Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі ереже.doc
Скачиваний:
2404
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
432.13 Кб
Скачать

Септеулік шылау

Ереже

Септеулік

Мысал

1

Атау септігіне қатысты септеулер

Туралы, жайлы, сияқты, тәрізді,сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы, үшін,сайын

Хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу

2

Барыс септігіне қатысты септеуліктер

Шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін

Орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы

3

Шығыс септігіне қатысты

Соң, гөрі, бері, әрі, бұрын

Сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу

4

Көмектес септігіне қатысты

Бірге, қатар, қабат

Сонымен бірге

Жалғаулық шылау

Ереже

Септеулік

Мысал

1

Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.

Әсет пен Мұса келді

2

Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе, сөйтсе де, сөйткенмен

Көктем келді, бірақ күн жылынбады.

3

Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар

әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса

Мақсат үлкен, сондықтан әрекет ету керек.

4

Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

Оны не мен, не сен істейсің.

Демеулік шылау

Ереже

Септеулік

Мысал

1

Сұраулық демеуліктер

ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі)

барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің?

2

Күшейткіш демеуліктер

-ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те

Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді

3

Болжалдық демеуліктер

-мыс, -міс, -ау, екйде

болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.

4

Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері

түгіл, тұрсын, тұрмақ.

Ол түгіл, сен тұрмақ.

5

Шектік (тежеу) демеуліктері

ғана, қана, тек, -ақ

тек қана, сен ғана.

6

Нақтылау мәнді демеуліктер

қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті

сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.

-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады.

Кейде бұл шылау –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады.

Синтаксис (грекше «syntaxis») сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобысөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:

● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;

● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылыбайланысады;

● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

Ереже

1

Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады және екеуі екі түрлі сұраққа жауап береді

2

Өзара граматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.

3

Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

Сөз тіркесінің құрлысы

Бағыныңқы сөз

Басыңқы сөз

Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін Бірінші сөз

Сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз

Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі

Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі

Сөз тіркесінің түрлері

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі

Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі

Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі, менің бұным

Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.

Жел соқты, соғыс аяқталды

Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.

Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.