Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

38. Гуссерльдің феноменологиясы

Дүниетаным мәселелерімен айналысқан XX ғасырдағы ағымдардың бірі – феноменология. Негізін қалаған – Эдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.). Ойшыл өзінің еңбектерінде «Заттардың өзіне қарай!» деген ұран тастады, өйткені сол кездегі И.Канттың ізбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екінші жағынан, ол неопозитивистердің шындықтың сезімдік деректердің негізінде «тікелей берілгені» жөніндегі қағидасына қарсы бағытталған болатын.

Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесі екі ұғымды бір-біріне қарсы қояды. Олар білім мен пікір. Еуропалық мәдениеттің дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенінде. Пікір дегеніміз бұлдыр, айқын емес білім, ол - жеке мүдденің шеңберімен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретінде «теория» деген грек сөзін қояды, ал оның алғашқы мағынасы - бимүдделі аңлау. «Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенің универсалдық көкжиегін көре алады», -деп қорытады Э. Гуссерль.

Ойшылдың өз алдына қойған негізгі мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжірибесі, тарихи процестен тыс өмір сүретін алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдің феномені - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететін сезімдік тәжірибе арқылы берілетін құбылыс емес, ол - өз-өзін ашатын, табатын, тікелей санаға айқын көрінетіннің бәрі. Феноменология - айқындығы тікелей интуиция арқылы көрінетін идеалдық мән-мағынаны зерттейтін ілім. Санадағы феномендер адамға тіл арқылы беріледі. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесіндегі тебіреністер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрі де жатады.

Таза сананың іргетасты ерекшелігі - оның интенционалдығы (intentio - латын сөзі, ұмтылу), яғни бірдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. Қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсіру, тілеу, ой формалары т.с.с. бәрінің де заттық мазмұны бар. Интенционалдық сананың құрамдас бөліктерін неше түрлі мән-мағнаға толықтырады. Өзінің іс-әрекетінде адам аңқаулық көрсетіп, өзінің заттарға қалайша мән-мағына бергенін байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсіз өмір сүріп жатқан (объективті) өзіндік танылатын қасиеттері бар құбылыстар ретінде қарайды. Ал, шынына келгенде, санадан тыс өмір сүретіннің бәрін жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткені санада объект пен субъект бір-біріне өтіп, ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгілі бір мағына беріп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа түседі. Бұл арада, бір жағынан, дүниетануға бағытталған іс-әрекет - ноэзис бар, екінші жағынан, осы таным процесінде ашылған мазмұн - поэма бар.

39. Сана және бейсаналық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясы

Сана дегеніміз – болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Сана болмыстан шығады. Әрине , қоғамның даму тарихында оның өзіндік ерекшелігі, өз алдына белсенділігі бар. Сол шығармашылық белсенділігі арқылы сана қоғамға, болмысқа әсер етеді, оны өзгертуге мүмкіндік береді. сана – адамдардың еңбегімен тығыз байланысты екен. Еңбек – адамның табиғатқа қатынасы. Ол тек жай ғана процесс емес, адамды өзгертетін процесс. Еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетіне байланысты оның өзін де дамытады, сонда ғана еңбектің мәні, адамдық негізі айқындалады. Бейсаналық - саясатқа енжарлық; қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту. 1.адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау; 2. Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады. Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасадыФрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған.