Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Progr_uchebn_prak_kaz_2010.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
24.09.2019
Размер:
2.59 Mб
Скачать

1.2. Практикадағы студенттердің міндеттемелері

Бүгінгі күнгі студенттердің тәжірибелерін өткізу ережелеріне байланысты әрбір практикант өзінің тәжірибелік бағдарламасын және курстық жұмысын орындауға қажетті нақты есеп беру мен жоспарлы материалдармен танысуға құқылы. Өздерінің практика өткізіп жатқан жеріндегі мамандардан қосымша кеңес алуға болады.

Тәжірибе өту орнына келгенде және өту барысында студент тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толығымен орындауға міндетті:

  • орындалған жұмыс жөнінде жазбаларды тұрақты түрде тіркеп, жазып отыру және практика есебі мен ғылыми-зерттеу жұмысына, курстық жұмысқа қажетті материалдарды жинақтау;

  • тәжірибе бағдарламасын орындауға кірісу;

  • аталған оқу орнында практика жетекшісінің басшылығымен барлық берілген жұмысты орындау;

  • аталған оқу орнының немесе ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағыну. Аталған еңбек пәнін қолдау;

  • орындалған жұмысқа жауапкершілікпен қарау және оның нәтижесін штат қызметкерлерімен тең дәрежеде орындауға тырысу;

  • қажетті зерттеулер жүргізу, бақылау, дипломдық жұмысқа қажетті материал жинақтау;

  • тәжірибенің аяқталуы барысында тәжірибе есебін дайындау және өтілген нәтиже бойынша қорғау.

Оқу-танысушылық тәжірибесіне жетекшілік ету өту орны бойынша оқытушылармен жүзеге асырылады.

1.3. Практикаға жетекшілік ету

Оқу тәжірибесін дайындауды және жүргізуді кафедраның меңгерушісі бақылайды және тәжірибе жетекшісі ретінде профессия спецификасын жақсы білетін профессорлар, доценттер және тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.

Кафедрадан бекітілген тәжірибе жетекшісі міндетті:

  • студенттерді қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

  • тәжірибе өту барысында студенттерге қажетті әдістемелік көмек көрсету;

  • практика өту барысын бақылайды, студенттердің тәжірибе барысы туралы жазған есептеріне тексеру жүргізеді;

  • студенттердің тәжірибені өту барысы турады кафедраға жазбаша түрде пікір ұсынады;

  • есептің тәжірибе бағдарламасында көрсетілген талаптарға сай жазылғанын тексереді және осы есеп бойынша қорытынды тұжырымдамалар жазады.

Жұмыс орны бойынша бекітілген тәжірибе жетекшісі міндетті:

  • ұйым немесе мекеменің функциясын, мақсатын, міндетін қысқаша түсіндіру;

  • ұжымдағы практиканттық орны және рөлі, оқу – танысушылық тәжірибені өту барысындағы оның нақыт функционалды міндеттерін түсіндіру;

  • жұмысты орындау үшін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;

  • практиканың анықталған уақыты бойынша бірінші және келесі орындалатын жұмыс түрін жоспарлау және ақылдасу;

  • студенттің теориялық дайындығы тұрғысынан деңгейі мен оқу-танысушылық тәжірибенің нәтижесін бағалау арқылы сипаттама беру;

  • практика өту барысын бақылайды, студенттердің тәжірибе барысы туралы жазған есептеріне тексеру жүргізеді;

  • есептің тәжірибе бағдарламасында көрсетілген талаптарға сай жазылғанын тексереді және осы есеп бойынша қорытынды тұжырымдамалар жазады.

Іі. Студенттерді тәжірибелік дайындау процесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]