Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

отырған. Абайдың дін жайлы танымдарын жазушы «Абай жолы» роман-эпопеясында әртүрлі оқиға үстінде әр сипатта келтіріп, оқырманға танытып та отырады. Эпопея желісінде басты кейіпкерлердің ішкі нанымдарын ашу жолында жазушы дін жайлы ішкі ойын молырақ келтіреді. Жазушы Абайдың дінге деген көзқарасын «Абай жолы» эпопеясының «Еңісте» атты тарауында Абай мен Михайлов арасындағы болған сұхбат, пікір алысу үстінде ұзақ-ұзақ толғану, сырласу сәттерін бере отырып жеткізеді. Мәселен:

«Абай:

Тарихтан біз ислам тарихын, медресе дәрісі түрінде емес, жай өздігімізден, түртініп оқығанымыз бар... – дейді.

Михайлов бұл сөзге күлді де:

Ендеше мен сізге айтайын, исламға байланысты шығыс туралы, Абайды қайран еткен, қызық жаңалықтар айтып кетті. Ислам, араб өнері, жалпы дүниежүзінің ғылым, сана табысына көп ғасырлар бойында аса зор жемістер берген. Ескі антик өнері мен Европаның беріде келіп шыққан ояну дәуірінің арасында жатқан бірнеше жүз жылдар меңіреулігі бар. Сондағы көп ғасырдың қараңғылық заманына, сәуле беретін, тек араб мәдениеті екенін айтып өтті. Арыдағы Сократ, Платон, Аристотель мирастарын бүгінгі өнерлі халықтар қауымына өзінше өсіріп кеп жеткізушілер шығыстан шыққан данышпандар болғанын ескертті. Бұлардың бүгінгі әңгімесі осы жайға ауысқанда Абай өз ішінен сүйсіндіргендей жаңалық тапты. Бұл ойын Михайловтан ірікпестен айтқан еді.

Евгений Петрович! Шынымды айтайын, мен адам баласының білім қазынасында мұсылманшылық ғаламы өзі бір бөлек жатқан, жалғасы жоқ дүние деп ұғушы едім. Сіз менің бытырап, бөлініп кеткен, біріне-бірі қарсы, ерсі көрінетін дүниелерімді тұтастырып беретін сияқтысыз. Шынында ғаделет, хақиқат, ахлақ мәселелерінде қауымның игілігін ойлаушылар аз ба?

...Ұзақ әңгімемен, ұғымды етіп, оның бұл күнге шейін ислам дүниесінен білген білімін бағалады» [156, 426].

М. Әуезов екі халықтың ойшылдары арасындағы сұхбатты беру арқылы оқырманға ислам дүниесі мен шығыс мәдениеті жайлы көп мағлұматтың басын ашып береді. Жазушы Михай-

251

ловтың сөзі арқылы ислам тарихының шексіз үлкен білім екенін, ал ислам тарихы шығыс мәдениетінің ең негізгі бөлігі екенін жасырмайды. Ислам мен араб өнерінің ежелден дүние-жүзі ғылымында ғасырлар бойы зор жемістер бергенін айтып мадақтайды. Ал ескі антик өнері мен Европаның ояну дәуіріне дейінгі аралықта бірнеше жүз жылдар меңіреу басқан жайды аңғартады. Осындай қараңғылық заманында сәуле берген араб мәдениеті, соның ішінде Сократ, Платон, Аристотель сияқты ғұламалардың ізін жалғастырған шығыстан шыққан данышпандар екенін ескертеді. Михайловтың ойлы пікіріне Абайдың риза болғаны, оның бұл күнге шейін ислам дүниесінен білген білімін бағалағанын жазушы осылай жеткізеді.

Михайлов аузымен айтылған ислам тарихы жөніндегі ой-пі- кірлер, көзқарастар – Абайдың өн бойынан табылып тұрған, шығармаларының желісі үзілмеген өзегі іспеттес қасиеттері. «Абай шығыс, ислам тарихы, мәдениеті мен әдебиетін аса жетік білген, оның адамзат баласына қажеттілігіне күмәнданбағаны да белгі-

лі» [203, 27].

«Абай жолы» роман-эпопеясының «Еңісте» атты тарауында Кішкене Молда мен Абай арасындағы айтыс арқылы жазушы тағы да ислам діні туралы оқырманға мәлімет береді.

«Кішкене Молда қазір тоқтайтындай емес екен.

Абай, сіз исламият, ғарабият жолында сөйлесеңіз, мен еш нәрсе айтпас едім. Сіз кімнің кітабын, нені айтып отырсыз? Дүнияуи ғылым мәжүси, насранилерде қаддимнен бар болатын, бәлки ешбір мұсылман ғылымы оны өзіне қанағат қыларлық, шүкірана етерлік білім санамағаны қайда? – деді.

Абай жаңа бір бахас, ұзақ бахас боларын аңғарса да, Кішкене Молдамен сөзді ұзартқысы келмеді. Ойында көп дәлелдер бола тұрып, Молданы тоқтататынбірер-ақсөздіайтудықажет деп білді.

«Ешбір ғұлама» дейсіз, «айтпаған» дедіңіз. Өзгені қойғанда пайғамбардың хәдисінде «ғұламаның жазу жазған қара сиясы – шәһидтің қанынан қымбат» деген сөзді қайтесіз? Екінші – ғаламның, инсі жынның жаралмыш тарихын, тек «Қиссасұл Әнбиеден» білген білімнің аты да білім бе? Адам қауымының, бар нәсілінің мінез құлқын тек қана «Қырық хадис», «Лаухынама», «Фихқкәйдәни» тұрғысынан таныпбілген дежұбаныш па? – деп еді.

252

Кішкене Молда бұған да жауап қатты.

Ол аз болса, оқыңыз! Бар ғұмырыңызды сарф етіп оқып көріңіз. Бәлки, мұсылман ғұламаларын оқыңыз. Сіздің бір ғұмырыңызға жетерлік білім содан да табылар!

Абай ендігі сөзді кең бір өсиетке салды.

...Мен ғылымның, яғни фәннің, көп ғасырлар бойы адам баласы жиған қазынасына қол артамын деп, сапар шектім. Сіз оқымаған адам болсаңыз бір сәрі. Өзіңіз ұстаз саналасыз. Бірақ ғылымды бір-ақ жолдан, бір-ақ тар асудан ізде дейсіз. Ғылым демек, шексіз кең дүние демек емес пе еді. Мұсылман ғұламаларының даналары Сократ хакимнен, Афлатоннан, Аристотельден оқымап па? Солар мұсылман ба еді! Айлар, жылдар бойы іздеп отырған бір ғылымды көресіз де, ізденбе, алысқа ұмтылма» деп етектен тартасыз! [156, 367-368 ]. Кішкене Молда мен Абай арасындағы айтыстан байқағанымыз – Абайдың ислам дүниесінен, ғылым саласынан түпсіз терең білімдарлығы мен ғұлама ойшылдығы. Жазушының дін адамы мен ақын арасындағы осы пікір таласты тудыру жайынан М. Әуезовтің өзінің де ислам дүниесінен өте жетік болғанын аңғаруға болады. Осы жөнінде ғалым Бисенғали Зинол-Ғабденнің айтқан пікіріне ден қойсақ: «Абай бейнесін даралауда М. Әуезов оның дүниетанымын суреттейді. Осы үшін пайдаланып отырған әдістің көркем мазмұннан бөлектенбей, ала құла көрінбей үйлесімді үндесуі авторлық осындай көркем идея әсерінен. Оның дүниетанымына негіз болған шығыстық оқу, білім жүйесінің эстетика, этика, мораль, дін екенін түрлі әдіс-тәсілдермен жеткізеді», – деген сөзінен жазушының ең бірінші Абайдың дүниетанымына жіті үңіліп, көркем образ жасау шеберлігін танимыз [203, 27].

М. Әуезовтің «Абайдың діні – сыншыл ақылдың шартты діні» деген ой қазығы осы үзіндіде нақты көрініс тапқан. Жазушы Абайдың мұсылман ғұламаларының данышпандарын оқитынын, сонымен қатар басқа да ғылымды іздеп, шексіз кең дүниеге ұмтылып, алыстан ғылымды-білімді іздейтінін айтады.

«Егер Абай дүниенің кілті – ғылым мен білімде, барлық хикмет – өнерде деп уағыздамаса, дүниедегі шындықтың бәрі – құранда деп білсе, онда, сөз жоқ, ол тек қана дін жолына түсер еді және бұл бағытта да алдына жан салмас еді. Абай олай еткен

253

жоқ. Әуелі ғылым мен білімді насихаттады. Сонан соң барып, шариғатты күйттеді. Осының бәрі, айналып келгенде, адамгершілік тәрбиенің қамы болатын» [204, 184].

Абай өзінің ағартушылық мақсатында дін уағызы мен ғылыми танымдарын алаламай қатар қолданады. Құран-Кәрім мен Хадис Шарифке жүгінсе де, Европа ғылымының дәйектеріне сүйенсе де, тек қазақ халқына қонымды, қажет деген ұғым, пікірлерді ғана екшелеп алады. Сол екшелеп алғандарын өз мәнерімен кең талдап ұғындырады. Қазаққа алғашқы діни оқулық қалыпты болған «Отыз сегізінші сөз» соңғы «Қырық үшінші сөзде» адам қасиеттерін кітаби сөздермен сипаттап алады да, қазаққа етене ұғымға айналдырады.

Ол мынау мұсылман, мынау кәпір ғылымы деп бөлектемей, оқығаны мен тоқығанын данышпан ойының елегінен өткізіп барып, жекеше бір ілім қорытады. Ілімін туған халқына арнағанда таза ағартушылық мүдденің шегінен асып, жаңа сипаттағы ұлт болмысымен қалыптастыруға әрекеттенеді. Алайда қазақ Абай нұсқаған жолға сол кезде де, қазірде түсе алмай кежегесін кері тартып келеді.

Алайда Абайдың діншілдігі – сәулесіз көкіректе ұялаған соқыр сенімнің ой-сананы тұмылдырықтап, тұмшалаған фанатикалық бас шұлғу емес, өмір болмысының ақиқатынан ой қорытқан, оны таным пайымы мен сабақтастырған сыншыл ақыл иесінің діншілдігі. Оны Алланың бір, пайғамбардың хақтығына ұйыған көп діндарлардан бөлектеп, оқшаушығарыпдаралайтында– осықасиет.

Ол дін уағызымен адамзат баласын «Мұсылман», «Кәпір» деп жіктемейді. Абай үшін адамзат баласының бәрі бауыр.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп Және хақ жолы осы деп әділетті, [42, 296] –

деп үн қатқан Абайдың ұстанған бағыты, темір қазығы осы. Яғни ақынның ұстанған жолы, діні – ақыл деген тоқтамға келеміз.

Иә, ұлы ойшылдың ұстанған діні – ақыл діні. Оның қожамолдаларға қарсылығы да осыдан. Анығына келгенде, Абай қо- жа-молдалардың өзіне емес, олардың көбінің дінбұзар надандығына, сезімсіз топастығына, ауызда бар, жүректе жоқ Алласына, оңай жолға, тегін түсер табысқа айырбастап кете берер арсыздығына қарсы. Молдалардың осындай қылықтарын сынап:

254

Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай боп сәлдесі.

Мал құмар көңлі – бек соқыр? Бүркіттен кем бе жем жесі? [42, 182] –

дейді. Қожа-молдалардың жағымсыз әрекеттері «Абай жолы» роман-эпопеясының бірнеше жерінде ащы сыналып жазылады. М. Әуезов Абайдың 38-қарасөзінен мысал келтіре отырып, ақынды иман, имам, халфе, хазіреттермен олардың өз тілінде сөйлестіреді. Эпопеяда жазушы Абайды дін адамдарының ортасында суреттеп, олардың екіжүзді, қор мінезді, адамгершіліктен жұрдай болғанын беттеріне басып айтып, сөз соңында иман деген жайға тоқталып, «үлкен кітапқа орай біліміміз бар» деп жүрген молдаларды таңдандырып, сол кітаптың тілімен ақынды сөйлетеді. Бұл жерде Абайдың дін адамдарының ортасында жүріп, оларға ақыл-кеңес бергенін бейнелеген тұсында, М. Әуезов оның дінге адамгершілік тұрғыдан келіп, сыншыл ақылмен қарағанын көрсетеді. Яғни жазушы Абайды иман, имам, халфе, хазіреттермен олардың өз тілінде сөйлестіру сәтін суреттеуі арқылы ақынды ислам дінінің білгірі болғанын ашық айтады.

Дін адамдарының жиіркенішті әрекеттері эпопеяның «Түнтүнекте» тарауында Семей қаласын жайлап бара жатқан оба ауруы тұсында ерекше шиеленіске толы даулы оқиғамен көрінеді. Эпопеяның «Құз-қияда» тарауында М. Әуезов осы оқиға желісін дамытып, Абайдың дін басыларына арнап айтқан сөзін былай деп келтіреді: «Екі түрлі иман бар еді – яқини иман, тақлиди иман. Жұртқа сол иман атымен өсиет, хүкім айтпақ боласыздар. Осы отырған екеуіңізді мен не дейін?! Яқини иманы бар деуге сіздерде ғылым жоқ. Тақлиди иманы бар деуге әуелі өздеріңізде беріктік жоқ, яғни я алданғанға, я аздырғанға, я бір пайдаңызға қарай дархан осы сағаттың өзінде «ақты – қара» деуге әзірсіздер. Сол терістіктердің бәрінде ант етуге әзір отырған сіздерді не дейміз?» [84, 388-389]. М. Әуезовтің бұл деректі ақынның 13-қарасөзінен алғанын аңғаруға болады.

Абай 13-қарасөзінде Ислам дінінің негізі болып саналатын иман жөнінде екі түрлі түсінік бар екенін, иманның якини және тақлиди деген екі түрде болатынын айтып кетеді де, «иман» деген діни ұғымға ғылыми және моральдық мән, мазмұн беруге ұмтылады.

255

Абай қарасөзінде: «Иман деген – Алла табарака уатағаланың шәриксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына уа һәртүрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, иланмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек», – деп былайша талдау жасайды:

Якини иман – шын иман, шын нану, сену. Бұл иман ақылдан, дәлелден, ғылымнан туады. Бір нәрсеге сенгенде, «…соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып…» ақыл дәлелімен нану керек. Бұл иман білімге, ғылымға, ақыл дәлеліне негізделуге тиісті. Демек, Абайдың түсіндіруінше, шын иман танымнан білімнен шығуы, тууы керек. Неге сенсең де, соның сырын, ішкі мәнін біліп сен, тіпті Аллаға сенгенде де, оған ақыл дәлелі арқылы сенуге шақырады. Абайдың иманға беріп отырған бұл түсінігі – көптеген философтарға тән парасатты жанжақты ой дәрежесінен өткізген түсінік.

Тақлиди иман – еліктеуден шыққан иман, наным, сенім. Бұл иман ақылдан, ғылымнан, дәлелден тумаған, тек дін иелерінің айтқанына иланудан, соларға еліктеуден туған. Абай сөзімен айтқанда, тақлиди иман – «…кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай, берік боларға керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.

Енді бұл иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен…», – деп ойын қорытындылайды [42, 450]. Бұл иман – өзі ештеңені білмей, ешнәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген үстірт наным болатыны анық. Абайдың аңғаруынша, дінге сенушілердің иман туралы ұғымы осы екінші түсінік, олар шын иманның не екенін білмейді, өйткені шын иман ғылымға, танымға байланысты, ал дінге сенушілердің «Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ…» деп ой тастауы содан.

Иманның осы екі түрін талдай келіп, Абай, біріншіден, шын иман – таныммен бірдей дегенді аңғартады. Екіншіден, иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен ұштастырып, оны ар, ұят деңгейіне көтереді де, ұяты жоқ адамның иманы да болмайтынын дәлелдейді. Сонымен қатар Абай мұсылман ғұламаларымен

256

пікір таласына түсіп, дін иелерінің иман мағынасын түсінуінің төменгі дәрежеде екенін, олардың ұғымында иман туралы жоғарыдағы екі түсініктің де жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Абайдың айтуынша, дін бұзарлардың иманы – алдау мен арамдық. Өзінің бас пайдасына қарай, «…ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын…», қылыш үстінде серт жоқтың», «…Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын» деп, дүмше молдаларға лағынет айтады [42, 450].

Абайдың дін жайлы ойларын М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының «Абай аға» атты тарауында «хақиқатты» қозғаған жастармен әңгімесін баяндау тұсында тағы да тереңінен қозғайды. Мәселен:

Әрине, «хақиқат» әртүрлі. Ислам діні өз хақиқатын бар мұсылман айтатын «иман» ішінде келтіреді. «Амантұ биллаһи Уәмәләйкатиһи, уақ тубиһи, уәрсулуһ» дейді. Онысы сайып келгенде, «шындықтың» бәрі кәләм-шарифте айтылған да, болған деген мазмұнда. Өзгені қояйық. Жақында мен қарастырып өткен бір философтың құранмен бахас жасаған, біраз сөздерін ғана сіздерге баян етейін...

Сол философ айтады: «Ал біз иланайық, яғни құран жаратушы иенің бір ғана соңғы пайғамбарына өзі айтып берген сөзі болсын. Солай болатындықтан, бұл адам баласының көп ойшылдары, ғалымдары айтқан сөздердің барлығынан да дұрысырақ, тереңірек болса керек. Ғылымның ғылымы, шындықтың шыны, ойшылдықтың ең жоғарғы өрі осында болса керек еді, ал бірақ осылай болмай тұрғаны несі?» – дейді жаңағы философ.

«Үндістанда болған даналар, гректе болған ойшылдар кітаптарынан бұл кітаптың терең емесі несі?» – дейді. Хақиқаттың шешуі: жаратушы кім? Ғалам дегеніміз не? Жан не нәрсе? Және адамның хақиқатты білуіндегі дерегі не? «Осыларға шешу айтса керек. Әлбетте, ең үлкен, ең дұрыс шешуді құраннан күтсе керек. Ал дұрыстығына келгенде, осы жайларға құран беретін жауап, бұрынғы-соңғы ойшылдар айтқан жауаптардан кем соқ-

қаны қалай?» [82, 25].

М. Әуезов Абайдың жастарға ислам діні жайын сөз еткенде, тағы бір тың мәселенің өзегін айтады. Оқырманға хақиқат жай-

257

лы терең мағлұмат бере отырып, жаратушы, ғалам, жан деген ұғымның шешуін құраннан табу керектігін нұсқайды. Жазушының Абайдың жастарға айтқан діни уағыздарын ақынның 38-қа- расөзінен алғаны көрініп тұр. Мәселен: «Себебі Алла тағала өзі

– хақиқат жол. Хақиқат пенен растық – қиянаттың дұшпаны, дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда хақлықты таппайды. Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің емес, һамманы білетұғын ғылымға ынтықтық өзі де адамға өзіндік ғылым береді» [42, 469]. Абай ұғымында Алла – болмыстың атауы. Себебі Алла тағала өзі – хақиқат жолы деген ол. Адамның ғылымы осы хақиқаттың растығын білу, оған құмар болу деген сөз. Бірақ Алла ғылымы емес. Барша нәрселер хикметін анық білетін ғылым – Алланың ғылымы. Адам ғылымы оны Алла ғылымына ынтық етеді. Абай ғылым жолына түскен адамды хақиқат жолына түскен жол деп санайды.

Абайдың Құран хадистерінен үзінділер келтіре отырып, ислам дінінің қағидаларынан көп мәлімет беретін осы қарасөзіндегі «Әмәнту биллаһи кәмаһуә би әсмайһи уасифатиһи» деген Алла тағаланың аттарын М. Әуезов Абайдың әңгімесіне енгізеді.

Ислам діні өз хақиқатын бар мұсылман айтатын «иман» ішінен табатынын М. Әуезов Абайға жүгініп айтады. Яғни «Әуелі дін исламның жолындағы пенделер, иманның хақиқатын білсін», – деген Абайдың дін жолындағы пенделерге қоятын талабынан әңгіме өзегін бастайды. Абайдың иман жайлы толғаныстарын М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында жиі келтіреді.

Абайдың пікірінше, адамның парызы – ахиреттен иман іздеу, намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару, жиһадқа қатысу емес, оның ең үлкен парызы – адамгершілігі мол Алланың сүйікті пендесі болуға ұмтылу.

Иман термині қазақ санасына Ислам діні арқылы енгенімен, келе-келе ар, білімнің басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы жанды иманжүзді дейтіні сондықтан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибадатсыз болмайды. Ғибадат дегеніміз – мұсылманның өткеретін парыздары. Абайдың айтуынша, кімде-кім

258

иман келтіріп, қадір-халінше ғибадат жасап жүрсе, оны құп алу керек. Себебі адам білгенін істейді, білмегенін одан талап етуге болмайды.

Исламда иман дегеніміз – құдайға шексіз, шүбәсіз нанудың, сенудің символы, бұл дүниеде барлық ауыртпалыққа төзімділік жасап, рақатты о дүниеден «ұжмақта» көру, Құдай біреу, ол – Алла, ал Мұхаммед – Алланың елшісі, пайғамбар екендігін шүбәсіз мойындау. Бұл дүниеде ауыртпалық біткенге, жоқшылыққа, бейнетке төзімділік жасап, Исламның бес парызын өмір бойы орындағандар имандыболады, ұжмақтың төріненорын алады.

Абайдың дінге көзқарасын оның, әсіресе әдебиеттегі діншілдікті, халық мүддесінен алшақ қатал да әділ сынауынан тануға болады. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде:

Алла – мінсіз әуелден, пайғамбар – хақ, Мүмин болсаң, үйреніп сен де ұқсап бақ. Құран – рас, Алланың сөзі-дүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ.

Алланың, пайғамбардың жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық иманымыз. Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз? [42, 297 ]. –

Өлең мазмұнынан ақынның діннен көп хабарының барын байқаймыз. Мұндағы «Мүмин» – сөзі араб тілінен енген сөз, «ислам дінін жақтаушы мұсылман» деген мағынаны білдіреді. Алланың қасиетті кітабы Құран-Кәрімде осы сүреге байланысты түскен «Мүмин» сүресі бар. Мұсылмандар туралы осы жерде толығымен айтылады. Оларды атар болсақ 73, 74, 75, 76, 77, 78-аят- тарда айтылады. Тіпті Әнғам сүресінің 165-аятында, сонымен қатар 118-аятта да осы мұсылман пенделер туралы айтылуы тегін емес екендігін байқаймыз. Шындығында Абай ақынның діндарлығының бір көрінісі осы сияқты.

Абай шығармашылығының бастауында Исламият әлемі жатыр. Мұхтар Әуезов Абайдың Исламиятқа қатысын анықтауда бүкіл абайтану саласындағы зерттеу жұмыстарында айтылар ой желістерінде негіз етіп ұсынар екінші тезисі: Абайдың діні –

259

«ақылдың, адамгершіліктің діні», – деген ойға тіреледі. Осы жайлы айтылған ой толғаныстарының өзекті желістерін, әсіресе Абайдың өмірінің соңғы шағында жазылып терең ойға құрық салған әртүрлі күрделі мәселелер төңірегінде сөз қозғайтын «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін талдау үстінде берген. Осы ойлар желісін таратуда Абайдың 27, 38-қарасөздерінде айтылған пікірлеріне де Мұхтар Әуезов көп көңіл бөлген. Профессор М. Мырзахметұлының сөзіне жүгінсек: «Осы аталған шығармаларында Абай үстірт қараған кісіге діншіл ақын сияқты әсер де қалдырады. Бірақ үңіле зерттей қараса, Абай Исламияттың кейбір түбірлі ұғымдарын сыншыл ақыл сынына салып, оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзіндік гуманистік ойларын көбінесе діни ұғымдармен жанастыра отырып таратады. Абайда айтылатын гуманистік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин сөздердің мол болуы, әрине, оны қоршаған әлеуметтік орта мен тыңдаушылар құрамына байланысты. Исламияттық ұғым, діни сөздер молырақ қолданған шығармаларының өзінде де Абай адамшылық жайлы асыл мұратты ойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып отырады» [157, 73].

Ақын шығармаларындағы көптеген діни ұғымдар Құран-Кә- рімнен енген. Абай 35-қарасөзінде: «Махшарға барғанда Құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт – соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат-хұрмет алмақ үшін, сыйлы болмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола бір ғана Құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр», – дейді [39, 466]. Мұндағы «Махшар» – араб сөзі, тілдік ұғымда «алаң» деген мағына береді, ал шариғат ұғымында Алла тағаланың алдына барып жиналу, есеп беру мағынасында айтылады. «Ғиззат» – араб сөзі, тілдік ұғымда «құрметтелу» деген мағына береді, шариғат ұғымында атақ, абырой мағынасында айтылады. «Шейіт» – араб сөзі, тілдікұғымда қапыда қайтысболу, алшариғат ұғымында «дін жолында соғыста өлген адам». Осы ұғымдардың бәрі Ислам дінінде қолданылып жүрген сөздер. Абай осы сөздерді өз шығармаларында қолданып отырған, 38-қарасөзінде: «Онан соң қирағат, яғни сурәһи фатиха оқисың, мұнда, бірақ сөз ұзарады. Ол фатихасүресініңмағыналарындакөп сыр бар.

260

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]