Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі ереже.doc
Скачиваний:
2404
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
432.13 Кб
Скачать

Толықтауыш құрылысына қарай бөлінеді:

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара

Жіңішке жолмен бір қос ат келед. Оны ешкімге көрсетпе.

Күрделі

Олар аттардың қара торысын таңдайды. Отанын сататын су жүректерден қорық

Үйірлі

Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас

Мағынасына қарай :

Тура толықтауыш

Жанама толықтауыш

табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып,тура объектіні білдіріп тұрады және туралы, жөнінде, жайында шылауларымн тіркескен сөздер.

барыс, жатыс, шығыс, көмектес септікжалғауларының бірін жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді.

Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді. Әсетті көрдім. Әсет туралы айттым.

Оған сәлем бердім. Сенде алма бар.

Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

Үйірлі пысықтауыш

Ит жоқта қораға шошқа үреді.

Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?

Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарайаттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртынадемалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалыкелді. Айдос жортабілмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен? Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктенуақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

Жасалу жолы

Мысал

1

Үстеу

Ол ілгері басты. Кеше күн суық болды.

2

Барыс, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздер

Бүгін мал аулағыраққа өрістеген. Баланың даусы таяудан естіледі.

3

Есім сөздер

Ол емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін.

4

Еліктеу сөз

Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді

5

Көсемше

Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап өтті.

Сөйлемнің біріңғай мүшелері

Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер деп аталады. Барлық сөйлем мүшелері бірыңғай мүше бола алады. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады.

Сөйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі жалпылауыш мүше деп аталады.

Жасалу жолы

Мысал

1

Бірыңғай бастауыштар

Есіл бойында бүлдірген де, мойыл да, жидек те, қарақат та (не?)өседі.

2

Бірыңғай баяндауыштар

Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан оқушылар ән салады, би билейді және күй шертеді.

3

Бірыңғай толықтауыштар:

Біз – Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды пір тұтқан халықтың ұрпағымыз

4

Бірыңғай анықтауыштар:

Ораз ойыншы, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді адам еді

5

Бірыңғай пысықтауыштар

Тоқсанбай қарт немересінің күн иісі сіңген кекілінен емірене, құшырлана иіскеді

Түрі

Шылау

Мысал

1

Ыңғайластық жалғаулық

Да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен

Асан мен Үсен жұртта қалып қойды

2

Қарсылықты жалғаулық

Бірақ, алайда, әйткенмен

Мұнда жеміс өседі, бірақ піспейді.

3

Талғаулы жалғаулық

Я, не, немесе, әлде

Мұнда шөп немесе су әкел.

4

Кезектестік жалғаулық

Бірде, біресе, кейде

Ақан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.

Жалпылауыш сөз

бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды жинақтап тұратын мүше.

Түрі

Шылау

Мысал

1

Сілтеу есімдігі

Мыналар, осылар, бұлар, солар, олар

Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл

2

Жалпылау есімдігі

Бәрі, баршасы, барлығы

Шымкент, Алматы, Қарағанды – барі үлкен қала

3

Жинақтық сан есім

Екеу, үшеу, төртеу

Аса, Мағаш, Жандос – үшеуі оңаша сөйлесіп отыр екен.

4

Зат есім

Көптік жалғау жалғанған зат есімдер

Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі -Балқаш көліне құяды.

АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ

сөйлем ішіндегі бір сөзді заттық жағынан айқындап, мағынасын ашып, түсіндіріп тұрады.

Мағынасына қарай

Оңашаланған айқындауыш

Қосарлы айқындауыш.

Өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды .

Өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады

Абай бұл сырдың шет жағасындосына, Ерболға ғана,сездірді.

Ер Қосай, Алпамыс батыр, Біржан сал, Баян сұлу, әнші Күләш, биші Шара, Құрманғазы күйші.