Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
3
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

аралығында) жылда 2 000 000 алтын лира, 6 жыл (1.6.1936-31.5.1942) жылда 2 380 000 алтын лира, 5жыл (1.6.1942-31.5.1947) жылда 2 780 000 алтын лира, 5 жыл (1.6.1947-31.5.1952) жылда 3 180 000

алтын лира, 3 жыл (1.6.195231.5.1955) жылда 3 400 000 алтын лира төленіп, жалпы сома 107528 463 алтын лира қарыз жойылады [8; 22-25].

Түркия мен Қарыздар Мәжілісінің өкілдерімен кездесулер осымен тоқтамаған болатын. Қарыздардың нақты сомасы белгіленген болса да, түрік тарапы Қарыздар Мәжілісінің өкілдерін келіссөздерге шақыруын жалғастырды. Мұндағы түрік тарапының ұсынысы османдық қарыз сомасын қайта қарастыру болды. Бұл кездесулерде Түркияның қарыздарының өтелуі жөнінде өз талаптарымен келген түрік тарапы, мемлекетте болып жатқан қаржылық жағдайының төмен болуына байланысты Қарыздар Мәжілісінен қарызды өтеуді шегеруін сұрады. Кездесулер нәтижесінде Түркияның экономикалық жағдайының қарыздарды өтей алу мәселесі жөнінде шетелдік маманның тексеріс жүргізуі қажет деп шешім қабылданды. Шетелдік маман ретінде француз экономисті проф. Чарльз Рист алынған болатын. Рист баяндамасында Түркияның қаржылық жағдайының тұрақты болмау себебінен қарызды өтеу қабілетінің төмендегенін, дегенмен кейбір шарттарда қарыз өтеуде өзгерістер жасай алатындығын айтты. Баяндаманы зерттеп шыққан түрік үкіметінің басшысы Шүкрү Сарачоғлы бюджетті талқылау бойынша кездесулерде қарыздарды өтеудің мемлекет экономикасына теріс әсер ететіндігінатапөттіжәнеқарыздардыңқайтаданбелгіленуікеректігінайтты. ҚарыздарМәжілісіболса Ристтің баяндамасында көрсетілген шараларға және айырбас тұрақтылығына сүйене отырып, Түркия үкіметі 1930 ж. 25 қарашада қарыз өтелімін 1928 жылғы Келісімшартта жазылған қалпында өтеуін талап етті. Түрік үкіметі 2 млн алтын лираның үште біріне тең келетін 700 мың алтын лиралық өтелім жасай отырып, Түркияның қарыздарын мойындайтынын, бірақ мемлекетте орын алған экономикалық жағдайға байланысты Қарыздар мәжілісінен біраз түсіністікпен қарауын сұрады. Дегенмен, Қарыздар Мәжілісі бұл талапты қабыл алмады. Осындай сарындағы кездесулер 1933 жылға дейін жалғасты. Түрік үкіметі Қарыздар Мәжілісінен қарыз сомасының жеңілдетілуін, өтеу мерзімінің шегерілуін өтінсе, Қарыздар Мәжілісі османдық сыртқы қарыздың 1928 жылғы келісімшартта белгіленгендей қалғанын талап етті. Екіжақтың келіспеушілігіненкеліссөздер бірнеше рет тоқтатылып, үзіліс беріліп, қайта жалғастырылып отырды.

Кездесулер 14 желтоқсанда 1932 жылы келісімге қол жеткізумен аяқталды. Келісімге сәйкес Түркияның 107 528 461алтынлиралыққарызы 8 578 343 алтын лира(962 636 000франк) болыпқайта белгіленді. Төлем француз франкі немесе Қарыздар Мәжілісінің көрсететін басқа да валютамен жасалады, пайыздар 7,5% болады. 22 сәуір 1933 жылы қарыздар жөнінде жаңа келісімшартқа қол қойылды [9].

Қорытакеле,османдыққарыздарТүркияэкономикасынамирасқалғанқаржылық«жүк»болғанеді. Осы«жүкті»біразжеңілдетуүшінТүркияРеспубликасықарызбергенЕуропаелдеріменкелісімгекелу барысында көп күш жұмсаған еді. Ең алғашқы осман қарызы 1854 жылы алынса, қарызды өтеу бойынша төлем 1954 жылы жасалынды. Осы бір ғасыр уақыт аралығында сыртқы қарыздар бойынша әртүрлікелісімдергеқолқойылып,сансызкеліссөздержүргізілді.ОсманимпериясыкезіндеОсмандық қарыздарды басқару әкімшілігі құрылып, оның басшылығында еуропалық өкілдер болса, кейіннен қарыздар мәселесі Севркелісімі, Лозанкелісімі, Парижкелісімдеріндеорыналған.Қарыздарбойынша түбегейлі келісімге 1933 жылы Парижде келініп, Түркия уақытысынан бұрын, яғни 1954 жылы османдық қарызды өтеп бітті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Михайлов В.В. Экономическое положение Османской империи перед началом и во время первой мировой войны

имероприятия России и Великобритании по ослаблению турецкой экономики, ВестникСанкт-Петербургского Университета, Серия 2, 2007, Выпуск 4

2.DİKMEN Nedim Osmanlı Dış Borçlarının Ekonomik ve Siyasi Sonuçları, İktisadi ve İdari Bilimler Dergisi, Cilt: 19 Eylül 2005 Sayı:2

3.Европейские державы и Турция во время мировой войны –Раздел Азиатской Турции, по секретным документам б.министерства иностранных дел/под редакцией Е.А.Адамова, Издание Литиздата НКИД, Москва 1924

4.ÖZDEMİR Biltekin Osmanlı Devleti Dış Borçları, Ankara Ticaret Odası yayını, Ankara; Eylül 2009

5.Faruk Yılmaz, Osmanlı’dan Cumhuriyet’e Dış Borçlar, Ankara, Berikan, 2003

6.YENIAY İ.Hakkı, Yeni Osmanlı Borçları Tarihi, İstanbul Üniveritesi yayınları, No 1074, İstanbul, 1964

7.TEPİR Naci Düyun-u Umumiye, Yeni Asya Matbaası, İstanbul, 2008

8.TOKGÖZ Erdinç, Hacettepe Üniversitesi, İİBF. Türkiye’nin İktisadi Gelişme Tarihi 1914-2001

9.ARSLAN Gürbüz Osmanlı Devleti’nin Dış Borçları ve Yeniden Yapılandırma Süreci 1930-1933, History Studies İnternatıonalJournalofHistory,İSSN:13094173(Online)1309-4688 (Prınt)Volume7İssue4,p.1-23, December 2015, DOI Number: 10.9737/hist.20152715321

31

Егемберген А.С.

студентка 2 курса специальности востоковедения кафедры Дальнего Востока КазНУ им. аль-Фараби научный руководитель

д.п.н., профессор Мен Д.В.

ЭКОНОМИЧЕСКИЕ ОТНОШЕНИЯ КАЗАХСТАНА

ИВЕЛИКОБРИТАНИИНАСОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ

ВДекларации двадцатилетия государственной независимости Республики Казахстан подчеркивается, что «многовекторная внешняя политика республики доказала свою эффективность»

[1].Это наглядно подтверждается и развитием экономического сотрудничества между Казахстаном и Великобританией.

Великобритания занимает пятое место по объемам инвестиций в экономику Казахстана, и на ее

долю приходится 14% прямых иностранных инвестиций. По объемам торговли Великобритания является третьим европейским торговым партнером Казахстана[2].

Главными направлениями казахстанско-британского торгово-экономического сотрудничества являются энергетика, разведка и добыча полезных ископаемых, строительство, социальная инфраструктура, здравоохранение, транспорт и связь, консалтинговые услуги, значительно активизировалось сотрудничество в финансовой и банковской сферах.

Основной сферой деятельности британских компаний в Казахстане является нефтегазовая отрасль. Здесь присутствуют Бритиш Газ, Бритиш Петролеум и Шелл, а также множество менее крупных сервисных компаний и поставщиков. В марте 1995 года между

Республикой Казахстан и альянсом компаний «Аджип» / «Бритиш Газ» было подписано Соглашение о принципах раздела добычи (СПРД).

Основные статьи казахстанского экспорта представлены минеральными продуктами, феррохромом, сталью, медью, шерстью, кожевенным сырьем, удобрениями, драгоценными и полудрагоценными металлами. В структуре импорта преобладают оборудования и технические аппаратуры, транспортные средства, оптические приборы, химические, алкогольные и табачные продукции, текстиль, продукция пищевой промышленности и др.

Значительное число британских компаний работают в секторе услуг, предоставляя, к примеру, консалтинговые, банковские и юридические услуги. Британцы представлены в сфере гражданской авиации, где компания British Airspace участвовала в создании и владеет 49% акций национального перевозчика Air Astana. Британские компании также

работают в области производства табачных изделий, добычи цветных металлов, предоставления образовательных услуг и других секторах [3].

Для развития экономических отношений в 1993 году был создан Казахстанско-Британский Торгово-промышленный Совет.Тематика заседаний Совета включает вопросы развития казахстанского топливно-энергетического комплекса, транспортной отрасли, сельского хозяйства, инвестиционного, инновационного сотрудничества, малого бизнеса и сферы образования. 27-29 июня 2007 г. В Лондоне прошла конференция «Kazakhstan Growth Forum»(«Казахстан: новые горизонты роста») с участием более шестисот представителей частных и государственных структур, международных организаций и СМИ.

Конференция была посвящена ознакомлению с социально-политической ситуацией в стране, инвестиционным климатом, законодательной и налоговой базой, последними тенденциями развития всех основных секторов экономики, таких как нефть и газ, финансовый сектор, строительство и недвижимость, металлургия, электроэнергетика, транспорт и инфраструктура, инновационные технологии и коммуникации, агропромышленный комплекс, розничная торговля и др [4].

Активно развивается сотрудничество Казахстана с Национальным контрольноревизионным управлением Великобритании (NAO) с целью применен казахстанскими государственными и частными структурами передового опыта контрольно-ревизионной деятельности и корпоративного управления. 12-15 сентября 2007 г. состоялся визит Генерального аудитора и контролера Великобритании сэра Дж. Борна в Астану, в ходе которого было подписано Соглашение о

32

сотрудничестве между Счетным комитетом по контролю за исполнением республиканского бюджета РК и Национальным контрольноревизионным управлением Великобритании.

24-25 января 2008 г. состоялся визит исполнительного Вице-президента компании «BG Group» Ч.Бланда и Генерального менеджера по связям с правительствами и общественностью компании «BG Group» Дж. Бака с руководством Сената Парламента РК, министерств иностранных дел, финансов, охраны окружающей среды, энергетики и минеральных ресурсов, и других ведомств РК.

В входе встреч обсуждались вопросы сотрудничества Казахстана и компании «BG», в частности, перспективы дальнейшего развития Карачаганакского месторождения, партнерства с третьими странами, инвестиционного климата в Казахстане и перспективных планов деятельности «BG Group»

вРК и регионе в целом.

Врамках стратегии по укреплению экономических связей, Британский Департамент по торговле и инвестициям (UK Trade and Investment) открыл Офис по торговле и инвестициям в Западном Казахстане. UK Trade and Investment также создал Группу, объединенную общим интересом к

Казахстану (KOGIG UK), которая будет широко и активно поддерживать британские торговоинвестиционные интересы в нефтегазовом секторе Казахстана.

В начале 2005 г. Президент Н.Назарбаев объявил о присоединении РК к инициативе Т.Блэйра по прозрачности в добывающих отраслях (EITI), что позитивным образом отразилось на характере двусторонних отношений. Логическим продолжением активного политического диалога двух стран стало подписание межправительственного Меморандума об энергетическом сотрудничестве.

В контексте инвестиционной политики и развития экономических связей важную роль играет присутствие на казахстанском рынке британских компаний «BG Group» и «Shell»(Карачаганак, Кашаган и др.). В металлургической промышленности на казахстанском рынке активно действуют «Испат-Кар-мет», который является крупнейшим частным работодателем в РК, а также золотодобывающие компании «Три К. Эксплорейшн» и «Бакырчик Голд» (более 56 тысяч рабочих). Британская «Индепендент Пауэр» стала владельцем Карагандинской ГРЭС-2.

Крупные инвестиции вложены английской «Транс Уорлд Груп» в создание Павлодарского комплекса по производству алюминия [5]. Активно развивается сотрудничество в транспортной отрасли, в частности с компанией «BAE Systems». В августе 2001 г. был подписан контракт об учреждении совместной казахстанско британской авиакомпании «Air Astana», которая успешно работает на внутреннем рынке РК и на международных маршрутах. 13 декабря 2003 г. открыто прямое авиационное сообщение между Алматы и Лондоном.

Активно развивается сотрудничество в кредитно-финансовой сфере. В 1992 г. в Великобритании были отпечатаны первые банкноты казахстанской валюты - тенге. Национальный Банк и ведущие банки РК поддерживают прямые корреспондентские отношения с Банком Англии, Национальным Вестминстерским банком и другими банками Великобритании. Казахстаном привлечено 6 негосударственныхзаймовподгосударственныегарантиинасуммуоколо264,7млн.долл.,изкоторых освоено 176 млн. (67%).

Крупные компании и банки Казахстана, такие как «Казахмыс», «Казахголд», «Разведка и Добыча», «КазМунайГаз», «ENRC», «Шагала», «Казкоммерцбанк», «Банк Туран-Алем», «Халыкбанк» и «Альянс банк» разместили свои акции на Лондонской Фондовой Бирже, а по уровню капитализации «Казахмыс» вошла в FTSE-100 - список ста крупнейших компаний. FTSE-100 - это самый важный индекс Лондонской фондовой биржи, где все операции совершаются в электронном виде [6].

В рамках визита Н.А.Назарбаева в Лондон в ноябре 2006 г. состоялась презентация в Лондонском Сити казахстанских институтов развития «Самрук», «Казына» и Агенства по регулированию деятельности регионального финансового центра Алматы (РФЦА), а также подписание Соглашения о сотрудничестве между «London StockExchangePlc» и РФЦА.

В последние несколько лет правительства Казахстана пытается обеспечить, чтобы прямые иностранные инвестиции и экономический рост были сопряжены с развитием страны. Все больше внимания уделяется развитию потенциала местных компаний и подготовке казахстанских специалистов.

Великобритания прошла через такой же период развития в 70-е годы двадцатого века, когда всего за десять лет страна из мелкого поставщика нефти превратилась во второго крупнейшего оффшорного производителя. Диверсификация экономики и развитие нефтегазовых отраслей становятся самыми актуальными вопросами на повестке дня.

Правительство теперь подходит к этой проблеме более стратегически, признавая, что использование доходов от нефтяной отрасли для развития устойчивой экономики становится главным

33

долгосрочным приоритетом для Казахстана. Казахстанское правительство направляет значительные средства на диверсификацию, что открывает новые возможности перед британскими компаниями [7].

Всего в Казахстане зарегистрировано 365 совместных казахстанско-британских компаний, из них 302 предприятия являются действующими. Важным аспектом энергетической политики Великобританииявляетсяпредотвращениенегативныхпоследствийизмененияклимата.Этосерьезная экологическая проблема, которую предстоит решить человеку. Целью Великобритании в данной проблеме стало сокращение к 2050 году выбросов СО2 на 60%. Для этого продолжают развиваться возобновляемые источники, и повышается эффективность использования энергии.

Например, Великобритания намерена обеспечить, чтобы к 2020 году 20% потребляемой Британией энергии поступало из возобновляемых источников. Казахстан также может играть важную роль в достижении этих целей. Сейчас, в сравнении с мировыми показателями республика не производит, большое количество поступало из возобновляемых источников.

Казахстан также может играть важную роль в достижении этих целей. Сейчас, в сравнении с мировыми показателями, республика не производит большое количествовыбросов парниковых газов. Но при этом Казахстан находится в уникальном положении страны, где в условиях быстрого развития экономики и роста доходов возникает необходимость замены многих установок по производству энергии, и где также есть большие возможности для развития возобновляемых ее источников.

17 сентября 2011 г. в Астане прошло 15-е заседание Казахстанско-британского торговопромышленного совета (КБТПС). В открытии насыщенных и плодотворных дискуссий приняли участие сопредседатель с казахстанской стороны - вице-премьер, министр индустрии и новых технологий РК Асет Исекешев, сопредседатель с британской стороны - заместитель председателя Консультативного совета Price Waterhouse Coopers сэр Джон Статтард и посол Великобритании в Казахстане Дэвид Моран.

Межправительственный орган КБТПС создан в 1993 году для развития торговоэкономического сотрудничества двух стран. За прошедший период оно стало довольно плодотворным и, что немаловажно, основанным на дружеских отношениях. Великобритания для Казахстана – одиниз стратегических партнеров.

В динамике товарооборота между странами есть тенденция к росту. Согласно статистическим данным, объем торговли за первое полугодие 2011 года составил 1миллиард 380 миллионов долларов, что на 16% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Это позитивный показатель, особенно на фоне непростой мировой экономической ситуации.

Д.Саттард заявил, что о значимости отношений и нынешнего мероприятия говорит количество приехавших в Астану руководителей британских компаний, представляющих долгосрочные интересы винвестированиивКазахстанболее20.Этопоказываетособыйхарактерсотрудничествамеждудвумя странами. Казахстанские компании активно регистрируются на Лондонской бирже. Участвуют британцы в развитии государственно-частного партнерства, например, в проекте по строительству дороги Шымкент - Ташкент.

Довольны в Великобритании знаниями казахстанских студентов и намерены продолжать сотрудничество с АО «Назарбаев Университет» и привлечь к этому Кембриджский университет. Британский бизнес верит в Казахстан. Он инвестировал в экономику республики более чем 15 миллиардов долларов с момента обретения ею независимости. В рамках заседания совета были обсуждены вопросы партнерства в области инвестиций, инноваций, высшего и профессиональнотехнического образования, медицины и охраны окружающей среды [8].

День10 ноября 2011 года на Лондонской фондовой бирже открылся с приветствия делегации Казахстана и Фонда национального благосостояния «Самрук-Казына» одной из крупнейших мировых торговых площадок. Старт торгам дали главы Лондонской фондовой биржи и ФНБ Хавьер Роле и Тимур Кулибаев.

Посол Великобритании в Казахстане Дэвид Моран констатировал плодотворное и долгосрочное сотрудничество с Казахстаном: Англия занимает пятое место по объемам инвестиций в нашу страну. Он выразил уверенность в успешном наращивании этого взаимодействия, в том числе в рамках реализации программы «Народное IPO» между биржами двух стран.

В свою очередь посол Казахстана в Великобритании Кайрат Абусеитов обратил внимание на то, что это первое мероприятие, которое основано на концептуальном подходе business to business. Таким образом, мы подходим к совершенно новой стадии развития экономических отношений двух стран.

К.Абусеитов высказал надежду, что такие встречи будут проходить каждый год: один – в Астане, следующий – вЛондоне. Именно теме программы «Народное IPO» была посвящена первая сессия казахстанскогодня на Лондонской фондовой бирже. Следующие были посвящены не менее важным

34

темам: фармацевтической, химической промышленности, горно-металлургическому комплексу и энергетике. Также прошло заседание «круглого стола» на тему «Инвестиции и инновационное развитие».

Были подписаны два конкретных соглашения между одной из казахстанских национальных компанийинаучнойлабораториейКэмбриджа.Онинаправлены на исследованияважныхнаправлений ивыпускпродукции,доэтогонепроизводимыхвКазахстане,ноотвечающихмировымстандартам[9].

Таким образом, в настоящее время экономическое сотрудничество между Казахстаном и Великобританией поднимается на более высокий уровень.

Литература

1.Декларация двадцатилетия государственной независимости Республики Казахстан // Казахстанская правда. - 2010. 12 декабря.

2.Континент. - 2001. №3. - С. 30.

3.Матвеев В.М. Британская дипломатическая служба. - М.: МО, 1990. - С. 25.

4.ПлатД.С. The Cinderella Service. - London, - С. 268.

5.Назарбаев Н.А. «Казахстанский путь». - Астана, 2006. - С. 274.

6.Казахстанская правда. - 2006. - 21 ноября.

7.Дипломатический курьер. - 2008. №1. - С. 133.

8.Казахстанская правда. - 2011. - 17 сентября.

9.Казахстанская правда - 2011. - 11 ноября.

Жұмабаева М. Қ.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті Шығыстану мамандығының 2 курс студенті Ғылыми жетекшісі:

к.и.н., доцент Есеркепова Ж.О.

ЖАПОНИЯНЫҢ ОТАРШЫЛДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ КОРЕЙ ЖАРТЫАРАЛЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Отаршылдықты бастан өткізген Кореяда жапондық білім беру саясатында түбегейлі өзгерістер болды десек қателеспейміз. Себебі, Корей жартыаралында 35 жыл бойы бірнеше миллион халық отаршылдық жағдайында білім алған еді. Бұл факторды біз есепке алмай сол, 1950-1970 жж. екі Кореяда өткен саяси және экономикалық процестердің толықтай түсінікті болуы мүмкін емес. Жалпы, Кореядағы отаршылдық кезең дәстүрлі түрде үш кезеңге бөлінеді: «Қылыш режимі» (1910-1919), «Мәдениетті басқару кезеңі» (1919 - 1930 орталары) және «ассимиляция кезеңі» (1930-1945). XIX соңында - XX ғасырдың басында Кореядағы білім беру жүйесі тоқырау күйінде болған. Сауаттылық деңгейі2%-даназ болды.Мектептердіңбасымкөпшілігісондай болды. Арнайыпедагогикалықбілімі жоқ мұғалім студенттерге классикалық қытай тілі және Конфуциндық канон сабақтарынан оқытатын. Оларды қосу кезінде 10 мыңнан астам болды. Сонымен қатар, елде оқушыларға заманауи білім берілген бірнеше мектеп бар еді (негізінен шетелдік миссионерлер негізін салады), алайда оқу орындарының жалпы санындағы олардың үлесі өте аз болды. Жапония корей білім алу жүйесін қарқынды жаңғыртуды 1905 жылы протекторат құрудан бастады.

Протектораттың бес жылында қарапайым мектептер саны 22-ден 101-ке дейін өсті. Қыздарға арналған орта мектеп және 15 өндірістік мектептер ашылды. Алайда, ауылдық жерлерде білім көбіне дәстүрлі болып кала берді. Сонымен қатар, шет тілі оқытылатын 7 арнайы оқу орнының 6-ы жабылды.

Профессор-оқытушылар құрамына қатысты генерал-губернатор тұтастай сегрегация саясатын жүргізді: мектеп директоры лауазымына тек жапондықтар ғана тағайындалуы мүмкін еді. Корей ұлтынан мұғалімдер мен ассистенттер қызметіне ғана алды. Бірақ, корейлерге арналған беделді мектептерге жапон мұғалімдерін де қабылдады.

Олардың мәртебесіне қарамастан, барлық мұғалімдер үкіметтік шенеуніктер деп танылды және соған сәйкес өз артықшылықтарын пайдаланды. Білім беруді діни құрылымдардан бөліп шығару саясаты мақсатында мектептерге экскурсиялық діни білімге толық тыйым салынды. Бұл шетелдік миссионерлерге үлкен соққы болды. Мүмкін, бұл осы реформалардың мақсаттарының бірі:

35

Миссионерлердің көпшілігі корей тәуелсіздігінің жақтастары болды, ол, әрине, отаршыл билік орындарына ұнамады.

1919 жылдың наурызында Кореяда отаршыл билік органдарына карсы жаппай көтеріліс басталдады. Бірақ, көтерілісті полиция, жандармерия және армиямен бірге қатал түрде басылды. Оны пайдаланып Жапония империясының премьер-министрі Хара Такашиге сылтаулар ретінде жалпы генералдың өкілеттігін бірнеше рет қысқартқан реформа жүргізді. Кореяның губернаторы және бұрынғыадмиросотоМакотодыосылауазымғатағайындады.Соңғысы,Харажоспарлағандай,Кореяға қатысты саясатын едәуір жұмсартты. Оның патшалық кезеңі «Мәдениетті басқару дәуірі» аталды. 1920 жылдардың басында. Саито Кореяда Тэраути орнатқан жүйені ауыстырып, екінші «Білім туралы қаулы» мәтінін дайындау үшін комиссия құрды. Комиссия 28 адамнан құрылды, оның үшеуі кәріс болды: Сок Чинхён, Ко Вонхун және Ли Ванён.Сонымен қатар, соңғысы жапон тілінде сөйлемеген. Комиссия басшысы Мдизуно Рэнтарo болды.

Қызығы, бұл жарлықты қайта қараудың басты себебін генерал-губернатор қоғам білім беру жүесіне наразылық білдірді деп түсіндірді.

Комиссия келесі ережелерді жасады: Кореяның білім беру жүйесін мүмкіндігінше метрополит жүйесінежақындатукерек,корейлердіңжапондықоқуорындарынатүсуінетыйымсалужойылукерек. Жарлық 1922 жылғы 4 ақпанда жарияланды. Оның айтуынша, комиссия жоспарланғандай, корейлерге Жапон тіліндегі мектептерде оқуға рұқсат берілген, ал жапондарға тілінде - корей тілінде. Басқаша айтқанда, бар білім берудегі сегрегациялық жүйе аяқталды. Дегенмен, осы дәуірдің ең маңызды оқиғасы шартты түрде Keijo Imperial университетінің ашылуы. 1923 жылы генерал-губернатор Корей империялық университетінің құрылу комиссиясын құрды.

1924 жылы дайындық бөлімі құрылды, 1926 жылы екі бөлім ашылды, заңгерлік және медициналық факультет. Бұл Жапониядағы алтыншы империялық университет және бірінші колонияда ашылған университет болды. Мұғалімдердің көпшілігі жапон болды, ал бүкіл университет тарихындағы корейлік жалғыз профессор Юн Тэйдон болдыТокио империялық университетінің мәдениет факультеті, философия кафедрасының түлегі. 1945 жылдың тамызында жапон империясы Екінші дүниежүзілік соғысында капитуляцияны жариялап, нәтижесінде Корея тәуелсіз болды. Жаңа билік толығымен жаңа білім беру жүйесін құра бастады. Жалпы айтқанда, 1930-шы жылдары отаршылдық басқару әдісі заманауи адамға бас тарту тудырады. Айта кету керек, бұл тіпті жапондық империяның қоғамдық мүдделері тұрғысынан мүлдем тиімсіз. Колониялы әкімшілік 1930-шы жылдардан бастап кореялықтардың жеке өміріне араласып, олардың жеке басының бостандықтарын шектеп, білім беру жүйесінен корей тілін жойып, жапондандыруды мақсат еткен. Сонымен қатар, олар ешқашан метрополия тұрғындарымен теңдестірілмеген. Мұның бәрі, әрине, колониядағы халықтың көп бөлігінде жапонға қарсы көңіл-күйді арттырды. Соңында, осы кезеңде жапон билігі корей білімін жаңғырту іс жүзінде тоқтатылды, ол оның сапасына теріс әсер етті.

Қорытындылай келе, білім беру реформасы арқылы, Кореядағы жапон билігі оларды игеруге ұмтылуда және жаңару жолында екі мақсат қойды:

бастауыш білім берудің таралуы және Жапонияға және отаршылдық билікке оң көзқарас интеллектуалды корейлық ұтымды элита құру. Бірінші міндет ағартушылық көріністе болды. Ол сол жылдары Жапониядаүстем болдыжәнетабыстыіске асырылды, екіншісікорей тіліндетұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет болды.

Колониалдық билік білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Кореяда сауаттылық деңгейі өсті ондаған есе (ерлер үшін - 4% -дан 60%, әйелдер үшін - 0,5% -дан 20% -ға дейін). Аннексия кезінде, ерлердің 20% -ы және 1% -дан азы мектепке барған, ал 1945 жылы - 70% ер балалар мен 20% қыздар. Кореяда жапондық протекторат құрылмай 34 заманауи мектеп болды, ал 1942 жылы - 3, 936. Корей тарихында алғаш рет елде қазіргі заманғы білім мен ғылым келді. Колониялық білім беру кореялық қызметкерлерді өнеркәсіпте және инфрақұрылымда жұмыс істеуге берді: жапондық басқарушы жылдарда, Кореядағы зауыттардың саны елу есе өсті. Сонымен қатар, жапон басқармасының барлық кезеңінде корейлерге дискриминация жасалды. Ал олардың білім алуына жапондықтармен салыстырғанда мүмкіндіктері айтарлықтай төмен болды.

Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, соңғы онжылдықтағы көші-қон саясаты, әрине, кәрістердің жеке өміріне, олардың тілін және мәдениетін сақтау құқығын, дін бостандығын қатал бұзғаны үшін біржақты айыптауға лайық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Цуруми Е.П. Колониальное образование вКорее и Тайване //Японская колониальная империя, 1895-1945. Принстон: издательство Принстонского университета, 1987. Стр. 275-311.

36

2.О.С. Ким К. Японское колониальное образование как оспариваемая территория// Азиатско-Тихоокеанское образование.

Обзор, 2000. Том. 1, №1. Рр.75-89.

3.Каприо М. Цивилизация корейцев: дебаты 1910 года о корейском образовании // Труды 1-го Всемирного конгресса корееведения, II. Сонгнам: Академия корееведения, 2002.

4.(Исследование изменний колониальной политики в области образования в период японской оккупации на основе [анализа] учебника генерал-губернатора по совершенствованию личности) //Японский язык и культура Вып.27.) Кванчжу,2005

5.(Ким Ханчжон.Совместное обучение японцев и корейцев во время действия второго Указа об образовании в Корее

иреакция корейцев // История провинции Чхунчхон.Вып.48).Кончжу, 2007.

Жандосова Ә.М.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900-Шығыстану» мамандығының 1 курс PhD докторанты Алматы, Қазақстан e-mail: zhandossova.a@gmail.com

ЕКІ КОРЕЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ БІРІГУ МӘСЕЛЕСІ: КЕДЕРГІЛЕР МЕН БОЛЖАМДАР

Мақалада Екі Корей мемлекетінің бірігу мәселесіндегі кедергілер мен болжамдар теориялық тұрғыда талданып, қарастырылды. Корей түбегінің геосаяси жағдайы өткен жылдарда да, қазіргі уақытта да маңызды болып қала береді. Себебі, Корей түбегіндегі жағдай және оның даму үрдістері көрші мемлекеттер мен тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастықты қамтитындығымен түсіндіріледі. Сондықтан мақалада екі Корей мемлекетінің бірігуіндегі қиыншылықтар жайында анализ жасалып, талданды.

Түйін сөздер: Корей түбегі, геосаяси әлеует, Кореяның бірігуі, 38 параллель, декларация.

Кореяның екіге бөлінуі ХХ ғасырдың ең қайғылы оқиғаларының бірі болып табылады. 38-ші параллель бойынша "кесілген" түбек суық соғыстың сарқыншағы болып қала береді, сонымен қатар оған қатысушылар өз іс-әрекеттерінің салдары қарапайым халыққа орны толмас қайғы алып келетіні жайлы ойланбаған еді.

1945 жылы жазда ұлыдержавалардыңБерлин конференциясы 38 ендікті Кореядағы американжәне кеңес әскерінің әскери іс-әрекетінің демаркациялық сызығы ретінде белгілеу жөнінде шешім қабылдайды. Осы шешім бойынша кеңес әскері Кореядағы жапон әскерінің тізе бүгуін 38 ендіктен солтүстіккеқарай,аламериканәскері38ендіктеноңтүстіккеқарайқабылдауыкерекболды.Осылайша жапон әскерінен елді тазарту, босату мақсаты Кореяның уақытша бөлінуіне алып келеді. Осы кездері АҚШ пен КСРО әркім өз аймағында жаңа мемлекеттік құрылым жүргізу мақсатында корейліктер арасынан беделдіқайраткерлердііздейбастайды. АҚШ-тың тапқан мұндайқайраткерібуржуазия өкілі американшыл қайраткер Ли Сын Ман болды. Американ билігі оны Оңтүстік Кореяда «ұлт әкесі» деп жариялады. Ал Кеңес әскери әкімшілігі Солтүстік Кореядағы ұсақ ұлтшыл буржуазия өкілдері арасынан беделі бар ешкімді таба алмады, сондықтан да Солтүстік Кореяның көшбасшысы ретінде Ким Ир Сенді «баулуына» тура келді. Оны «ұлттық батыр» және «әйгілі партизан қолбасшы» деп жариялайды. Оңтүстік Кореяны оккупациялау арқылы АҚШ-тың билеуші тобы уақытша демаркациялық сызықты Кореяның екі бөлігі арасындағы шекараға айналдыруға тырысты. Осылайша Кореяның уақытша бөлінуі жөніндегі келісім бұзыла бастады. 1945 жылы ұлы державлардың Ялта конференциясында АҚШ өзін Кореяның қамқоршысы болуға ұсыныс жасайды. Ал Кеңес Үкіметі лениндік ұлттық саясат негізінде Корей халқының шетелдіктерден арылып, толық жеке мемлекеттік дәрежеге жетуіне көмектесуге тырысты (Бұл, әрине, Совет Үкіметінің таратқан нұсқасы еді [1].

1948 жылдың қыркүйегінде түбекте идеологиялық тұрғыдан қарама-қарсы екі мемлекет пайда болды. Осыдан кейін басталған Корей соғысы екі елдің күшпен бірігуінің мүмкін еместігін айқын көрсетті. Кейіннен Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтық тек ұлғая түсті.

Қазіргі таңда түбектің бірігуінің келешегі жұмсақ айтқанда өте бұлыңғыр. Солтүстікте де, Оңтүстікте деқарапайым халық уақыт өте келе бір ел шеңберінде өмір сүруді қаламайды. Қоғамдық пікірге сәйкес, Оңтүстік Кореяның 40 жасқа дейінгі тұрғындарының көпшілігі бірігуге ұмтылмайды. КХДР-ның ҚР-дан барлық салада артта қалуы барынша айқын көрініс тауып, орта есеппен 30 жылды құрайды. Екі Корей мемлекетінің бірігумәселесіншешудіңбасты қиыншылығының бірі Ресей, Қытай,

37

АҚШ, Жапония сынды алып мемлекеттердің Корей түбегіндегі жеке мүдделерінің болуын атап өтсек болады [2].

Дегенмен, екі елдің ресми тұлғаларының баяндамаларына сәйкес, Кореяның бірігуіалға қойған басым міндеттердің бірі болып табылады. Сонымен, Корея Республикасының Конституциясының кіріспесінде президент "демократиялық реформаларды жүзеге асыру миссиясын және туған мемлекетінің бейбіт бірігуін" өзіне жүктейді делінсе, ал 3-бапта: "Корея Республикасының аумағы Корей түбегі мен онымен көршілес аралдарды қамтиды"

деп жазылған. Сонымен қатар, үкімет құрылымында елдің бірігуістері жөніндегі министрлік бар. Екі корей мемлекетінің бірігу мәселесін шешу талпынысы ретінде 2014 жылдың 17 қыркүйегінде Сеул қаласында өткен " Корей түбегінің бірігуі АҚШ, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея үшін шығындары мен пайдасы" атты конференцияны атап өтуге болады. Корей мемлекеттік халықаралық экономикалық саясат институты ұйымдастырған бұл іс-шараға Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция, Үндістан, Ұлыбритания және басқа да елдердің жүзден астам ғалымдары, сарапшылары, профессорлары, дипломаттары және журналистері қатысты. Пікірталас барысында қатысушылар КХДР мен Корея Республикасы бірігу жолында бес қиыншылықты еңсеру қажеттігін атап өтті, олардың кейбіреулері сынға ұшыраса, ал басқалары керісінше мақұлданды [3].

Саяси қиыншылықтар.

КХДР президенті Ким Чен Ын үшін династиялық режимді сақтау басты мақсат болып табылатындықтан, КХДР оның күйреуіне әкелетін жағдайларда ұлттық бірігуге келісуі екіталай. Сонымен қатар, еркін демократиялық Оңтүстік Корея да сталиндік тоталитаризмге бағынғысы келмейтіні анық. Сондықтан, саяси бөліністі жеңу үлкен қиыншылықтар алып келуі анық.

Корей түбегіндегі мәселенің шешімінің бірі ретінде екі бірегей саяси жүйе біртұтас ұлт аясында өмір сүріп жатқан Қытай мен Гонконг типі бойынша "бір ел, екі жүйе" принципінұстануға болады. Алайда, Ким Чен Ын ішкі бақылауды әлсіретіп, қарапайым халықтың халықаралық бағыттардағы сапарына, ақпарат пен капитал алмасуына рұқсат еткен жағдайда оның позициялары күрт әлсірейді, себебі оның кедейшілік пен тотаалитарлық жүйеде өмір сүріп жатқан 25 миллион халқы демилитаризацияланған аймақтың қарама-қарсы жағындағы өзінің неғұрлым дамыған және бай 50 миллиондықұрайтынКореяРеспубликасыхалқытәріздіэкономикалықтепе-теңдіктіқалайтынысөзсіз (Берлин қабырғасының құлауы мұндай жағдай қандай қиыншылықтар алып келетіне дәлел).

Экономикалық қиыншылықтар.

Тіпті елеулі саяси кедергілерді екінші кезекке қалдырсақ та, экономикалық мәселелерді шешу қиынға соғады. Аграрлық Солтүстік Кореяның жалпы ішкі өнімі Оңтүстік Кореяның 1% - дан кемін құрайды. Оңтүстік Корея әлемнің онбірінші экономикасы,ондаең озықтехнологияларжасалып, үздік инженерлік фирмалар жұмыс жасайды. Егер екі экономика біріксе, 1990 жылы Шығыс және Батыс Германия біріккеннеге кейін пайда болған қиындықтардан әлдеқайда көп болады. (Бүгінде Германияның шығыс облыстарының даму қарқыны батыстан артта қалып отыр).

Сондықтан да Оңтүстік Корейлік бірігу жоспары бірнеше онжылдыққа есептеліп, сол мақсатқа жету үшін біртіндеп қадамдар жасалуда. Экономикалық ынталандырудың арқасында Солтүстік Корейліктердің өмір сүру деңгейін жақсарта отырып толық ассимиляция жасау жоспарланып отыр. Дегенмен, өсу қарқынының бәсеңдеуі, жастар арасындағы рекордтық жұмыссыздық және халықтың қартаюымен бетпе-бет келетін Оңтүстік Корейлер үшін мұндай келешек бұлыңғыр болып отыр.

Әлеуметтік қиыншылықтар.

Оңтүстік корейлік қоғам — әлемдегі ең озық, бәсекеге қабілетті және талғампаз қоғам болып табылады. Бұл ел «K-pop» музыкалық жанрын жарыққа шығарды, косплей сияқты хоббиді танымал етті, адам күйзелісті шешу мақсатында заттарды бүлдіру мүмкіндігін алатын "ашу бөлмесін" жасады, тәулік бойы ойнауға болатын бейне ойындар салондарын және жануарларға арналған экзотикалық кафелерді ашты. Бірақ осы заманауи мәдениетте көптеген әлеуметтік аурулар жасырылады. Оңтүстік Корея дамыған елдер арасында жұмыс күнінің ұзақтығы бойынша әлемде екінші орында тұр, тіпті мектеп оқушылары да Оңтүстік Кореядағы жетекші үш жоғары оқу орындарының біріне түсу үшін күніне 16 сағаттан оқиды. Онда барлық пластикалық операциялар жасалады және жасөспірімдер арасында суицидтің ең жоғары көрсеткіші белгіленген. Осындай бәсекелес, ең мықты дегені жеңіп, әлсіздер жеңілетін Оңтүстік Корейлік әлеуметтік орта мен ұжымдық Солтүстік Корея арасындағы қарама-қайшылық үлкен.

БарлықОңтүстікКореялықерлерәскердеекіжылқызметететінболса,СолтүстікКореяүшіннорма 10 жылды құрайды. КХДР-дағы мектеп білімі идеологиялық өңдеуден тұрады. Сондықтан, СолтүстіктенқашыпкетушілерОңтүстіктеөмірсүругебейімделуіөтеқиын.Олардепрессияданзардап шегеді, жұмыс таба алмайды, кейде тіпті КХДР-ға қайтуға мәжбүр болады. Солтүстік

38

корейліктерОңтүстік корейліктермен бәсекеге қабілетті болып, қажетті дағдылар мен мүмкіндіктерді қабылдау үшін бейімдеуорталықтары, құқық қорғау және әлеуметтік ортаға бейімдеу бағдарламалары қажет болады. Алайда, бұл қоғамдағы әлеуметтік толқулар мен наразылықтар туындатуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір Солтүстік корейліктер, әсіресе атыс қаруымен қолдана алатын әскери қызметкерлер өздерінің өмір деңгей мен сапасын жақсарту үшін ұсақ ұрлық пен қылмысқа баруы әбден мүмкін.

Қауіпсіздік.

Солтүстік Кореяның тұрақты әскерінде 1,1 миллион адам, ал резервте7,7 миллион адам. Оңтүстік КореялықҰлттықҚорғанысминистрлігініңбаяндамасынасәйкес,Пхеньянда — 1 300-денастамұшақ, шамамен 300 тікұшақ, 250 десанттық кеме, 430 жауынгерлік кеме, 4 300 танк, 2 500 бронемашин, 70 су астықайығыжәне5500реактивтіотжүйесішоғырланған.Соныменқатар,шамамен60ядролықбомба, аз қашықтықтағы және құрлықаралық ракеталардың кең жиынтығы мен химиялық қарудың 2 500-5 000 тоннасы жинақталғаны жайлыы ұмытпау керек.

Біріккен Корей мемлекеті үшін басым міндеттердің бірі осы арсеналды сатуға және оны таратудың өзге де тәсілдерінежол бермеу болып табылады. Өкінішке орай, әлем бұл арсеналдың орналасқан жері мен оны басқару жүйесі туралы аз біледі. Алайда ең үлкен алаңдатушылықты зымыран-ядролық қару жөніндегі мамандар тудырады, себебі олар жұмыссыз қалып, өз білімдері мен таланттарын сату мүмкіншілігі бар, соның ішінде тіпті криминалдық және террористік топтар осы мамандарды пайдалану қаупі зор. Жақында "Тайм" тілшісі Саймон Шустер (Simon Schuster) хабарлағандай, Солтүстік Кореяның зымырандық бағдарламасы жұмыстан айырылған Кеңес Одағы ғалымдарының көмегімен жүзеге асқан.

Геосаяси қиыншылықтар.

Шығыс Азияның геосаяси қауіпсіздігі тепе-теңдікті талап етеді. Себебі, Оңтүстік Корея мен ЖапонияАҚШ-тыңнегізгіодақтастарыболыптабылса,СолтүстікКореяныҚытайменРесейқолдайды (алайда бұл қолдау тұрақсыз, ал бүгінгі таңда бірте-бірте әлсіреуде). АҚШ Жапонияда 40 000 және Оңтүстік Кореяда 28 500 әскери қызметшіні ұстаудың маңызды себебіСолтүстік Корея тарапынан қауіп-қатердің бар екенін айқындайды. Қытайдың Солтүстік Кореяны қолдауы негізінен Пекиннің Корей түбегінің бірігіп, АҚШ-тың одақтастарына айналуына куә болғысы келмеуімен түсіндіріледі және – бұл жағдайда американдық әскерлер тікелей қытай шекарасына шығуға мүмкіндік алады.

Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы бірігу немесе ресми бейбіт келісім орнаған жағдайда ВашингтонОңтүстікКореядағыөзініңәскерибазасынанайырылуқаупібар."СолтүстікКореядабейбіт режимдіорнаса,түбектеамерикандықәскерлердіңкерекеместігіжайлымәселелертуындайды", - дейді Халықаралық дағдарыс тобында (International Crisis Group) аға зерттеуші және Корей түбегінің мәселелеріне маманданған Кристофер Грин (Christopher Green). Сондықтан саяси тұрғыдан бұл Оңтүстік Корея үшін елеулі тұрақсыздыққа алып келеді [4].

Әдебиеттер

1 Волынчук А. В., Андреева Ю. В. Проблемы и перспективы объединения стран Корейского полуострова: опыт геополитической экспертизы / Вестник Челябинского государственного университета. Политика и политические науки,

Челябинск. — 2013. — № 14. — С. 35–41.

2 Смирнова Н. С. Проблемы объединения Кореи на современном этапе: взгляд российских и американских исследователей // Молодой ученый. — 2018. — №28. — С. 71-77. — URL https://moluch.ru/archive/214/52033/ (қаралған күні:

10.04.2019).

3 Пак Чжу Ен. Объединение Кореи: современный этап решения проблемы и значение межкорейского саммита 2007 / Известия Российского государственного педагогического университета им. А. И. Герцена. — 2009. — С. 66–70.

4 КНДР и Южной Корее необходимо преодолеть пять препятствий на пути к объединению – URL: https://inosmi.ru/politic/20180426/242090689.html (қаралған күні 10.04.2019)

39

Жанзақ Аружан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану мамандығының 3-курс студенті (корей тілі)

Ғылыми жетекші аға оқытушы Ташкенбаева Б.Ж.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ

Шығыс Азия елдері үшін саяси жаңару – өзмәдени ерекшелігі мен батыс институттарының кірмелерін байланыстыру арқылы даму жолдарын іздеу. Корея Республикасы – экономикада да, саясатта да едәуір жетістікке жеткен Шығыс Азия елдерінің бірі де бірегейі.

Оңтүстік Корея демократиялық саяси режимінің болғанына аз уақыт қана өткеніне қарамастан, ел өз «корей» демократиясын ашып, либералды өзгерту жолына сенімді аяқ басуда. Демократиялық толқын концепциясына сүйенсек, ел үлкен және көп жоспарлы үшінші жақтық толқынға кіреді.

ТүрлізерттеушілерШығысАзиясаясимәдениетіменбатыссаясиинституттарыныңұқсастықтары туралы әртүрлі ойда. Корея Республикасының партиялық жүйе эволюциясын зерттеу – конфуцийшілдікті сақтай отыра, батыс үлгісін қолдану дегенді білдіреді.

Осылайша, зерттеу жұмысының өзектілігі 2 аспекттен тұрады:

1. Оңтүстік Корея партиялық жүйесінің өзгерістерін зерттеу басқа да Шығыс Азия елдеріне, дамудың белгілі бір мүмкіндігін береді. Мысалы, партиялық жүйе эволюциясын дәстүрлі саяси мәдениет пен бөтен саяси институттардың үйлесімділік мәселелерін шеше алатын стратегиялардың бірі ретінде қарауға болады.

2. Қазіргі таңда Корея Республикасының дамуында басты қадам оның әлемдік қоғамға тек қана экономикасы мықты емес, демократиясы да дамыған ел ретінде кіруі. Нәтижелі жұмыс істейтін партиялық жүйе кез-келген демократиялық елдің маңызды атрибуты, сол себепті Оңтүстік Корея партиялық жүйесінің эволюциясы – бұл демократизацияның жалпы барысының және корей қоғамының бірігуінің бейнесі.

Елдің басқа шығыс және батыс елдерінен айырмашылығы «партия» термині Кореяда өте ертеде – XVI-XVII ғ. қолданыла бастады. Бірақ «Партия» құбылысының өзі елге де, саяси топтарға да таңсық болмады.

Тағы бір қызмет еткен сала – әскери сала, әскерилер ел саясатында ерекше рөлге ие болды. Коре мемлекеті кезіндегі төмен жағдайға қарамастан, саяси қоғамда әскерилер әрқашан ерекше назарда болды.

Сонымен қатар, Кореяның саяси жүйесі дамуының тағы бір ерекшелігіне институттық құрылым сияқты партиялық ерекшелік жатады. XVII-XIX ғ. партиялық топтар нық құрылымды болмады, тек үлкен көшбасшылардың өзін қолдайтын жақтастарымен бірігуін көрсетті. Соңғы сипаттама идеологиялық платформаға қатысты. Көптеген партияларға бөлінген топтар XIX ғ. корей қоғамына дәстүрлі құндылықтарды жинақтаумен және батыс саяси ойларымен танысып, өз саяси көзқарастары тұрғысынан қортыныд пікірлерін білдіріп отырды. Жапон отарлауы кезінде түрлі қоғамдық ұйымдар ашыла бастады, алғашқы партиялар елдің егемендігін қорғау барысында ашылды. Сол себепті жапон отарлығы кезінде партиялар саны жеткілікті болды және олар түрлі идеологиялық ағымдардан тұрды.

XX ғ. 1-жарт.партиялардыңтабыстықызметінеқарамастан,қоғамда«тан»терминіжағымсызәсер қалдырды. Сол себепті осы уақытта құрылған көптеген партиялар өз атауында «хве» терминін қолданды.

Осы уақытта КР саяси тарихында тағы бір дамуға ие болған ерекшелік пайда болды. Бұл студенттердің саяси күреске белсенді қатысуы. Сонымен қатар жапон отарлауы кезінде Корея саяси өміріне мына құбылыстар аяқ басты: жаппай қөтерілістер, анық саяси платформаның жылжуы, ұлтаралық газеттердің шығарылуы және т.б. Дәл осы жылдары заманауи саяси партиялардың қалыптасуы басталды.

Жапон билігі кезінде саяси ұйымдар ашу әрекетері тоқтатылды. Бірақ сонда да Жапон империясы төңірегінде тәуелсіз корей қозғалыстары жұмыс жасауын жалғастыра берді. Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның берілуі және түбекте екі елдің пайда болуы елде көптеген ұйымдардың ашылуынаәкеліпсоқты.Оныңішіндежастар,әйелдержәнедінисияқтыұйымдардаболды.Осылайша, Жапониядан босатылғаннан кейін Кореяның саяси үрдісі мына жағдайлар бойынша өтті: қатаң отарлық билік, Жапония жеңілісі, көптеген саяси қозғалыстар, тарихи жағдайлардың абсолютті

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]