Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

12.Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері:патристика және схоластика

Христиан ілімінің негізгі ережелері діни философияда және теологияда басқарушы бекітулер формасын алады. Христиан дүниетанымының негізгі идеясы болып Құдай идеясы табылады. Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (Ш-VI ғ.ғ.). Негізгі өкілдері: Клемент Александрийский, Амворсий Майландский (340-397 ж.ж.), Августин Блаженный (354-430 ж.ж.) т.б. Ш-ІV ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық, немесе адамдық табиғаты туралы) ал 323ж. ұлы император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» т.б. Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі философиядағы ілім «схоластика» (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: 1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғ.ғ 2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІ ғ.) 3. Құлдырау кезеңі (ХIV-ХV ғ.ғ.)

13.А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы

Фома Аквинский (1225-1274жж.) – орта ғасыр философиясының орталық фигурасы, көрнекті философ, ортодоксальды схоластиканы жүйелендіруші, томизм бағытының негізін қалаушысы. Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі категориясы болып болмыс табылады. Ол бар және ол ақиқат. Соңғы шындық болып Құдай табылады және оның күші үнемі іс-әрекетте.Ф.Аквинский өз еңбектерінде Құдай болмысының бес дәлелін құрастырды:1. Егерде қозғалысты тек механикалық деп алмай толығымен алса бірінші қозғаушыға, яғни Құдайға келмеуге болмайды.2. Егерде дүниедегі барлығының себебі болса, онда бірінші себеп болуы керек, яғни Құдай.3. Дүниедегі мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтардың көптігінің бәрі қажетті абсолютті себептілікпен басқарушы керек, яғни Құдаймен.4. Дүниедегі барлығының жоғарғы дәрежесін өлшеу үшін барлық жоғарғылардың абсолютті өлшемі болуы керек, яғни Құдай.5. Барлық дүниедегі тіршілік етушілер анық мақсаттылық дәрежесі бар, сондықтан соңғы және негізгі мақсат Құдай болуы керек.Ф.Аквинский ілімі христиан шіркеуімен жоғары бағаланды, ол құдіреттілердің қатарына кірді. Аврелий Августин–354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады,