Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза тілі ереже.doc
Скачиваний:
2404
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
432.13 Кб
Скачать

Сөздердің байланысу тәсілдері

Ереже

Септеулік

Мысал

1

Қосымша (жалғау)

Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғаулармен байланысады.

Мен оқушымын. Балаға берді. Үйдің есігі

2

Шылау (септеулік жалғаулық)

Сөйлемдегі сөздер септеулік және жалғаулық шылаулармен байланысады

сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ

3

Орын тәртібі

Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып, орын тәртібі арқылы байланысады.

ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір

4

Интонация (даус ырғағы)

Сөздер интонация арқылы байланысады.

Абай – ақын,Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз

Сөздердің байланысу түрлері

Ереже

Септеулік

Мысал

1

Қиысу

сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық жәнебаяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі.

Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).

2

Матасу

сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы

Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым

3

Меңгеру

сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғауларыарқылы байланыс

алаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу

4

Қабысу

сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі (бірінші сөз анықтауыштың сұрағына жауап береді)

кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға,

5

Жанасу

сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы;

пысықтауыш пен баяндауыштың байланысы

телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу

Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы

Синтаксистік қатынастың түрлері

Байланысу түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Анықтауыштық қатынас

Матасу,

қабысу

Кімнің? Ненің?

Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?

Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.

Толықтауыштық қатынас

Меңгеру

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде?

Кімнен? Неден?

Кіммен? Немен?

Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.

Пысықтауыштық қатынас

Меңгеру, қабысу,

жанасу

Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?

Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.

Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

ХАБАРЛЫ

СӨЙЛЕМ

СҰРАУЛЫ

СӨЙЛЕМ

ЛЕПТІ

СӨЙЛЕМ

БҰЙРЫҚТЫ

СӨЙЛЕМ

Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.

«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?

Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!

Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

Түрі

Жасалу жолы

Мысал

1

Негізгі сұрақ

Ол сұрақ есімдіктері мен сұраулық демеулік шылаудан жасалады

Ол кім?

2

Жетек сұрақ

Ол «ше» шылауы арқылы жасалады

Сен өзің ше?

3

Анықтауыш сұрақ

Ол сұрау интонациясымен жасалады

-ол кім?

-дәрігер

-дәрігер?