Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

бермейтіндігін түсіндім. Мұның барлығын ұйымдастыру, сол үшін жүгіру ұзақ уақытты талап ететіндігі айдан анық. Факультет басшысы болып қызмет еткен жылдары шәкірттер үшін қыруар қызмет еткендігін осыдан-ақ көруге болады.

Далалық маусымның әрбір кешінде археологиялық базаның сыртына орындық алып шығып, маңдайды самал желге беріп (бір қызығы Шу өңірі жаз айларында қатты ыстық болғанымен, кешке қарайбаяужел есіп тұрады),ағайбасынан өткен өмірініңқызықты және қиын кездерінталай айтып берді. Айтқан әңгімелерінен өмірдің талай соқпағын басынан өткергенін, соның бәріне мойымай алғақарайұмтылыпкележатқанын,өміргедегенқұштарлығыныңжоғарыекендігінаңғарушыедім. Келешекте халқымыздың тұрмысы жақсаратынын үнемі айтып отыратын. Әңгіме арасында қалжындап қоятыны тағы бар. Ішегім түйілгенше бір күліп алатынмын.

Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін көп зерттегендіктен, ұлтымызға тән ерекшеліктерді де әсерлеп, нақышына келтіріп айта отыратын. Ағайдың аузынан шыққан әрбір сөзінен ұлтымыздың нағыз жанашыры, қамқоршысы екендігін, еліміз үшін аянбай еңбек етіп келе жатқандығын кез-келген адам түсінер еді.

Уахит ағайдың тамақ басында отырған отырысы бір төбе, ал ас ішу мәдениеттілігінде шек жоқ. Тағамды аса ұқыптылықпен, байыппен, аптықпай-асықпай, орынсыз сөйлемей ішіп, артынан сол күнгі зерттеу жұмыстарын қорытындылап, қысқаша есеп беретін. Мұның өзі мені үлкен жауапкершілікке, әрбір күнді дұрыс, тіпті әрбір сағатты тиімді пайдалануға, соңынан сол күнгі істелген жұмыстарым бойынша есеп беруге үйретті.

Далалық маусым аяқталғаннан соң, қалаға келіп зерттеу жұмыстарымыздың қорытынды есебін жазуға кіріскен кезде де талай рет ғылыми бағыт беріп, көмектесті. Ағаймен бірге жүргізген зерттеу жұмыстары барысында қала цитаделіндегі алаң қайта ашылып, қала аумағынан бір шарап жасайтын шеберхана, шахристаннан тұрғын үй орындары мен қыш кірпіштен қаланған мұнара құрылысының қалдығы анықталды. Осы құрылыстардың қорытынды есебінің жазылуын үнемі қадағалап, кейбір бөлімдерін өзі жазып, жазылған бөлімдерін тексеріп, өзіме қайтарып беретін. Ғылыми есеп жазып жүргенде үйіне жиі барып жасалған жұмыстар бойынша ақылдасатынмын. Соңынан тамаша ғылыми есептер жазылып, мақалалар жарияланды.

2012жылыҚазҰУ-ге«археологияжәнеэтнология»мамандығыбойыншаPhDдокторантураға түсетін кезде ағайдың үлкен көмегі тиді. Олай дейтінім, оқуға түсу үшін алдын ала жетекші тағайындалып, одан болашақта айналысатын тақырыбың бойынша негіздеме алушарт болды. Мен, Карл Молдахметұлының нұсқауы бойынша Уахит ағайға бардым. Ол кісі ағайдың бұрын маған жетекші болғанын жақсы білетін еді. Негіздемені жазып алып, ағайға хабарласып едім, бірден келісім беріп, бірақ үйге емес, санаториге келуімді сұрады. Сол жерде апарған парақтарыма қолын қойып отырып, барлық көмекті аямайтындығын айтты. Оқуға түсіп кетуіме табыс тілеп шығарып салды.Негізіндеағайқолынанкелгенкөмектіаямайды,ғылымғакелгендеқолұшынберугеәрқашан дайын. Бұл көпшілік ғалымдардың бойынан табыла бермейтін қасиет.

Докторантураға түскенен кейін, Уахит ағайдың келешекте сабақ бермейтіндігін ескеріп, кафедра мүшелері бірауыздан жетекшім ретінде М. Елеуовті ұсынды. Тіпті диссертация тақырыбым, 1974 жылдан бастап зерттеу жұмыстары жүргізіліп келген ортағасырлық Ақтөбе қаласыныңкерамикасынаарналды.Диссертацияныжазубарысындада,Уахитағайдыңүйіндеталай рет болып, ақыл-кеңестер алып тұрдым. Біршама уақыт хабарласпай кетсем, маған телефон шалып хал-жағдайымды, отбасым мен жұмысымды сұраған кезде, іштей өзім бірінші болып хабарласпағаныма ұялыптұратынмын. «Ақымбек Ерәлі деген сіз бе»? деп сұрағандағы менің күйім дал-дүл болатын еді. Артынан «барсың ба»? деп күлген күлкісі мені жібітіп тастайтын. Дегенмен, кейіннен ағайдың өзі бірінші хабарласып қоймасыншы деген оймен, әрдайым өзім бірінші болып халін сұрауға дағдыландым.

2015 жылы докторантурамды ойдағыдай тәмамдағаннан кейін, жазылған дүниелер бойынша бірқатар пікірлерді пысықтап, болашақта атқарылатын жұмыстар бойынша ақылдасып, оларды біртіндеп орындап келемін.

Ағайдың үнемі айтып отыратын, зерттеу керек қаланың кейбір бөліктері мен қандай мәселелерді қарастыру қажет екендігі әруақыт та жадымда. Хабарласып сыр шерткен сайын, ортағасырлық Ақтөбе қаласының орнынан, ашылған ғимараттардан да ерекше, әрі қызықты құрылыс орындары ашылатынын айтып отырады. Ағайдың ортағасырлық қалаға деген құрметі және оны тереңірек зерттеуге деген құлшынысы маған өте қатты әсер етеді.Сондықтан,жыл сайын далалық маусымның соңында, іссапардан келе жатып немесе бара жатып Ақтөбе қаласына соғу маған әдетке айналған. Санаулы күн болса да, қала аумағын бір айналып шығып, апатты жағдайда

11

тұрған, әсіресе канал жағасындағы су шайып кеткен нысандарға бақылау, тіпті қазба жұмыстарын жүргізу менің міндетті жұмысымның бірі болып қалды.

Жылма-жыл қала аумағына жүргізген барлау және іздестіру жұмыстарынан, қаланың бұрынсонды көрмеген нысандарын байқапжүрмін. Уахитағайдың «қаланың ашылмағансыры көп»деген сөздеріне көзім жетіп келеді. Ағайдың сөзімен айтқанда «құм басқан», яғни топырақ астында жатқан құрылыс орындарын, олардан шыққан нешеме дүниелердің сырын ашуда, ағайдың өзі куәгер болатынына мен кәміл сенемін. Олардың барлығы ағайдың қаламының ұшталып, қағаз бетіне түсуіне арқау болып, қаншама ғылыми еңбектерді дүниеге әкелетіні хақ деп білемін.

Ғылым және шәкірт дайындау жолында атқарған ерен еңбектеріңіз ұшан теңіз. Болашақта да осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей! Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.

У.Х. Шәлекенов ортағасырлық Ақтөбе қаласында.

У.Х. Шәлекенов. Қазба барысы. 2016 жыл

2016 жыл

 

У.Х. Шәлекенов студенттерге қала туралы дәріс оқу

У.Х. Шәлекенов шәкірттерімен бірге экспедицияда. 2016

үстінде. 2007 жыл

жыл

 

Ерсариев А.М.

 

магистрант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

У.Х. ШӘЛЕКЕНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Мақалада археолог, әрі этнолог, әрі Отан тарихының білгір маманы, тарих ғылымының осы үш саласында да қарқынды жұмыс істеп жүрген, белгілі ғалым Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтың ғылым жолындағы жетістіктерін баяндай отырып, оның еңбектерінің қазақ тарихына, археология және этнология ғылымында алатын орны көрсетіледі.

ҚРҰҒАқұрметтіакадемигі,әл-ФарабиатындағыҚазақҰлттықуниверситетініңпрофессоры, тарих ғылымдарының докторы көрнекті ғалым Уахит Хамзаұлы Шәлекенов (Баласағұни) – 95 жаста. Ғалым соңғы уақыттарда жиналған өте бай археологиялық және этнологиялық жазба деректерді ой елегінен өткізіп, тарихқа жаңа көзқараспен баға беріп, өзінің ұзақ жылдар бойы

12

жинаған тәжірбиесін, қазақ және отан тарихының өзекті мәселелеріне арнап көптеген туындылар жазды.

Археология және этнология ғылымына қосқан еңбектерінің ішіндегі «Әлем халықтарының этнологиясы (2002)», «Түріктердің отырықшы мәдениеті (2003)», «История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-XX вв. (2003)», «Альбом. Орта ғасырдағы Ақтөбе (Анкара,2006)», «V-XIIIғасырлардағыБаласағұнқаласы(2007),орыстілінде ТаразБаласағұн–XIIIвв.(2009)»және көптеген мақалалары жарық көрді. Уахит Хамзаұлы отандық тарих және тарихи этнографияның ежелгіөркениет,этностықсаясат,дәстүрлішаруашылық,дәстүрлімәдениет,архайкалықдіндермен көне дәстүрлер сабақтастығы сияқты күрмеуі күрделі мәселелерге өзінің батыл көзқарасын танытып, осы салада сүбелі еңбектерді ғылыми айналымға ендіріп жүрген ғалым. У.Х.Шәлекеновтың этнографиялық зерттеулерінің арасында «Түріктердің отырықшы өркениеті» атты еңбегі ерекше. Ғылыми шығарманың бірінші бөлімі «Түрктердің өркениеті» деп аталады. Мұнда ғалым Орталық Азияның түркі әлемінің ежелгі Отаны екендігін дәлелдеуге тырысады. «...

тас,қола және темірдәуірлерінде Орталық Азияны,Қазақстанды мекендегентайпаларды осы күнгі түрік тілдес халықтардың бабалары деп түсінеміз. Олар Орталық Азияның ежелгі автохтондық ұрпақтары» - деген тұжырымы - орыс шығыстанушы ғалымдарының пікірлерімен үндес. Ғалым өз еңбектерінде түріктерді көшпенді деуге негіз жоқ. Керісінше түріктерертеден отырықшы мәдениеттің негізін салып, оның алға ілгерілеуіне жартылай отырықшы және көшпенді бөліктері өздерінің үлесін қосса, оған қосымша жоғарыдағы ертеден отырықшы Қытай, Үндістан, Иран, Византия елдерініңқақ ортасында орналасқанОрталық Азия.ОларОрталықАзиясияқты тұрмысқа өте қолайлы жерді мекендеп, ежелден отырықшы елдердің қақ ортасында жасап, өмір сүгрен...» - дегені дәлел бола алады [1].

УахитХамзаұлыөзініңзерттеулеріндеұлыдержавалықшовинизмгеде,кеңестіккоммунистік идеологияға да сәйкес келмейтін пікірлер білдіріп, еуроцентристік, марксистік-лениндік ұстанымдар шеңберіндегі кейбір тұжырымдардың сыңаржақтығын, жалаңдығын анықтап отырды. Мәселен,қазақтардағыегіншіліктурасындаавтор:«Ортағасырлардағытүріктерөздерініңегіншілік кәсібіналғадамытқан....Егіншілікпенқазақжеріндетеккедейлерғанаайналысқандегенпікірбіздің тарихшылардың еңбектерінде жиі-жиі айтылыпкеле жатыр. Бұл пікірғылыми тұрғыдан шындыққа келіңкіремейді [2]. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатынан шыққан көзқарас. ... егіншілікпен айналысу үшін жарлы болу шарт емес», - деп біржақты тұжырымдарға тойтарыс береді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы, оңтүстік-батысындағы өзендердің бойларындағы сулы, нулы жерлердегі дихандар айналысқан. Егін егу тек кедейлердің ғана емес ауқатты топ өкілдерінің кәсібіне айналған [3].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында тауарлы астық егу ауқатты, бай шаруалардың тұрақты әрі кірісті кәсібі болған. Н.Н. Миклухо–Маклай атындағы этнография институтының ХХ ғ. 60-70 жылдардағызерттегенбастыпроблемаларыныңбірі,Кеңесүкіметіхалықтарының«Этнографиялық атласын»жазып,жарыққашығаруболды.Бұлмәселеге де У.Х.Шәлекеновбелсенді түрде қатысты. Оның нәтижесі 1972 жылы Ташкентте «Фан» баспасынан Т.А. Жданконың редакциялық жетекшілігінде жарық көрген«Атлас»жинағы бойынша «ХозяйствоҚаракалпакиивХІХ – нач.ХХ в»жинағындағыеңбектіңбасымкөпшілігінеқаламтартқанғалымэтнографУ.Х.Шәлекеновболды. ОсыкезеңдердежарықкөргенеңбектерденҚазантөңкерісінедейінгіҚарақалпақстандымекендеген көп ұлтты халықтардың шаруашылығы, заттай және рухани мәдениеті туралы баға жетпес деректердітабуғаболады.ХХғ.60жылдарыҚарақалпақстанРеспубликасыныңтарихшылары,Н.Н. Миклухо – Маклай атындағы Этнография институтының және Өзбекстан Республикасының тарих институтының мамандарының қатысуымен «Очерки истории Каракалпакской АССР» І, ІІ томдары жазылып, 1964 жылы жарық көрді. Бұл ККАССР – ның тұңғыш рет жазылған тарихы. Бұл еңбек академик С.П. Толстовтың , профессор Т.А. Жданконың редакциясымен жарық көрді [4]. Осы Қарақалпақстан тарихының екінші томының төрт тарауында У.Х. Шәлекенов Қарақалпақстанда мекендеген халықтардың соның ішінде қарақалпақ халқының этникалық тарихы, тұрмысы мен мәдениетіндегі ұлттық болмысты көрсете отырып, Орта Азия халықтары мәдениетінің ұқсастығы мен ерекшелігі жазылды. Өзбекстан Академиясының қарақалпақ филиалында жұмыс жасап жүргенде жоғарыда аталған күрделі еңбектерді жазумен қатар бұрын соңды зерттелмеген Қарақалпақстанныңжалпы халқыныңүштенбірінқұрайтынқазақтардыңдаэтнографиясы,тарихы, мәдениеті туралы деректерді жинап аса құнды ғылыми еңбектерді жазумен айналысты [5].

Этнограф, ғалымның этнография ғылымына қосқан сүбелі үлесінің бірі «Казахи низовьев Амударьи» атты монаграфиясы. Бұл еңбек алғаш рет шетте жүрген қандастарымыздың Хиуа хандығымен қарым қатынасы, шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениеті, рухани мәдениеті жөнінде

13

нақты архив деректерімен далалық материалдарды орынды пайдалана білген. Еңбекте Хиуа хандығында орналасқан қазақтарды рулық-тайпалық құрамымен бере білген. Мәселен, байұлы атаның адай, алаша рулары негізінен Көнеүргеніште мекендесе, олардың 1550 –дей үйі (7750 адам) Қоңырат пен Хожеліде тұрса, әлімұлының 800-дей үйі (4000 адам) Қоңырат бектігінде, жетірудың табын руы 1200 үй (6000 адам) негізінен Хожеліні мекендегендігін нақты мәліметтермен көрсете білді. Сонымен қатар еңбекте езгіге қарсы күрескен Жанқожа Нұрмағанбетов, Есет Көтібаров,Төле би сияқты халық батырларының халықтың азаттығы үшін күрескен ерліктерін паш етіп болашақ ұрпаққа насихаттай білді. Сонымен бірге Қарақалпақстандағы қазақтардың Хиуа хандығына өту себептері де жан-жақты баяндалып, халқымыздың бөгде елге қоныстануы жөнінде де нақты мәліметтермен дәйектеледі [6]. Мұнан басқа да: «30 лет Каракалпакской АССР» (1954); «Қарақалпақ социалистік мәдениеті Кеңес үкіметі жылдарында (1957); «Очерки истории культуры Советское Каракалпакии 1917-1940 гг.» (1960); «К вопросу о взаймоотношениях казахских племен с оседлым и полукочевым населением Хорезма в ХҮІІІ – ХІХ вв» (1964) және т.б. еңбектер жиналды. Көрнекті ғалымның Қарақалпақстандағы көп ұлтты халықтардың этнографиясын зерттеуде де, елеулі еңбектер атқарды. Әр жылы этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, жоспарланған аудандар бойынша деректерді жинап, олардың нәтижелері ғылыми есеп беруде айқын көрініп отырды. 1956 – 1963 жж. әр жылы 10 баспа табақтан кем емес есеп берілді. Бұл ғылыми есептер осы күнгі Өзбекстан Ғылым Академиясының қарақалпақстан филиалының кітапханасы қорында сақтаулы тұр. Оған қосымша У.Х.Шалекеновтың архивтерден жинаған деректері де сол қорға тапсырылған. Көрсетілген ғылыми есептерде және архивтік деректерде Хорезм ойпатын мекен еткен көп ұлттық халықтардың саяси, экономикалық, мәдени мұралары туралы құнды этнографиялық деректер топталған. Олардың көпшілігі әлі де ғылыми жұмыстарға енбеген. Болашақта бұл еңбектерде ғылыми айналымға түсетіні сөзсіз. Профессор У.Х. Шалекенов өзінің жарты ғасырдан астам ғұмырын ғылымға және педагогикалық жұмысқа арнап, түрік халықтарының, сондай ақ, қазақ халқының тарихы , археологиясы мен этнографиясына арнап жемісті еңбек етіп келе жатыр. Ғалымның ғылыми бағыттары: түрік халықтарының тарихы, тұрмысы,саясатыдәстүрімәдениетіжәнеөзарақарымқатынастарысияқтымәселелергекөңілбөліп келеді. Профессор У.Х. Шалекенов соңғы жылдарда қазақ тарихына жаңаша көзқараспен қарап, бірқатар ғылыми монографиялар шығарды. Оның ішінде «Түріктердің отырықшы өркениеті (2003)», «Қазақ өркениеті (2009)». Бұл еңбектерінде зерттеуші тарихымыздың ақтаңдақтарына, соның ішінде көшпенділер концепциясына жаңа тұрғыдан қарап, Орталық Азия түріктері ежелден жаппай көшпенді өмір сүрмеген олар кең байтақ, аймақтың табиғи жағрапиялық ерекшеліктеріне икемделіп, отырықшы, жартылай отырықшы және көшпенді тұрмыс кешкендігін баяндаған. Бірақ алдыңғы екі қоныстану түрлері басым болғандығын көрсеткен. Осындай кешенді тұрмыс түріктерді, соның ішінде қазақтарды мәдени өркениетке жеткендігіне қорытынды жасаған.

Профессор Уахит Хамзаұлы өзінің бүкіл саналы ғұмырында түрік халықтарының тарихын, этнологиясын, археологиясын зерттеп келе жатқан ғалым, білікті маман, ұлағатты ұстаз. Оның төл тарихымызды зерттеуге деген құштарлығы, ізденгіштігі, еңбек сүйгіштігі шәкірттеріне үлгі-өнеге.

__________________________

1.Шәлекенов У.Х. Арийлерлер өркениеті. - Алматы, 2011.

2.У.Х.Шәлекенов, М.У.Шәлекенов «Әлем халықтарының этнологиясы».-Алматы, 2002

3.Шәлекенов У. Түріктердің отырықшы өркениеті. - Алматы: «Қазақ университеті», 2002.

4.Труды Хорезмское экспедеций АН СССР». М., Наука. 1958.270 – 370б

5.Шәлекенов У. Құм басқан қала. - Алматы: «Қазақ университеті», 1992.

6.У.Х. Шәлекенов – Баласағұни. Қазақ өркениеті. - Алматы: «Қазақ университеті», 2009.

14

ҰЛЫ ДАЛА АРХЕОЛОГИЯСЫ: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Шәлекенов Уахит

т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

АНТИКАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ДА БОЛҒАН

Бұл проблема алғашқы рет күн тәртібіне қойылып отыр. XIX және XX ғасырларда әлем халықтарынын тарихы тамаша жаңа деректерді жинады. Соның негізінде кейбір тарихи көнерген көзқарастарды, концепцияларды қайта қарайтын уақыт жетті. Сондай проблемалардың бірі Антикалық өркениеттің пайда болған аймақтарын қайта қарауды өзекті мәселелердің бірі деген пікірдеміз.

Алғашқықоғамадамбаласыныңтарихындаеңұзақуақыттардыалғаныбаршағамәлім.Олекі кезеңге бөлінеді: Алғашкы қоғам және Антикалық (құлшылық құрылыс). «В эпохи Возраждения термин «античный»; в отличия от «варварского», с одной стороны, и «средневекового» - с другой»

[1.616, 969].

Ежелгі қоғамның Антикалық дәуірінде б.з.б. 3 мыңыншы жылдарда Мысырда, Алдыңғы, Оңтүстік және Шығыс Азияларда алғашқы өркениет болып жер шарының басқа бөліктерінде жасаған халықтар жабайылықта (варварлар) өмір сүрген деп әлем тарихынаноқып келеміз. Дәлірек айтқанда, өздерінің дамуы бойынша алға кеткен халықтарды өркениетті, артта қалғандарды өркениетке жете алмағандар деген тұжырым жасаған. Сол артта қалған жабайылардың қатарына, Орталық Азияның автохтондық түрік тілдес халықтардың бабаларын жатқызған. Тарихта бұндай көзқарас қазіргі заманның талабына жауап береді. Соңғы ғасырлардағы ғаламат жиналған деректерге негізделіп, әлем тарихының көнерген жақтарын қайта жаңғыртатын уақыт жетті.

Ежелгі дүние (Древний мир) - б.з.б. 800-100 мың жылдарда алғашқы адамдар пайда болды деген түсінік ескеріп, Африканың шығысындағы Кени, Ефиопия жерлеріненб.з.б. 4 млн. жылдарда жасаған алғашқы адамдардың қонысы ашылды [2.5,29]. Қазірше, жер бетінде адамдардың пайда болғанның жылдары төрт есе көбейді.

Орталық Азияның көптеген аймақтарынан, соның ішінде Қазақстаннан палеолит ескерткіштері ашылды. Бұл регионның бәріне тоқталмай-ақ, тек Қазақстаннан соңғы кездердегі тас дәуірін зерттеушілердің мәлімегтеріне қарағанда, осы дәуірге жататын ескерткіштер Егеменді еліміздіңбарлық аймақтарынан табылып, олар тас дәуірінің мәдениетінен мәліметбереді.Қорытып айтқанда, біздің жерімізден палеолит дәуірінің 65 ескерткіші, мезолит дәуірінің 27 ескерткіші және неолит дәуірінің 54 ескерткіштері ашылып [3.247,148,253], олардың ұзын саны 146-ға жетті.

Келтірілген деректерге қарағанда, біздің тас дәуірін зерттеуші ғалымдарымыз елеулі еңбек етіп, бұрын-соңды зерттелмей келген ескерткіштерді кең көлемде ашып, Орталық Азия, оның ажырамас бөлігі Қазақстанда алгашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі екенін дәлелдеді. Соған қарағанда, Азия құрлығы, оның орталық регионы монголойдтық нәсілді адамдардың өрбіген аймақтарының бірі болып тұр. Бұл біздің археологтардың әлем халықтарының тарихына қосқан сүбелі үлестері екенін еш тартынбай айтуымыз қажет.

ӘбуНасырәл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетідеөзініңсүбеліүлесінқосыпкеле жатыр. 1971 жылы ұйымдасқан «Археология және этнология кафедрасы» егеменді елімізге қажырлы жұмыс істейтін археологтар мен этнологтардың ұясына айналды. Оларды республиканың барлық аймақтарынан кездестіргенде қуанышқа бөленеміз. Жас мамандар археологиялык зерттеулерге қатысып, аталары Әлкей Хақанұлы Марғұланның бастаған тарихи мұраларды зерттеу жұмысын жалғастыруда. Әсіресе, 2003 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен ұйымдасқан «Мәдени мұра» жоспары бойынша еліміздегі өте бай археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді зерттеу, оларды қайта жаңғыртужұмыстары кешенді мәнде іске асырылуда. Ескерткіштерге бұндай қамқорлық алғашқы рет болып отырғанын барша біледі. Қазіргі кезде осы «Мәдени мұра» бағдарламасы кең көлемде іс жүзіне асуда.

Қазақстан археологтарына академик Қ.И.Сәтбаев бастаған геолог ғалымдар айтарлықтай жәрдем берді. Олар Еліміздің кен байлығын зерттеу кезінде кездескен ежелгі тас құралдарды, Қазақстан ғылым Академиясының Геология институтына жинай берген. Осындай жолмен өте бай тас дәуірінің жәдігерлері жиналды. Оларға археологтардың зерттеу кезінде тапқан деректері қосылып, қазір тас дәуіріне жататын жәдігерлердің ұзын саны 0,5 млн. данаға жетті. Бұндай бай деректер қазіргі күнде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология факультетінің жертөлесінде (бірінші қабаттың астындағы жайда) сақталуда. Енді қалай, осынша байлық бір

15

жерден екінші жерге көшіріліп жүре бере ме? Біздіңше «Мәдени мұраның» саясында тас дәуірінің деректері кең көлемде мұражайларға қойылып, халықтың игілігі үшін жүмыс істеулері қажет. Тас дәуірінің бұл жәдігерлері ғылымға еніп, көп томдық ғылыми еңбектер, альбомдар, кино-фильмдер дүниеге келуі керек деп ойлаймыз.

Алғашқы қоғамның кейінгі сатысы Антикалық дәуір. Ол шамамен б.з.б. 1 мыңыншы, б.з.б. 5- ғасырларынқамтиды.БұлтарихидәуірАлғашқықоғамныңжоғарғыөрлеудәуіріболып,Құлшылық таптық қоғамның даму деңгейіне жеткен кезі. Тарихи осы дәуірде Әлем халықтарының істеп шығару күші мен істеп шығару қатынастары дамыған, шектелген демократия мен жаңа басқару жүйелері пайда болған. Осындай алға ілгерілеудің нәтижесінде, кейбір аймақтардың халықтары өрлеп,алғашқыөркениеттіңнегізінсалған.Оларғақандайаймақтардьңжататынынжоғарыдаайтып өткенбіз. Бірақ, бұл өркениетке Орталық Азия кірмеген. Еуроцентристер Орталық Азияның автохтондық халқы түріктерді «жабайы», «көшпелі» өздерінің дамуы бойынша артта қалған деген ғылымға жақындамайтын әпсаналарды әлі күнге дейін айтудан жалығатын емес. Өзіміздің ішімізден шыққан кейбір тарихшылар, олардың түріктерге болған көне көзқарасын қолдап, түріктер, солардың бірі қазақтар Қазан төңкерісіне дейін «көшпелі» өмір сүрді деп дәлелдемекші. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, «көшпелілер» тұрақты мекен салмайды, егіншілікпен айналыспайды, тек төрт түлік малмен бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Қазақтардан басқа түрік тілдес бауырластарымыздың қазіргі кезде біреуі көшпелі болдық деп айтпайды. Үйткені «көшпелі» деген сөздің төркіні артта қалған, дамымаған мешеу қалған халық деген ұғым береді. Әлем тарихында өркениетке жеткен көшпелі халық жоқ. Ол бірде-бір аймақтан табылмайды.

Осыған байланысты, «Қазақ Совет Энциклопедиясынан» үзінді келтірейік: «Қазақстанның ежелгі халқы дамудың құл иелену сатысына соқпай өтті. Мұнда көптеген ғасырлар бойы патриархалдық үй құлдығы болғанымен, қоғамдық-экономикалық формация дәрежесіне көтеріле алмады» [4.258,40].

Қазіргі біздің тарихшыларымыз, осы сын көтермейтін көзқарастан алшақ кеткен жоқ. Өздерінің ғылыми жұмыстарында бұл пікірдің қате екенін дәлелдейтін деректерді тапса да, баяғы «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген мақал-мәтел сияқты, баяғы ғылыми жақтан дәлелденбеген «қазақтар көшпелі»өмір сүріп келді деуденжалығатын емес. Қысқаша айтқанда, біздіңше Орталық Азия түріктері, оның үлкен этникалық бөлігі қазақ халқы. Әлемдегі алдыңғы қатарда ежелден дамып келе жатқан халықтардай өмір сүрген және антикалық алғашқы өркениеттің негізін салған. Осы пікірді дәлелдейтін кейбір тарихи деректерді тілге тиек етейік.

Орталық Азия түріктері бастарынан барлық тарихи формацияларды өткерген. Ол туралы ғұлама ғалым С.П.Толстов: «Материалы Хорезмской экспедиции сыграли свою роль разработке вопросовпериодизации истории народовСреднейАзии, в установлении того факта, чтоэти народы в период между VІІІ-VІ вв. до н.э. и V -VІ вв. н.э. прошли через этап антично-рабовладельческого общественного строя, сменившегося затем строем феодальным» [5.7-8].

Ғалымның ұзақ жылдар бойына жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде айтылған тұжырымнамасын кейінгі жылдардағы тарихи зерттеулер қолдап келе жатыр. Орталық Азия тұрғындары өздерінің эволюциялық дамуы бойынша алда келе жатқан этностардың бірі.

Б.з.б. 4 мыңыншы жылдардың соңында, 3 мыңыншы жылдардың басында, Мысырда, Алдыңгы Азияда, Қытайда, Үндістанда алғашқы құлиеленушілік мемлекеттер келіп шыққан болса, солантикалықдәуірдеОрталықАзиядадасондайқұлиеленушілікмемлекеттер,империяларболған. Б.з.б. 558-330 жылдардаАлдыңгы Азияда (228жылдай) үстемдік еткен Ахемен әулеті (Ахеменида). «Ахеменнің мұрагері Ұлы Кир І1-і Таяу және Орта Шығыс елдерінің копшілігін біріктіріп, орасан зор империя құрған» [6.611]. Осы империяның құрамына Орталық Азияның оңтүстік бөлігіндегі бірқатар жерлер кірген. Б.з.б. 500-449 жж. бұл империя грек-парсы соғысы нәтижесінде, әжептәуір әлсірегеннен кейін, б.з.б. 330 жылы Александр Македонский әскерлері Ахемен әулеттері билеген мемлекетті біржолата талқандады.

Ахеменнің мұрагері Ұлы Кир ІІ-нің отаршылығына Орталық Азия массагеттері Томирис патша ханымның қолбасшылығы астында соғысып, Кирді өлтіргенін Герадоттың жазып қалдырғанын көпшілік біледі және бұл қолбасшыны құрметпен еске алады. Бірақ, түркі тілдес елдердің тарихында, Томиристі массагет тайпаларының көсемі етіп көрсетеді. Біздіңше, бұл кезде Орталық Азия түріктерінің арасында құлшылық мемлекет болып, оны Томирис патшайымы басқарып,Кирдіңжерқайысқанәскерінеқарсыкүштіжинап,отарлаушығаестенкетпейтінсоққыны бере білген мемлекет қайраткері, қолбасшысы деген тұжырымға келуге болатын сияқты. Томирис туралы біз әлі де болса да осы пікірден аспай келеміз. Бұл тарихи тұлғаның жасаған кезеңі археологияғылымыбойыншақоладәуірінетуракеледі.Осыдәуірдіңескерткіштері,әсіресе,обалар

16

Орталык Азияда кең зерттелді. Жиналған деректерге негізделіп, Томиристің атқарған қоғамдық, саяси еңбектерін терең зерттеуді жүргізу қажет. Соншама жыл үстемдік еткен Ахеменида әулетіне Томиристің басшылығы астында түріктер тойтара соққы беруі, Александр Македонскийдің Персияны қиратуына үлкен себеп болған сияқты. Сондай көсем, қолбасшы Томирис ханымды массагеттер тайпасының қолбасшысы деп тұжырымдаудың реті жоқ. 2005 жылы «Томирис» атты А. Жандарбековтың романы жарық көрді. Енді, бұл өзекті мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын пәрменді жүргізуіміз қажет.

Антикалық дәуірде Орталық Азия түріктерінің тағы бір тарихи тұлғасы Афрасиаб патша. Афрасиаб туралы иран, араб, түркі тілдес әдебиеттерде кең жазылған. Бірақ, бұл тарихи тұлға туралы қазіргі тарихшылардың мағлұматтары өте аз және бұл мәселе әлі зерттелмеген. Солайболса да, кейбір мәліметтерге негізделіп тоқталайық. Атақты Шығыстың ұлы ғұламаларының бірі Фирдауси «Шаһнамасында» Афрасиаб кең суреттелген. Махмұд Қашқаридің айтуы бойынша, Афрасиабтың түрікше аты - Тоң Алып. Ол жалпы түріктердің аты аңызға айналған патшасы. Орталык Азияда сол патшаның тұсында ірі-ірі қалалар өсіп шыққан. Түркі тайпаларының шежіре, аңызы бойынша Иран патшаларымен көп заман жауласқан кісі - Бұқахан, Қарахан, Өгізхан, Араб, Иран жазушыларының тарихи шығармаларында Әмудариядан солтүстікке қарай созылып жатқан байтақжер«Афрасиаб ордасы»аталып,оныбилеушілер«Афрасиаб әулеті»- болыпайтылады - деп Махмуд Қашқари жазған. Солай болса, Афрасиаб барлық түріктердің патшасы болып, Орталық Азияны басқарған болса, ол түріктердің күшті мемлекетін басқарған тарихи тұлға деген ұғымға келеміз. Оның астанасы Семізкент(Самарқанд), Қашқаршаһарлары болған.Ол Батыс және Шығыс Түркістанды (Түрік елін) түгел басқарған. Бұл тарихи тұлғаның өмірі, атқарған қоғамдық-саяси қызметтері кең көлемде зерттеуді талап етеді. Бұл патша 219 га жерге қала салдырып, оны өзінің атымен«Афрасиаб»(Семізкенд,Самарқанд,Марақанд)- депаталғанқалаб.з.б.6-ғасырдасалынып, б.з. 12-ғасырына дейін өмір сүрген (СИЭ 1961). 1874 жылдан бері осы көне қаланың орнын Өзбекстан археологтары зерттеп келеді. Солай болса, б.з.б. 6-ғасырларда-ақ Ахеменид империясына қарсы тұратын ұлы кұшті ұйымдастырып, елін отаршылықтан азат етіп, оны түгел билеп, барлық Орталық Азия түріктерінің ұлы көсемі Афрасиаб жалпы түріктердің бірлескен құлшылық мемлекетінің патшасы болганын толық мойындауымыз тиіс.

Атышулы Афрасиаб патшадан кейін, Орталық Азия түріктері бірнеше құлшылық мемлекеттерге бөлінген [7.95-97]. Біздің топшылауымызша, Афрасиаб Ахеменид династиясы кезінде жасап, Иран патшаларының отаршылығына қарсы тұрған және Орталық Азияны түгел қорғаған қаһарман болып Фирдоусидің суреттеуі тегін болмаса керек.

Б.з.б. VІІ-VІ ғғ. Орталық Азияның Оңтүстік, Оңтүстік Батыс аймақтарындағы тұрғындардың арасында экономикалық дамуы пайда болып, олар қосымша күшті қажет етіп, құлшылық қоғамға өту процесі түріктердің арасында кең етек жайған. Әсіресе, Орталық Азияның оңтүстік батыс жақтарында диқаншылықтьң алға өрлеу қарқыны күшейе түскен. Қолдан суару арқылы егілетін диқаншылықтың көлемін кеңейту үшін ірі-ірі су жүйелерін қазуға рулық қоғамның күші жетпеді. Сондықтан,Орталық АзияныңОңтүстік,ОңтүстікБатыстарындақұлшылыққоғаморнады.Бұндай өзгеріс түріктердің эволюциялық даму заңдылығының нәтижесі. Енді сол дәуірдегі пайда болған құл иелеушілік мемелекеттер мен империяларға тоқталайық.

Құлшылық қоғам. Б.з.б. V-ІV - б.з. V ғасырларында ертедегі сақтардың ұрпақтары Әмудария мен Сырдария алқаптарына Қаңлы, Үйсін, Ферғана, Тохаристан құлшылық мемлекеттерін ұйымдастырған, б.з. І-ІV ғасырларында Кушан және Хұн империялары, б.з. V- VI ғасырларында Эфталит мемлекеті өмір сүрген. XX ғ. осы аттары аталған құлшылық мемлекеттерінің жайлаған жерлерінде кең көлемде археологиялық зерттеулер жүргізілді және өте бай деректер топталды.

Ұлы хун империясы. Сонау, Қара теңіздің солтүстік жағасынан Ұлы Қытай дуалына дейінгі ұлан-ғайыр жерді мекендеген ғұндар (хундар) болған. Бұл түрік тайпаларының батыс жағын мекендеген түріктерді «гүндер» деп атаса, шығыс бөлігін «хундар» дескен. Екі атаманың этимологиясы хундар (гүндер). Хұндардың шығыс бөлігінің тарихын, көрнекті Түркия тархшысы Бахаддин Өгелдің 1984 жылы Анкарада басылып шыққан екі томдық «Ұлы Хұн империясының тарихы» атты әйгілі еңбегі арқылы толығырақ білеміз. Бұл ғұлама көп жылдар Қытай мұрағат қорларында жұмыс істеп, хұндар туралы бізге бұрын белгісіз деректерді тауып, оларды ой елегінен өткеріп, осы екі томдық еңбегін жариялаған. Бірінші томында б.з.б. 120 жылға дейінгі 2000-2500 жылдық ұзақ тарихты шола келіп хұндардың тарихқа алғашқы белгілі ел басшылары - Тұман мен Мете қағандар дәуірін жан-жакты қарастырады. Екінші томында Хұн империясының жақын және алыстағы көршілерімен саяси, эконмикалық және мәдени қарым-қатынастарына тоқталады. Бұл еңбекте айрықша хұндар мен қытайлықтардың арасындағы жойқын соғыстары кең көлемде

17

суреттелген. Хұндар Қытайды ұзақ жылдар уысынан шығармай ұстап тұрғаны дәйекті деректеремен дәлелденген.

ХұнмемлекетінқұрушыТұман(Теоман)қаған221жылыбилікбасынакелген.ҚытайдыңХан империясы кезінде жасаған, хұн тарихын жетік білген атақты тарихшы Сы Машиан Қытай мемлекетісияқты,Хұнмемлекетідеертедепайдаболғанынөзініңеңбектеріндежазған.«...Осымың жыл ішінде Хұн мемлекеті бірде үлкейіп, бірде кішірейіп отырады. Кейде бөлініп, ыдырап кетті. Бытшыты шығып, бастарын алып қашты, шалғай алыстарға кетіп қалысты» хүн [8. 73].

Хұн мемлекеті ерте заманда болғаны туралы қытай деректері дәлелдейді. Солардың бірі: «Көктүрік деп аталған мемлекет бұрын да түркі халқы болған еді десе, Метеден бұрын да хұн тайпларының өмір сүргендігі ақылға қонымды нәрсе. Алайда хиуннудегенатауды тек IV ғасырдың (б.ж.с.д.)соңыналағанақытайдеректеріненбайқайбастаймыз...Немесе224жылдан(б.ж.с.д.)кейін хұндарға қарсы соғыстарда бірнеше мәрте табысқа жеткен генарал Мың Тянның өмірбаяны ішінде де Хұн мемлекеті немеее императорлығына балама сөздер жиі кездеседі» [8.77].

Келтірілген үзіндіден, хұндардың мемлекетінің пайда болуы ертедегі антикалық замандарда болғанын байқаймыз. Бірақ, хұндардың алғашқы мемлекет құрғандарын хабарлайтьін жазба деректер әлі де болса тапшы. Бұл мемлекетке тиісті молырақ мағлұматтар Тұман (Теоман), оның ұлы Мете хан (Мау Дун) дәуірлерін қамтиды.

Осындайимперияқұрып,оны ұзақжылдарұстаптұрғанхұндардыңадамбалсыныңтарихына өшпес із қалдырғанын Әлем халықтарының төрінен орын алуы тиіс. Хундар, оның ата-бабалары «жабайы» болмаған. Олар өз заманының алдыңғы катарындағы, өркениетіне ерте жеткен Орталық Азияның күзерттері болғаны тарихи деректер дәледеуде. Хұн империясының жалғасы Көктүріктер империясы (683-734) жылдары Білге қаған басқарған.

Антикалық дәуірде Орталық Азияда құрылған мемлекеттер мен империялар, феодализм дәуіріндедеөзініңжалғасынтауыпжатты.Осыкұрлықтыңавтохтондыкхалқытүріктерді«жабайы, көшпелі» - деген жағымсыз пікірлермен, олардың тарихын мейлінше бұрмалап, түріктердің мемлекеті болмаған деген жалған пікірлерді евроцентристер уағыздап келді. Әлі де болса, осындай ғылымға жақындамайтын, жалған тұжырымдамаларды қолдаушылар әлде де баршылық. Бұл жалған, теріс пікірлерге акикат шындық соққы беріп, оның ғылымға жақындамайтынын әшкерелеуде. Көшпелі тұжырымдамадан құтылатын кезең де ұзаққа созылмайтын шығар.

Енді осы деректердің негізінде Орталық Азия түріктерінің антикалық заманындағы заттай мәдениеті де өзінің сағасын ерте заманнан алады. Ол Қола және Темір дәуірлеріне бөлінеді, түрік халқыныңбабаларыкешендішаруашылықтыертеденқалыптастырған.Қазақстанархеологтарытас, қола, темір және ортағасыр дәуірлерінде өмір сүрген тайпалардың мәдениеттерін ашты. Осы деректерге қарағанда, б.з.б. II мыңыншы жылдарда біздің бабаларымыз көп салалы шаруашылықпен айналысқан. Олар егін еккен, мал өсірген, балық және аң аулаған, тұрмысқа керекті құралдарды жасаған. Мұндай деректер Атасу, Степняк, Айдабол, Тастыбұлақ, Ақсу-Аюлы, Алексеевка және басқа көптеген ескерткіштерден белгілі болды [9.101].

Өйткені, ертедегі құлшылық қоғамы Әмудария мен Сырдарияның алқаптарында, яғни Тұран ойпатында болғандығын археологиялық зерттеулерде дәлелдесе, бұл аймақтың бір үлкен бөлігі Қазақстанға қарайды. Б.з.б. I мыңыншы жылдарда Әмудариядан сағасын алатын ірі-ірі су жерлері мен бекіністер құлдардың күшімен іске асырылған. Әмудария мен Сырдарияның алқаптарында үлкенді-кішілі су жүйелері қазылып, суармалы егістік Тигр, Ефрат, Ніл өзендерінің суларын жергілікті диқандар қалай егіске пайдаланса, Тұран елінің тұрғындары да сондай Қосөзен (Әмудария, Сырдария) суларын егіншілікке пайдаланған. Өзендердің су бармайтын жерлерде кәрез (жер асты суынан) пайдаланып, диқаншылық дамыған. Ондай кәрездің классикалық түрі Түркіменстан қаласының маңында сақталған. 1967 жылы этнографиялық экспедиция кезінде Қызылордаоблысында,ОңтүстікҚазақстанда,Қаратауатырабынан,Түркістаншаһарыныңқасынан кәрездің қалдықтарын кездестірдік. Ертеде бұндай су жүйелері Орталық, Алдыңғы Азияда кең тараған.

Хорезм кешенді археологиялық экспедициясының деректері бойынша, антикалық дәуірде АмударияменСырдарияныңалқаптарында,яғниТұранойпаттарында қолдансуаруарқылы егілген егіншіліктің көлемі 3,5-3,8 мың. гектар болған. Қолдан суару арқылы жүргізілген диқаншылықтың іздерінархеологтарОрталық,ШығысҚазақстанжерлеріненкездестіріпкеледі.Осыкездеқолданған диқаншылық құралдармен бір қатарда, биік жерге орналасқан егістікке су шығаратын шығыр, атпа, серіппе сияқты құралдарды пайдаланған.

Антикалық дәуірдегі қола мәдениеті. Қола дәуірінің ескерткіштері Орталық Азияның барлық аймақтарынан,сондай-акҚазақстанжеріненкеңкөлемдетабылыпжәнеархеологтарзертгепкеледі.

18

Сол дәуірдің ескерткіштері оба (қорған) және тұрақты кешендердің, қоныстардың орындары. Бұл ескерткішгердің ішінде обалар (қорғандар) айрықша кең көлемде зерттеліп, олардың сырлары ғылыми тұрғыдан ашылды. Обалар қола дәуірінде дүние салған адамдардың қабірі (моласы). Сол кездегі тұрғындардың діни сенімдері бойынша, «ол дүние, бұл дүние» деген ұғымға негізделіп, қайтыс болған адамдар ол дүниеде де өмір сүреді деген түсінікпен, бұл дүниедегі тұтынған бүйымдарын, оның денесімен бірге жерлеген. Ол әлеуметтік жақтан әртүрлі дәрежеде болған: ел билегенпатшалар,олардыңтуған-туыстарыменжақындарыжерленгенобаларкөлемді,биікболып, ерекшеленіп көрінген болса, қатардағы қарапайым адамдардың обалары кішігірім, жайдары болып салынған. Осындай әлеуметтік теңсіздік олардың жерленген жерінен табылған жәдігерлерден де байқалады. Мысалы, Есік өзенінің жағасындағы обадан табылған «Алтын адам», Аралтөбеден табылған екінші сондай адам және Шілікті обасынан табылған өте бай алтын бұйымдар және т.б. кейбір обаларды қазғанда, сол адамның денесінің қасында сақина, жүзік, қару-жарақтар шығып жатады. Ал, қола кезеңіне жататын қоныстарды тауып, оларды археологтар кең көлемде зерттеп кележатыр.ҚазақстандағықоламәдениетінзерттегеналғашқығалымдарМосква,Ленинградтардан келген археологтар болған. Олар жалпы түріктерді, соның ішіндегі қазақтарды ежелден көшпелі ел деген еуроцентристік көзқарасты ұстанган. Осындай пікірде болған ғалымдар, қола дәуірінің отырықшы мекендерін іздеуді, зерттеуді естеріне алмаған. Сондықтан, жердің бетінде төмпешік болып сақталған обаларды қазумен шектелген. Ол ескерткіштерді көшпелілердің еншісіне жатқызған. Зерттеген обалардан табылған металдан жасалған жәдігерлерді көшпелілердің қалай жасағанына көңіл аудармай,оларға өздерініңкөзқарастары бойынша тұжырымдаржасаған.Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы қола мәдениетін археологиялық жақтан зерттеу көпшілік жағдайда біржақты болып келе жатқанын айтуымыз қажет.

Бірақ, Антикалық мәдениетті кешенді зерттеген «Хорезм археологиялық экспедициясы» (С.П.Толстов); «Орталық Қазақстан археологиялық' экспедициясы» (Ә.Х.Марғұлан) қола мәдениетіне кешенді мәнде зерттеу жүргізіп, сол дәуірдің қоныстарын бірқанша ашты. Ондай қоныстар Әмудария, Сырдария алқаптарынан Орталық, Солтүстік Қазақстан аймақтарынан ашылды [10].

Сондықтан ежелден пайда болған кен орьіндарын пайда еткен тұргындардың тұрақты мекендері болған. Ондай көне кен орындары Қазақстанда кең көлемде ашылды: мыс (Жезқазған, Зыряньск, Қаршаған, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қолба және Нарын жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшығап, Ақабек) кен орындары бүл территорияның ежелгі замандағы металлургия орталықтарының бірі болғанын көрсетеді [11.117].

Міне, осы аттары аталған кен орындарының төңіректерінен кола дәуірінің қоныстарын кең көлемде зерттеп,олардантабылғанжәдігерлерсолкездегітұрғындардыңөмірлерінкеңірекмәлімет береді.Обалардантабылғандеректербұндаймәнгеиеемес,тексолкездегідінисезімгебайланысты мәліметтерменшектелген.Сөйтіп,біздіңшеқолақоныстарына айрықшакөңіл бөлудіңғылымимәні зор екенін естен шығармауымыз қажет. Оны кең көлемде жүргізуіміз тиіс.

Жоғарыда аттары аталған түсті металл кеңдерінің төңіректерінен, олардың түрақты қоныс орындарын кең көлемде тауып, зерттеу күн тәртібіндегі мәселе. Өйткені, осы кен орталықтарының төңірегіне жергілікті тұрғындардың бөліктері қоныстанып, сол жердің кен байлығын иеленіп, одан өндіретінкенбайлықтантұрмысқақажеттібұйымдаржасайтынқолөнерорталықтарынашқан.Қола дәуірінзерттегенгеологғалымдардыңайтуына қарағанда «Жезқазғанөңірінде қорытылғанмыстың көлемі шамамен 100 мың тонна болғанын көрсетеді. Успенск мыс руднигінен 200 мың тонна руда шығарылған, ол Имантаукен орнынан ежелгі заманда 48 мың тонна мыс рудасы қазылып алынған»

[11.117].

Бұндай көлемде түсті металдарды шығарған жұмысшылардың саны аз болмаған болуы тиіс. Себебі, барлық ауыр жұмыстар биліктің күшімен іске асқан. Олардың пайдаланған құралдары да онша өнімді болмаған. Көп физикалық күш жұмсап, аз өнім алған болуы тиіс.

Өйткені, олар қара металдардан құралдар және тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаған. Мысалы, еңбек құралдарынан: балшықты күйдіріп істеген ұршықбас, шарық, сүйек ұршықбас, қалыптар, қоладан жасалған пышақ, біз, ине, қайла, шеге, қармақ және т.б. Осындай қиындықты белсенді қарсы алып, түсті металлдардан бұйым шығаратын қолөнер кәсібінің негізін салған. Қола дәуірінің кеншілері өздерінің қолөнер кәсібінде тұрмысқа қажетті бұйымдарды өте шеберлікпен жасағандықтарықазіргізаманныңадамдарынтаңқалдырады.Оларалтыннан,күмістен,қалайыдан соғылған ою-өрнекті жәдігерлер. Бұндай кұнды деректерді біздің археологтарымыз еліміздегі көп санды обалардан тауып жатыр. Солардың бірі, 2005-жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан

19

ауданындағы Шілікті жазьіғындағы обалардың бірінен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологтары 4303 дана алтын бұйымдармен жерленген адамның қаңқасын тапты. Ол жәдігерлердің 153 данасы маска, 36-сы бүркіт-самұрык, 20-сы бұғы бейнелі, 39-ы қасқыр, 23-і қоңырау, 63-і кеңірдекше, 17-сі алтын тілікше, 7-уі сым, 141-і жартышар, 2835-і құлаққа тағатын салпыншақтар, 223-і ұсақ кеңірдекше тізбе, 743-і шығыршық тізбе, 1-қатырма шеге [12.2].

Мамандардыңтопшылауыбойынша,бұлжәдігерлерб.з.б.VIIIғасырғатуракеледі.Бұлалтын дүниелер тамаша шеберлікпен жасалған. Соған қарағанда, қола дәуірінде жасаған зергерлердің тамаша шеберлігі өте жоғарғы дәрежде болғандығы таң қалдырады. Олардың кәсібінің осындай жоғарғы деңгейге жеткенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеуді керек етеді. Оның үстіне, осы алтын жәдігерлердің пробасы 99,70 болғанға ұқсайды, қазіргі технологияның шыңына шыққан кездегі алтынныңжоғарғы пробы99,99-ға жетеді.Арада қанша уақытөтсе де,соданбергі алтынныңпробы тек 30-сотиққа жақын көтерілген. Соған қарағанда, түсті металдардан бұйым соғатын қолөнер кәсіптері ертедегі Бабаларының өмір сүрген қола дәуірінде анағұрлым алға кеткенін байқаймыз. Сол кезде түсті металдардан істелген заттар жақын, алыс көршілеріне, соның ішінде Қытайға алғашқы рет тарағанын жоғарыда айтқанбыз.

Б.з.б. I мың жылдықтың бас кезінен-ақ сақтар қызыл және қоңыр магнитті темір рудасын пайдалана білді. Б.з.б. VІІ ғасырда Орталық Қазақстаннан, Жетісудан және Арал маңынан темірден істелген көптеген бұйымдар (қанжар, пышақ, жүгеннің темір бөлшектері) табылған. Сондай-ақ ертедегі кен орындары, метталургиялық өндірістің қалдықтары (шлактар, қорытпа қалдықтары) белгілі. Қола құю ісі және түсті металдарды өңдеу жоғары дәрежеде болған. Археологиялық және жазба деректерге сүйенсек, сақтардың негізгі шаруашылығы тек мал ғана болмай, олардың тұрмысында егіншілік те, қолөнер кәсібі де елеулі орынға ие болғанын байқаймыз.

Темірдәуіріеңбекқұралдарытемірденжасалып,металлургияныңтаралуыменсипатталатын адамзат тарихындағы алғашқы қауымның және ертедегі таптық дәуір. Ол хронологиялық жақтан б.з.б. ІХ-VІІ ғасырларды өз ішіне алады. Археологиялық деректерге қарағанда, темір дәуірі әр аймақтарда әртүрлі болғаны байқалады. Темір қорыту б.з.б. 2-мың жылдықта белгілі болып, б.з.б. ІІ-ғасырда Алдыңғы Азия мен Закавказья, Үндістанда кеңінен таралғанын Әлем тарихында жазылып келеді. Кейінгі жылдардағы Орталық Азияда жүргізілген деректер бойынша: «Рубеж ІІ-І и начало I тысячилетия до н.э. на просторах евразейской аридной зоны озноменовались важными событием - стоновлением кочевых форм скотоводческого хозяйства и распространением металлургии железа» [2.129].

Келтірілген деректер Еуразияда, соның бір бөлігі Орталық Азияда темір дәуірі б.з.б. 2 мыңыншы жылдарда пайда болғанын тілге тиек еткен. Бұл бір қанша алға кетушілік пікір деуге болады. Себебі, бұдан бұрынғы жарық көрген тарихи еңбектерде, Орталық Азияда темір дәуірінің келіп шығуын б.з.б. 1-мың жылдығына жатқызып келген болатын. Қолдағы археологиялық осы дәуірдің жәдігерлерінің ішінде алғашқы кезеңге жататын темір металдар табылды. Солай болса, Орталық Азия темір дәуірінің алғашқы пайда болған аймақтарының бірі. Бірақ, осы темір дәуірінде Орталық Азияда (Қазақ жерінде) көшпелі шаруашылық қалыптасты деудің қисыны келмейді. Бұрынғықоладәуіріненадамбаласыныңтарихитеміркезеңінеөтуі,олардыңдамуыныңқызығында баппен алға ілгерілегенін көреміз. Бұрынғы дәуірлерге қарағанда темір дәуірі қысқа уақыт ішінде ортағасырға өткен. Бұл көрсетеді, темірден жасалған құралдар тұрмыста кең қолданылып, өндіріс күші мен өндіріс қатынасының дамуын тездеткен. Сол кезде темір кендерінде еңбек еткен адамдардыңсанынесептепшығаруоңайісемес.Солайболсада,олардыңсандарыазболмаған.Осы тарихи кезеңде Қазақстан жерінде көптеген кен орындардың болғанын геология және археология ғылымдары дәлелдеп отыр. Ондай кен орындары Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан ашылды. Мысалы: Қарқаралы, Жетісу, Жезқазған, Қарағанды, Қолба, Нарым және т.б. Осы кен орындарында жұмыс істеген бабаларымызды көшпелі өмір сүріп, кеншілік қыруар жұмыстарды атқарды деу ақылға сыймайтын пікір. Олар біздің халқымыздың алғашқы жұмысшылары. Қазіргі кезде, қазақ халқын көшпелі деп ешкім айта алмайды. Солай болса, еліміздегі өндіріс орындарында жұмысшылар, ауыл шаруашылығында диқаншылар мен малшылар және интелигенттер жұмыс істепжатырғой.Бірақ,бұл мамандардыңеңбегіналғашқы қоғамда еңбек еткендерменсалыстыруға болмайтынын барша біледі. Әр тарихи кезеңнің өз ерекшеліктері болып келген және бола береді. Міне, темір дәуірінде жасаган қазақ жеріндегі бабаларымыздың темір кендерін ерте заманнан иеленіп, темірден бұйымдар істеген шебер-мамандар шыққан және олардың өздеріне лайықты қолөнер кәсіпорындары болып, оларда тұрақты мекендерде тұратын көпсанды жұмысшылар жасаған.

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]