Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

арасында да жанжалдардың өршігендігін көруге болады. А.И.Левшин осы талас-тартыстардың ұзақтығын«бірнешежылдар»депжазса,біздіңойымызшаол28жылға,яғниЖәңгірханқазатапқан 1652жылданТәуке ханбилікке келген 1680жылғадейінсозылған.ТекТәуке ханныңбилікке келуі мен ақылмен жүргізген саясаты ғана ел ішіндегі барлық талас-тартыстар мен қантөгістерді, бітпейтін дау-жанжалдар мен өзара қырқыстарды тоқтатады. Сөйтіп, ел ішінде тыныш өмір қалыптасады. Сөйтіп, салыстырмалы түрде алсақ, Тәуке хан билікке келген 1680 жылға дейінгі 28 жыл бойғы өзара алауыздықтар мен қантөгіс қырқыстарға қарағанда Тәуке ханның билігі тұсында қалыптасқан бейбіт, тыныш өмірді - «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деуге толық негіз бар.

Егерде Мүсірәлі сопының жасы Жәңгір хан қайтыс болған кезде 13-14-терде болса, тартыстарға толы болған 28 жыл ішінде баба жасы 40-тың үстіне шығады. Бабаның ерекше қасиеттері туралы ел арасында кең тараған аңыз-әңгімелерге қарағанда, бұл кездер – рухани тұлғаның қалыптасып, қалың елге кеңінен танымал болып, «Жеті өлікке жан бітірген Мүсірәлі» атанған кезі болатын.

Ал енді осы 28 жыл бойғы өзара қырқысу кезеңі қазақ елімен көршілес елдердің тарихында, оның ішінде олардың қазақтармен қарым-қатынасында қалай көрініс береді, неге олардың тарихында осы кезеңдегі қазақ хандарының есімдері аталмайды деген сұрақтарға жауаптар іздестіріп көрелік.

Осы кезең ішіндегі қазақ – жоңғар қарым-қатынасына назар аударсақ, деректерде екі жақтан да бір-біріне қарсы бағытталған әскери жорықтар, ұрыстар мен шайқастар жөнінде ешқандай мәліметтер айтылмайды. 1653 жылы Батыр хонтайшы қайтыс болғаннан кейін оның үлкен ұлдары мен кіші ұлдары арасында тақ үшін талас-тартыстар басталып кетеді де, ол күрес бүкіл жоңғар қоғамындағы белгілі тайшылар мен батырларды бір-біріне қарама-қарсы екі топқа бөліп жібереді. Көп ұзамай билікке кіші ұлдар тобын басқарған Сенге хонтайшы келеді, бірақ ол ішкі өзара алауыздықтарды тоқтата алмайды. Ақыры, 1670 жылдың соңына таман Батыр хонтайшының үлкен ұлдары – Цецентайшы менЦзотбабатырастыртынкеліп, інісі – Сенгеніөлтіреді.Сенгеніңорнына таққа отырған оның кіші інісі – Галданның алғашқы саясаты – кіші ағасы үшін үлкен ағаларынан кек алуға бағытталды. Сондай-ақ ол Жоңғариядағы кейбір тайшылардың дербестігін жоюға, ішкі алауыздықтарды реттеуге, жалпы алғанда, билікті орталықтандыруға күш салады. XVII ғасырдың 70-шіжылдарыныңсоңынатаманғанаГалданЖоңғариядағынегізгіқарсыластарынжеңіп,орталық билікті нығайта алады.Осылайша,ішкісаясижағдайды реткекелтіргенненкейінғана Галданкөрші елдерге көз аларта бастайды. Оның басқа көрші елдерге жасаған жорықтары секілді, қазақтарға жорығы тек XVII ғасырдың 80-ші жылдарынан ғана басталады.

Осы кезеңдегі қазақтардың оңтүстіктегі басты қарсыласы ежелден Мауереннахрлық билеушілер болып келгені белгілі. Бұл жылдары Бұхарада билікте Надірмұхаммед ханның (16421645) ұлы Абдалазиз хан (1645-1680) отырған болатын. Бұл кезеңде де Қазақ хандығының аштарханилар әулетімен қарым-қатынасында аса ірі қантөгістерге алып келетін оқиғалар болмаған секілді. Егерде ондай оқиғалар болса, онда ол жөнінде аштарханилық әулеттің жазба деректерінде мәліметтер кездескен болар еді.Тек екі жақты қатынастарТәуке ханның билік еткен кезінен бастап қана кездесе бастайды.

Қазақ қоғамындағы ұзаққа созылған дағдарыс 1680 жылы Тәуке ханның таққа отыруымен аяқталады. Қоғамның алдыңғы қатарлы тобы мен өкілдері: кейбір сұлтандар, билер мен батырлар, рухани көсемдер мен дінбасылары және тағы басқа әлуметтік топтың өкілдері Жоңғарияда билікке келген Галдан хонтайшының 1677/1678 жылы Шығыс Түркістанды жаулап алуын және батыс жақтағыелдерге назараударыпотырғанын аңғарып,Қазақеліндегіалауыздықтардытоқтатуғакүш салады. Осы топ 1680 жылы заңды түрде Тәуке ханды билікке әкеледі. Дәл осы кездерде бүкіл елге ерекше қасиеттерімен танымал болған Мүсірәлі сопыны біз, Тәуке ханды билікке әкелген топта болған деп санаймыз.

Ел ішінде таралған аңыз-әңгімелердің материалдарына қарасақ, хан сайлауынан кейін бүкіл қазақтыңбасынқосабілетінпірдісайлауқажетдепшешеді.БірнешеүміткерлердіңішіненМүсірәлі сопы жеңіп шығады.

Ел аузында сақталған ауызша материалдардың мәліметтерінде Мүсірәлі сопы жас кезінен дін жолына түсіп, бүкіл ғұмырын дінге арнаған тұлға болады. Қырық жасына дейін, яғни 1680 жылға дейін ислам әлемінің ең мықты оқу орындарында білім алып, сопылық бағыттың тарихатына дейін көтерілген. Сол арқылы оның есімі Қазақ жері мен Орта Азияда кең таралады. 1680 жылы Тәуке хан бастаған топтың билікке келуіне көп ықпал еткен. Сонымен қатар, Тәуке хан тұсында Мүсірәлі сопы үш жүздің ортақ пірі боп сайланады. Терең діни білімі, ерекше әулиелік қасиеті, көріпкелдік

181

қасиеті, аруақты әрі құдіретті болуы және тағы басқа ғажайып қасиеттері Мүсірәлі сопыны көзі тірісінде тарихи тұлғаға, қайтыс болғаннан кейін аңыз адамға айналдырып жібереді.

Тағыдаауызәдебиетініңматериалдарынажүгінсек,Мүсірәлісопыжайында«жетіөліккежан бітірген» деген сөзден оның тірі кезінде –ақ әруағы мен құдіретінің өте күшті болғанын көрсетсе керек. Осындай тұлғаның Тәуке ханмен бірге ел ішіндегі әр түрлі саяси топтар арасындағы алауыздықтарды, ру-тайпа арасындағы дау-жанжалдар мен айтыс-тартыстарды, жеке тұлғалар арасындағытүсінбеушіліктерменқайшылықтардыреттеудееңбегініңөлшеусізболғанынсезінеміз. Исламның ортақ құндылықтарын халық арасында уағыздап, олардың халық санасында терең бойлауына көп еңбектер сіңіреді. Осылайша, Тәуке хан ел бірлігін мемлекеттік билік және заң арқылы сақтап, нығайтуға кіріссе, Мүсірәлі сопы ел тұтастығын діни тұрғыдан сақтауға күш салады.Сөйтіп,билік пендінніңортақ мақсатжолында бірбағыттажұмысістеуі қазаққоғамынкөп ұзатпайоң нәтижеге қол жеткізіп,өзжемісінжегізе бастайды.Мұныңдәлеліне - 1680-1720 жылдар аралығындағы қазақ қоғамының ішкі және сыртқы саяси жағдайының бұған дейінгі және одан кейінгі кезеңдермен салыстырғанда тұрақты болуы жатса керек. Басқаша айтқанда, бұл кезеңнің - «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп аталуы бекер емес.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, 1653 жылы Жоңғар билеушісі Батыр қонтайшы қайтыс болғаннан кейін оның үлкен ұлдары арасында билікке таластар жүріп, ақыры кіші ұлдардың бірі – Сенге билікке келеді. Бірақ ол жоңғар қоғамындағы алауыздықтарды тоқтата алмай, 1670 жылдың соңына таман өзара тартыстардың құрбаны болады. Бұл жылдар – екі жақ арасындағы қарымқатынастарда тыныштық кезеңмен сипатталады. Сенгенің інісі Галдан тақты иеленіп, бірден орталық билікті нығайту ісіне кіріседі. 1678-79 жылға таман Галдан Жоңғариядағы негізгі қарсыластарын жеңіп, кейбіреулерін қашуға мәжбүрлеп, жеке дара билеушіге айналады. Содан кейін ғана оның көрші елдерге және Қазақ хандығына тонаушылық, басқыншылық жорықтары басталады.ЖастайынандіндарболғанГалданТибеттегідінбасыларыныңқолдауына сүйене отыра, көрші елдерге көз аларта бастайды. 1680 жылға таман Далай-лама оған Бошақту-хан – «ізгіниетті хан» атағын береді[5;129]. 1678 жылы ол Шығыс Түркістандағы саяси дағдарысты пайдаланып, аумақты бағындырып алған болатын. Ал 1680 жылдан бастап Галдан Бошақту хан Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен аймақтарына жорықтар ұйымдастыра бастайды. Ол туралы 1722-1724 жылдары ЦеванРабданныңордасынабарыпқайтқанорыс елшісіИванУнковскийбылай деп баяндайды: «Осы тауық жылы (1681) ол (Галдан Бошақту хан) қол ертіп жорыққа аттанып, Сайрамды қоршап алды. Ит жылы (1682) жорықтан қайтып оралып, ол Іле өзенінің жағасында қыстап шықты. Доңыз жылы (1683) тағы да Сайрамға аттанды. Жазда Галданның (әскербасы) Рабтан Сайрамды қиратты»[6;302] 1652 жылдан кейінгі жоңғарлардың қазақтарға қарсы жасаған бұл ірі жорығы мұсылман авторларының шығармаларында көрініс береді. «Тарих-и амнийа» еңбегінің авторы Мулла Мұса Сайрами жоңғарлардың Сайрамды алуы туралы былай деп баяндайды: «...Біздің аталарымыздан естігеніміз бен жасы келген кәрі адамдардың айтуына қарағанда, осыдан 200 жылдай бұрын қазіргі Моғолстан жеріндегі хан орнына Іледе Құнтаджи (Хонтайшы) деген қалмақ келеді, оның билігі шығыста Комул мен Баркөлге дейін, батыста – Ташкент пен Сайрамға дейін, оңтүстікте – Карангу-Тагқа дейін созылады. Ол кенеттен жорыққа шығып, Ташкент Сайрамын басып алып бағындырады да, билікті бір қалмаққа тапсырады. Оның қасына бірнеше қалмақты көмекші етіп қалдырады да, өзі Ілеге қайтып оралады. Сайрамдықтар қалдырылған қалмақтарды өлтіріп, бағынудан бас тартады. Сайрамнан қашып құтылған бірнеше адам Кұнтажыға келіп болған оқиғаның бәрін айтып береді. Құнтаджи Ілеге соқпай, Сайрамға қайтыпоралып,қаланыекінші ретбасыпалады да,тұрғындардыңбірбөлігінөлтіріп,қаланыталантаражға түсіреді.

Қалмақ басшысы Сайрамныңигіжақсы үш тобыныңәрқайсысынан20отбасыданбарлығы 60 отбасын бала-шағасымен, қызметшілерімен Ілеге алып кетеді. Оларды Іледе бір жылдай ұстап, сосын көне Тұрпанға жібереді...»[7;486-487]. Баяндаудан көріп отырғанымыздай, шығарма авторының арғы-тегі сайрамдық, оның ата-бабалары – деректегі 60 отбасының бірі. Дерек мәліметінде айтылғандай, жоңғарларға Сайрамды 2 рет бағындыруға тура келген. Қалай болса да, осы жылдары Жоңғария өте қуатты ел бола тұра, Сайрамнан арыға бара алмайды. Оның басты себебі – Қазақ еліндегі бірліктің болуы мен басқыншыларға қарсы тұрарлық күштің болуы еді.

Ақыры Галдан Бошакту 1697 жылы наурызда 52 жасында қытай әскерлерінен жеңіліп, өзінөзі өлтіреді[5;208]. 1697 жылы Сенгенің ұлы Цеван Рабтан билікке келеді де, қазақ-жоңғар қатынасындағы жағдай күрт өзгереді. Егерде Тәуке ханның билігі тұсындағы екі ел арасындағы қарым-қатынысындағы кезеңдерге бөлсек, онда алғашқы кезеңге – 1680-1697 жылдар аралығын жатқызуға болады. Бұл кезеңде екі жақты қарым-қатынастан бізге белгілісі – 1681-84 жж. Сайрам

182

соғысы ғана. Ал екінші кезеңге – 1698 жылдан – Тәуке хан қайтыс болған жылға дейінгі аралық жатады. Осы аралықта тек жоңғарлар тарапынан қазақтарға қарсы 1698, 1711-12, 1714, 1715 жылдары ірі жорықтар жасалады.[7;215]. Цеван Рабтан қаншама күшті болып, қазақтарға қарсы қаншарет жорықтаржасағаныменТәукехантұсындаөзмақсатынажетеалмайды.Елішіндегісаяси және діни бірлік сыртқы соққылардан жарыла қоймайды.

1715 жылы Тәуке хан, көп ұзамай 1721 жылы Мүсірәлі сопы дүниеден өтеді. Елдегі саяси, рухани бірліктің тұтастығын сақтап отырған тарихи тұлғалардың өмірден өтуі бүкіл қазақ елінің одан кейінгі жылдардағы дамуына қатты кедергі келтіреді. Қазақ хандығы дәуіріндегі тұтастық дәуір аяқталып, оның орнына бытыраңқылық дәуір басталады. Оның қандай қорытындыға алып келгені баршаға мәлім.

Жалпы,жоғарыда айтылған ойларымызды түйіндей келе, еліміздің саясижәне рухани бірлігі үшін бар күш-жігерін аямаған Мүсірәлі сопының өмір сүрген заманы - қазақ тарихында ең бір күрделі кезең болды. Осындай аумалы-төкпелі заманда ел бірлігі үшін күрескен Мүсірәлі сопы секілді тарихи тұлғалардың тарихтағы рөлі өте ерекше дей отыра, олардың есімдері қазақ елінің тарихында мәңгі қалуы керек деген қорытындыға келеміз.

___________________________

1. Кәрібаев Б. Жәңгір хан. Түркістан: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи – мәдени қорық-мұражайы. 2011.- 20

бет

2.Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, Қазақстан; Сана, 1991, 25 б.

3.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М.К.Козыбаева). –Алматы, «Санат», 1996, 165 б.

4.Казахско-русские отношения в ХҮІ-ХҮІІІ веках. Алматы, 1961. С.406.

5.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства. 1635-1758. Издание второе. Наука, М., 1983, С.129.

6. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін Бес томдық. ІІ том. Алматы: Қазақ ССР

-інің «Ғылым»

баспасы,1983. – 440 бет.

 

7. Тарих-и амнийа. // Материалы по истории Казахских ханств XV – XVIII веков. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Составители: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алма-Ата, Наука, 1969.

Нұрымбетова Г.Р.

с.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры

ҚАНЫШ СӘТБАЕВ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Артына өшпес ізқалдырған дара тұлғалар,ғұламалар менойшылдар ұлттыңмақтанышы ғана емес, тағдыры мен тағылымын үздіксіз зерттеуді талап ететін жұмбақ жандар әрі мейлінше күрделі тарихи құбылыс екені белгілі. Олардың шығармашылық мұрасы, терең ой-тұжырымдары мен атқарған істері тарихпен, заманамен астаса қабысып, тіпті бүгінгі күннің, болашақтың өзекті мәселесі болып қала бермек. Осындай тұлғалар қатарында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде Шоқан, Абай, Әуезов, Сәтбаев, Марғұлан сияқты ұлт перзенттерін «тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары» деп әділ бағасын берген еді.

ЮНЕСКО 1999 жылды Қ.И. Сәтбаев жылы деп жариялағаны белгілі. Сөйтіп, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев әлемдік тұлға болып танылды.

Қысқаша өмірбаяндық деректер келтіре кетелік.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – туған жері - бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіңдегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы). Ол аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металло-гения мектебінің негізін қалаушы.

Болашақ академиктің ғылымға деген алғашқы қадамы Жұмаш молданың киіз үйінен басталды. Содан кейін екі кластық ауыл мектебін, Павлодардағы орыс-қырғыз училищесін, Семейдегісеминариянытәмәмдады.Қабілет-қарымыертекөзгетүсті.Осынаутуматаланттың көзін ашуда өскен, білім алған ортасының ықпалы айрықша еді. Павлодар өңірі, Ертіс бойы мен Семей төңірегі ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың бас кезіндегі экономикалық өмірде, сауда-саттық пен әлеуметтік қатынастарды оқ бойы алда тұрды. Шоқан, Абай, Ф.Достоевский рухы мен дәстүрі де жоғала қоймаған еді. Мұнымен қатар сол дәуірдегі Семей мұғалімдер семинариясын ұлт

183

білімпаздарын даярлаудың нағыз ұстаханасы десек, артық емес. ХХ ғасырдың басында семинария қабырғасынан Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, т.б. көптеген қайраткерлер шықты.

1918 жылы семинарияны аяқтап, ол ауыл мұғалімі және судья болды. 1921 жылы Том технологиялық институтының тау-кен факультетіне оқуға түседі. Солтүстік-шығыс Қазақстандағы ұлттық-рухани әлеуеттің нығаюына Батыс Сібірдің Том, Омбы, Новосібір, Барнауыл қалалары мен алдыңғы қатарлы орыс оқығандары үлкен ықпал еткені белгілі. Революцияға дейін бұл қалаларда 30 мыңға жуық маман ой еңбегімен айналысып жатса, олардың ішінде жоғары оқу орнының 400-ге жуық оқытушылары, 65 профессоры болды. Бұлардың алдынан талай қазақ студенттері дәріс алды. Солардың бір де болса бірегейі, Алаш қозғалысының қайраткері Әлімхан Ермеков ХХ ғасыр басында Қ.Сәтбаевтың Том технология институтының профессоры (кейіннен академик) М.А. Усовпен кездесуіне себепкер болған екен.

Ол22жасарқарапайымқазақжігітініңбойынанғылымғадегенталаппенталанттытанибілді. Арада 30 жыл өткен соң академик Қ.Сәтбаев өзінің ұстазы туралы былай деп жазды: «Томдағы студенттік жылдарда академик Усовпен тығыз байланыста өткізген кезең менің бойымда терең, өшпес із қалдырды. Осы шын мәніндегі мейірбан адамға деген алғысым шексіз»[1]. Бұл арада айта кетерлік мәселе – біздің қоғамтанушыларымыз қай ғасырдағы болмасын қазақ зиялыларының таяуалыс шет елдегі әріптестерімен адами, рухани, шығармашылық байланыстарын жан-жақты ашулары керек. Зиялылардың, әсіресе Қ.Сәтбаевтай тұлғаның халықаралық, аймақтық, басқа да байланыстарының нәтижесі мен тағылымын зерттей отырып, біз жаһандану бастауларына көз жүгіртумен қатар ұлтаралық үйлесімді жетілдіру, идеялар алмасу, ғылымға жат құбылыстардан арылу сияқты асқаралы міндеттерге нақты жауап табар едік.

1926жылдан1941жылдыңаяғынадейінҚ.СәтбаевЖезқазғанмыскенорнындагеологиялықбарлау қызметін басқарды. Инженер Қ.Сәтбаев еңбек жолын бастағанда социалистік модернизацияға кірісіп кеткен Қазақстанға кемел білімді, жоғары адамгершілікті, ұйымдастыру қабілеті ерекше, халықпен байланысы тығыз тұлға ауадай қажет-тін. Бұл қасиеттің бәрі ғылыми, техникалық оқығандарымыздың жаңа тұрғыдағы жарқын өкілі Қ.Сәтбаев бойында табиғи жаратылысынан бар деп айтсақ, артық болмас. Ол уақыттың ең басты, ең мәнді мәселелерін дәл, нақты көре білді, соларды ұлт мүддесіне сай шешуге қызмет етті. Қ.Сәтбаев еңбегінің арқасында бірегей мыс кен орны ашылды. Осы кезеңде қалыптасқан хал-ахуалды академик К.Жұмалиев былай сипаттайды: «...Жергілікті бюрократтар мен тынымсыз жалақорларды айтпағанда, тәжірибелі геологтар да кейде Сәтбаевтың табысына сенбейтін. Ол Серго Орджоникидзенің қабылдауында болуға қол жеткізіп, өзінің барлау барысында анықтаған жез кендерінің ерекше екенін дәлелдей білді. Осылайша Қ.И. Сәтбаев Жезқазғанда жез қорыту комбинатын құру туралы мемлекеттік шешімнің қабылдануына қол жеткізді»[2]. Жезқазған дүниежүзінің аса ірі мыс кен орындарының көш бастаушыларының біріне айналды.

Жап-жас инженер кезінде-ақ дүниетанымының кеңдігімен, ой-тұжырымдарының кемелдігімен, кез-келген құбылысқа ұлттық мүдде тұрғысынан қарай білетіндігімен ерекшеленді. Міне, осы қасиеттері оған сонау 1920-30 жылдардың өзінде-ақ археологиялық ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды, қазақ халқының ауыз әдебиеті, театр мен музыкалық мәдениетін бағалауда, баяндау мен насихаттауда үлкен септігін тигізді.

Қ.И.СәтбаевтыАлматығақызметкеауыстырусоғыстыңбасталуыментұспа-тұскелді,ол1942 жылдың жазында Геология ғылымдары институтының директоры, көп ұзамай КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы президиумының төрағасы болып тағайындалды. Ол 1944 жылы 3 қаңтарда билік органдарына Ғылым академиясын құрутуралы жазған хатында ғылым ордасын ашу Одақ шеңберінен шығып, ұлт мәртебесін әлемдік деңгейге көтеретін шара деп көрегендікпен болжай алды. Нәтижесінде 1946 жылы оның табанды еңбегінің арқасында Қазақстанда Ғылым академиясы құрылды.

Қ.И.Сәтбаевтыңғалым,ұйымдастырушы,мемлекетжәнеқоғамқайраткері тәрізді көпқырлы, сансалалықызметінсөзқылғандаоныңқазақхалқыныңөркениеттік-интеллектуалдықдамуындағы ШоқанУәлихановтанкейінгі ерекше құбылыс екенін мойындауымызкерек.Шоқанесімі менісінен жастайынан хабардар Қаныш өмір бойы осынау аққан жұлдыздың мұрасына ден қоюмен өтті. Томдағыстудентшағындада,Қазақстанғылымакадемиясынбасқарғанжылдардадаұлығалымның ізіменжүріп, өнегесін ұлықтаудан жалыққан емес.Оның әдебиеттану, тарих, тіл білімі, философия, құық, экономика, өнер салаларының түрлі мәселелері жөніндегі құнды еңбектері соның дәлелі.

Қ. Сәтбаев әлемдік тұлға әрі ерекше құбылыс. Белгілі тарихшы Х.Әбжанов Қ. Сәтбаев құбылысы саналуан дей отырып, оларды былайша пайымдайды:

184

«Бірінші. Мал бағуға жарамды деп қабылданатын Сардалада инженер Қ. Сәтбаевтың идеясымен, жаңалығымен, бастамасымен Үлкен Жезқазған бой көтерді. Ертіс-Қарағанды каналыныңқазылуына,Маңғыстаугаз кен орнының ашылуына, тіпті сол аймақтыңТүркіменстанға өтіп кетпеуіне де Қ. Сәтбаевтың тікелей қатысы бар. Қ. Сәтбаевқа дейін бірде-бір қазақ мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.

Екінші. Қ. Сәтбаевтың бас болуымен материалдық-техникалық, қаржылық, кадрлық тапшылыққа қарамастан Қазақстан ғылым академиясы шаңырақ көтерді, ұлттың руханиинтеллектуалдық есеюіне жаңа серпін берілді. Іргелі, қолданбалы, салалық зерттеулер жүргізудің, оларды өзара үйлестірудің, нәтижелерін өмірге енгізудің үздік үлгілері орнықты. Бұл да қазақ даласында бұрын-соңды болмаған табыс.

Үшінші. Шоқан ғылым көгінен ағып түскен жұлдыз болса, Қ. Сәтбаев – әлемдік ғылым көгіндегі мәңгілік жұлдыз. Нақтырақ айтсақ, 50-ші жылдар аяғындағы Лениндік сыйлықтың парқы мен нарқы Нобель сыйлығынан еш кем емес еді. Қ. Сәтбаев – Лениндік сыйлықпен марапатталған тұңғыш қазақ. Бұдан былайда осы деңгейден түсу әлсіздік ретінде қабылданды.

Төртінші. Көреген сыншы Қ. Сәтбаев Қазақстан тарихы мен тағдырында, мәдениеті мен өркениетінде ерекше орны бар, баға жетпес олжа салған таланттардың көзін ашты. Бір тобын ғана атасақ– Ш.Шокин,Ш.Есенов,С.Зиманов,П.Тәжібаева,А.Машани,К.Ақышев...осылайжалғаса береді.

Бесінші. Жаңашыл Қ. Сәтбаев теория мен практиканың, ғылым мен өндірістің жаңа салаларын қалыптастырды. Мәселен, ядролық физиканы зерттеу. Шоқантану Қ. Сәтбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Мұны кезінде Ә. Марғұлан да айтқан болатын.

Алтыншы. Қ. Сәтбаевтың теориялық-практикалық, танымдық-жасампаздық нәтижелерге қол жеткізу жылдамдығы – ерекше құбылыс. Он жыл ішінде (1926-1936) Үлкен Жезқазғанды тиянақтады. Алты жыл ішінде (1940-1946) ғылымда Одақтың академигі, Қазақстанның академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Президенті биіктеріне көтерілді, үш жыл ішінде (1955-1958) Лениндік сыйлық иегері атанды, бір ай ішінде (1941) марганец кен орнын игерді»[3].

Қ.И.Сәтбаев түрлі оқиғаларға бай, қайталанбас әрі батыл әрекеттерге толы өмір кешті. 50-60 жылдар межесінде оның есімі мен металлогения жөніндегі ғажайып тұжырымдары әлем аузында болды. Ол әлемдік және отандық ғылыми ой қазынасына лайықты үлес қосты. Ол сол кездің өзінде еліміздің табиғи байлығын ұтымды пайдалану халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдениет деңгейін, оның экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайтынын көре білді. Бірақ Қ.И.Сәтбаев өмірбаянында елімізбастанкешкенерлік пен талапайтартыс өзізінқалдырмай қойған жоқ.

50-жылдардың басында ол ұлтшылдығы, кадрларды іріктеуде қырағылықты жоғалтқаны, өмірбаяндық деректерді бұрмалағаны үшін айыпталып, қызметінен босатылды. Сол кезде ол И.В. Сталинге, еліміздің басқа да басшыларына хаттар жазды. И.В.Сталинге жазған 55-беттік хаттың үзіндісі 2011 жылы жарық көрген «Қаныш Сәтбаев» атты фотоальбомдық кітапта берілген.

Биікмансаппенатақ-дәреженіқарақанбасыныңқамынкүйттеуге пайдаланудыбілмеген,ұлы мақсатқа жегілген Қ. Сәтбаевты барша қазақстандықтар өзінің интеллектуалдық дүлділі ретінде білді, Қ. Сәтбаевпен мақтанды, патриоттық сезімге бөленді. Академик Қ. Жұмалиев сөзімен айтсақ, «Сәтбаевты бүкіл Қазақстан сүйетін. Оның бүкіл бітім-болмысынан ерекше бір ойлылық, мейірімділік, қайырымдылық, сонымен бірге парасаттылық лебі есіп тұратын. Шарыдай жанған жанарлары аса мейірімді, ақылды, көңілді, сәл қунақы көрінуші еді. Кең маңдайын аздап қырау шалған толқынды бұйра шашы жауып тұратын...Ол аса сымбатты болумен қатар, өзіне адамды еріксіз тартушы еді. Орнықтылығы, сыр мінезділігі, қайырымдылығы, майда мінезі, қарапайымдылығы арқасында онымен аралас-құралас болудың өзі адамға қуаныш әкелетін, жақсы әсерге бөлейтін...Жымиысының өзі қандай нұрлы, шуақты еді десеңізші...» [2].

Қ. Сәтбаевтың парасаты мен таланты халықтың экономикалық және рухани байлығын арттыруға қызмет етті. Қазақстан ғылымының беделі мен жетістігін арттырды. Оның дәстүрін, құбылысын, тағылымын әлемдік бәсекеге сай жалғастыра білу Қазақстан ғалымдарының қарызы мен парызы. Сәтбаев дәстүрлері, Сәтбаев сабақтары, Сәтбаев тағылымы бізге әрқашан қымбат. Сондықтан да оның өмірі мен қызметін, ғылыми мұрасын зерттеу жалғаса берері сөзсіз.

...Қанеки, достар, шырқайықшы бір отты әнді, Қояйық былай ән менен сөзді жаттанды, Жазайықшы бір көкпен көк аспанға, Алтын бояумен Сәтбаев деген аттарды!

185

деп Әбділда ақын жырлағандай бүгінде оның есімі ҚР Ғылым және білім министрлігінің Геология ғылымдары институына, Жезқазған кен-металлургия комбинатына, Қарағанды облысындағы бір қалаға, Алматы, Балқаш, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Семей, Павлодар қалаларындағы көшелерге, бір кіші планетаға, Павлодар облысындағы Баянауыл ауданындағы ауылға берілген. Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнында табылған «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі аталған. Еліміздегі ең ірі жоғары техникалық оқу орны Қазақ Ұлттық техникалық университетіне, сондай-ақ еліміздегі тұңғыш ғылыми-зерттеу кемесіне Сәтбаев аты берілген.

___________________________

1.Сатпаев К. И. Избранные статьи о науке и культуре. — АлмаАта: Наука, 1989, - 440 с.

2.Ниретина Н.В. Қаныш Сәтпаев - Атақты ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, өз елінің патриоты. – Қарағанды, 2015.

3. Әбжанов Х. Қазақстан: ұлттық тарих, идея, методология. – Алматы: «Елтаным баспасы», 2014. – 328 б.

Төлебаев Т.Ә., Әбікенова Г.Е.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ДӘСТҮРЛІ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР ЖӘНЕ ПРОТОТҮРІКТЕРДІҢ ЛИНГИВИСТИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ

Қазақстандық тарих ғылымында біздің арғы бабаларымыз, қазіргі қазақ даласында өмір сүрген ежелгі халықтар, арғытүріктердің тарихи отаны, олардың жер шарына таралу бағыттары, аймағы мен уақыттары, тілі мен жазуының қалыптасу кезеңдері туралы мәселелер толық айқындалмаған, әлі де өзекті болып қалып отыр. Мақалада осы мәселелердің дүниежүзілік көлемде филологтардың, лингивистердің,археологтардың, тарихшылардың, саясаткерлердің еңбектеріндегі зерттелу барысы, оларда қалыптасқан көзқарастар мен тұжырымдар сипаттала отыра, әлі де зерттелуі қажет мәселелер көрсетіледі.

Мақалада АҚШ зерттеушісі Недим Тунаның, түркиялық Қазым Миршанның, Ресейлік А. Окладниковтың, М. Закиевтың, Г.М. Бонгард-Левин мен Н.В. Гуровтың үндістандық Дж. Неру мен С.А. Дангенің, қытайлық археологтар Таң Шиәнчун мен Ваң Минжының, азербайжандық Ф.А. Джалиловтың,қазақстандық Ә.А.Ахметовтың,А.С.Аманжоловтың,У.Х.Шалекеновтыңеңбектері мен олардың тұжырымдары тарихнамалық дерек ретінде талданды.

Мақаланың методологиялық негіздері позитивизм мен диффузионизм болып табылады. Ал тақырыпты зерттеу барысында теориялық және эмпирикалық зерттеу методтары, нақты айтқанда салыстырмалы талдау, аналогия, болжау және т.б. пайдаланылды.

Дәстүрлі тарихи лингивистикалық география мен ареалды лингивистика түріктердің ежелгі этникалық тамырлары Ш - ғасырда тек Алтай мен Байкал бойында, аздап Орталық Азияда байқалған деп көрсетеді. Ол көзқарас бойынша 1Ү ғасырда түрік тілдес тайпалар Орта Азияға, кейінірек Батыс Сібір мен Шығыс Еуропаға қоныстанып, жергілікті отырықшы-егінші халықтарды түріктендірген делінеді. Дәл осы тұжырымдар көлемінде зерттеушілер тарапынан кейінгі кездері олардағы шындықтың дәрежесі туралы көптеген мәселелер көтеріліп жүр. Солардың ішінде көп айтылып жүргендері: 1. Қалайша көшпелі түрік тайпалары жергілікті отырықшы халықтарды түріктендірді? Мүмкін дәстүрлі көзқарас бойынша керісінше болар? 2. Түріктер қалайша шағын уақыт аралығында өте тез көбейіп, Батыс Сібір, Азия мен Еуропаны қоныстанды? 3. Түрік тілі мен жазуықашанқалыптасты?Олардыңтарихитамырларыменнегіздеріқайда?Осыаталғанмәселелер талқыланады және болашақ зерттеушілерге ой салу мақсатын көздейді.

Кеңестік кезеңде дәстүрлі көзқарас бойынша түрік-сахалар Шығыс Сібірге Байкал бойынан Х-ХҮ ғғ. ғана келді, оған дейін бұл аймақта түріктілдестер болмаған делінген еді. Бірақ А. Окладников бастаған кеңес-америкалық экспедиция бұл тұжырымның дұрыс емес екендігін дәлелдеді.1975жылы жарияланған«Первымиамериканцамибылисибиряки»атты мақаласында А. ОкладниковАмерикаматеригінеБерингбұғазыарқылыбұдан20-30мыңжылбұрынөткеналғашқы американдықтардыңтіліндетүріктікбелгілердіңболғандығынайқындады[ОкладниковА.1975,16]. Бұл мәселемен бүгінгі таңда кең түрде айналысып жүрген Ә. Ахметов үндістердің түркілік тегі туралы көптеген еңбектерін жариялауда[Ахметов Ә.1992; Ахметов Ә. 2009.].

186

Ендеше позитивизм, әсіресе Кун, Лакатос, Тулмин, Фейерабенд т.б. жаңғыртқан, әлеуметтік мәдени факторлардың рөлін ғылым динамикасында қарастыру қажеттігін ұсынып отырған, бүгінгі таңдағы постпозитивизм бойынша түрік тілінің негіздері бұдан 30-20 мың жыл бұрын –ақ қаланған деген тұжырым жасаудың ғылыми негіздемесі бар деп есептелуі қажет.

Енді біз сол постпозитивизм бойынша бұл тұжырымымызды дәлелдеп көрейік. 1947 жылдан бері шумер-түрік паралелдері мәселелерімен айналысып келе жатқан түрік ғалымы Осман Недим Туна 1990 жылы жарық көрген кітабында 168 шумерлік сөзге салыстырмалы тарихи талдау жасап олардан ежелгі түрік тілінің тамырларын табады. Олардың фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттей келе бұл тілдердің ұзақ уақыт бойы бір-біріне өте күшті ықпал еткендігі жөнінде қорытынды жасаған. О.Н. Туна түрік тілі бұдан 5500 жыл бұрын-ақ фонетикалық және грамматикалықтұрғыдажүйеленген.Алсолжүйеніңқалыптасуыүшінтағыда5500жылкеткендеп есептеген жағдайда түрік тілінің жасы 11 мың жыл болып есептеледі. Сол түрік тіліндегі жазудың беку уақытына келетін болсақ ол бұдан 8000-8500 жыл бұрын болған, - деген тұжырым жасайды

[Туна Н. 1990: 49].

Келесі бір түрік ғалымы Казым Миршан «Алфабетик язы башлангычы» («Алфавиттік жазудың басталуы») атты Бодрумда 1994 жылы шыққан еңбегінде руналық және рунаға ұқсас жазбаларды, тастар мен үңгірлердегі суреттерді зерттеу барысында жаңа тұжырымдар жасайды [Миршан К.1994]. Мәселен ол Сібірде, Қазақстанда, Абакан-Енисайда, Лена бойында, Алтай тауларында, Шығыс Түркістанда, в Анадолыда, Румынияда, Грекиеде, Швейцарияда, Италияда, Францияда, Солтүстік Испанияда табылған бұдан 20 мың жыл бұрынғы бояулармен салынған пиктограммаларды, 15 мың жыл бұрынғы жартастар мен тастардағы петроглифтерді зерттей отырып, олардан бірте-бірте алфавит пайда болған, Түріктерде де жазу осылай дүниеге келген, - деген болжам жасаған. Ол тіпті бұдан 4500 жыл бұрын Франция жерінде жазылған глозелдік жазбалар мен прототүрік жазбаларын салыстырмалы түрде талдай отырып, бір кездері Орта Азиядан Францияға дейін созылған орасан зор түрік өркениеті болған дейді. Айта кететін нәрсе оның аталған жазбалардың сырын ашуына Сорбонн профессоры Роберт Лирис көмектескен және ол «глозелдік» жазбаламен этрусскілік жазулардың ұқсастығына да назар аударған.

А. Аманжолов: «Самая старая надпись Тюркским алфавитом, Иссыкская надпись написаная на плоском серебряном кубке, была найдена в 1970 году в королевской могиле расположенной в Балыкчи(Иссык),КиргизскомгородеуозераИссык,ибыладатирована5-мв.дон.э.», - дейдіөзінің «Генезис тюркского рунического алфавита» атты Алматыда 2003 жылы шыққан кітабында [Аманжолов А. 1970: 4]. Ол да түрік алфавитінің б.з.б. Ү ғасырдың өзінде-ақ пайдаланылғанын айтады және оның өте көне замандардан келе жатқанын жоққа шығармайды.

О.Н. Туна мен К. Миршан Еуропада өткен бірнеше халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда өз тұжырымдамаларын жариялап, дәлелдеген белгілі ғалымдар. Олардың тұжырымдары түрік тілінің бұдан 11 мың, ал жазуының 8-8,5 мың жыл бұрын қалыптасқандығы туралы болжамдары негізсіз емес. Олардың және А. Окладников пен Ә. Ахметовтың, А. Аманжоловтыңтұжырымдарытүріктілініңнегізініңқаланғануақытытуралыбіздіңболжамымызға арқау болды.

Келесі мәселе кімдер сол көне замандарда түрік тілін негіздеген және пайдаланған? - деген сұрақ көлемінде болуы керек. Бұл мәселені айқындауда және талдауда мәдени-антропологиялық зерттеулердің методологиясы деп есептелетін диффузионизмді пайдаланған тиімділеу.

Әзірбайжан зерттеушісі Фиридун Агасыоглу Джалилов шумер, аккад, ассирия және урарту деректерінегізіндеб.з.б.ІҮ-ШмыңжылдықтардаАссирияменУрартуаралығындағыТигрбойында өмір сүрген субарлардың, олардан төменірек мекендеген кумандар, гутилер мен лулулардың және Урмия көлі маңындағы туруктердің түріктілдестігін дәлелдеуде.

У.Х. Шалекенов кейінгі жылдары арийлер туралы жазып жүр[Шалекенов У.Х., 2012: 7]. Арийлер Үндістанға б.з.б. П мыңжылдықта барған деп есептеледі. Олардың арғы отаны туралы мәселені арнайы қарастырған Индияның даңқты қоғам және мемлекет қайраткерлері Дж. Неру мен С.А. Данге болғаны белгілі. Дж. Неру Грекиеге барған арийлерді грек-арийлер, ал Үндістанға барғандарын үндіарийлер деп атайды. Ол атаулар туралы өз көзқарасымды 2008 жылғы мақаламда білдіргенмін [Төлебаев Т.Ә., 2008:8].

Бұл жерде грек-арийлер ретінде б.з.б. ХП ғасырда Балқан түбегіне басып кірген дорий тайпалары айтылып отыр. Дж. Неру сонымен бірге Персия мен Месопотамияда арийлік қоныстардың болғандығын да атап өтеді [Неру Дж. 1980:9]. Ал С.А. Данге арийлердің кейбір тармақтарының Еуропа мен оңтүстік-батыс және оңтүстік Азияға қоныс аударғанын айта келіп, Индияға олар Гималай, Пенджаб және Кашмир арқылы келді деп көрсетеді[Данге С.А., 1950.]

187

Сонымен С.А. Данге айтқандай Гималайдың арғы жағындағы арийліктердің белгілі бір топтары жан-жаққа қоныс аударғанға дейін олар қазіргі Қазақстан, кейбір зерттеушілер жазып жүргендей Сібір аймағында да өмір сүрді ғой. С.А. Данге арийліктердің ганалары – берік әлеуметтікшаруашылықтық ұйымдары туралы айтады және оныңарғы отанында қалыптасқанжүйе екендігіне назар аударады.

Мен Г.М. Бонгард-Левин мен Н.В. Гуровтың мына тұжырымына да назар аудару керек деп есептеймін: «миграция индоарийских племен шла волнообразно и в течение длительного времени; что она началась задолго до сложения «Ригведы» как литературного памятника, что в создании гимнов «Ригведы» принимали участие различные индоарийские племена, говорившие, повидимому, на разныхдиалектах[Бонгард-Левин, Гуров В.Н.,1988:77]. Бұл зерттеушілерарийлердің Үндістанға Пенджаб арқылы барғанын айтады. Біздіңше арийлердің Еуропа мен оңтүстік – батыс Азияға да қоныс аударуы толқын түрінде өткен.

Белгілі татар зерттеушісі Мирфатых Закиев өзінің «Происхождение тюрков и татар» атты Мәскеуде 2002 жылы шыққан монографиясында арлар, арийлер және гандарийлер туралы Геродот деректерін келтіре отырып былай дейді: «Что касается этнонима гандарии, то он по тюркской этимологии называет также аров/арийцев, но аров, имеющих гана/хана: ганды-ар, где ганды/ханлы ‘имеющие хана’»[Закиев М.,2002:12]. Бұған қарағанда М. Закиев арийлерде мемлекеттік басқару болған деп есептейді.

Бүгінгі таңда өзінің арғы тегін арийлерден таратуға ұмтылушылар көбейді. Орыс зерттеушілеріарийлердіңИндияғақонысаударуынКавказарқылыкөрсетіпжүр.«Курдыиарийцы» атты қалың кітаптың шығуы да осыны байқатады. Бұл сөз жоқ арийлердің « ең таза қанды халық» ретінде дәріптелуінен. Алтаза қанды деген атақ оларға бекер берілмесе керек. Өздерінің ганаларын мықтай түсу, сырттан басып алу әрекеттерін болдырмау үшін біршама жүйеленген шаруашылықтық-әлеуметтік басқаруұйымынқұрған.Ал бұл бізге белгілі «әскеридемократия»,рутайпалықбасқадабірлестіктергеқарағандаадамзаттарихындағыеңалғашқыбіршамаберік,мықты және сонысымен тұйықталған сияқты көрінетін ұйымдастырылған, жүйелі тәртібі бар ганалардан құралғандықтан шеттен ене алмайтындай болуы себепті пайда болған «таза қандылар» деп қарастырылуы біршамашындыққажақындепойлаймыз.Оныңүстіне диффузионизмҮндістандағы ганалары мен касталық жүйенің қалыптасуына арийліктердің ықпалы болған деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Қалай болса да біз үшін осы баяндамадағы келесі бір мәселе сол арийлердің өмір сүрген уақытын айқындау болып табылады. Бұл әрине арнайы зерттеуді қажет етеді. Дегенмен біздің ол мәселені зерттеушілергеой салумақсатында мынаны айта кеткенімізжөнсияқты. Арийлер - қазіргі қазақ даласында ежелде өмір сүрген аты белгілі халықтың алғашқысы. П-мыңжылдықта жер шарының біраз бөлігіне таралған арийлер арғы отанында одан бұрын кемінде тағы да екі жүз жылдай өмір сүрген деп ойлаймыз. Бүгінгі таңдағы үндіирандық тіл тобы туралы болжамдарды сынаушылар арийлердің пртототүрік тілінде сөйлегенін айтады.

Арийлерден кейінгі негізгі отаны қазіргі қазақ жері болған халық – сақтар. Бүгінгі таңда сақтардың өмір сүрген уақыты мен аумағы, тілі қайта қарауды қажет ететін мәселелер. Бәрімізге белгілі кеңестік кезеңде бүкіл далалы аймақта бірыңғай сақ мәдениетінің қалыптасуы б.з.д. ҮП ғ. деп көрсетілген еді. Міне содан бері бұл датадан арыға бармау қабылданған тәртіп сияқты болып келеді.

Ал Қытайдың белгілі археологы Таң Шиәнчун 1993 жылы «Әдебиет-тарихи білімі» журналының7санындағы«Жыужы»аттымақаласында:«1980жылыЛоб-нұрдыңбатысжағындағы Лыулән ежелгі жұртынанбірәйелдіңсүйегі табылды. Зерттеуге қарағанда,ол осыдан 4000жылдың алдында жасаған адам», - дей келе оның сақ екендігі күдік тудырмайтынын жазады[Таным тармақтары, 2005:13]. Ал екінші бір қытай зерттеушісі Ваң Минжы «Іле өзені алқабындағы сақтар» атты 1985 жылы жарияланған мақаласында: «Нылқы ауданындағы Нұрасайдан табылған мыс кенінің орны мен Іле өзені алқабынан табылған көптеген мыс бұйымдарынан біз мынадай ой түйіндейміз. Іле өзені алқабында біздің жыл санауымызға дейінгі 1000 жыл шамасында Соғыс мемлекеттерідәуірінедейінөмірсүргенсақтардамысмәдениетіедәуірдамыған», - дегенеді[Таным тармақтары,2005: 48]. Бұл екі тұжырым да сақтар тарихының хронологиясын қайта қарауды қажет етеді. Бұл жазылғандарға қарап, сақтар мыс дәуірінде болмаса да, қола дәуірінде, демек б.з.б. П мыңжылдықтарда өмір сүргендігі көп күмән келтіре қоймайтын сияқты. Бұл да зерттеуді, анықтауды қажет ететін мәселенің бірі. Тарихи уақыттың тарихи кеңістікті өзгертіп отыратының ескере отырып сақтар мен скифтердің біртұтастығын, Ұлы сақ империясын құрғандығын кейінгі

188

кездері жекелеген зерттеушілер жазып, айтып жүр. Бұл бүкіл түркі ғалымдары зерттеуге, айқындауға тұрарлық тұжырым.

Мирфатых Закиев аталған көлемді еңбегіндегі «Скифо-сарматские этнические корни Тюрков» атты тарауында скифтер мен сақтарды бірге қарастырады және олардың ирантілдестігі туралы тұжырымға күйрете соққы бере отырып, түріктілдестігін дәлелдейді. І-П ғғ. өмір сүрген Дионисийдің Каспийдің солтүстік-батысында өмір сүрген халықтар туралы деректерін келтіре отырып: « Из перечисленных им племен все были тюркоязычными: скифы - в основном тюркоязычны, каспи - это также тюрки, этноним которых состоит из элементов кас ‘скала’, пи (бей, бай) - первоначальный тюркский этноним, алан<алуан<албан - этноним тюркских племен, кадус - тюркский этноним, состоящий из первоначального этнонима ус (вариант этнонима ас), определениемеговыступаеткад<кас ‘скала’,кадус ‘асы ускалистыхгор’». - дейді.Аталғантарауға қорытынды жасай келе: «индоиранисты, специально отбирая из скифских письменных памятников ираноязычные слова, пытаются представить язык скифов как единый язык иранской группы, а отдельные из них тщетно доказывают, что древнеиранский язык скифов является якобы языком предков осетин.

Мы считаем, что среди скифов большое (основное) место занимали тюрки. Далее мы обращаем внимание читателей на то, что в Центральной и Средней Азии сюны/гуны (хунны) и их разновидности сянби, усуны, табгачи, жужане и эфталиты образовали обширный древний тюркоязычный ареал», - дейді М. Закиев [Закиев М., 2002, 107].

Сонымен аталған мәселелер көлемінде зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мына тұжырымдарға назар аударылғаны дұрыс деп есептеймін:

1.Түрік тілінің негіздері бұдан 30-20 мың жыл бұрын–ақ қалана бастаған. Ал фонетикалық және грамматикалық тұрғыда бұдан 5500 жыл бұрын-ақ жүйеленген.

2.Түрік тіліндегі жазудың бұдан 8000-8500 жыл бұрын болған және жер шарының көптеген аймақтарына оны білетіндермен бірге таралған.

3.Арийлер - қазіргі қазақ даласында ежелде өмір сүрген аты белгілі халықтың алғашқысы. П-мыңжылдықта жер шарының біраз бөлігіне таралған олар арғы отанында одан бұрын кемінде

тағы да екі жүз жылдай өмір сүрген, өзіндік өркениет негіздерін қалыптастырған.

4. Арийлердің мұрагерлері сақтар б.з.б. П мыңжылдықта өмір сүрген. Сақтар мен скифтер бірхалықтық топ.Олардыңнегізгіотанықазіргі қазақ жеріжәне уақытөте келе АлтайданФракияға дейінгі орасан зор аймақты мекендеп, иелік еткен ұлы империялық бірлестік құрған.

5. Арийлер мен сақтар прототүрік тілін негіздегендер.

___________________________

Аманжолов А. Генезис тюркского рунического алфавита. – А,. 2003.4-б Ахметов Ә. Азия-Берингия-Америка немесе америкалық «үндістердің» азиялық тегі. А., 1992. Ахметов Ә. Түбі түркі өркениеті. А., 2009.

Бонгард-Левин Г.М., Гуров Н.В. Древнейшая этнокультурная история народов Индостана: итоги, проблемы, задачи исследования». // Древний Восток: этнокультурные связи. - М., 1988.77-б.

Данге С.А. Индия от возникновения первобытного коммунизма до разложения рабовладельческого строя. - М.,

1950. 41- б.

Дж. Неру. Взгляд на всемирную историю. - М., 1980. 123 - б. Закиев М. Происхождение тюрков и татар. – М., 2002. 91-б. Миршан К. Алфабетик язы башлангычы. - Бодрум, 1994, 77-б

Окладников А. Первыми американцами были сибиряки. // Наука и жизнь, 1975, №12, 7-б. Таным тармақтары. - А., 2005. 13-б.

Төлебаев Т.Ә. Ежелгі Қазақстанның тарихи кеңістігі туралы. // Халықаралық интеграция мен модернизация жүйесіндегі Қазақстан-Германия қатынастары. - А., 2008. 56-б./

Туна О.Н. Байырғы түрік тілі. –Анкара, 1990. Шалекенов У.Х. Арийлер өркениеті негіздері. А., 2012.

Мұхатова О.Х.

т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

ЖЕКЕ АРХИВ ҚОР ҚҰЖАТТАРЫ ӨЛКЕ ТАРИХЫ ДЕРЕКТЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ

Туған жердің өкілдерін тану және насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету қоғамның дамуы үшін аса маңызды. Елбасы «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру»мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды және өлкенің жүз тұлғасының еліне сіңірген еңбегін зерттеуді ұсынды.

189

Ұлт көшбасшысы: «Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс¬түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»[1] - деп атап көрсетті.

Ұлтжандылықтың бір көрінісі қолда бар рухани мұраны көздің қарашығындай сақтау, оны зерттеу,ұрпаққабілгізу,өйткені өткенді жаңғыртуҰлы Дала Елініңболашағы үшінасақажет.Осы орайда төл тарихты терең зерттеп, оны өркендетуге үлес қосу түйіткілі өзекті болып табылады. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта, әсіресе соңғы бір-екі жылда отандық тарих ғылымы заманауи үрдістерге сәйкес өзгерістерге ұшырап, дамып келеді. Елбасының «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деген тапсырмасы да ғылым алдына үлкенміндеттержүктейді.Дүниедегіеңқиыннәрсеніңбіріадамныңсанасынөзгертуекенін ескерсек,ұлттықсананыжаңғыртуғақоғамболыпкүшсалудыңқажеттілігібайқалады.Тарихижәне ұлттық сананы жетілдіруде өлкетанудың атқарар рөлі ерекше, себебі «үлкен» тарих «жергілікті» тарихтан құралады. Ал «жергілікті» тарих - ол жекелеген мемлекеттің, халықтың, қаланың, ауданның, ауылдың, көшенің өткені дегенді білдіреді. Өлкетанудың нысанына жекелеген тұлғалардың өмірі мен қызметі жатқызылады.

Тарихта өз елінің мүддесін жеке басыныңқамынан жоғары қойған тұлғалар көп емес. Елбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында тарихи сананы жаңғырту бағытында бірнеше жобаларды ұсынды.Біріншіден, «Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив

– 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажеттілігін» алдыға тартты. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып,іздеу-зерттеужұмыстарынжүргізуінебасамәнберукерек....Архивдеректерінтекжинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет», - деп көрсетті. Архив жеке және ұжымдық жадтың тұғырлы бір элементі тұрғысынан қарастыратын болсақ,шетелдік және отандық архивтердің жеке қорларын зерттеп, аса құндыларын электронды нұсқаға аудару, насихаттау, пайдаланудың маңыздылығына көз жеткіземіз.

Екіншіден, «Ұлы Даланың ұлы есімдерін» анықтау және оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу міндетін қойды. Үшіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындаржәнеелбилегентұлғаларбейнесініңмаңыздыгалереясынжасаудықолғаалуқажеттілігін» атап көрсетті. Төртіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет»[2], - деп қадап айтты.

Архив қорларында Ұлы Даланың Ұлы есіміне лайық тұлғалардың ғұмыры мен қызметін айғақтайтын дәйектер архив қорларында сақтаулы. Дегенмен олардың бірі туралы жиі айтылса, екіншілеріжөніндеайтылада,жазыладабермейді.Архивтердегіжекеқорларқұжаттарытекдербес тұлға туралы ғана емес мемлекет пен қоғамның дамуы туралы құнды мәліметтер беретін дерек көздері болып табылады. Сондықтан олар басқа архив құжаттарына қарағанда өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді.

Жекеадамныңөміріменқызметібарысындағыжиналғанқұжаттардыңжиынтығыжекетектік қор деп аталады. Белгілі бір архивте жинақталған жеке тектік қорлар тізбесі мазмұны мен маңызы жағынан мейлінше әртүрлі және көп салалы болып келеді. Онда ақындар, жазушылар, композиторлар, әртістер, әдебиет пен өнертанушылар, театр және кино режиссерлары, суретшілер, ғалымдар, т.б. жеке қорлары сақталады. Жеке тектік қор құрамына қолжазбалар, хаттар, қор құрушының жеке және тұрмыстық құжаттары, ғылыми-шығармашылық және қоғамдық қызметі барысында жинақталған құжаттық материалдары, қор құрушының еңбектеріне қажетті жинақталған материалдар, мүліктік-тұрмыстық сипаттағы заттары, жинаған коллекциялары, туыстарыныңжәнеөзініңсуреттері(фотолары)кіреді.Жекеархивтікқорқұрамынабелгілібіртұлға жөнінде көзі тірісінде немесе қайтыс болғаннан кейінгі жазылған естеліктер, мақалалар, өлеңдер, еңбектеріне жазылған рецензиялар, есте қалдыру жөніндегі материалдар, оның шығармашылығын насихаттаған материалдар енгізіледі[3]. Осы бағыттағы құжаттарды жинaқтaу apқылы архив өзiнiң қорларын молайтып қана қоймай, оны танымал ете түседі.

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]