Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі ереже.doc
Скачиваний:
2404
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
432.13 Кб
Скачать

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі

Түрі

Тыныс белгісі

Шылау

Мысал

1

Ыңғайлас салалас

Үтір

Және, да, де, та, те, әрі.

Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.

2

Қарсылықты салалас

Үтір, үтір мен сызықша

Бірақ, сонда да, дегенмен,

алайда, әйтсе де, сөйтсе де.

Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді.

3

Түсіндірмелі салалас

Қос нүкте, сызықша

Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады.

Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.

4

Себеп-салдар салалас

Үтір, қос нүкте немесе сызықша

Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б.

Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді.

5

Талғаулы салалас

Үтір

Не, немесе, я, яки, болмаса,

әйтпесе, не болмаса, әлде.

я болмаса,

Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.

6

Кезектес салалас

Үтір

Кейде, бірде, біресе.

Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндаушты тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемдібағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемдібасыңқы сөйлем дейді.

Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы, басыңқы

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:

Түрі

Ереже

Сұрағы

Шартты бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді.

Қайтсе? Не етсе? Не еткенде?

Қарсылықты бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы болып келеді

Қайтсе де? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенмен?

Себеп бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді

Неліктен? Не үшін? Не себепті?

Мезгіл бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді

Қашан? Кай кезде? Қащаннан?

Қимыл сын бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді

Қайтіп? Не етіп? Қалай?

Мақсат бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді

Не мақсатпен? Не үшін?

Аралас құрмалас сөйлем

Сызбасы

Мысал

1

Басыңқы, бағынқы, басыңқы

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері салқылдап тасығалы кемерлеп тұр.

2

Бағынқы, басыңқы, басыңқы

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, асапн айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

3

Бағынқы, басыңқы, бағынқы, басыңқы

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

4

Басыңқы, бағынқы, бағынқы, басыңқы

Ол бастықтыңбөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.