реформалар үрдісін ескере отырып, қылмыстық атқару саласындағы өзгерістердің мәні мен мазмұнына негізделе отырып орындалады.

Пәннің міндеттері: студенттерге қылмыстық атқару құқығы ғылымының қағидалары және категориялары туралы, әртүрлі қылмыстық жазаларды орындау барысында орын алатын қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар туралы теориялық білімді жүйелі баяндап, студенттерді қазіргі қылмыстық атқару заңнамаларында дұрыс бейімделуді үйрету, қылмыстық атқару құқығының нормаларын шебер түсіндіру қабілеттерін дамыту.

Пәндік компоненттер:

«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын» (Ерекше бөлімі) зерттеу студенттерге нақты қылмыстардың белгілерін игеруге, қылмыстардың аралас құрамдарының арасында айырмашылығын анықтауға, қылмыс жасағаны үшін жазаның нақты түрі мен көлемін анықтауға, іс-әрекетті дұрыс саралауға (орын алған іс-әрекетте қылмыс белгілерін анықтау) көмектеседі.

«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» пәні қылмыстылықпен күресудегі қылмыстық заңнамалар мен нормаларды зерттеу арқылы студент білімінің теориялық негізін құрайды және оларды тәжірибеде қолдануға ықпалын тигізеді.

Пән аясындағы дағдылар: қылмыстық атқару құқығы саясатының негізгі қағидаларын, қылмыстық атқару заңнамаларының әлеуметтік және заңдық орнын; қылмыстық жазаның бағытын, мазмұнын және тәрбиелік мүмкіндіктерін; жазаны өтеу үрдісін реттейтін ведомстволық нормативтік актілерді жүйесін зерттеу.

Пән аясынан тыс дағдылар: «ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәні еліміздің құқықтық реформалары, оның ішінде қылмыстық атқару жүйесіндегі қайта құрулар саясаты мәселелері бойынша студенттердің теориялық дайындығының негізін құрайды.

«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнін зерттеуді аяқтаған студенттерге қойылатын талаптар: - «ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінің өзіндік ерекшеліктері, пәнаралық сипаты;

- «ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінің әлеуметтік-құқықтық маңызы; - қылмыстық атқару жүйесінің қалыптасуы және тарихи дамуы;

- қылмыстық атқару құқығы ғылымының даму тенденциялары мен болашағы; - сотталғандармен қарым-қатынас жасаудың ең төменгі халықаралық ережелері;

- қылмыстық жазалардың жекелеген түрлерінің атқарылу тәртібі; - қылмыстылықпен күресуші органдар қызметінде қылмыстық атқару құқығы ғылымының орны мен маңызы туралы түсініктер қалыптастыруы тиіс.

- қылмыстылықпен күресудің мемлекеттік бағдарламасын;

- жазаларды атқару барысында туындайтын мәселелерді;

- адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және құрметтеу саласындағы халықаралық стандарттар талаптарын;

- бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі құқықтық мәселелерді;

- жазаның жекелеген түрлерін өтеудің шарттары мен тәртібін;

- жазаларды атқарушы органдар мен мекемелердің түрлері мен олардың құрылымдарын білуі тиіс.

- қылмыстық атқару құқығындағы мәселелерді кешенді шешу;

- Қылмыстық атқару құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің өзара байланысын, оның құқықтық ғылымдардың басқа салаларымен, ғылымның өзге де салаларымен арақатынасын (әлеуметтану, философия, генетика, психология, педагогика және т.б.) білу;

- қылмыстық-құқықтық және қылмыстық атқару құқықтарын қолдану тәжірибесін талдай алу және жүйелеу, олардың даму бағыттарын болжай алу;

- қылмыстық атқару саласындағы қайта құрулар саясатын халықаралық талаптарға сәйкестігіне салыстырмалы талдау жүргізе алу;

- қылмыстық атқару ғылымы саласында зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;

- теориялық және тәжірибелік материалдарға сүйене отырып мемлекеттің құқықтық саясатын, қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық тәжірибесін, билік органдары мен халықтың өзара әрекеттерін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу дағдыларына ие болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]