Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

19. Ф. Бэконның индуктивті әдісі және идолдар туралы ілімі

Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады: 1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы; 3) табиғаттан технологиялық үстемдік; 4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.

Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды — міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам — аспанда емес, жерде жұмақ орната алады! Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны «пайдаланудың» жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады. Бэконнан Декартқа дейінгі, Лоқктан Кантқа дейінгі Жаңа заман философтары жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтіліктің философиясы болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивті әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы кумән деп есептеді, ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі адам болып саналады. Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар: «өрмекші жолы» «құмырсқа жолы» «ара жолы». «Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды: 1.Тектік елестер; 2.Үңгір елестері; 3.Базар елестері; 4.Театр елесі. Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық). Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері.