Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

Қазақ Алтайы мен Жетісу өңіріндегі тұрғындардың жерлеу ғұрыптарындағы өзара ұқсастықтары жөнінде Оңғар Ақан өзінің диссертациялық жұмысында арнайы тоқталып, екі өлке арасындағы мәдени байланыс, миграция ылғи да өзгеріп отырғандығын айтады [1, Б. 57-59. ].

Ғ.Қ. Омаров өзінің диссетациялық жұмысында Қазақ Алтайы мен Тарбағатай тауларының аралығындағы өңірде ерте темір дәуірінде басқа өңірлерге қарағанда, кірігу процестері жедел қарқынмен жүргенін, бірақ кейбір өңірлерде бірен-саран ру-тайпалар бірнеше ғасырлар бойы томаға-тұйық күй кешкенін, сонымен қатар, қазба жұмыстары көрсетіп отырғандай, мұнда мекендегентұрғындарэтнографиялықжағынанбір-біріненөзгешелеуболғанына назараударған[9, Б. 87-94.].

Құлажорға мәдениетіне тән белгілері бар жерлеу орындары Ә.Т.Төлеубаев зерттеген Шілікті қорымында да соңғы жылдары кездесіп отыр. Шілікті IV қорымындағы №7 обадағы жерлеу ғұрыптары мен табылған ақыреттік заттары Құлажорға мәдениетінің жерлеу ғұрыптарына ұқсас келеді[10, Б. 3-10.].

Сонымен, қолда бар материалдар негізіне сүйене отырып, Құлажорға мәдениетінің зерттелу мәселесі 1940-80 жылдар аралығында және 90 жылдардың басында орын алғанын көре аламыз. Жұмыстарының хронологиялық динамикасы үлкен болғанымен, зерттеу материалдарының жариялану, тарихи пайымдаулар мәселесінде ақтаңдақтар бар екендігі анық. Бұл жөнінде Ғ.Қ.Омаров: «...Құлажорға мәдениетін зерттеу материалдарының көпшілігі жарияланбаған, жарияланған күннің өзінде оларда теориялық мәселелер оншалықты көтеріле қоймаған. Құлажорға кезеңіне байланысты қолда бар материалдардың көпшілігі тек сипаттамалар түрінде ғана, яғни терең талдаулар жасалмаған» – деп өз пікірін келтірген [9, Б. 93.].

Алтай-Тарбағатай өңірлеріндегі Құлажорға кезеңіне тән ескерткіштердің бүгінге дейінгі зерттеу нәтижелерінжинақтап, жүйелеп, соңғы жылдардағы ашылып жатқан жаңа материалдармен толықтыру арқылы мәліметтер базасын жасау Шығыс Қазақстан қола дәуірі археологиясындағы өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймыз.

____________________________

1.Оңғар А. Ерте темір дәуіріндегі Қазақ Алтайы мен Жетісу тұрғындарының жерлеу ғұрпы / Тар. ғыл. канд....

дисс. – Алматы, 2010. – Б. 57-67.

2.Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. // МИА. – Москва – Ленинград: 1960. – № 88. - С. 12.

3.Черников С.С. Древняя металлургия и горное дело Западного Алтая. – Алма-Ата: Наука, 1949. – 112 с.

4.Черников С.С.. Предварительный отчет о работе Восточно-Казахстанской экспедиции в 1948 г. Архив. Ф.11, опись 2, дело 120. С. 6.

5.Арсланова Ф.Х. Отчет (предварительный) об археологической практике студентов 1-го курса исторического факультета УКПИ в 1968-1969 году // Архив ИА КН МОН РК. – опись 2. – д. № 1125. – С. 13-18.

6.Самашев З.С. Памятники кулажургинского типа // Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. – Алма-Ата: Наука, 1987. – C. 95-115.

7.Ткачев А.А., Дубровский В.А. Погребение воина кулажоргинской культуры // Сохранение и изучение культурного наследия Алтайского края (материалы научно-практической конференции). – Барнаул, 1996. - С. 141-146.

8.Толеубаев А.Т. Ертедегі үйсіндердің тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштері // ҚазМУХабаршысы. Тарих сериясы. № 12. – Алма-Ата, 1999. С. 23-35.

9.Омаров Ғ.Қ. Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі,

мерзімделуі және мәдени атрибуциясы) / Тар. ғыл. канд.... дисс. – Алматы, 2010. – Б. 87-94.

10. Төлеубаев Ә.Т., Жуматаев Р.С., Шагирбаев М.С. Шілікті IV қорымындағы №7 обаның қазбасы нәтижесі // «Қазақстан мен іргелес елдердің тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі заманауи әдістер мен тұрғылар» атты «ІХ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары / Жауапты ред. Ғ.Қ. Омаров. 1 бөлім. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 337 б. – С. 3-10.

Әбілбекұлы Ә.

магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҮШ ӨЛШЕМДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Археологиялық есепке алудың соңғы он-он бес жылда қарыштап дамып келе жатқан әдістерінің бірі – үш өлшемді визуализация. Жаһандық заманауи техникалық жетістіктер оның пайда болуына тікелей ықпал етті және дамуына серпін берді. Тиісінше, ол алдымен әлемнің дамыған елдерінде пайда болды, ал Қазақстан археологиясына отандық ғылымдағы техникалық мүмкіндіктердің арту қарқынына қарай біртіндеп ене бастады.

61

Бұл әдіс «екі рет ашылмайтын» (Зайцева, 2014, С. 10), қазба барысында бүлініп, кейде толығымен жойылатын археологиялық нысанды виртуалды түрде сақтап қалуға мүмкіндік беретіндігімен, сондай-ақ, әлемнің кез келген бұрышындағы музей қорында сақтаулы жәдігерді зерттеушілер мен мәдени мұраларға қызығушылық танытушы барша қауымға қол жетімді қылатындығымен құнды. Оның басқа әдістерге қарағанда негізгі артықшылықтары (Lambers,

Remondino, 2007, P. 27):

-қолданылу аясы шексіз;

-зерттеуге қажетті мәліметтерді археологиялық нысанға немесе жәдігерге қол тигізбей-ақ,

яғни оларды бүлдірмей алуға мүмкіндік береді;

-деректерді өңдеу және талдау іс-шараларын далалық қазба жұмыстарымен қатар алып жүруге болады;

-оған қажетті аспаптар, құралдар, бағдарламалар және т.б. үнемі жаңарып даму үстінде. Ғалымдар үш өлшемді мәліметтерді оптикалық жинақтаудың негізгі үш санатын келтіреді:

-бейнеге негізделген әдістер, яғни фотограмметрия (El-Hakim, Remondino, 2006, P. 271);

-диапазонға негізделген (қашықтықтан зерттеу) әдістер, яғни лазерлік сканерлеу (Boehler,

Marbs, 2002, P. 9);

- алдыңғы екі әдісті үйлестіру (El-Hakim, Beraldin, Picard, Godin, 2004, P. 272).

Бұләдістерзерттеунысанына,зерттеушініңтәжірибесіне,уақыты менқаржысынажәне басқа да мүмкіндіктеріне қарай түрліше қолданылады. Қазақстанда әзірше тек екі санаты –үш өлшемді сканерлеу және жерүсті фотограмметриясы қолданылады, Ресей ғалымдары да өз қызметтерінде осы екеуіне басымдық береді (Зайцева, 2014, С. 12).

Археологиядағы үш өлшемді визуализация қазіргі уақытта адамзат тарихының көне қатпарларын жаңғыртуға мүмкіндік беретін археологиялық және жаратылыстану-ғылыми пәнаралық зерттеулер жасау құралына айналып отырғандықтан әлемнің жетекші ғылыми мекемелерінің бәрінде дерлік осы саламен шұғылданатын орталықтар немесе жеке ұйымдар, мысалы: Dig@Lab Археология саласындағы сандық технология орталығы (АҚШ); Digital Archaeology, MayaArch 3D Project (ГФР); Бордо университетінің ArcheoVision компаниясы, Нант қаласындағыСәулетөнерініңұлттықжоғарымектебі(Франция); 3DDOM(Италия);TheInstitutefor Digital Archaeology, (Ұлыбритания); CyArk, Калифорния, (АҚШ); Хайфа қаласындағы Зинман университетінің Археология институты жанындағы фотограмметрия зертханасы (Израиль); Новосібір мемлекеттік университетінің ARTEMIR зертханасы, Томск мемлекеттік университетінің «Артефакт» зертханасы (РФ) және т.б. құрылды (Лбова, Женест, 2017, С. 10).

Шетелдік жекелеген ғылыми орталықтар археологиялық зерттеулерге қажетті арнайы компьютерлік бағдарламалар ойлап тауып, сараптамалық операцияларды жүзеге асыруда.Олардың қатарында Artifact 3D program бағдарламасын жасаған Израилдегі Еврей университеті және Avizo Fire 3D program бағдарламасын құрастырушы ОАР Витватерсранда университетінің Эволюциялық зерттеулер институты ғалымдарын атауға болады (Зоткина, Ковалев, Шалагина, 2018, С. 173).

Елімізде археология саласындағы 3D белгілеу және визуализациялау ісін алғашқы болып, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты мен «Қазқайтажаңғырту» кәсіпорыны «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысында қолға алған. Дегенмен бұндай бағыттағы зерттеулер қыруар қаржыны талап ететіндіктен және мемлекеттік ұйымдар тарапынан қолдау таппағандықтан олардың бастамалары аяқсыз қалған

(https://vlast.kz/life/16828-sozdateli-3d-modelej-arheologiceskih-pamatnikov-arheologu-nevygodno- borotsa-s-bolsimi-ludmi.html).

Тағы бір жалғасын таппаған іс-шара «Ғылым ордасы» мекемесінің бұрынғы басшысы Р. Кәрібжанованың 2013 жылы бастаған ғылымның виртуалды интерактивті 3D музейін құру бастамасы (https://www.zakon.kz/4539560-v-kazakhstane-pojavitsja-virtualnyjj.html). Оның не себепті аяқсыз қалғаны туралы дерек жоқ.

Бір қызығы, 3D археология саласына сүбелі үлес қосқан облыс әкімдіктері болып отыр. Олар өз аумағындағы арехологиялық ескерткіштерді және тарихи-өлкетану музейлеріндегі жәдігерлерді облыс әкімдіктерінің сайтында виртуалды 3D тур түрінде халыққа қол жетімді қылып қойған.

Тағы бір көлемді іс-шараны Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұжымы жүзеге асырып, 2018 жылы Қазақстанның виртуалды 3D турларының картасын (http://3d-maps.kz) жасап шығарды (http://cultural.kz/ru/news/view?id=2548).

Жалпы,бұлсаладағыелеуліілгерілеушіліктіҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің2017жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын сандық форматта таныту

62

мақсатында қолға алынып отырған «e-culture» бірыңғай электронды порталының

(https://mks.gov.kz/uploads/E-culture05022018091527.pdf) жасалу барысынан күтеміз. «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің хабарлауынша, аталмыш порталдың «Музей» бөлімінде Қазақстанның барлық музей коллекциялары, экспозициялық залдары, виртуалды экскурсиялар, музей артефактілердің 3D визуализациялау көрініс табатын болады (https://aikyn.kz/2018/02/15/42838.html). Бұлардың қатарына «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында анықталған киелі нысандар да енгізіледі делінген.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алдағы уақытта Бозоқ қаласының 3D үлгісін жасап шығаратыны жөнінде мәлімдеме жасады (https://www.inform.kz/ru/3d-model-gorodischa- bozok-sozdadut-v-kazahstane_a3463254).

Археологиядағы үш өлшемді визуализацияның келесі бір өзекті мәселесі – ғылыми жарияланымдар. Ол жағынан да шетелдік зерттеу ұйымдары көш бастап тұр. Қазіргі уақытта

«Digital Applications in Archaeology and Cultural Heritage», «The Virtual Archaeology Review»

журналдары, сондай-ақ, «Conference on Computer Applications and Quantitative Methods in Archaeology» сынды жүйелі түрде өткізіліп тұратын конференция жинақтары тұрақты түрде жарық көруде (Лбова, Женест, 2017, С. 11). Бұлардың қатарына Ресейдің «Научная визуализация» электронды ашық журналын да жатқызуға болады. Байқап отырғанымыздай шетелдік әріптестер бұл жағынан да алда келеді (http://sv-journal.org/issues.php?lang=ru).

Бізде Қазақстан зерттеушілерінің далалық тәжірибелерінде 3D белгілеу технологиясын қолдануы туралы жазба деректер санаулы (Умиткалиев, 2017; Асылбеков, 2019а, С. 612-617; Асылбеков, 2019б, С. 617-623). Біздің байқауымызша, еліміздегі ғылыми орталықтардың арасында археологиялық қазба барысында 3D белгілеу және визуализациялау технологиясын қолданып, нәтижесін ғылыми айналымға енгізген әзірше тек Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің Халық қазынасы ғылыми-зерттеу институтының мамандары ғана. Олар «Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дәріптеу»ғылыми-зерттеу жобасы аясында Саба 3 қорғандар тобын, Ботағай кесенесін, Сарыарқа үшкілін, түркілердің ғұрыптық кешені болған Қосбатыр ескерткішін 3D белгілеуді жүзеге асырды. Нәтижесі «Марғұлан оқулары – 2019» халықаралық археологиялық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында жария етілді.

Бүгінде Қазақстанда 3D археология саласында қызмет көрсету ұйымдарының саны күн санап артып келеді. Мемлекет қарамағындағы ғылыми-зерттеу мекемелері, музейлер және қорықмузейлерден бөлек, оларға бәсекелес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлгісіндегі бизнес субъектілері бой көтеруде. Бұл уақыт өте келе осы саланы реттейтін заңнамалық актілердің қажеттігін туғызады деп санаймыз. Себебі, археологиялық нысандар мен жәдігерлер мемлекет меншігіндегі тарихи-мәдени мұралар болғандықтан, оларды белгілеу, сақтау, қорғау, насихаттау ісіне бизнес өкілдерінің қатысуын және олардың жауапкершілігін нақтылап алу маңызды.

Тағы бір көңіл аударарлық мәселе – алдағы уақытта 3D археология бойынша ғылыми еңбектер жазу барысында бірізділікті сақтау мақсатында, осы салада қолданылатын терминдердің мемлекеттік тілдегі аудармасын бекіту немесе аударусыз қалдыру болып отыр. Қазіргі кезде қолда бар аз-кем мәліметтердің өзінде алшақтық байқалады. Тіпті жоғарыда аталған «Цифрлық Қазақстан»бағдарламасында «визуализация»сөзі біржерде сол күйінше қалдырылса,екінші жерде

«көрімдеу» деп берілген (https://primeminister.kz/kz/page/view /tsifrlik_kazakstan_memlekettik_bagdarlamasi). Біздің байқауымызша, IT саласы мамандары жасап,

қолданып жүрген сөздіктері де археологияға қатысты қолдануға жарай бермейді. Сондықтан терминдердің мағыналық аудармасын жасау немесе түпнұсқасында қолдану мәселесін шешіп алу да кезек күттірмейді деп санаймыз.

Қорытындылай келгенде, айтарымыз – Қазақстан археологиясындағы үш өлшемді визуализацияендіғанақанатжайыпкележатқан,әзіршетекғылымнангөрімәдениет,атапайтқанда тарихи-мәдени мұраны насихаттау саласында кеңірек қолданылып жүрген, ғылыми жағын жанжақты дамытуды талап ететін, жоғарғы оқу орындарындағы «археология» мамандығы бойынша білім алушыларға пән ретінде енгізілуі тиіс өзекті әрі перспективті тақырып.

____________________________

Асылбеков Қ.М. (2019а) Археологиялық нысандарды зерттеу, қорғау мен мониторинг жүргізуде геоақпараттық жүйелерді және жерді қашықтан зондтау мәліметтерін қолдану // Марғұлан оқулары – 2019: Көрнекті қазақстандық археолог К.А. Ақышевтың 95 жылдығына арналған Халықаралық археологиялық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Нұр-Сұлтан, 2019. 612-617 бб

63

Асылбеков К.М. (2019б) Цифровая 3d-фиксация объектов культурного наследия Сарыарки // Маргулановские чтения – 2019:МатериалыМеждународной археологической научно-практической конференции, посвященной95-летию со дня рождения выдающегося казахстанского археолога К.А. Акишева. – Нур-Султан, 2019. – С. 617-623

Зоткина Л.В., Ковалев В.С., Шалагина А.В. Возможности и перспективы применения трехмерной визуализации как инструмента анализа в археологии // Научная визуализация, 2018. Том 10, № 5. С. 172-190

Казахский научно-исследовательский институт культуры озвучил итоги 2018 года // http://cultural.kz/ru/news/view?id=2548 Дата обращения: 26.04.2019 г.

Карибжанова Р. В Казахстане появится виртуальный интерактивный 3D-музей науки // https://www.zakon.kz/4539560-v-kazakhstane-pojavitsja-virtualnyjj.html Дата обращения: 26.04.2019 г.

Лбова Л.В., Женест Ж.-М. Трехмерная визуализация в археологии как научно-образовательный ресурс в Новосибирскомгосударственном университете: возможностииограничения // ВестникНГУ. Серия: История, филология. 2017. Том 16, № 5: Археология и этнография. С. 9-21

Райымқұлова А. Цифрландырылған барлық тарихи-мәдени деректер бірыңғай порталда қолжетімді болады // https://mks.gov.kz/uploads/E-culture05022018091527.pdf Қаралған күні: 26.04.2019 ж.

Тойшибекова А. Создатели 3D моделей археологических памятников: «Археологу невыгодно бороться с большими людьми» // https://vlast.kz/life/16828-sozdateli-3d-modelej-arheologiceskih-pamatnikov-arheologu-nevygodno- borotsa-s-bolsimi-ludmi.html Дата обращения: 26.04.2019 г.

Умиткалиев У. Археологические исследования в рамках «Рухани жаңғыру» // https://e- history.kz/ru/publications/view/3727

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы // https://primeminister.kz/kz/page/view /tsifrlik_kazakstan_memlekettik_bagdarlamasi Дата обращения: 26.04.2019 г.

Электронный журнал открытого доступа «Научная визуализация»// http://sv-journal.org/issues.php?lang=ru 3D-модель городища Бозок создадут в Казахстане // https://www.inform.kz/ru/3d-model-gorodischa-bozok-sozdadut-

v-kazahstane_a3463254 Дата обращения: 26.04.2019 г.

Қалдан Е. «Е-culture» бірыңғай электронды порталы ашылады // https://aikyn.kz/2018/02/15/42838.html Қаралған күні: 26.04.2019 ж.

El-Hakim, S., Beraldin, J.-A., Picard, M., Godin, G. Detailed 3D Reconstruction of Large-Scale Heritage Sites with Integrated Techniques // IEEE Computer Graphics and Applications 24 (3), 2004, pp. 21–29.

Lambers, K., Remondino, F. Optical 3D measurement techniques in archaeology : recent developments and applications // Layers of perception. Proceedings of the 35 th International conference on Computer Applications and Quantitative Methods in Archaeology (CAA), Berlin, Germany, April 2 - 6, 2007 / Posluschny, Axel et al. (ed.). - Bonn : Habelt, 2008, pp. 27–35

Remondino, F., El-Hakim, S. Image-based 3d modelling: a review // The Photogrammetric Record 21(115), pp. 269–291

(2006)

Букешева Г.К.

магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

ЕРТЕ АЛАКӨЛ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ: АУМАҒЫ, ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Қазақстан аумағында қола дәуірінің бірінші кезеңі Петровка түріндегі ескерткіштермен ұсынылған ерте Алакөл археологиялық мәдениеті болып табылады. Петровка археологиялық мәдениетінің аумағы – Солтүстік және Орталық Қазақстан, Оңтүстік Орал өңірі, орманды Тобол маңы болып табылады. Бұл мәдениеттің белгілері металлургия және қоғамдық құрылым саласындағы нығайтылғанорталықтар,инновациялар,күйме арбаларменжерленгенжауынгерлерді жерлеу болып табылады. Петровка мәдениетінің ескерткіштері б.з.д. XVIII–XVII ғасырлармен кезеңделеді.

Петровка археологиялық мәдениетін 1975 жылы Г.Б. Зданович жеке бөліп шығарды [Зданович, 1983, с. 48-68]. Батыс шекарасы Тобол-Ертіс бассейнінің шағын өзендері мен Орал өзенінің жоғарғы ағысының сол жағалауларында орналасқан. Петровка үлгісіндегі ескерткіштердің Шығыс шектері Тоболдың орта шегінен шықпайды. Солтүстік-шығыс шекарасы Оралға дейін созылып жатыр (Чистолебяжский моласы). Бастапқыда Г.Б. Зданович ашқан Оңтүстік-Шығыс Петровка ескерткіштері Петропавл Есілінде орналасқан. Жоғарғы Тобол О.А. Кривцова-Гракова, В.В. Евдокимова, В.Н. Логвиналардың еңбегінің арқасында Петровка ескерткіштерінің таралу ареалына қосылды [Алаева, 2016, 78-79; Логвин, 2005, 190-194].

Ескерткіштер шеңбері қоныстармен (Боголюбово I, Новоникольское I, Петровка II, Семиозерное II, Камышное II, Селезян I, Архангельский Прииск I, Кулевчи III, Кулевчи «Д», ВладимировкаI, ГородищенскоеIII, Старо-Кумлякское ит.д.)жәнеқорымдармен(БерликII,Кенес, Аксайман, Бектениз, Графские развалин, Бестамак, Токанай-1, Раскатиха, Верхняя Алабуга и т.д.) [Евдокимов, Логвин, Ткачев 2016, с. 30; Виноградов, 2017, с. 38-40; Алаева, 2016, с. 78-79].

Петровка қоныстық кешендер біркелкі зерттелмеген және сапасы бойынша әртүрлі материалдар ұсынылған. Петровка тұрғын үй алаңы - 25-тен 100 ш.м. дейін. Тұрғын үй нысаны тікбұрышты, бүйір қабырғаларының ортаңғы бөлігінде кейде қысқа шығыңқы – тамбур түріндегі

64

шығу белгіленеді. Петровка типінің конструкциялары – жер үсті, тұрғын үйдің қазаншұңқыры 1520 см-ге топыраққа тереңдетілген. Едендер ірі өзен құмы бар саз қабатымен сыланған. Үйжайлардың тікбұрышты нысаны, кіреберістерді безендіру, бағаналы ойықтардың болмауы тұрғын үйқабырғаларыныңбөренеденсалынғанынакөзжеткізеді.Тұрғынүйлердетастанқаланғанжерүсті түріндегі 1-2 дөңгелек ошақ, жекелеген жағдайларда – аса күрделі ошақ конструкцияларының қалдықтары тіркелген.

Петровкақорғанысқұрылыстарыеңүлкенені3,5м,тереңдігі1,5м-ден2,5м-гедейінарықпен ұсынылған. Ішкі және сыртқы жағынан, арық бойында кішігірім балшық үйінділері бар. Кейде бір кездері білікті нығайтып, күшейтетін баған конструкцияларының қалдықтары байқалады. Новоникольское I және Петровка II-де неғұрлым зерттелген ескерткіш – қоныстарда арықпен шектелген алаңдар шамамен 5700 және 8400 шаршы метрге тең.

Зданович Г.Б. петровкалық жерлеу дәстүрінің үш түрін бөліп көрсетеді: балалар зираты, ересектер «туған» зираттар және жалғыз ересек жерлеу.

Солтүстік Қазақстанда Петровка ауылында Есіл өзенінде балалар зираты зерттелді. Қазба кезінде оның едәуір бөлігін карьер қиратты. Ұзындығы 0,5-1 м, ені 0,4-0,8 м, тереңдігі 0,8-1,1 м болатын 32 шұңқыр ашылды. Басым бағыт-3-В. Әрбір шұңқырда бір-үш ыдыстан, кейде ұсақ малдың (ешкінің) сүйектері табылған, бір жағдайда әшекейлер белгіленген. Жерлеу үстіндегі құрылыстардың іздері табылмады.

Петровка жерлеу ескерткіштерінің екінші бір санаты ірі орталық қабір шұңқырынан тұратын қорғанзираттарынұсынады.Әдетте,бұлқару-жарақзаттары,жауынгерлікарбалардыңқалдықтары мен жылқылардың қаңқалары бар ерлер жерлеу орындары. Бұл категорияны археологтар жауынгерлік арбалармен жерлеу ретінде анықтайды.

Жерлеу ескерткіштерінің үшінші санаты – айналасы шеткі жерлеу орналасқан бір немесе екі орталық шұңқыры бар қорғандар.

Петровка зираттары әдетте 0,5 м-ден аспайтын және диаметрі 12-16 м-ге дейінгі жер үйінділерінен тұрады. Үйінділер бір-бірінен біраз қашықтықта орналасқан және олардың жерлеу алаңындағы саны салыстырмалы түрде аз емес (3-тен 10-ға дейін). Ірі жалғыз шұңқырлары бар қорғандаркейдеоқшауланаорналасып,негізгіүйіндітобынаналыныптасталған((Новоникольское, қорған 1; Бектеңіз, қорған 4), ал кейбір жағдайларда жеке қорымдарды құрайды (Берлік I, II).

Жалғыз ірі шұңқырларда, мүмкін, арбалы-жауынгерлердің ерекше әлеуметтік тобына жататынжерлеуКенес,Ұлубай,бірлік,Новоникольқорымдарында зерттелген.Жерлеукамералары (көлемі 4x2,5 мдейін, тереңдігі 1,2-1,5 м) қорған астындағы алаңдардыңортасында СБ-ОБ-қа қарай ауытқи Б-Ш бағытымен орналасқан. Солтүстік-шығыс бұрышында жоспардағы шағын шығыңқы жәнесатытүріндекіружиітіркеледі.Жерлеумәйіттердіқоюрәсімібойыншажүргізілді.Мәйіттерді сол жақ бүйірімен бүгіп жерлеген және білектері бетіне қойылған түрінде табылған. Бүгіп жерлеудіңәлсіздәрежесібасым.Орталықжалғызшұңқырлардажерленгенадамдардыңбағдарында батыс және солтүстік-батыс бағыттары басым. Орталық жалғыз шұңқырларда жерленген адамдардың бағдарында батыс және солтүстік-батыс бағыттары басым.

Ер адамдардың жерлеу орындары бай және алуан түрлі құрал-жабдықтармен қамтылған. Олар: тас түйреуіштер, тас және сүйек жебелердің ұштары, кремний пластиналар, сүйек қалқаншалы сулықтар. Металл заттардың арасында – белгіленген сабы бар пышақтар, ұстағышы бар пышақтар, біздер және тегіс теслалар кездеседі. Ірі орталық қабірлерде кейде әйелдерде жерленген. Әйелдер қорымдарында науалы білезіктер, бір жарым айналымдағы аспалар, көзілдірік және крест тәрізді, түрлі металл моншақтар, пасталы бисерлер табылды.

Петровка мәдениетінің жарқын белгісі соғыс арбаның қалдықтары бар жерлеулер. Қазақстан, Орал-Қазақстан соғыс арбасы кешендерін зерттеумен Г.Б. Зданович, В.Ф. Генинг, В.В. Евдокимов, А.А. Ткачев, А.В. Епимахов, И.А. Кукушкин және т.б. ғалымдар айналысты. Петровкалық доңғалақтар Қазақстандық далаларда: Бірлік II, Ұлубай, Сатан, Ақсайман, Аяпберген, Нұртай, Ащысуескерткіштері бойынша белгілі. Доңғалақ жұптарының іздері бекітілген және қабірде соғыс арбасы емес доңғалақ болуы мүмкін деген пікір бар. Доңғалақ жұптарының іздері бар-жоқтығынан басқа,жерлеулердесоғысарбасыменбайланыстызаттартабылды.Еңалдымен,бұлқалқаншасулық пен жылқы сүйектері.

Петровка археологиялық мәдениеті Орал-Қазақстан далаларындағы түбегейлі өзгерістерді бейнелейді және протогород өркениетінің негізін құру кезеңі болып табылады. Еуразия археологиясында Петровка археологиялық мәдениетінің зерттеу мәселелерінің өзектілігін негіздейді.

65

____________________________

Алаева И.П. Раннеалакульские памятники урало-казахстанского региона// Вестник археологии, антропологии и этнографии. – 2016. – №3 (34). – С. 78-85.

Виноградов Н.Б. Проблемы синхронизации, культурной близости памятников синташтинского и петровского типов и возможности их решения // Вестник археологии антропологии и этнографии. – 2017. – № 2 ( 37). – С. 38-47.

Евдокимов В.В., Логвин В.Н., Ткачев А.А. Поселение Семиозерное II // Вестник археологии антропологии и этнографии. – 2016. – № 2 ( 33). – C. 30-40.

Зданович Г.Б. Основные характеристики Петровских комплексов Урало – Казахстанских степей (к вопросу о выделении Петровской культуры) // Бронзовый век степной полосы Урало – Иртышского междуречья. Челябинск; Уфа: Башкирский университет 1983. С. 48-68.

Сотникова С.В. Образ погребальной колесницы и формирование традиции вертикальной направленности ритуала на территории евразийских степей в эпоху бронзы // Исторические, философские, политические и юридические науки, культурология и искусствоведение. Вопросы теории и практики// Исторические науки и археология /Тамбов: Грамота. –

2014.– №9 (47). – C. 157 – 160.

Жылысбаев М.

магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті тұсында Қазақстанның оңтүстік аймағында сәулетқұрылысөнері қарқындытүрдедамыды.Ортағасырлардаөзіндіксәулетіменерекшеленгенқаланың бірегейі – Тараз. Осы тұста Тараз қаласында бүгінге дейін сақталған Қарахан, Айша-бибі, Бабажа қатун кесенелері менмешіт-медреселер, моншалар салынды. Тараз мәдениеті, экономикасы дамыған гүлденген қалаға айналды.

Ортағасырлық қала мәдениетін ұзақ жылдар зерттеген белгілі археолог М.Елеуов Тараз қаласының тарихи-топографиялық құрылымының орталық бөлік (цитадель, шахристан, үш рабат), шаруашылық аймағы және оларды сырттай қоршаған үш қатар ұзын қорғандардан тұратын өте күрделі құрылыс екендігінкелтіреді.ОсынауқұрылымнантұратынТараздыңорталық бөлігі 108 га, ал шаруашылық аймағы 2492 га жерді құраған [1, 107 б.].

Ортағасырлық Тараз қаласының қорғаныс жүйесінің бір бөлігі ретінде көпір құрылысын қарастыруға болады. Аталмыш кезеңде қала мәдениетінің дамуына Шығыс пен Батысты жалғастырған әйгілі сауда транзиті қызметін атқарған Ұлы Жібек жолының ықпалы зор болды. Алыс, жақын елдерден жүздеген керуен келіп, кетіп жатты. Талас өзені ол кезде бұдан екі есе суы мол, асау өзен болды. Тараз қаласы күшейіп, гүлденген кезде тас көпірін салуды қолға алды.

Керуендертоқтаусызөтуүшінсенімдіөткелдерсалынды.Солкездеекікөпірболғанытуралы дерекбар.Соныңбірі– Таскөпір.ОлтуралыалғашқыдеректіХғасырдаарабгеографыӘл-Максиди жазады: «Тараз– бақтарықыруаркөпхалық тығызқоныстанған,орлары, төртқақпасы менадамдар мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші Мединада үлкен өзен, оның арғы жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр» [2, б. 81].

Тараз қаласындағы Тас көпір туралы деректі В.Каллаур келтіреді. Ол темір жолдан бір шақырым жоғары жақта Тектұрмас шатқалында, өзен жағасынан үйілген топырақ пен тақта тас қаландысын көріп, бұл ортағасырлық Тас көпір қалдығы деп шешеді [3, б. 2].

Тектұрмас төбесінің Талас өзеніне сұғына біткен жерінде, жағалауда биіктігі төрт қатар көлемі2х2мболатынтасқұрылысқалдығытабылды.Тастақталардыңкөлемі80х40х25см,47х62х2 см. Олар өзара қиюластырып, құрамы белгісіз байланыстырушы құрылыс ерітіндісімен біріктірілген. Көпір салуға бұл жерде өте қолайлы.Көпір құрылысы арқалы болған. Байланыстырушы ерітіндісінің құрамын анықтау уақыт еншісінде.

Ортағасырлық кезеңде көпір салу көп қаражат, білім, тәжірибе мен шеберлікті қажет еткен құрылыс болды.Талас суына шыдайтын, көпір салуға лайықты жер, құрылыс материалдары мен байланыстырушы ерітінді жасау – көпірдің берік болуын қамтамасыз етеді. Тас көпір бірнеше жүздеген жыл тұрған. Оның қай кезде бұзылғаны белгісіз [4, 109 б.].

Тараз қаласының қорғаныс жүйесі: цитателдің, шахристанның, рабадтардың қорғаныс жүйелерінен және шаруашылық аймағын сырттай қоршаған үш ұзын қорғандардың қорғаныс жүйелерінентұрады.Жалпы,ортағасырлыққаланыңәртүрлібөліктерініңқорғанысжүйесінеқамал, қосалқы қамал (протейхизм), мұнара, коридор-галерея, қақпа, алаң т.б. кірген.

66

ТаразқаласыцитаделінІІ-ІVғғ.кезіндеқорғаптұрғанқамалдыңені(қалыңдығы)11мболған. VІ-ІХ ғғ. кезінде цитаделдің көлемі 135х135 м болып, оның бұрыштарындағы дөңгелек мұнараларының ¾ бөлігі қамал қабырғасынан сыртқа шығып тұрған. Цитаделдің оңтүстік қабырғасындағы шахристанға шығатын қақпасының солтүстік-шығыс мұнарасы ұсақ қиыршық тас аралас пахсадансалынған,дөңгелек,аумағы 18-20 м. VІІІ-ІХ ғғ.кезінде цитаделдіңішкіжағындағы қамал мен тұрғын жайлардың арасындағы кеңістік таспен қаланып, ішкі аулағы айналдырылған [5,

б. 44].

Қаланың шахристанын VІ-ІХ ғғ. кезінде оңтүстік және шығыс жақтарынан қоршап тұрған қамалдыңқалыңдығы15-20м.Қамалкөлемі160х180смкелетінүлкенпахсаблоктарынанқаланған, ал пахса блоктардың арасы (1,6 және 2,5 м биіктікте) қалыңдығы 10-20 см келетін ұсақ тас қабатымен бөлінген.

Қала рабадының батыс қабырғасының қалыңдығы 4,5 м, ол көлемі 60х90 см пахса блоктарынан қиыршық тастың үстіне салынған. Х-ХІІ ғғ. кезінде рабад 3-тің жаңадан салынған батыс қамалының қалыңдығы 12 м, ол 2,5-3 м биіктікте сақталған [5, б. 65].

Тараздың шаруашылық аймағының бекініс жүйесіне рабаттар, қорған-қамалдар, бекіністер, қарауыл мұнаралары мен қарауыл төбелер кіреді.

1961-1965 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы ежелгі Тараз қаласында және оның аймағында зерттеу жүргізді. Тараз қаласындағы қазба жұмыстары цитадельде, шахристанда және рабадта жүргізілді, соның нәтижесінде цитадельдің І-ХІV ғасырлар кезінде, ал шахристанның І- ХVІІІ ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды.

Т.Н. Сенигова ежелгі Тараздың және оның аймағының дамуында үш хронологиялық кезең болғанын анықтап (VІ-ІХ, Х-ХІІ, ХІІІ-ХІV), әр кезеңдегі қала мен оның аймағының дамуындағы ерекшеліктерін археологиялық материалдар негізінде көрсетіп берді. 1961, 1963, жəне 1965 жылдары Т.Н. Сенигова Тараз, Жікіл, Төменгі Барысхан қалаларының қорғаныс жүйесін зерттеу мақсатында қазба жұмыстарын жүргізген. 1961 жылы Тараз қаласының шахристанының оңтүстікшығыс жағында қазылған стратиграфиялық қазбадан І-кезеңде салынған қамалдың қалдығы ашылған. Пахсадан салынған қалыңдығы 4 м қамал 3 м биіктікте сақталған [5, б. 45].

Шахристанның оңтүстік жəне шығыс қабырғаларының сыртында жүргізілген тазарту жұмыстары барысында көлемдері 1,6х1,3 м пасха блоктарынан табиғи жерге қаланған, қалыңдығы 15-20м,сақталғанбиіктігі7,6мқамалашылған.Қамалдыңтабанынан1,3жəне2,5мбиіктіктепахса блоктарының арасында қалыңдығы 0,1-0,2 м балшық, қиыршық тас аралас қабаты бар [5, б. 65, 72].

М.С. Мерщиев 1962 жылы Тараз қаласының төменгі қабаттарына стратиграфиялық кесік салуда алынған І-ХІІ ғасырлар аралығындағы қыш бұйымдарға қарап мәдени қабатын төрт кезеңге топтады. Олар: І-ІІІ, ІV-VІ; VІ-ІХ; Х-ХІІ ғғ. Ғалым VІ-ХІІІ ғ. басы аралығын үш кезеңге емес, екі кезеңге жіктеп, қыш бұйымдарды қолдану аясына қарай топтап қарастырған. Қыш бұйымдардың пішіні мен ерекшеліктерін сипаттап жазуда және жасалу жолдары мен таралу аймағы жөнінде құнды мағлұматтар қалдырған [6, б. 37-50].

1963 жылы цитадельде жүргізілген стратиграфиялық қазбадан (қазба 1) І-ХІ ғғ. қатысты бес кезеңдегі құрылыстар жəне қаланың осы бөлігіндегі тіршіліктің ХІІ-ХІҮ ғғ. кезінде жалғаса бергенін дəлелдейтін айғақтар табылған.

І – жəне – ІІ кезеңдерден үй құрылыстарының қалдықтары табылған. ІІ-кезеңде (ІІ-ІҮ ғғ.) цитадельдің сыртын қоршаған қалыңдығы 11 м қамал көлемдері 50х55х28х8-10 см кесектен қаланған [5, б. 33]; ІІІ – кезеңде цитадельдің қабырғалары Ү-ҮІІ ғғ. кезінде салынған құрылыстардың фундаменті платформасы ретінде пайдаланылған; ІҮ-кезеңде (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.) цитадельдіңқабырғаларыменқұрылыстарыныңарасындағыалаңға тасқаланып,ол тұрғынүйлерге жалғасқан ішкі аулаға айналған; Ү-кезеңде (Х-ХІ ғғ.) цитадельдің қамалы өзінің қорғаныс функциясын жоғалтып, оның үстіне кесектен жəне тас блоктардан монументальды құрылыстар салынған [5,б. 44].

Т.Н. Сенигованың пікірі бойынша Х ғ. кейін Тараздың цитаделі мен шахристанының қабырғалары (сыртқы қамалдары) өзінің қорғаныс функциясын жоғалтқан, қаладағы тіршілік 1-2- жəне 3-рабадтарға ауысқан [5, б. 55-56].

1963жылыТ.Н.СениговаТараздыңқалааймағындағыЖікілқалашығындақазбажұмыстарын жүргізіп, оның шахристанын қоршаған қамалдың қалыңдығы 5 м, сақталған биіктігі 4 м екенін анықтады.

Қамалдың төменгі жағы көлемдері 80х80х60 см пахса блоктарынан, ал жоғарғы жағы 2 м биіктікте көлемдері 40-42х28х8-10, 35х25х8-10 см кесектен қаланған. Оның бұрыштарындағы дөңгелек мұнаралары көлемдері 25х35х8-10 см кесектен қаланған биіктігі 1 м цоколдың үстіне

67

салынған.Солтүстік қабырғаныңсыртына қосарлана пахса блоктарынанқаланғанберманыңені 4м [5, б. 75].

2014 жылы Тұран археологиялық экспедициясы (М. Елеуов) ежелгі Тараз қаласының қорғаныс элементтерін зерттеу мақсатында шахристанда, цитадельде, шаруашылық жəне қала аймақтарындақазбажұмыстарынжүргізді[7].Шахристанныңшығысқабырғасынашып,онықорғап тұрғанқамалдыңқалыңдығын,салынғануақытынанықтауүшіноныңсолтүстік-шығысбұрышынан 33 м оңтүстікте шығыстан батысқа қарай бағытталған ұзындығы 34 м, ені 1-1,2 м, тереңдігі шығысында – 4,2 м, батысында – 3,8 м кесік 1 қазылды.

Кесіктің шығыс жағынан табиғи жерге салынған қамалдың қалдығы ашылды. Əртүрлі пахса қабаттарынан қаланған қамалдың қалыңдығы 11 м, ең биік сақталған жердегі биіктігі 2,5 м. Қамалдың сырты (шығыс) шахристанның шығыс қабырғасын жиектей құрылыстар, жол салу кезінде табиғи жерге дейін бұзылған.

Цитадельдің солтүстік шекарасын, оны қоршаған қамалды анықтау мақсатында шахристанның солтүстік-шығыс бұрышынан батысқа қарай 50 м жерде оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталған ұзындығы 14 м, ені 1,2 м, тереңдігі 6 м кесік 1 қазылды. Кесік қазылған жерден ешқандаймəдениқабат,құрылысқалдықтар,заттартабылғанжоқ.6мтереңдіктеқазылғанкесіктен тек күл-қоқыс аралас топырақ ысырылған осы заманғы қоқыс қалдықтары ғана шықты. Соған қарағанда цитадельдің осы бөлігі Көк базардың құрылыстарын салу кезінде толық қазылып, қайта көмілген. М.Елеуовтің пікірінше, осы тұстағы цитадельдің сыртқы қамалы қазылған кесіктен солтүстіктегі осы заманғы құрылыстарды салу кезінде бұзылып кеткен болуы мүмкін.

Цитадельдің солтүстік-батыс бөлігін қоршап тұрған қамалдың қалдығын табу үшін шахристанның солтүстік-шығыс бұрышынан батыста 180 м жерде (болжамды түрде цитадельдің солтүстік-батыс бөлігі) кесік 2 қазылды [7, б 149]. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған кесіктің ұзындығы 16,5 м, ені 1,2 м, тереңдігі 5,6-6 м. Кесікті табиғи жерге дейін (XII ярус) қазған кезде оның солтүстік жағынан өзеннің шағыл тастарының үстіне пахсадан салынған сақталған қалыңдығы 7 м, биіктігі 2-2,5 м қамалдың қалдығы ашылды. Қамалдың сыртқы (солтүстік) жағы Көк базардың құрылыстарын салу кезінде бұзылған, соған қарағанда қамалдың қалыңдығы 7 м-ден артық болған.

Цитадельдің сақталған қалыңдығы 7 м пахса қамалы салынғаннан кейін арада біршама уақыт өткенде шағыл тастардың үстінде жатқан осы мəдени қабаттың үстіне, бастапқы қамалдың ішкі жағына қосарлана қалыңдығы 3,5 м, сақталған биіктігі 2,7 м қамал салынған. Ашық сары түсті пахсадан салынған қосалқы қамалдың ішкі жағында биіктігі (қалыңдығы) 1 м мəдени қабат қалыптасқанда цитадельдіңішіндегі ескіарнаныңдеңгейікүрткөтеріліп,сутасқыны өткен. Тасқын қосалқы қамалды 1-1,5 м аралықта шайып бұзған. Тасқыннан қалған құм аралас шағыл тастардың қалыңдығы 0,7-0,8 м. Тасқыннан кейін қосалқы қамалдың үстіне пахса қаланып биіктетілген. Кейіннен қаланған пахса қабатының сақталған биіктігі 0,9-1 м, оның түбінде жатқан құландыдан VII ғасырдың соңы - VIII ғасырдың басы кезіндегі түргеш теңгесінің сынығы табылды. Сонымен, цитадельдің солтүстік-батыс бөлігінде қазылған кесік 2-ден сақталған қалыңдығы 7 м-ден асатын қамал, оған қосарлана салынған қалыңдығы 3,5 м қамал жəне оның үстіндегі сақталған биіктігі 0,9- 1 м пахса қаландысы ашылды. Қосалқы қамалдың үстіндегі пахса қаландысының түбінде жатқан құландыдан VII ғасырдың соңы – VIII ғасырдың басы кезіндегі түргеш теңгесі табылуына қарағанда, алғашқы екі кезеңдегі құрылыстар VII ғасырда салынған болса керек.

Тұран археологиялық экспедициясы ежелгі Тараз қаласының орталық бөлігінен (цитадель, шахристан) оңтүстік-батыста салынатын «Март» сауда орталығы үшін қазылған терең қазаншұңқырдың батыс бұрышындағы ені 11 м келетін ескі арнаның оң жағасынан қалыңдығы 4 м қамалдың қалдығын тауып, онда қазба, тазарту жұмыстарын жүргізді. Жоғарғы жағы осы заманғы құрылыстарды, жол салу кезінде бұзылған қамалдың сақталған биіктігі 1 м, ол биіктігі 0,6 жəне 0,4 м пахсадан тұрғызылған [7, 150 б.].

Қорыта келе, 1890-2014 жылдар аралығында ежелгі Тараз қаласымен оның тарихитопографиялық құрылымына кіретін бөліктерінде жүргізілген зерттеулердің барысында ежелгі қаланың оның шаруашылық жəне қала аймағының қорғаныс жүйесіне қатысты əртүрлі тарихи кезеңдерден сақталған элементтер анықталып, қала күрделі қорғаныс жүйесінен тұрғандығын көрсетті.

____________________________

1. Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің қалалары (VІ-ХІІІ ғ. басы). Бірінші бөлім. – Алматы: Қазақ университеті,

1998. – 210 б.

68

2.Волин С. Сведения арабских источников IX-XVIвв. о долине реки Талас и смежных районах // Труды ИИАЭ АН Каз ССР. – Том 5. – 1960.

3.Каллаур В. Древние местности Аулие-Атинского уезда. IVТКЛА, год. 2, ч. ІІ. – Ташкент, 1897.

4.Қасенов М. Ортағасырлық Тараз қаласының тас көпірі // Ясауи университетінің хабаршысы. – №3. – 2003. –

107-110 б.

5.Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. – Алма-ата: Наука, 1972. – 219 c.

6.Мерщиев М.С. К вопросу стратиграфии нижних слоев Тараз // Новое в археологии Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1968. – С. 37-50.

Елеуов М., Талеев Д.А., Қажыбек Б.Ж. Ежелгі Тараз қаласы мен оның қала аймағының қорғаныс жүйесінің

зерттелу тарихы // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. – №2. – 2015. – 145-151 б.

Букешева Г.К.

магистрант, ЕНУ имени Л.Н. Гумилева

МАТЕРИАЛЬНАЯ КУЛЬТУРА ЭПОХИ БРОНЗЫ САРЫАРКИ НА ОСНОВЕ ОТКРЫТИЙ ПОСЛЕДНЕГО ДЕСЯТИЛЕТИЯ

Особым этапом в истории археологии является исследование культур населения эпохи бронзы (ХVIII-IХ вв. до н.э.) [Ист. Каз. с др. вр. до наших дней, с. 101-103]. В статье приводятся открытия последнего десятилетия, предоставляющие новые данные по материальной культуре и вопросам датировки трех периодов андроновской культурно-исторической общности.

Для раннеалакульской линии на территории Казахстана в последние десятилетия отмечается увеличение памятников с военно-колесничным комплексом. Существование колесниц в казахстанских степях подтверждается как и результатами археологических раскопок, так и наскальными изображениями. К числу ярких открытий относятся могильники Ащису и Нураталды- I, первыйизкоторыхрасположенв80кмвосточнеег. Караганды. Раскопкипамятника проводились в 2005-2009 гг. И.А. Кукушкиным. Было исследовано 4 кургана эпохи бронзы. Все курганы имели земляную насыпь диаметром 12-15 м, высотой 0,3-0,5 м и были окружены кольцевым рвом. Над захоронением возводилась глиняная площадка, ограниченная по периметру оградой из небольших плит, установленных на ребро. В центральной части были сооружены две крупные грунтовые погребальные камеры, разделенные материковой перегородкой. Погребения сопровождались захоронениями лошадей, уложенных на глиняную площадку, в позе колесничной запряжки. А так же была зафиксирована колесничная атрибутика в виде деталей конской узды и вооружения (костяной, щитковый псалий, муфта и наконечник стрекало, наконечник копья, крюк-багор, кремневые наконечники стрел).

Самой яркой и сенсационной находкой был медный острореберный тонкостенный сосуд, повторяющий облик раннеалакульской керамики. Поддон и тулово сосуда изготовлялись отдельно. Спектральныйанализсоставил99,9%медиместногожезказганскогоместорождения.Отталкиваясь от материалов, И.А. Кукушкин датирует памятник первой четвертью II тыс. до н.э. [Кукушкин И. А., с. 104].

Аналогичный ащисуйской находке сосуд был найден на могильнике Нураталды-I, в 84 км южнее Караганды. Сосуд полностью аналогичен вышеупомянутому, за исключением размеров. К колесничной символике в могильнике Нураталды-I относятся такие оружия ближнего боя, как кельт-тесло и нож-кинжал [Кукушкин И.А., Ломан В.Г., Кукушкин А.И, с.86-88].

ПамятникиНураталдыиАщисузначительнодополняютимеющиесяданныепоматериальной культуре раннего алакуля, в частности о существовании военного дела и очагов высокоразвитого местного металлопроизводства.

Следует обратить особое внимание на открытия и исследования элитарных погребений федоровской культуры. Объект сложной архитектуры исследован в восточной части Сары-арки на могильнике Бесоба. Памятник был открыт в 1939 году. В 2015 году проводились раскопки кургана № 3, имевшего земляную насыпь диаметром 26 м и высотой 1,5 м. На подкурганной площадке зафиксированы внешняя и внутренняя ограды, сооруженные из мощных вертикально установленных гранитных плит толщиной до 20 см. Размеры плит высотой до 160 см и шириной до 200 см,.

Особенностью погребальной архитектуры является наличие с внутренней стороны внешней оградыкольцевого рва,разомкнутого с севера,ширина которогосоставляет110-130 см, глубина 7580 см от уровня древней поверхности. Весь ров заполнен беспорядочно лежащими крупными камнями и обломками. Внутренняя ограда сохранилась практически полностью. Для ее возведения

69

использовали обработанные и плотно подогнанные плиты, которые устанавливались вертикально. Внутренняя часть постройки заполнена большим количеством крупного камня вперемешку с землей, что, видимо, предполагало наличие в древности какой-то конструкции в центре погребального сооружения.

Всеверо-восточномсекторесвнешнейсторонывнутреннейоградынаплитевыбитаихорошо прошлифована восьмилучевая звезда диаметром 12 см. На другой плите изображен небольшой крестовидный символ размерами 10х10 см. В ходе работ в юго-восточном секторе были найдены фрагменты керамического сосуда. В юго-западном секторе были найдены кости животных.

Было обнаружено два погребения: основное и впускное. Основное погребение, перекрытое плитами, зафиксировано в центральной части внутренней ограды. Захоронение произведено в каменном ящике, ориентированном по линии ЗЮЗ-ВСВ. Погребен мужчина примерно 55 лет. Под погребеннымбылзафиксировантленотподстилки,бурогоцвета,а такжебылинайденыфрагменты керамического сосуда. Памятник отнесен ко второй половине II тыс. до н.э. [Кукушкин И.А., Дмитриев Е.А., с. 196-199].

К памятникам типа кургана № 3 могильника Бесоба можно отнести курган № 25 могильника Кырыкунгир. Могильникрасположен в Абайском районе Восточно-Казахстанскойобласти. Курган № 25 был исследован в 2015-2016 гг., расположен на третьей береговой террасе в 300 м к западу от речки Шаган. Наземное сооружение имеет почти квадратную форму длиной 22 м, шириной по южной стороне 20,6 м, по северной стороне 19,7 м, высота конструкции 1,47 м. Кладка камней ограды ровная. Ограда сложена из горизонтально уложенных плит, внешняя сторона камней (20х50х30 см) была обработана и отточена до гладкой поверхности. По четырем углам оградки установлены вертикально вкопанные каменные глыбы с гранеными углами (94-130х64-75х75- 81см). В центре постройки расчищена могильная яма ориентированная по направлению востокзапад. Могильная яма была ограблена, скелет был сильно поврежден. Инвентарь: трубчатая кость, обломки керамического сосуда и фрагменты ожерелья из бронзы, кости и клыков диких животных, фрагмент бронзового украшения и серьга из бронзы и золотой подвески в полтора оборота, а также обработанные астрагалы барана [Умиткалиев У., Айтбаев А.Б., Адельчанов К.С., с.5-6].

Исследованныекурганы№ 3могильникаБесоба и№ 25могильникаКырыкунгир,помнению некоторых исследователей, принадлежат к захоронениям родоплеменной знати федоровского социума, что считалось ранее нехарактерным для территории Сарыарки в период средней бронзы. Общим для них является сложная многослойная конструкция стен, геометрически правильная форма, ступенчатая многоярусность, значительные размеры.

Ещё одним открытием эпохи бронзы являются раскопки кирпичного мавзолея № 1 могильника Караоба, находящегося на правом берегу Иртыша, на территории Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области, в 18 км к юго-востоку от села Кривинка. Первые исследования на этом могильнике проведены в 2006 г. В. К. Мерцем.

Мавзолей № 1 представляет из себя сложное погребальное сооружение мавзолейного типа со стенами оградами из самана и дерна, ориентированное углами по сторонам света. Мавзолей имел деревянную перегородку шатрового типа, которая обвалилась в результате ритуального сожжения. Атакжезафиксированопроникновениевсклепсвосточнойстороны.Погребальнаякамераданного мавзолея может быть отнесена к типу цист, сложенных из кирпича. Керамика, найденная на полу относится к бегазы-дандыбаевскому типу. Наиболее близкой аналогией постройки и ритуала сожжения исследователи считают мавзолей 5а Северного Тагискена.

Исследование данного памятника документирует существование сырцово-кирпичной архитектуры у населения казахстанского Прииртышья, но с местной особенностью в виде цист из кирпичей. Важным является соотношение памятников Тагискен и Караобы, которые находятся на большом расстояние друг от друга, но, скорее всего, имеют одну культурную принадлежность. Возможно представили этой культуры оставили подобные объекты на промежутке. На основании радиоуглеродных дат мавзолей 1 могильника Караоба датирован XII–IX вв. до н. э. [Бейсенов А. З., Варфоломеев В. В., Касеналин А. Е. , с. 67, 71].

На территории Сарыарки находятся многочисленные поселения и могильники, культоворитуальные объекты бронзового века. Материалы исследования этих памятников позволяют с новых позиций взглянуть на традиционные выводы относительно вопросов материальной и духовной культуры, а так же вопросов хронологических схем эпохи бронзы.

____________________________

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]