Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

25.Түркі ойшылдарының философиясы: Әл Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.

Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым - энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік - эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл - Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн - Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті. "Мұсылман мәдениеті" феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Ғалымдар айтуынша, артына 160-қа тарта еңбек қалдырған (түгелі жеткен жоқ)."Заң кітабы", "Субстанция туралы", "Ақыл мен сананың мәні", "Ғалымдардың тілі мен түрі", "Өлең сөз және шешендік туралы" т.б. Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың айтуы бойынша, Фарабидың өлең құрылысын зерттеуге арналған "Өлең және ұйқас туралы сөз" деген шығармасы болған. Жүсіп Баласағұни "Құтты білік"Өмірі. 9-13 ғ.ғ. (840-1212) Қарахандар дәулетінің дәуірлеген тұсы. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн өмірі туралы там-тұм деректерді негізінен шығарма мәтінінен табамыз. Қарахандар мемлектінің Баласағұн("Тауарих хамса": "Бала"-көрікті қашалған тас, "сағұн"-қала деген монғол сөзі) шаһарында 1015-1016 жылдары дүниеге келген. "Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы). Онда әлеуметтік, саяси, мораль, этика, адамгершілік мәселелері қамтылған. Бұл дастан-мемлекет басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды. Ахмед Иүгінеки «Хибатул-Хқайық»Ахмед Иүгінеки /12 ғасыр/ - кезінде есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын. Ахмед Иүгінеки гуманизмі діни этикалық қағидалармен қабысып жатады: “Біреу зәбір-жапа жасаса, қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы — осы”. Яғни, зұлымдық зұлымдықты тудырады деген қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып, кешірімді болғанды хош көреді: “Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі адамсыз қалады” дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай айтылған “Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес”, “Дүние бір қолмен бал, бір қолмен у ұстатады” немесе “Шырақ, сырың өзіңде сақталып тұрмаса, досыңда сақтала ма?” деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да аңғарылып қалады. Ахмет Иүгінекидің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал-мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді