Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация Ержан Абишев.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

3.3 «Рахат» ақ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы экономикалық жетістіктер және ұсыныстар

Нарықтық қатынастар жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты жұмсалған ресурс бірлігіне шаққанда максималды табыс алу, сол сияқты оны тұрақты ұлғайту болып саналады. Нақ осы кәсіпорын қызметінің тиімділігі немесе нәтижелілігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Кез келген кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар оның қызметінің барлық жақтарын қамтуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың келесідей жолдары жұртшылыққа мәлім және қолданыста бар:

  1. шаруашылық механизмін жетілдіру, яғни басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын, басқару мотивациялары мен әдістерін кәсіпорынның тұрақты өзгеретін жағдайларға тез бейімделуіне, нық тұруына мүмкіндік беретіндей етіп құру;

  2. өз мүмкіндіктерін, ресурстарын максималды түрде қолдану, яғни өз әлеуетін жүйелі түрде анықтау және пайдалану;

  3. кәсіпорын қызметінде әр түрлі жолдармен қол жеткізілетін тұрақтылықты орнату.

Біріншіден, бұл – кәсіпорынның өз клиенттерімен (сатып алушылармен, жеткізушілермен) байланысын нығайту.

Екіншіден, өз бәсекелестерін жақсы білу. Кәсіпорын жұмысының тұрақтылығына қол жеткізудің бір тәсілі мықты корпоративтік рухты қалыптастыру болып саналады.

Үшіншіден, жетістікке жету ең алдымен мақсатты дұрыс таңдай білуге тәуелді, ол тиісті ұйымдастыру жұмысы һәм материалдық және моральдық ынталандырудың тиімді түрлерімен нығайтылуы тиіс. Еңбек өмірінің сапасы кәсіпорын жұмысшылары өз кәсіпорнының дамуына, оның қызмет тиімділігін арттыруға қаншалықты мүдделі, соған байланысты.

Төртіншіден, бұл – басқарудың қоршаған ортаның, яғни саясат, экономика мен технологияның өзгерістеріне тез бейімделе білу. Жаңалықтарды енгізу – өнім сапасын жақсарту, оны жетілдіру және өнімнің немесе қызметтің жаңа түрлерін жасау жолдарын тұрақты іздеу. Егер бұлай болмаса, онда кәсіпорын нарықтың қатаң жағдайында өмір сүре алмайды.

Ғылыми-техникалық прогресстің (ҒТП) серпінді дамуы кезеңінде кәсіпорындар оның салдарын бәсекелестіктің күшеюі нәтижесінде үнемі сезінеді. Сондықтан әрбір кәсіпорын белгілі бір берік қорға ие болуы тиіс. Себебі кез келген кәсіпорын, әдетте, өз қызметінде өндірістік және қаржылық ресурстардың шектеулі шамасына ие болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъект өзінде бар персонал мен жабдықты өте тиімді түрде қолданғаны жөн. Бұған өндірісті басқарудың тиісті жүйесі және өнімді өткізуді оңтайлы ұйымдастыру көмегімен қол жеткізуге болады.

Өткізу нарығындағы бәсекенің өсуімен байланысты өнім сапасын арттыруға үлкен назар аударылатыны байқалады. Нарық жағдайында сапа үлкен мәнге ие, ол тек тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғана емес, сонымен бірге олардың сатылуына, сөйтіп пайданың өсуіне әсер етеді. Өз кезегінде бұл фактор өнім сапасын басқару жүйесінде тиісті өзгерістер жүргізудің қажеттігін айқындайды. Сол сияқты кәсіпорында негізгі капиталдың пайдаланылуын жақсартуға ерекше көзқарас қажет. Негізгі капиталдың пайдаланылуын жақсарту кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелерінде өнім өндіруді арттыру, өзіндік құнды төмендету, өнім сапасын жақсарту, мүлік салығын азайту және баланстық пайданы көбейту есебінен көрініс табады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың неғұрлым маңызды тәсілдерінің бірі айналым қаржыларын тиімді пайдалану болып есептеледі, бұл кәсіпорынның аз шығын шығара отырып пайда алуына немесе кәсіпорынның тұрақты да жеткілікті төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде салынған капиталдан мол пайда иеленуіне мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның экономикалық өсімінің келтірілген факторлары оның жұмысының әр түрлі жақтарын бейнелейді. Әрбір кәсіпорын қандай факторлардың есебінен өз қызметі тиімділігінің анағұрлым жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізбектігін өзі шешеді. Тиімділіктің қандай да бір критерийін таңдау кәсіпорын өз табыстылығының көрсеткіштерін көтерудің қандай келешегіне үміт артпақ, соған тәуелді.

Өнім шығаруды арттыру, бір бірлікке есептелген шығынды азайту негізінде кондитер бұйымдары өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылату көптеген міндеттердің бірі болып саналады. қазіргі кезде тамақ өнеркәсібі өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып оның рентабельділік деңгейі есептеледі. Егер өнімнің өзіндік құны төмендемесе, онда сату кезіндегі жоғары бағалар өндіріс тиімділігінің өсуін қамтамасыз ете алмайды. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, кәсіпорын солғұрлым көп таза пайда табады және кеңейтілген ұдайы өндірісті іске асыруға қажетті елеулі қаржылар иеленеді.

Кондитер бұйымдарының өзіндік құнын төмендету резервтерін табу үшін шығындарға оперативті бақылау жүргізу қажет. Бұл жағдайда шығынның әрбір бабы бойынша өзгерістерді қарастыру, шығындардың қандай да бір бабы бойынша алынатын табыстар көлемінің ұлғаюын туындататын себептерді анықтау, жұмсалған шығындардың мақсаттылығын объективті түрде бағалау және оларды төмендетуге бағытталған тиісті шараларды қабылдау өте маңызды.

Өнімді сату стадиясында өндірістік үдеріс аяқталады, оның нәтижелілігі анықталады. Кондитерлік бұйымдардың өтімділігіне өндірілген өнімнің сапасы үлкен әсер көрсетеді. Азық-түлік өнімінің сапасы өндіріс үдеісінде құрылады, бірақ сату мен тұтыну кезінде ғана ескеріледі. Шаруашылық әзірше өзі өндіретін барлық ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын анықтау мүмкіндігіне ие емес. Бұл өнім сапасына жағымсыз әсер ететін факторлар мен себептерді анықтауда белгілі бір қиындықтар тудырады.

Кәсіпорын қызметі рентабельді өндіріске қол жеткізуге бағытталған. Рентабельділік өндіріс тиімділігін анықтайтын экономикалық көрсеткіш болып табылады. Онда сіңірілген еңбекке ғана емес, сонымен бірге сатуға түсетін өнімнің сапасына, ұйымның, өндірістің және басқарудың деңгейіне кететін шығындар нәтижелері көрініс табады.

Сонымен шаруашылықта азық-түлік өнімін өндіру тиімділігін арттыру үшін өзіндік құнды төмендетудің және кондитер бұйымдары өндірісін ұлғайтудың ішкі резервтерін іздестіру аса маңызды.

Әр фирма, әр кәсіпорын өз мүмкіншіліктерімен, тәжірибесімен салттары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Сонда да әлемдік бірлестік әртүрлі жағдайларда қойылған мақсаттарға тиімді жетуге болатын универсалды әдістер мен құралдарды ойлап тапқан. Біз сапаны жалпылама басқару концепциясына нақтырақ тоқталсақ.

Сапаны жалпылама басқару (TQM) концепциясы – қызметтің барлық аумақтарында жан-жақты мақсатталған, жақсы координацияланған жүйелер мен әдістердің басшылар мен қызметкерлердің қатысуымен техникалық мүмкіндіктерді рационалды пайдаланумен сипатталатын сатуға дейінгі және сатудан кейінгі зерттеулерден тұратын қолданыс.

TQM құрамы келесілерден тұрады:

  • өнімді өндіру барысында бақылау жүргізу, эталонды өнімнің сапасын бағалау, өндірістік үрдіс пен өнім сапасын жоспарлау;

  • әкелінетін материалдардың сапасын жоспарлау, бақылау мен бағалау;

  • кіретін материалдарды бақылау;

  • дайын өнімді бақылау;

  • өнім сапасын бағалау;

  • өндірістік үрдіс сапасын бағалау;

  • өнім сапасы мен өндірістік үрдістің сапасын бақылау;

  • арнайы үрдістерді талдау (сапа аумағында әлеуметтік зерттеулер);

  • өнім сапасы туралы ақпаратты пайдалану;

  • өнім сапасы туралы ақпаратты беретін құралдарды бақылау;

  • сапаны қамтамасыз ету әдістеріне үйрету, персоналдың кәсіби біліктілігін жоғарлату;

  • кепілдемелік қызмет;

  • сапа аумағындағы жұмыстарды координациялау мен бағыттау;

  • сапа жөнінде жабдықтаушылармен бірлесіп жұмыс істеу, PDCA («plan-do-check-action») циклын пайдалану;

  • сапа үйірмелерінің жұмысы;

  • адам факторын басқару. Яғни, өткізу және қызмет көрсету ұйымдарда, акционерлер мен тұтынушыларда қанағаттандырарлық климат, қатысудағы ынта мен ізденіс, кәсіпорынның өркендеуі мен дамуы;

  • қызметаралық басқару әдісі бойынша сапа аумағында жұмыс («crossi-function-management»);

  • сапа жөніндегі ұлттық бағдарламаларға қатысу;

  • сапа аумағында саясатты құру (экономикалық қызмет стратегиясымен сапа аумағындағы жүргізіліп жатқан «саясатты сәйкестендіру», сапа мақсатын әкімшілендіру, экономикалық және шаруашылық қызметтің барлық аспектілеріне ендіру, кәсіпорындағы жүргізіліп жатқан сапа саясатын қызметкерлердің дұрыс түсінуін қамтамасыз ететін шараларды қолдану);

  • қызметкерлердің қаржылық қызметке қатысуы (табыста, акционерлік капиталда), сапаға қатынасты тәрбиелеу, әлеуметтік сфераны және қызметкерлердің ақпаратпен қамтылуын жетілдіру, сапа мәдениетін қалыптастыруды жүргізу;

  • сапа аумағында қызмет жүргізуші басшылық кадрларын дайындау;

  • сапа аумағындағы қызметті жоғарғы басшылыққа жүктеу.

Сапаны жалпылама басқару (Total Quality Management) - теориялық ілім емес. Ол сапаны жоғарлатуды басқару үрдісін басқару технологиясы. Ол үш бөлімнен тұрады.

  1. Түбірлі, басты жүйе – талдау мен зерттеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Олар бақылаудың статистикалық әдістерімен жалпы барлығымен қолданыс алғандықтан, барлық фирмаларда қолданысқа ие.

  2. Техникалық қамтамыз ету жүйесі – персоналды осы құралдарды дұрыс пайдалану мен дұрыс қолдануға үйретуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағдарламалар. Бұл жүйе кәсіпорынның мемлекет спецификасын көрсетіп, сол елдің ұлттық мәдениеті мен және салттарымен байланысты. Оны өз бетімен қалыптастыру қажет. Өйткені, басқа тілден құжаттарды аудару керекті нәтижеге жеткізбейді.

  3. Қағидалар мен мазмұнның үздіксіз даму жүйесі. Әсіресе осы жүйеде спецификалы, елдің ерекшеліктері, ел ішіндегі экономикалық тәртібі, заңы айқын бейнеленеді.

Сапаны жалпылама басқару – басқарудағы төңкерілістің өзі болып табылады. Жаңа қарым-қатынастарды орнату үшін, түрлі әлеуметтік және ұйымдастырушылық эксперименттер мен зерттеулер жүргізу қажет. Тәжірибені көбейтіп, өз бетінше оң және сол жақтарды анықтау қажет.

Бірнеше фирма немесе кәсіпорын координациялы бағытталған түрде осымен айналысса өте жақсы. Соның нәтижесінде уақыт үнемделеді. Өйткені, бір фирма түрлі зерттеулердің барлығын жүргізуге мүмкіншілігі бола бермейді.

Сондықтан бірнеше ондаған фирмалардың мүмкіндіктерін біріктіріп, әлеуметтік және ұйымдастырушылық эксперименттер мен зерттеулерді қатар жүргізуі қажет. Содан кейін алынған нәтижелерді талдап, оптималды шешімге келу қажет.

«Рахат» АҚ-ның сапаны жалпылама басқарудың басты мақсаты өнім мен қызмет көрсетудің жоғары сапасына жету болып табылады.

«Өте жоғары сапа» дегеніміз не?

«Рахат» АҚ-ның қағидасының төрт сапа деңгейі бар.

  1. Бірінші деңгей – «стандартқа сәйкес келу». Өнім сапасы - стандартқа сәйкестіліктің немесе сәйкессіздіктің басты шарты деп бағаланады. Өнім сапасын тексеру процедурасы мен әдістемелік нұсқаларын және талаптарды анықтап, стандартты бекіту қажет. Ол үшін, өндірістің ұйымдастырушылық құрылымы, сапаны статистикалық бақылау құралдары қолданылады. Бұл қағиданың кемшілігі – міндетті түрде сапаны бақылау және тұтынушылар талғамын (нарық) есепке алмауы.

  2. Екінші деңгей – «қолдану сәйкестілігі». Өнім стандартқа сай болуымен қатар, эксплуатация шарттарын қанағаттандыруы қажет. Сонда ғана ол өнім сұранысқа ие болады. Өнім сәйкестілігінің барлық шарттарына сай келу үшін, оның сапасы жайлы өндірістік бөлімшелермен қатар маркетинг, зерттеу мен жобалау қызметтері, жоспарлау, өткізу, сервис бөлімшелері, сапаны бақылау бөлімшелері де қатысуы керек. Барлық бөлімшелер бір бүтін сияқты жұмыс істеуі керек. Айта кететін жайт, жоғарғы сапа жоғары шығындарды қажет еткендігінен, өндірілетін өнім бағасы да жоғарлайды.

  3. Үшінші деңгей – «нарықтың нақты талаптарына сәйкестілік». Ол дегеніміз жоғары сапа төмен бағада. Бұндай нәтижеге жету үшін, жұмыстың барлық құрылымдық жүйесін өзгерту қажет. Жоғарғы сапада төмен бағаға жетудің негізгі жолы ақаусыз, залалсыз өндіріс. Ол үшін жұмысшылар барлық күш жігерлерін жинап, сапаны жоғарлату үнемі түрде жүргізілуі керек. Өнімді басшы, инженер өндірмейді. Өнімді жұмысшы өндіреді. Сондықтан өндіріс барысында пайда болған ақауларды жұмысшылар өздері жұмыс орындарында түзетуі керек. Сапаға инспекция немесе жоғары сапалы құрал-жабдықтар жеткізбейді. Керісінше, өндіріске қатысушы жұмысшылар үнемі сапаны жоғарлатуға бағытталуы керек. Егер ақауларды түзету және болдырмау жұмыстары өндірістің әр сатысында түзетіліп жатса, ақаулардың мөлшері минимумға дейін төмендеп, өндіріс тиімділігі артады. Ол дегеніміз, «үрдісті бақылау». Бұнда фирманың барлық мүшелерінің қатысуы.

  4. Төртінші деңгей – «жасырынған сәйкестілік». Ұлибритания, АҚШ, Жапония сияқты дамушы, бай мемлекеттерде нарық сапасы жағынан аз ерекшеленетін өнімдерге толы. Ол өнімдер тұтынушының барлық айқын және айқын емес қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сондықтан өнімді өткізу барысында, тұтынушының жасырын қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім жоғары сұранысқа ие. Тұтынушы өз қажеттілігін өзі білмейді. Ал тұтынушыға кенеттен жоғары сапалы, оригиналды өнімді көргенде, өзінің қажеттілігі мен талғамын түсінеді. Әлемнің дамушы фирмалары бұл деңгейге жетудегі жарты жолда.

Соңғы кездері кәсіпорындағы маркетингтік жүйенің тиімділігін өнімнің өмірлік кезеңіне байланысты атқаратын жұмыстарына қарап анықтау жолдары қолданылуда. Осы орайда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында құруға ұсынылған маркетингтік бөлім бағыттарын ұсынуға болады:

  1. Нарыққа шығу:

Бірінші бағыт – өнімнің нарыққа ену мүмкіндіктерін зерттеу;

Екінші бағыт – тұтынушының өнісге қатысты көзқарасын анықтау;

Үшінші бағыт – кең көлемді жарнама.

  1. Өсу:

Бірінші бағыт – бәсекелестердің ықпалы мен сатуды ұлғайту мүмкіндіктерін болжау;

Екінші бағыт – өнімнің беделін арттырған қасиеттерін анықтау;

Үшінші бағыт – белсенді жарнама.

  1. Жетілу:

Бірінші бағыт – өнімнің табыстылығын арттыру жолдарын зерттеу;

Екінші бағыт – нарықтағы ұқсас өнімдердің жетістіктерін ұдайы бақылау;

Үшінші бағыт – өткізуді ынталандырудың жаңа бағыттарын ұсыну.

  1. Төмендеу:

Бірінші бағыт – өткізу көлемінің төмендеу себептерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

Екінші бағыт – өнімнің жетілген жаңа түрлерін шығару саясатын қалыптастыру;

Үшінші бағыт – өткізудің барлық тиімді әдістерін қолдану.

Кәсіпорынның қызмет ету тиімділгін арттырудың технологиялық өндірісті басқаруды компьютерлендіру. Шетелдік тамақ кәсіпорындағы ақпараттарды жинау, жоспарлау, өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды кеңінен компьютерлендіру, өндірісті басқару тиімділігін және құрал-жабдық жұмысының көрсеткіштерін біршама арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық кәсіпорындарда бұл элементтерді саусақпен санарлықтай ғана кәсіпорындарданбайқауға болады. Қазір кәсіпорындарда өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды компьютерлендіру жақсарып келеді. Бірақ, станоктарды компьютерлендіру, олардың жұмыс параметрлерін оңтайлау, тек жаңа заманғы құрал-жабдық алынған соң ғана жүзеге асырылады.

«Рахат» АҚ-да сапаны басқарудың тиімділігінің үш басты шарттары:

  1. кәсіпорынның басшылығы шұғыл түрде сапаны жоғарлату мен жақсартуға ынталы болады;

  2. инвестициялар құрал-жабдықтарға емес, адамдарға салынады;

  3. кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы арнайы сапаны басқаруға мамандалып құрылған.

«Рахат» АҚ-ның сапаны жалпылама басқару үрдісі арнайы әдістер мен құралдардың көмегімен жүреді.

«Рахат» кәсіпорнының сапаны жалпылама басқару үрдісін енгізуге нарық күші ықпал етеді. Соның нәтижесінде, фирма басшылығының осы сапаны басқару жүйесін енгізуге дайындығы туындайды. Фирма президенті немесе кәсіпорын директоры сәйкес ұйымдастырушылық құрылымды құру жұмыстарымен айналысуы керек. Өнім сапасын басқаруда төңкерілістік өзгерулер болуы үшін, барлық персоналдың патриоттық рухы болуы керек.

Жалпы әдістер мен шарттар негізінде әр ел өнімнің жоғары сапасына жетудің өзіндік ұлттық жолын құруы керек. Әр фирма, әр кәсіпорын өз мүмкіншіліктерімен, тәжірибесімен салттарымен бір-бірінен ерекшеленеді. Сонда да әлемдік бірлестік әртүрлі жағдайларда қойылған мақсаттарға тиімді жетуге болатын универсалды әдістер мен құралдарды ойлап тапқан.

«Рахат» АҚ-ның сапаны жалпылама басқарудың (TQM) қағидаларына өту өндірістік қатынастарды жаңадан құруға мүмкіндік береді. Жұмыстың басты ережесі - өз қызметін жетілдіру арқылы, тұтынушылардың барлық талаптарын қанағаттандыру болып табылады. Бұл жағдайдағы тұтынушылар дегеніміз – ел ішіндегі және шетелдердегі сатып алушылар, дилерлер. Сонымен қатар, өнімді сатып алып оны арықарай өндіретін өз фирма ішіндегі бөлімшелер мен орындаушылар. Бұл жерде сапа жөніндегі жапон мамандарының «келесі технологиялық операцияны орындаушы – сенің тұтынушың» қағидасы жүзеге асады.

Кәсіпорын жұмысының жақсаруы бір жағынан басшының білікті жұмысына байланысты болса, екінші жағынан фирманың әр жұмысшының шыншылдығына және оның өз ісіне дұрыс көзқарасына байланысты. Соның нәтижесінде, кәсіпорында «корпоративті мәдениет» пайда болады. Оның мазмұны адам факторын пайдалану, яғни сапа әрқайсысының міндеті.

«Рахат» АҚ-да корпоративті мәдениетті қалыптастыруға келесідей әдістер ықпал етеді:

  • кәсіпорын қызметкерлерін шығын көрсеткіштері ретінде емес, «баланстың активті статьясы» ретінде қарастыру қажет;

  • қателердің кінәлісін іздемей, олардың ол қателердің пайда болу себебін анықтау.

Сөйтіп, «Рахат» АҚ-да қарастырылған сапаны жалпылама басқару қағидасы кәсіпорында өте актуалды. Өйткені, нарықтық қатынас жағдайында бұл жүйе басқарудың орталықтандырылған жүйесі болып табылады.

Қазіргі таңда, сапа менеджменті – төртінші сатыдағы менеджмент -кәсіпорындағы жетекші менеджменттерге айналуда. Басқару үрдісі мен сапаны жалпылама басқару үрдістерінің арақатынасы жүреді. Және бұл байланыс жаңа, жоғары сапалы деңгейде жүреді. Қазіргі таңда, егер кәсіпорында сапа менеджменті мен экология сапасының менеджменті қажетті деңгейге қойылмаса, онда кәсіпорын нарықта өз үлесін таба алмай бизнесте жетекшілікке ие бола алмайды.