Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
3
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

саясаттандырылуы. Бұған құрылымды факторларды қосу керек: Кореяның еріксіз бөлінуі, корей саясатына кеңес одағының және американдықтардың кірісуі мен шет ел әскері басқыншылығы.

Корея босатылуының алғашқы жылдарында саяси ұйымдардың ортақ ұрандары болды және ұқсас еді. КСРО мен АҚШ араласуынан кейін, ұлттық тәуелсіздікті сақтау қиынға соқты. Осы уақытта елде алғашқысаясибөлінулербасталды:елмәлімдегендемократиялықидеалдарарасындағықақтығыс.Бұл қайшылық Оңтүстік Корея саяси тарихында 40 жыл бойы жалғасты. АҚШ-тың ықпалымен партиялық ұйымдардың дамуы әрқалай және шексіз болды. Бір жағынан американдықтар саяси құрылыста заңды базаның жасалуына жәрдемдесті. Оңтүстік Корея алғашқы республикаларының саяси жүйесіне халықтың көп бөлігінде селқостық көрсетіліп, қала топтарында қызығушылық болмады.

Айтылған сипаттамалардың салдарынан корей қоғамында 1940-1960 ж. саяси күрес бөлек саясаткерлер арасында болып, ал партиялық ұйымдар тек түр ретінде болды. Мысалы, 1-Республика кезіндегіЛибералдыпартия,СәуірреволюциясынанкейінгіДемократиялықпартия,XVI-XVIIIғ.саяси күрестегі үрдістерді қолдаған. 3 және 4-ші Республикалар кезеңі Оңтүстік Корея партиялық жүйесіне көптегенөзгерістералыпкелді.Біріншіден,екіпартиялықжүйе«КимЧжонпхильжоспары»тәжірибесі бекітілді және оппозициялық топтардың басқарушы партиямен күресң себеп болды. Екіншіден, нәтижелі әлеуметтік-экономикалық реформалар салдарынан өз құқығы мен бостандығын қорғайтын және саналы түрде партияға кіргендер саны өсті.5-ші Республиканың қалыптасуы саяси элитаның өзгеруімен тура келді. Ұлттық жиналыста жұмыс істейтіндер құрамы толық өзгерді. Бұл басқа әлеуметтік және саяси тәжірибесі бар саясаткерлер заманы болды. 4-ші Республиканың аяқталуына дейін,елде160партияболды,оныңтекбесеуісаясиаренадақалаалды:Ұлттықдемократиялық партия, Демократиялық партия, Демократиялық либералды партия, Жаңа демократиялық партия және Демократиялық республикалық партия. 1948-1987 ж. партиялық жүйе дамуын белгілі бір заңдылықтармен нәтижелеуге болады.

Осылайша, ОК қалыптасуының алғашқы 40 жылында Кореяның қазіргі таңдағы саясатына әсер ететін партиялық жүйе сипаттамалары орын алды. Дәл осы уақытта регионализм үрдісі өз дамуына ие болды. Саяси жүйе тұрақсыздығынан саяси партиялардың нық құрылымы болмады және ұзақ уақыт бойы сақтала алмады. Қырғи-қабақ соғыс, Солтүстік Кореяның шабуылынан үнемі қорқу – бөгет жасады, тіпті партиялардың көлденең пайда табуын мүмкін емес қылды.

ОК-ның саяси жүйесінің демократиялық дамуының алғашқы 10 жылдығында түрлі өзгерістер болды. Біріншіден, президент оопозициядан келген үміткер болды. Екіншіден, Ким Дэчжунмен Ким Чжонпхиль одағының пайда болуы, бұл екі партияның одағы емес, жетекші партиялар мен саяи кошбасшылардың серіктестігі болды. Үшіншіден, Ұлттық Жиналыс құрамы мен партияларда жаңарулар болды. Саясаткерлердің жаңа ұрпағы ішкіпартиялық реформаларды, ішкіпартиялық басшылық демократизациясымен айналысты.

XXI ғ. алғашқы 10 жылдығында КР партиялық жүйесі дами берді. Біріншіден, сайлау алдыңғы науқандарға байланысты жаңа құрылымдар жасалды. Және ішкіпартиялық таңдау жүйесі енді. Екіншіден, дәл осы уақытта көлденең пайда табатын партиялар пайда болды. Үшіншіден, сайлау алдыңғы науқанның алғашқы жоспарына сыртқы саяси (АҚШ, КХДР) және әлеуметтік-экономикалық мәселелер кірді.

2004-2008ж.парламенттіктаңдауларсаясиалаңғаүшіншікүш – солшылдарпартиясыналыпкелді. Олар регионализмге аз бейімделген, анық әлеуметтік топтарға сүйенген және кәсіподақ демеуіне ие.

Қорытындылай келе, еңбекте корей партиялық жүйесінің эволюциясы қаралды. Нәтижесінде ОК партиялық жүйе ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

-персонализм, барлық дәстүрлі конфуцийшілдік мәдениетке тән. Партиялар ықпалды саяси көшбасшылардың жанында ашылған және ашылады;

-басқарушы және оппозициялық партиялардың әрқашанғы тайталасы;

-регионализм, өз тарихи-мәдени негізін корей дәстүрлі мәдениетінен алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Андронова Л.А. «Партии» в традиционной Корее: истоки и эволюция// Вестник Томского государственного

университета,

 

 

 

 

2010.

 

 

 

341.

2.Ланьков

А.Н.

Политическая

борьба

в

Корее

XVI–XVIII

вв.СПб.:

1995.

200с.

3.Толстокулаков И.А. Политическая модернизация в Южной Корее: опыт историко-политологического анализа. ДВГУ., 2007

Ч.2. 424 с.

41

Жүніс Ф.И.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенті Ғылыми жетекші:

т.ғ.к., доцент Ашинова Ж.Е.

ЖАПОН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 9-ШЫ БАП МӘСЕЛЕСІ

Қазіргі таңдағы адамзаттың өмір сүрусалтына, сонымен қатар адамзаттың ойлауына қарай отырып әлем өзгерді, дамыды деген ойға келе аламыз. Еліміз бейбіт аспан астында болғанымен, әлемнің назарынөзінеаудартыпотырғанмәселелерқаншама.СоныңбіріЖапонКонституциясы.Жапонияның Конституциясы әлемнің бар назарын өзіне аудартуының себебі неде деген ой пайда болары анық. Жапон Конституциясындағы 9-бап бойынша Жапония ешқандай соғысқа қатыспайды және әскер күшін ұстамайды, тек өзін-өзі қорғау мақсатында шекара аймағын қорғау үшін ғана әскер күшін ұстауға құқылы, сонымен қатар жылдық бюджетке түскен түсімнің тек 1% ғана әскерді жабдықтауға жұмсай алады. Бұл мәселенің, мақаланың өзектілігіЖапон Конституциясындағы 9-бап мәселесі қазіргі таңда не үшін күн тәртібінде бірінші орында тұрғанын, не үшін алдыңғы қатарлы мәселе боп тұрғанын ашып көрсету болмақ.

Жапония қазіргі таңда пацифистік Конституциясы бар, экономикасы дамыған, әлемде алдыңғы қатардан орын алатын елдердің бірі. Шетелге көз жүгіртер болсақ, кез келген экономикасы дамыған ел, өз дамуын әскер күші, сонымен қатар әлемдік саясатқа белсенді араласушылығымен көрсетеді. Бірақ, бұл жайт Жапонияға қатысты емес, өйткені Жапон Конституциясында әлемдік сыртқы саясатқа араласпаушылық, әскер ұстанбаушылық тән. Және, осы жерде Жапонияның дамып, үлкен державалардың біріне айнал,анымен, әлі де болса дербес сыртқы саясат жүргізе алмайтынын атап өткеніміз жөн. Бұл Конституция Жапонияның қазіргі күнгі әлемдік бет-бейнесін қалыптастырды. Сонымен қатар, Конституция ішкі және сыртқы саясатқа өз әсерін тигізу үстінде. Әр премьер-министр билік басына келген сайын жапон халқының және әлемнің назары Жапонияға аударылады, өйткені келген премьер-министр бір өзгерту енгізіп қалатын шығар деген ой болса керек. Бұл мәселе Жапонияда қызу талқыланып жатқан, күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Халық екі пікір аймағына бөлінген: біреулері 9-бапқа өзгеріс енгізуді дұрыс деп есептесе, екіншілері ешқандай өзгерістің қажеті жоқтығын алға тартып отыр. Жапон халқының өзін де, әлемді де қызықтырып отырған бұл 9-бап мәселесінен айналып өтпеуді біз де жөн деп есептедік. Сол себепті, мақаланың мақсаты Жапон елінде 9-бап мәселесін зерттеу, оны ашу және қазіргі таңда қандай шешу жолдары бар екенін қарастырып, болашағына сараптама жасау. Бұл, 9-бап мәселесінің өзге әлем мәселелері іспетті өзекті болуы, бұл мәселенің әлемдік сахнада алар орны ерек екеніндігін көрсетеді, сол себепті әлем елдері және саясатшылары Жапонияға көз тігіп отыр. Қазіргі таңдағы Жапония премьер-министрі Шинзо Абенің бұл мәселелерге байланысты өз позициялары бар. Және сол позицияларын ұстана отырып, белсенді түрде қызмет атқаруда.

ЖапонКонституциясындағы9-бапмәселесінқарастырмасбұрын,ЖапонияныңКонституциясында неліктен бұндай бап бар екендігін қарастырып қекеніміз жөн болар. Оның басы сонау Екінші дүниежүзілік соғыстан бастау алады. Жапония екінші дүниежүзілік соғыста белсенді рөл атқарғанымен, өзінің империалистік жоспарларын орындай алған жоқ. АҚШ және Кеңес одағының әскерлері 1945 жылы Жапонияны капитуляцияға әкеліп, тізе бүктірді. АҚШ әскерлері Жапонияда орналасып, демократиялық реформалар өткізді. Жапонияны АҚШ әскерлері оккупациялады. АҚШтың оккупациясының мақсаты – Жапонияныдемократияландыру және демилитаризацияландыру.

АҚШ тарапынан басты назар Жапонияны қайтадан соғыс бастай алмайтындай және оған қатыспайтындай ету болды. Ал, экономикада әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыра алатындай етіп ұстап тұруболды, сонымен қатар болашақта АҚШ-қа экономикалық қарсылас болудың алдын алу еді. Қоғамдық-саясатта АҚШ саясаткерлері басқаратын, батыстық үлгідегі демократиялық үкімет аппаратын құру болды. Оккупациялық кезең соғыстан кейінгі экономикалық кризисте тұрақтылыққа кепіл беріп тұрды. Оккупация бойынша атқарылған алғашқы қадам- қоғамдық-саясатты демократияландыру болды. Ол бойынша ой, сөз, ар-ұждан бостандығы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бостандықты шектейтін кез-келген жарлық, заңдардың күші жойылды. Саяси қылмыскерлер босатылып, Ішкі істер министрі және шенеуніктер қызметінен кетті [1].

42

Мемлекеттің жоғарғы билігі Макартур деген АҚШ генералының қолына берілді. Ол Потсдам қаласында қабылданғандекларацияның негізгішешімдерінЖапониядажүзегеасыруға тиісті болатын. Осы қүжаттың негізінде Жапония бірнеше директивалар қабылдауға мәжбүр болады. Саяси партиялар қүрылды, кәсіподақтар туралы зандар қабылданып жатты. Әйел адамдар да енді сайлау қүқығына ие болды. Жапонияның милитаризм саясаты аяқталды. Оның бір белгісі - милитаристік жөне шовинистік үйымдардың таратылуы болды. 28 ірі өскери қылмыскер Халықаралық әскери трибуналмен сотталды. Американың оккупациялық билігі сыртқы саясатты, заң және полицейлік оргаңдардың қызметін өз қолдарына алған болатын. Ескі мемлекеттік аппаратты таратқан жоқ, тек қана тазартты. Жапонияның милитаризацияланған экономикасының терең дағдарысқа үшырағаны соғыстан кейін әскери өнеркөсіптер қызметін тоқтатып, 10 миллион адам жүмыссыз қалғандығынан көрініс тапты. Осы өзгерістер Жапонияның саяси жүйесінің белсенді қызмет етуіне жағдай туғызды, саяси партиялар қүрылып, ескі партиялар қызметін қайтадан бастады. Демократиялық қозғалыстар мен жұмысшылар үйымдарының қызметі де белсенді бола бастады. Кәсіподақтар күшейді. Маккартур ірі капиталистік концерндерді таратты. Олардың акцияларын алушы да негізінен сол бұрынғы мүшелері еді. Генерал Макартурдыңатқарғантағыбірелеуліеңбегі - Жапонияның жаңа Конституциясын дайындауболатын. Жапонияда 1946 жылы соғыстан кейінгі бірінші сайлау өткенде, парламентте көбірек орын алғандар Либералдық, Прогрессивтік, Социалистік партиялар болды [2].

1946ж.2ақпандабасқолбасшыМакартурүкіміменжаңаКонституциямәтіннінжазуғакірісіпкетті, ол 13 ақпанда жапондық тарапқа ұсынылды. Осы нұсқа үлгісімен Конституцияны жазу барысында АҚШ тарапы жапондықтардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, онымен санасуға тырысты. Оның ішінде Жапон тарапы ұсынған соғыстан бастартушылық болды. Осылай 1946 ж. 3 қарашада Конституция жарияланып, ол 1947 ж. 3 мамырда өз күшіне енді және қазіргі таңға дейін қолданыста. Жаңа Конституцияның қабылдануы Жапон тарихындаға елеулі оқиғалардың бірі болды, 1889 жылғы Конституция сарқыншақтарын кездестіруге болғанымен, түбегейлі жаңа Конституция еді. Конституция бойынша монархия енгізілгенімен, ол жаңа бейнеде келді. Ол бойынша: «Император жапон ұлтының және жапон халқының символы» болып қалды. Оның қүқықтық жағдайы "сете тэносэй", номиналды, әлсіз, формальды императорлық жүйе деп аталды [3].

Конституция Жапонияны Англияның монархиясына үқсас етті. Жапония дуалистік монархиядан парламенттік монархияға айналды. Үкіметті құрайтын парламентте көпшілік орын алған партия.Үкімет парламенттің алдында жауапты. Партияның басшысы Премьер-Министр болып сайланады. Премьер-Министрді император парламенттің үсынысымен тағайындай алатын. Бірақ императордың қүзыреті көбіне формальды түрде ғана еді, шын билік Жапония үкіметінің қолында болатын, ал оны Премьер-Министр басқарады. Конституция бойынша Премьер-Министр отставкаға кеткенде, бүкіл кабинет сонымен бірге отставкаға кетугетиіс. Үкіметтің қолында заң шығару бастамасы бар, сондықтан үкімет бүкіл заң шығару қызметін де басқаратын болды[4].

Бұл Конституция, сонымен қатар, «американдық Конституция» деген атпен белгілі. Жоғарыда аталып кеткен өзгерістермен қатар, мақала тақырыбына арқау болған 9-бап та дәл осы тұста енгізілген болатын. Бұл бап сол кездегі жапон халқы үшін қайта соғыс болмайтынына кепілдік бергендей, оларға әрі қарай өмір сүруге үміт берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің қайтадан биполярлық жүйеге бөлінуі АҚШ-тың Жапонияға деген позициясын өзгертті. Әлем елдері екі майданға бөлінді: КСРО басшылығымен социалистік елдер және АҚШ басшылығымен капиталистік елдер. АҚШ-қа Қиыр Шығыста арқау болатын әскери база, әрі серіктес керек болды. Бұл талаптарға Жапония түгелімен сай келгендіктен, АҚШ енді Жапонияның дамуына бар күшін сала бастады және оған тең емес дәрежедегі серіктестіктің ауыр міндеттерін артты. Осы тұста Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оккупациясы жалғасып жатқан Корея, биполярлық жүйемен одан әрі жағдайы ушығып, бір корей ұлтының 1950-1953 жж. өз-өзімен болған соғысына алып келеді. Осы соғыста Жапонияны әскери серіктес ретінде көрмекші болған АҚШ, Жапониядан әскер жіберуін сұрайды. Бірақ, Жапония Конституциясындағы 9-бапты алға тарта отырып соғысқа әскер жіберуден бас тартады.

Жапонияның Конституциясы қазіргі таңға дейін бірде-бір өзгертуге ұшыраған жоқ. Заңнамалық актінің бұзылмастай, біртұтастығының сақтау сыры Конституциядағы 96-бап болып табылады. Ол бойынша Конституцияға қандай да бір түзету жасау үшін қос палатының кем дегенде үштен екісінің келісімі керек. Мақұлданған өзгертулер онымен қоймай айрықша референдумда талқылауға салынады немесе жаңа сайлау өткеннен кейін ғана парламенттің қарарына жіберіледі[5].

96

提案してその承認を経なければならない。この承認には、特別の国民投票又は国会の定める選挙の際行はれる

43

(2)

[6].

96-бап. Қолданыстағы Конституцияға қос палатаның үштен екісі өзгерісті қолдап, өзгерту туралы дауыс бергенде, одан кейін арнайы референдумда халық қолдауына ие болғанда немесе Парламенттің шешімі бойынша мақұлданғанда ғана өзгерістер енгізуге мүмкін болады.Мақұлданған өзгерістер халықтың атымен Император арқылы лезде Конституцияға енгізіліп, ол Конституцияның бөлінбейтін бөлшегіне айналады.

Қазіргі күні өзгерісі үлкен мәселе боп тұрған 9-бапқа көз жүгіртейік.

9

よる威嚇又は武力の行使は、国際紛争を解決する手段としては、永久にこれを放棄する。

(2)

[7].

9-бап. Әділеттілік пен тәртіпке негіздей отырып, әлемдік бейбітшілікті сақтау мақсатында, жапон халқы ұлттың құқығын негізге ала отырып, мәңгілікке соғыстан бас тартады, онымен қоса халықаралық жанжалдарды шешу үшін қорқыту және қарулы күштерді қолданудан бас тартады.

Жоғарыда аталып өткен мақсатқа қол жеткізу үшін, болашақта соғыс құралдары сияқты құрлық, теңіз және әуе күштері құралмайды. Мемлекеттің соғысқа кірісу құқығы мойындалмайды.

Конституцияға осындай өзгерістердің енгізілуі, АҚШ-тың Жапонияға деген саясатының өзгеруі, қаржының соғысқа емес,экономикаға жұмсалуы 1960-1973 жж. Жапон экономикалық таңғажайыбына адып келді. АҚШ үшін соғыс кезінде серіктес ретінде қару-жарақ, құрал-сайманмен қамтамасыз етіп тұруыжәнеәскеритасымалдауғасұранысартып,жапонэкономикасындаәскериинфляциянытуғызды. Жапон экономикасының өсуіне ықпалын тигізді.

Американың«арнайытапсырыстарыныңөзі1950-1953жж.аралығында2347млн.доллардықұрады немесе коммерциялық экспорттың жалпы мөлшерінен 43,7% құрады. Кореядағы соғыс пен американдық әскери тапсырыстар бірнешежылдарбойы құрдымда болған өндірістің тез дамуына әсер етті.1949-1951 жж. аралығында өнеркәсіп өндірісінің жалпы көрсеткіші соғысқа дейінгі 71,0 %-ден 114,4 %-ке өсті. 1950-1955 жж. аралығында ішкі ұлттық табыс 338,2 млрд.доллардан 711,3 млрд. долларға дейін өсті. Әскери тасымалдаулардан, монополиярдың да табыстары көбейді. Ресми мәлімметтер бойынша 1950 ж. екінші жартысының өзінде үш металлургиялық компаниялардың табыстары 28 есе, үш тау-кен компаниялардың - 150 есе, төрт сауда компаниялардың табыстары – 11 есе және т.б. көбейді. Сан-Франциско бейбіт келіссөзін бекіту Жапонияны оккупациялау кезеңін тоқтатты. Жапонияға егемендігін қайтару, елдің өміріндегі маңызды кезең болды. Жапония өз даумының жаңа этапына қадам басты.Оккупацияның аяқталуы кезінде Жапония экономикасы жағынан монополистік капитал билеп отырған империалистік елге айналды[8].

Егер 1950 ж. Жапонияның ішкі ұлттық өнімі АҚШ-тың ішкі ұлттық өнімінен 8,8 % көп болса, 1960 ж. – 14,8 %, 1970 ж. – 28,1 %, 1980 ж. – 33,9 %, 1989 ж. – 36,1 % көп болды, 1980-1988 жж.

Жапонияның, капиталистік елдердің ішкі ұлттық өнімінің үлесінен 2,2 % есе өсті. Сонымен қатар, Жапония өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бойынша да өзінің негізгі бақталастарынан озып тұрды

[9].

Жапон экономикасы он жылдықтың ішінде қарқынды дамып, керемет жетістіктерге жетуі экономикалық ғажайыпқа алып келді. Енді Жапония экономикасы тұрақты тұрде дамыған, ірі державалар қатарына ене бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдері жер бетінде бейбітшілікті сақтау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымын құрған болатын. Жапония әлемде ірі держава қатарында болғанымен өзге мемлекеттер сияқты бұл ұйым тұрақты мүшелігіне ене алмады. Конституцияның 9-бабы бойынша Жапония БҰҰ мүшесі ретінде бітімгершілік миссиясына және табиғи апаттардан құтқару операцияларына қатыса алмайды. Дегенмен, өз экономикасына сүйенген Жапония БҰҰ-ның тұрақты қаржыландырушысы болып табылады. Тіпті, оның бөлген қаржысы БҰҰда негізгі позицияны иемденген АҚШ-тан да көп. Қазіргі таңда Жапония БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі, бұл да өз кезегінде маңызды қызметтердің бірі болып табылады, Қазақстанда ТМД елдері арасынан бірінші болып Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық еткен.

1991 ж. әлем елдері Ирандағы «Шөлдегі дауыл» операциясына өз әскерлерін жіберген болатын. АҚШ-тың сенімді серіктесі ретінде Жапония да әскер жіберуге міндетті болатын, әлем елдері бұл басқаша орын алады деп ойламаған болатын. Жапония әскер жіберуден бас тартты, Конституция бойынша халықаралық жанжалдарға қатыса алмайтын болғандықтан. Өз Конституциясына берік деп,

Жапонияны қолдайды деп ойлаған жапон

шенеуніктері, әлем елдері тарапынан болған

 

44

айыптаушылыққа қатты таңғалды. Дегенмен, Жапония осы операцияға 1,3 млрд. доллар қаржылай көмек көрсетіп, ол АҚШ қосқан қаржыдан бірнеше есе көп болған болатын. Дәл осы операциядан кейін әлем елдері Жапонияны «үлкен әмияны бар, кішкентай қортық » деп айыптап, Жапонияның имиджі әлем елдері алдында нашарлай бастады.Сонымен қатар, қазіргі таңда Жапон жағалауларында болып жатқан жағдайлар да жапондықтар тарапынан алаңдаушылық түғызуда.

Іс жүзінде тек ел шекарасының тұтастығын қорғауға тиіс жапон әскері соңғы жылдары шетел кемелерін қорғаймыз деп Аден бұғазындағы теңіз қарақшыларымен қарулы қақтығысқа ұрынып қап жүр. Осындай оқиғалардан соң, Жапон саясаткерлері Жапонияның сыртқы келбетін оңалту мақсатында 9-бапқа өзгеріс енгізу қажет деп есептей бастады. Олардың ойынша Жапонияның саяси бейнесін,экономикалықдамудеңгейінесәйкестендірукерекделінгенболатын.СондықтандаЖоғарғы палата 2007 жылы тоғызыншы бапты қайта қарау туралы шешімге келді. Ал жапон қайраткерлері болса, «Тоғызыншы бап» деген қоғамдық бірлестік құрып, милитаристік саясатқа мойын бұруға қарсылық көрсетуде[11].

ЖапониябасшысыШинзоАбе2018жылы18қазандақарулыкүштерменкездескенкезде,Жапония бейбітшілік Конституциясын қайта қарап, өзін қорғау күштерінің мәртебесін көрсететін 9-шы бапта, армиямәртебесініңанықкөрсетілуікерекекенінайтты. ҚыркүйектеДемократиялық партияныңлидері ретіне елдің бас уәзірі болып сайланған Шинзо Абе, Жапония қарулы күштерінің мәртебесі жөнінде конституциялық өзгерістер енгізуді алға қойған. Ол сөзінде: «Бұл бүгінгі саясаткерлердің жауапкершілігі. Мен бұл міндеттерді орындауға белді бекем байладым», – деді. Шинзо Абе сөзінде: «Өзін қорғау күштері халықтың сенімен ие болды. Саясаткерлер болса қорғаныс күштерінің өз міндетін жоғары дәрежеде орындай алатын жағдайы жасауы тиіс», – деді [12].

Шинзо Абенің бұл ұсынысын әлемге әйгілі, аниме индустриясының негізін салушы Хаяо Миядзакидің өзі сынаған болатын, оның ойынша, «Абэ тек қана өз атын тарихта қалдырмақшы, оның орнына Жапония Екінші дүниежүзілік соғыста жасаған істері үшін жауапкершілік сезінуі тиіс» деген болатын[13].

Дегенмен, 9-бапты тек саясатшылар және Премьер-министр айтуымен өзгерте салу оңай шаруы емес, ол үшін жоғарыда айтылып кеткен 96-бап талаптары орындалуы тиіс.

Осы бап талаптары бойынша өткізілген референдум бойынша халықтың 72%-ы Конституцияға өзгеріс енгізуден бас тартқан[14]. Онымен қоймай, ел екі тарапқа бөлініп, әр қайсысы өз шешімдерін батыл қорғауда. Кейбір шенеуніктер, қоғам қайраткерлері болашақта соғысқа қатысу қаупі тууынан қорқып, Премьер-министрдің бұл ұсынысына қарсы шығуда. Жапония қазіргі таңда қаншалықты экономикалықдамыған,әлемдегіеңірі,дамығанелдерқатарындаболғаныменде,өзіноккупациялаған, Конституциясын енгізген, экономикалық дамуына жол ашқан АҚШ-қа әлі де болса одақтас міндеттерін орындау барысында тәуелді. Сол себепті де болашақта АҚШ талаптарын қанағаттандару мақсатында, 9-бапқа өзгерістер еніп, соғысқа қатысып қалу ықтималдығы жоғары.

Қорытынды

«2020 жылы Жапонияда Олимпиада ойындары өтпекші, оны біз мүмкіндік ретінде қолдануымыз қажет.2020жылЖапонияныңжаңаКонституциясыныңқабылданғанжылыболғанынқалаймын»- деп, Шинзо Абе өз ниетін ашық түрде білдірген болатын [15].

Елдегі өткізіліп жатқан дискуссиялар Қорғаныс күштерінің статусын Жапон Конституциясына енгізу қажет пе, БҰҰ-ның операцияларына әскер қатыстыру үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет пе және ұлттық қорғауды Конституцияға енгізу қажет пе деген мәселерді қамтиды. Кейбіреулердің ойы бойынша «уақыт талабына сай Конституцияға өзгеріс енгізу қажет», ал кейбіреулерінің айтуы бойынша «9-бапты сақтап қалып, қалған баптарына өзгеріс енгізе беру қажет». Өзгеріс енгізуді жақтайтындар тарапында консерваторлармен қатар либералдарды да көруге болады. Абе кабинеті үшін 9-бапқа өзгеріс енгізу үшін өте көп тер төгу қажет. Абе тағы да жанжалдың астында қалып, өз кабинеті ішінде төңкеріс орнап, не төмен экономикалық көрсеткіштерге ілініп қалуы мүмкін, өйткені Конституцияға өзгеріс енгізуді қалайтындар саны азайып баруда. Алда тек «пацифистік Конституцияның» ғұмыры қашанға дейін созыларын бақылау ғана қалды.

Жапонияның халқы соғыстан мәңгілікбас тартып, соғысжағдайында дербестік қүқығын сақтайды, және халықаралық таластарда әскери күш қолданбайды. Жапония халықаралық дауларды реттеудің қүралы ретінде соғысқа ұмтылмауға жөне қарулы қүштерді жақтамауға міндетті. Сонымен, Жапония қүқықтық мемлекеттің режимін құрып, конституциялық, парламенттік монархияға айналды. Халықтың қүқықтарын кеңейту елдегі демократиялық күштердің үлкен жеңісі еді. Дегенмен Жапонияның Конституциясындағы 9-бапты өзгертеміз деген шешімдері, жаңа соғыстың ауылының алыс еместігін көрсете ме, не шынында да өз жерін қорғау үшін айтылып жатқан шаралар ма? Бұл

45

сұрақты әзірге біз осылай жауапсыз қалдыруға міндеттіміз, өйткені расында да бұл жайлы бірдеңе деп айту қиынның қиыны болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жуков А.Е. «История Японии» Т.ІІ. 1868-1998 гг. 491 б.

2.http://www.akorda.kz/kz/events/international_community/foreign_other_events/akparattyk-byulleten-kaza

3.Жуков А.Е. «История Японии» Т.ІІ. 1868-1998 гг. 503 б.

4.http://www.akorda.kz/kz/events/international_community/foreign_other_events/akparattyk-byulleten-kaza

5.https://stud.kz/referat/show/71329

6.http://www.nihongo.aikidoka.ru/1024-kenpo-9.html

7.http://www.nihongo.aikidoka.ru/1024-kenpo-9.html

8.https://stud.kz/referat/show/5268

9.https://bigox.kz/zhaponiya-elinin-ekonomikasy/

10.https://bigox.kz/zhaponiya-elinin-ekonomikasy/

11.https://stud.kz/referat/show/71329

12.https://ru.m.journal-neo.org/2017/05/26/concerning-statement-by-shinzo-abe-on-article-9-of-the-japanese-constitution/

13.https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D1%8F%D0%B4%D0%B7%D0%B0%D0%BA%D0%B8,_%D0%A5 %D0%B0%D1%8F%D0%BE

14.https://www.ntv.ru/novosti/2159521/

Жарбосынова Н. Д.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Шетел филологиясы мамандығының 1 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Канафьева Ш.Е.

КАШМИР МӘСЕЛЕСІ: ҮНДІСТАН МЕН ПӘКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС

Әлемдіктарихта айтарлықтай халықаралықпроблемаларжәнемемлекетаралыққақтығыстарорын алды, олардың бірқатары бүгінге дейін шешімін таппады. Алайда ұзақтығы жағынан, қиян-кескілігі жағынан және де қазірге дейін қауіп әлеуетінің жоғарылығы жағынан Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир мәселесін ерекше атап өткен жөн. Екі тарапта да ядролық қарудың бар болуы мәселені әлемдік деңгейге шығарды. Қазірде Пәкістанда және Үндістанда екі елдің жақындасу идеясы ерекше мәнге ие болып отыр. Кейбір мамандардың айтуы бойынша, бұл мәселенің себебі болған Кашмир шиеленісінің өз шешімін табуы мүмкін болған келіссөздердің жүрізілуінің бастамасы.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар

Үндістанға егемендік берілген соң, үнді үкіметі Кашмирді британ отарлаушы әкімшілігі үнді махараджаларына ресми түрде сатқан депбұлөлкеніөзменшігідепжарияламаққашешімшығарады. Алайда, Үндістанмен дерлік бір уақытта тәуелсіздік алған Пәкістан, Кашмир тұрғындарының көп бөлігімұсылмандар болғанына негізделіп,оныөзіне тиесіліболукерек деп есептеді.Шынындада, осы кезде Кашмирде халықтың 77%-ы мұсылмандар болатын, бірақ басшысы махараджа Хари Сингх болды және өзге жоғары лауазымдағылар да үндістандықтар еді. Кашмир махараджасы Үндістанға қосылу туралы ресми шешім қабылдайды. Осының негізінде тәуелсіздік алғандарына бір ай болар болмастай екі ел арасында қарулы қақтығыс өрті орын алды. Бірінші Кашмир соғысы 1947 жылдың қыркүйек айынан 1948 жылдың соңына дейін жалғасты. 1949 жылы 1 қаңтарда соғыс қимылдары тоқтатылды. Соғыс нәтижесінде келісім орнап, оның негізінде Кашмирдің 60%-ы Үндістанға, ал қалған бөлігі Пәкістанға өтті. Ал тамыз айында БҰҰ шешімімен аумақта уақытша демаркациялық сызық жүргізілді [1]. 1954 жылы жиналыста Кашмирдің үнді бөлігінен сайланған өкілдері, Үндістан құрамына белгілі бір автономияға ие штат ретінде ғана қосылу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Үндістан Конституциясының 370-бабына сәйкес, үнді парламентімен қабылданған қорғанысқа және сыртқы саясатқа байланысты жарлықтардан басқа бір де бір заң штат парламентінің келісімінсіз бұл өңірде ешқандай күшке ие бола алмайды. Штатта 10 миллионға жуық адам 222 мың шаршы шақырым болған территорияда өмір сүріп келуде [2]. Діни себептерге байланысты халықтың көпшілігі Пәкістанға өтуді қалап, штатта сепаратистік қимылдар көптеп орын алады. Үндістандық ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек, штатта халықтың 67%-ы мұсылман, 30%-ы индуист, 2%-ы сикх, және 1%-ға жуығы буддистер болып келеді. Үндістан заңды

46

түрде мәселені шешілген деп есептейді және қорытынды іс-шаралар территорияның қалған бөлігін Пәкістан әскерлері мен үкіметінен азат етуден тұрады деп отыр, алайда Пәкістан мәселенің мұндай шешімімен тіптен келіспеді.

Кашмирдің пәкістандық бөлігіне келетін болсақ, ол бірнеше әкімшілік аумақтарға бөлінген.

Пәкістан Кашмирінің бір бөлігі әлемдегі мемлекеттер ішінде Пәкістаннан басқа ешбірі мойындамаған тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланып, Азад Кашмир (Азат Кашмир) деген атқа ие. Территориясы 13 мың шаршы шақырым, халық саны 4,5 миллион адам. Экономикалық және саяси жағынан Пәкістанмен тығыз байланысты, оның бір бөлігі, алайда мойындалмаған мемлекет атрибуттарына толық ие. 1970 жылы Пәкістанда Гиллит-Балтистан әкімшілік облысы ұйымдастырылды. Бұл облыс 73 мың шаршы шақырым территорияда бір миллионға жуық халыққа ие. Бұл өлкенің біршама бөлігі 70-жылдары Қытайға өтіп кетті. Бұл территорияның ресми мәртебесі – «Кашмирдің Пәкістандық территориясы». Бұл атау да Пәкістанның аймақтық мүддесін айқындайды.

Пәкістан үнді штаттары Джамму мен Кашмирдің легитимділігін мойындамай, бұл территорияны «Үндістан оккупациясындағы Кашмир» деп атайды. Қазіргі кезеңде Кашмирдегі жағдай біршама өзгерген. Ол шиеленіске үшінші жақтың араласуымен, яғни Үнді-Қытай соғысы барысында үнді Кашмирі территориясы болған, аумағы 42 шаршы шақырым Аксай-чинның (Жалпы Кашмирдің 20%) Қытай территориясына өтуі де мәселені шиеленістірді. Бұл облысты Үндістан да Пәкістан да мойындамайды.Осылайша,қазіргітаңдаКашмиртерриториясыүшмемлекет,яғниҮндістан,Пәкістан және Қытай арасында бөліп алынған

Кашмирдің бөлінісі уақытша құбылыс болып, БҰҰ резолюцияларына сәйкес князьдікте бүкіл Кашмирдің қай мемлекет құрамына енуін шешіп беретін плебисцит өткізуге тиіс болатын. Пәкістан әлі күнге дейін бұл мәселені шешудің жалғыз жолы деп біледі. Үндістан бір кездері бұл ұсынысқа келісім берген болатын, алайда кейін Пәкістанның АҚШ-пен әскери одақ құруына байланысты бұл шешімін өзгертті. Қазіргі кезде Кашмирге байланысты барлық келісім процестері өз шешімін таба алмай келуде. Оған Пәкістан үкіметініңқаржылайкөмегі негізінде құрылған «Сенім үшін күресушілер

қозғалысы», «Мұхаммед Армиясы» сияқты

әскери қауымдастықтарының Кашмир-

дің үнді бөлігіндегі қимылдары негіз болып отыр.

Заманауи зерттеушілер Кашмир мәселесін

әлемнің ең үлкен территориялық мәселелерінің бірі ретінде қарастырады және оның жақын арада шешіле қоймайтындығын айтады. Жоғарыда айтып өткендей, Үндістан мен Пәкістан арасында көбінесе Кашмир мәселесіне байланысты бірнеше қарулы қақтығыстар туындаған, олар бірнеше онжылдықтар барысында аймақтағы тұрақсыздықтың негізгі себебі болды.

Тараптардың арасындағы бұл соғыстың аяқталуынан кейiн «суық соғысы» жағдайы шартты түрде «ыстық»ерекше сарынға ауыса бастады. Соңғы мысалдардың бiрi – Каргиль қақтығысы – Кашмирдегі

екі тараппен

де ресми мойындалмаған Үндістан

және Пәкістанның шекаралық қақты-

ғысы. Соғыста

ешбір тарап жеңіске жете алған жоқ,

алайда Пәкістан үшін ерекше аяқталды,

соғыстанкейінәлемдікқауымдастықПәкістандысоғыстыңтеррористікәдістерінқолданудаайыптады. Соңғы қақтығыс естен кетпестей болды және бұл атом қаруы қол-данылуы мүмкін болған бiрiншi аймақтық дау болатын, себебі 1999 жылы Пәкістанда да, Үндістанда да ядролық қару бар болатын.

Соғыс басталғанда Үндістанда ірі ереуілдердің ұлғаюы бүгінгі күні өзіндік ізін қалдырып отыр. Азық-түлік бағалары 10 есе қымбаттап кетті. Ашаршылықтан 5-6 млн адам қырылып қалды. Ағылшындардың қысымы тұрмыстың нашарлауы мен саяси ұйымдардың араздасуы ереуілдердің бәсеңдеуіне әкеп соқты. Сонда да ағылшындар билігі төмендей берді. Беделден жұрдай болған Линлитгоу орнына жаңа вице-король А. Уэйвелл тағайындалды. Ағылшындардың араласуымен М.К. Ганди мен М. Жинанның пікір алмасуы 1944 жылы өтті. Онда МЛ жетекшісі тәуелсіздік мәселесін қарастыру алдында жеке Пәкістан мемлекетін құру туралы уағдаласуды жоспарлады. Конгресс партиясы оны тәуелсіздікке жеткен плебесцит арқылы реттеу керек деген пікірде болды. Екі саяси күш келіссөздері 1945 жылы көктемде мынадай келісіммен аяқталды: Уақытша үкімет құрамында әр партия 40 % орынды иеленеді, қалған 20 % орын кесапаттыларға, христиндарға, парсыларға,сингтергетиесіліболды.АлелдіекігебөлутуралымәселеніқарастыруҮндістанныңсаяси мәртебесін реттеген соң кейінге қалдырылды. 1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға – Үнді одағы (индуистер) мен Пәкістанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағынсыз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытаймен шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкістанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкістанды жеңіп, Шығыс Пәкістанға тәуелсіздік алуға

47

көмектесті. Шығыс Пәкістан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды.Олда1991жылысайлаунауқаныкезіндеадамөлтірушілердіңқолынанқазатапты.1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүзіндегі бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкістан үкіметіне ұсыныс жасалды.Үндістан мен Пәкістан арасындағы ядролық бақталастық тың жжалғасуБиполярлық жүйенің құлауымен, Үндістан өзінің ядролық бағдарламасын жандандыра түсті. Оған себеп болған, біріншіден, Үндістанның геосаяси мүдделері және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін құрайтын «ядролық клуб» мүшелігіне кіруге талпынысы. Үндістан әлемдік держава мәртебесіне қуатты ядролық қаруға ие болып және «ядролық клубқа»мүше болу арқылы немесе ядролық қаруды мүлде жою арқылы ғана жетуге болады деп қарастырды. Өзінің нақты саяси қызметінде ол бұл екі жолды қатар ұстануды жөн көрді, яғни әлемді тез арада ядролық қарудан тазарту жөніндегі ұсыныстарды қолдаумен қатар, оның іс жүзінде жүзеге асуына атүсті қарады. Осылай алғашында ол ядролық қарудың тез арада жойылуын қамтамасыз етеді деген үмітпен ЯҚТШ-на қолдау көрсетіп, кейінбұлШарттыңтекядролық«бестік»мүдделерінқорғайтындығынакөзіжеткенсоңШарттытолық жоққа шығарып оны «ядролық апартеид» деп қарастыруды жөн көрді. 1996 жылы қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында Дели бұл Келісімге өзінің қарсылығын білдірді. Бұл қарсылықты білдіру арқылы Дели өз ядролық жарылыстарын жүргізуде еркін таңдауға ие бола алды. Тағы атап өтетін бір фактор, ядролық Қытай мен ядролық Пәкістан. 1998 жылдың 26-27 мамырда жүргізілген сауалнама бойынша халықтың 80%-ы ядролық сынақ жүргізу туралы Үкімет шешімін қолдап, 65%-ы респонденттер ядролық сынақтардың елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтатындығын айтқан. Бұл сынақтарға тағы бір себеп болған түрткі, Пәкістанмен арада сақталып қалған шиеленісті жағдай, Кашмир дауының шешімін таппауы. Бұл жағдайлар екі жақтың ортақ шекара сызығында кең көлемде баллистикалық ракеталар шоғырландандыруына итермеледі. Шекаралық аймақтарда әскери қақтығыстардың жиілеуі, Қашғардағы лаңкестік әрекеттердің жандануы, Пәкістанның орта қашықтықтағы ракеталар жасап шығаруы. Төртіншіден, Дели ядролық сынақтар өткізбес бұрын, ең бастысебеп ретінде,«қытай факторын»анықтады.Үндістандереуядролықсынақтарданкейін Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесін (ҰҚК) құрды. Кеңестің басты мақсаты – халықаралық және аймақтық жағдайды зерттеу, болашақта болуы мүмкін саяси және әскери іс-қимылдарды болжау және оған сараптама жүргізу. Кеңестің тағы бір маңызды функциясы – азаматтық және әскери жетекшіліктің өзара әрекеттесуін нығайту.

Кахута қаласында уран өндiру зауытының құрылысы басталады, Франциямен бiрлескен уранды қайта өңдеу бойынша зауыттың құрылысы туралы белсендi түрде келiссөздер жүргізіле бастады. Алайда «Ұлы державалар» Пәкістанға оның жоспарында көмектесуге ұмтылған жоқ. Жұмыс қарқыны біршама баяу жүрді және пәкістандық басқару бүкіл уақыт бойына өзiн Үндістан «соққысы астында» сияқты сезіндi. Екi елдiң арасындағы қатынастар кернеулi болды,дегенмен ашыққарсыластыққа дейiн жеткен жоқ.

Пәкістанның бiрiншi зеңбiректік плутониы тек қана 1995 жылда алынды. Атом қаруының

сынаулары

1998

жылы

28-30

мамырда

Чагай

полигонында

жүргiзiлдi.

Бұл

жерде түрлі мәлiметтерге қарағанда

3-тен 7-ге дейінгі аралығындағы жарылғыштарды

сынақтан өткізді. Пәкістанның қазіргі

кезде 65-120-ға жуық атом жарылғыштары бар, және бұл

тұрғыда Үндістанмен теңдесе алады.

 

 

 

 

 

1998 жылдағы Пәкістандық сынақтар аймақтық қауiпсiздiк үшiн жаңа маңызды фактор болды. Пәкістан дерлік ғасыр ширегі бойы да үндi Кашмирына ие болуға ешбір шара қолданбады. Алайда 1999 жылы ядролық қару сынақтары өтіп-ақ шекаралық дау қайта өрбіді.

Сайып келгенде, аймақтағы басты қарсыластықтың негізгі мәселесі – жоғарыда қарастырылған «Кашмир мәселесі» болып, сонымен бiрге екiншi дүниежүзілік соғыстан кейiн Үндістанмен және Пәкістан арасындағы орын алған әскери даулардың саяси, экономикалық және мәдени зардаптары болып отырғандығын атап кету керек

Қазіргі таңда Үндістан мен Пәкістан арасындағы қатынас қайта ушығуда. 27 ақпанда Пәкістан Үндістанның әскери әуе күштерінің екі ұшағын атып түсірді. Пәкістан билігі мұны өздерінің әуе кеңістігіне басып кірген Үндістан әскери күшіне берген жауабы екенін айтты.Бір күн бұрын, 26 ақпанда Үндістан Кашмирдегі әскери лагерге әуеден соққы жасаған. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің 27 ақпандағы хабарламасында, Пәкістан әуе күштері Кашмирдің Үндістанға тиесілі аймағындағы екі ұшақты атып түсіргенін, бір пилотты қамауға алғанын белгілі.Үндістан әзірге

48

мәлімдеме жасаған жоқ.Соңғы айда Пәкістан мен Үндістан арасында Кашмир дауы қайта белгілі болды. Жанжалдың кесірі көптеген қиындықтарға соқтырды соның ішінде халықаралық рейстерге кедергісін әкелді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1)Розалиева.Ю.Н Новая и новейшая история стран Азии и Африки - М: высшая школа, - 351 с.

2)Новиков.В. Е Проблемы создания Индией ядерного потенциала // ядерное распространения. Сб. Документов и материалов - М. : 2000 январь-март выпуск 34-С 10

3)Квок.Б ядерные и питания в Индии и в Пакистане // международная жизнь. - 1998. - С: 36 - 40

4)Набаев.Б.Н особенности внешней политики Пакистана в отношении Индии и Афганистана в современном этапе //

аналитик 2003

Калиева Гулден

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану мамандығының 1 курс студенті (корей тілі)

Ғылыми жетекші аға оқытушы Ташкенбаева Б.Ж.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДАҒЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

Азия аймағында ғылыми-техникалық дамуда үлкен жетістікке жетіп, әлемдік қауымдастыққа экономиканыаз уақыттың ішіндежоғарғықарқынмен дамытудың сәтті үлгісін көрсеткен елдердің бірі

– Оңтүстік Корея. Бұл мемлекеттің дамуында ғылыми-техникалық саясат пен инновацияның рөлі зор. Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан индустриалдық-инновациялық даму даңғылына бет алған шақта, Оңтүстік Кореямен әріптестік пен тәжірибе алмасудың маңыздылығы басым. Оңтүстік Корея Жапония сияқты өз ғылыми-техникалық саясатын алғашқыда басқа мемлекеттердің ғылыми жетістіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырған болатын. Ол кезде Оңтүстік Кореяда ғылымитехникалық саясатты басқа жолмен дамыту мүмкіндігі де болмаған еді.

1948 жылы Корей үкіметі жаңадан құрылған шақта елді кедейшілік пен жұмыссыздық жайлап, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ небәрі 67$-ды құраған болатын. Ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш 31700$- ға жетіп, Корея экономикасы әлемдегі 12-орынға табан тіреді. 1960-жылдардан 1980-жылдардың соңына дейін ерекше қарқынмен дамыған Корей экономикасы жылына 8%-дық өсіммен алға басты. Корея Республикасындағы осындай түбегелі өзгерістердің себептері мен жету жолдарын қарастыралық. 1963 жылы президенттік сайлауда жеңіске жеткен, Корей экономикасының атасы атанған Пак Чжон Хи ел экономикасын жапон мәнеріне сәйкес қайта құруды бастады. Нақтырақ айтсақ, Пактың ойы әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болатын экспортқа бағытталған ірі компаниялар құру еді. Нәтижесінде Жапондық «дзайбатсу» үлгісімен «чебольдер» - экспортқа бағытталған көпсалалы алпауыт холдингтер – құрылды. Себебі, уақыт пен қаржылық ресурстар шектеулі болған жағдайда, барлық күш-қуатты бір орталыққа шоғырландырып, мемлекеттің айрықша қолдауымен әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болатын ірі монополияларды құру арқылы ғана бұл тығырықтан шығуға болатын еді. Пак Чжон Хи ең алдымен жоғары біліктілікті талап етпейтін, бірақ еңбек сыйымдылығы жоғары салаларда өнім өндіруді бастап, осы қызмет барысында жиналған кәсіпкерлік тәжірибені 1970-жылдары ауыр өнеркәсіп, электроникалық құралдар мен тұрмыстық техника өндірісінде табысты пайдалана білді. Чеболь ретінде негізі қаланған, ал қазіргі таңда әлемге әйгілі компанияларға Hyundai, Samsung, LG компанияларын мысал ретінде келтіруге болады.

Алайда, чебольдердің қызметі тек мемлекеттің қаржыландыруымен жүзеге асқандықтан жемқорлық деңгейі күрт өсіп, аталмыш даму үлгісі сәтсіздікке ұшырады. Мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалану салдарынан компаниялардың қарыздары күрт өсіп, нәтижесінде үкімет корей вонын девальвациялауға мәжбүр болды. Соның салдарынан 1997 жылы елде ауыр дағдарыс орын алды. Осы дағдарыстан сабақ алған Корея билігі чебольдердің құрылымына оң өзгерістер енгізіп, жүйені толық жаңғыртты. Мысалға, банктер жекешелендіріліп, чебольдердің тиімді жұмыс істеуін қадағалау күшейіп, менеджменттің сапасы кәсіби деңгейге көтеріліп, жалпы экономикалық жүйе нарықтық бағытта қызмет ете бастады.

Дағдарыстан кейін елдің жаңа басшылығы шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөліп, ШОБ субъектілеріне бизнес жүргізуге барынша қолайлы жағдайлар жасай бастады. Халықтың кәсіпкерлікпен айналысуын қолдайтын кешенді және ауқымды бағдарламаның орындалуы

49

нәтижесінде елдегіжұмыссыздықтөмендеп, әлеуметтікжағдайжақсарды.Тәуелсіздікалғаннанбастап күні бүгінге дейін Корей экономикасы қандай негізгі кезеңдерді бастан өткергенін суреттен көруге болады.

Қазіргі таңда Корей үкіметі ұзақ мерзімді экономикалық өсудің алғы шарты - білім мен ғылымды дамытуға ерекше назар аударуда. Елдің 408 ЖОО мен колледждерінде 3,5 млн студент білім алуда, олардың 32%-ы инженерлік мамандықта оқиды. Студенттердің саны бойынша Корея әлемде алдыңға қатарлардан көрінеді. Сонымен қатар, білім саласына, мемлекеттік қаражаттан бөлек, елдің ірі корпорациялары қайтарымсыз қомақты ақша қаражатын аударып отырады. Үкімет жоспары бойынша 2012 жылдың соңына қарай Корея ғылым мен техникасы дамыған әлемдегі ең үздік бес мемлекеттің қатарына кірмекші. Сондықтан, ғылым мен технологияның заманауи салаларына жаппай инвестициялау жүргізіліп, ҒЗТКӘ-ге ЖІӨ 3,5% бөлінеді деп жоспарлануда . 1999 жылдан бастап Кореяда жаңа индустрияландыру саясатының негізінде елдегі аймақтардың әлеуетін пайдалану мен аудандар арасындағы алшақтықтарды теңестіру жүргізілді. Тәжірибе ретінде елдің ең ірі қалаларындағы өнеркәсіпті қолдау шаралары қабылданды: Дэгу – тоқыма өнеркәсібі, Пусан – аяқ киім өндірісі, Кенгсаннам-до – машина жасау, Кванджу – оптикалық электроника. 2002 жылдан бастап бұл бағдарлама жалғасын тауып, өзге де қалаларды қамтып, «4+9» атауымен жүзеге асып келеді.

Қазақстанда Корея тәжірибесіне ұқсас аймақтарды мамандануы бойынша жіктеп, басым бағыттарды анықтау 2005 жылдан бастау алды. «Металлургия», «Көлік логистикасы», «Тоқыма өнеркәсібі», «Құрылыс материалдары», «Азық-түлік өнеркәсібі», «Туризм» және «Мұнай-газ машина жасау» сияқты жеті пилоттық кластер құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағықаулысыменанықталып,бекітілді.Кластерлікбастаманысәттііскеасыруүшінзаңнаманы жетілдіру, инфрақұрылым элементтерін құру, инвестициялық нақты жобаларды іске асыру және кадрлық қамту мәселесін шешу бойынша жалпы жүйелік шаралар қарастырылды. Кластерлік даму аймақтардың бәсекеге қабілетін, олардың экономикалық дамуын арттыру құралы ретінде елдің аймақтық дамуының жаңа қадамы болу қажет болатын. Қазақстандық кластерлік бастаманың негізгі мақсаты индустрия саласында жеке меншік бизнес-құрылымдарды жұмылдыру негізінде экономиканың шикізат секторын дамытудағы Қазақстанның бәсекелестік артықтышылығын барынша көп пайдалану мүмкіндігін жасау болып табылды.

Қазақстандықкластерлікинициативаныңаталғаншараларытұтастайалғандажоспарбойыншаіске асырылуда. Алайда, толыққанды қызмет ететін кластерлерді құруға біршама уақыт талап етілетіні айқын.

Сонымен қатар, белгілі бір аудандар немесе қалалардың қызметін оңтайландырып, бір салаға мамандандыру үшін 9 арнайы экономикалық аймақтар да құрылды. Оның ішінде үш экономикалық аймақ Индустрияландыру бағдарламасының аясында 2011 жылдың соңында нақты салалық бағыт бойынша құрылған. 2011 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Заңы қабылданып, құжат елімізге халықаралық тәжірибесі бар кәсіби басқарушы компанияларды тартуға, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік беруге бағытталды. Қазақстан мен Кореядағы аймаққа бөліп, мамандану мәселесін салыстырып қарайтын болсақ, Кореядағы аталмыш аймақтарды дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаржылардың жартысынан астамы инновацияларды енгізу мен еңбек ресурстарының біліктілігін арттырып, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге үйретуге жұмсалады. Шетелдің тәжірибесіне көз салсақ, кластерлік технологиялар белгілі бір аумақта, қысқа мерзімде бәсекеге қабілетті өндірісті құру кезінде үлкен нәтиже беретінін көреміз. Бұл істе бизнес пен мемлекеттің әріптестігі қажет. Ал Қазақстандағы кластерлердің дамуы, өкінішке орай, материалдық базаның қалыптасуы мен кәсіпкерлерді ынталандыру сатысында қалып отыр. Кластерлердің ішінен көлік-логистикалық кластер ғана белгілі бір нәтиже беруде. Туризм, тігін және тағам өнеркәсібінде кластер құру сәтсіздікке ұшыраса, қалған салалардағы жұмыс әзірге дағдарып тұр. Арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) бұл тұрғыдан қызметі табыстырақ. Мысалға, «Астана – жаңа қала» АЭА территориясында 277 объект тіркелген, «Ақтау теңіз порты» АЭА 29 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда, «Ақпараттық технологиялар паркінде 63 компания тіркеліп, «Оңтүстік» АЭА аумағында «OxyTextile» және «Хлопкопром-Целлюлоза» компанияларының екі инвестициялық жобасы орындалған. «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк» біріктірілген газ-химиялық кешен құрылысын жүргізуде. 2011 жылдың соңында арнайы экономикалық аймақтарда қатысушылар саны 3 есеге өсіп, жалпы саны 300 субъект тіркелген. Алдағы уақытта да Қазақстан Үкіметі АЭА дамыту мен қызметін жетілдіру бағытында жұмыс істейтін болады.

ОңтүстікКореяныңинновациялықэкономикақұрудағыбастытабыстылықкілттерініңбірі– ғылым мен білімге көңіл ерекше көңіл бөлу – Қазақстан үшін жақсы үлгі бола алады. 2000-2005 жылдар

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]