Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Progr_uchebn_prak_kaz_2010.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
24.09.2019
Размер:
2.59 Mб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы

Қазақ Экономикалық Университеті

Казахский Экономический

Университет имени Т. Рыскулова

«БЕКІТЕМІН»

«Экономика және басқару» факультетінің деканы

___________ Өмірзақов С.Ы.

«____»_____________ 2012 ж.

«5В050700 – МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ

СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ-ТАНЫСУШЫЛЫҚ ПРАКТИКАСЫ

БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Алматы, 2012

«Менеджмент» кафедраның оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде ұсынылып, талқыланды, «___» ________ 2012 ж., № ­­­_____ хаттама

Кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Сатқалиева Т.С._____________________

«Басқару» факультетінің оқу-әдістемілік бюросының мәжілісінде мақұлданды, «___» ________ 2012 ж., № ­­­_____ хаттама

Факультеттің оқу-әдістемілік бюросының төрағасы э.ғ.к., доцент

Ахметжанова А.Х.____________________________________________________

Құрастырушылар: кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Сатқалиева Т.С.

э.ғ.к., доцент Муханова Г.К.

аға оқытушы Зурбаева А.Б.

оқытушы Алибекова К.Ж.

Рецензент: э.ғ.к., профессор Сейдахметов А.С.

«5В050700 – Менеджмент» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімі студенттеріне оқу-танысушылық практикасын өту үшін арналған бағдарлама.

Алматы, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2012 жыл.

І. Студенттердің практикалық дайындығын ұйымдастыру

1.1. Практиканы өтудің жалпы ережелері

Оқу практикасы басқару сферасында білікті мамандарды дайындауда оқу процесіндегі міндетті бөлім болып табылады. Оқу практикасы студенттердің теориялық білімдерін тереңдетуге және тәжірибе өткен ұйымда қызмет машықтарын игеруді қарастырады.

Оқу практикасының мақсаты студенттерді жоғары оқу орындары қызметінің бағыттарымен, ЖОО-да жүзеге асырылатын оқу бағдарламаларымен, оқытылатын пәндермен, болашақтағы кәсіби қызмет міндеттері мен функцияларымен таныстыру.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей өзара байланысты міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

  • студент маманданатын ұйым және мекеме қызметінің әдістерімен, формаларымен, әдістерімен және құрылымымен таныстыу;

  • аталған мекемен немесе ұйымның негізгі функцияларымен және олардың қызметін реттейтін нормативтік актілер және заңнамалармен таныстыру;

  • зерттеу жұмысын іздену барысында қабілеттілігін көрсете білу (жаңа компьютерлік технология мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану арқылы тақырыпты жоспарлау, болжау, талдау, есептей білу ).

Оқу практикасының базасы болып оқу орындары, оқу, шеберлік, зертханалық ,тәжірибелі шаруашылық және басқа да ЖОО-ның оқу-көмекші бөлімшесі, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметке сай келетін ұйымдар табылады.

Практиканы өткізуге алғашқы дайындық кезеңінде мыналар жүзеге асырылады:

- оқытушылар құрамынан тұратын практиканы басқарушылардың жеке бекітулері;

- тәжірибені жүргізу бағдарламасы әр мамандықтар бойынша жеке бекітіледі;

- курстық жұмыстың, дипломдық жұмыстың тақырыптары қарастырылады, олар негізінен кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеулік жұмыстарына байланысты анықталады, сонымен қатар менеджердің болашақ іскерлік әрекетіне байланысты;

- Қазақстанның облыстары мен басқада қалаларына практикаға кеткен студенттерге өздерінің курстық жұмыстарымен есеп беру жұмыстарына қажетті және жоспарлы, нақты мәліметтерді өңдеуге және жинауды жеңілдету негізінде оларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]