Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация Ержан Абишев.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

III. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды дамыту жолдары және оның негізгі бағыттары

3.1 «Рахат» ақ-ның бәсекеге қабілеттілік жағдайын талдау

«Рахат» Акционерлік қоғамның нарықтағы қызметтерінің негізгі түрлеріне кондитер өнімдерін өндіру мен сату жатады. Компанияның қызметтері Қазақстан тұрғындарының бір жағынан заман талаптарына сай, екінші жағынан дәстүрден аттамайтын жоғарғы сапалы кондитерлік өнімдерге деген қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға бағытталған. Акционерлердің мүдделерін қорғауға байланысты, бизнестің негізгі мақсаты компания қызметінің тұрақты табыстылығы мен капиталдануын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, кәсіпорын тұрғындардың жартысын жұмыс орындарымен қамтамасыздандыру және кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу арқылы нақты әлеуметтік міндеттерді де орындайды.

«Рахат» АҚ – ның хош иісті, дәмді, пайдалы өнімдері – мұздақ, кәмпиттер, шоколад, мармелад, печеньелер, вафли, зефир, драже, ирис қазіргі таңда Қазақстанның түпкір-түпкірінде ғана емес, тіпті одан тысқары жерлерде де өте танымал. Олар дастарханды безендіріп, әр үйге нағыз мейрам әкеледі. «Рахат» АҚ – ның өнімдері сапаның алтын белгісін иемденіп, түрлі ұлттық, шет елдік және халықаралық мамандандырылған әрі кәсіби көрмелер мен конкурстарда көптеген марапаттаулармен және алқалармен аталды. Компанияның жетістіктерінің ішінде келесілерді атап өтсе болады: «Қазақстан» шоколады 2001 жылдың шоколады, ал «Рахат» ашты шоколады 2002 жылдың шоколады деп танылды; кәсіпорынның өнімдері «Қазақстанның намысы – 2002» және «Тұтынушылар қалауының сыйы – 2003» жүлделерін жаулап алды. Республиканың өкіметі жүргізетін «Қазақстанның іскер адамы – 2003» атты республикалық конкурста «Өнім сапасы бойынша Қазақстанның ең үздік кәсіпорыны» деген атақпен, тамақ өнеркәсібіндегі өзге де кәсіпорындардың арасынан алдына жан салмай, аталды; «Тәтті тағамдар – 2004», «Тәтті тағамдар – 2005», «Тәтті тағамдар – 2007» және «Тәтті тағамдар – 2008» көрмелерінде фабрика өнімдері «Тұтынушылар қалауының сыйы» номинациясында диплом мен марапат кубогын алды.

«Рахат» – мемлекеттің азық-түлік нарығының көш басшысы. Фабриканың ассортименттік портфелі бүгінгі күні әмбебаптылығымен ерекшеленеді және тұтынушылардың талап-талғамдарына бағытталған. «Рахаттық» тәтті тағамдар – жоғары сапалы шикізаттарды қолданудың, өндіріс технологиясының еш ақаусыздығының және кез келген көңілден шығатын өнімнен өз таңдауын таба алудың кепілі.

Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы шығарды. Мәскеу мен Харьковте ескіден сақталған кондитер кәсіпорындарының Алматыға көшіп келген технолог-мамандары көп жылдық өндіріс мәдениетінің салт-дәстүрлерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан дағдыларын, тәтті тағам дайындайтын мамандардың шеберлік құпияларын өздерімен бірге ала келді. Жарты ғасырлық уақыт ішінде осындай берік те, сенімді тұғырдың арқасында фабрика ұжымы кондитерлік өнімдер тұтынушыларының сан алуан сұраныстарын қанағаттандыра алатын қазіргі заманға сай өндіріс орнын қалыптастырды.

1944 жылдың өзінде Алматы кондитер фабрикасы кондитер өнімдерінің 40-тан астам атауы бар түрлі сорттарын шығарған. Алматы кондитерлерінің барлық ұрпақтары өздерінің басты міндеті жоғары сапалы өнімдерді шығару, ассортиментті кеңейту, фабрикалық белгінің намысы үшін күресу деп ұққан. Өзінің дамуының бүкіл тарихында фабрикада бірнеше ірі реконструкция жүргізілді:

  • 1964 жыл – жаңа өндіріс корпусының құрылысы;

  • 1978-1979 жылдар – әкімшілік-күнделікті қолданыс корпусының бой көтеруі;

  • 1980 жыл – какао бұршақтарын қайта өңдеу цехы және шоколад цехының іске қосылуы;

  • 1994-1996 жылдар – қолда бар қондырғылардың 30 %-ға жуығын ауыстыру арқылы модернизация;

  • 1997 жыл – Қазақстан нарығы үшін жаңа өнім түрі гумми бұйымдарын өндіретін қазіргі таңдық қондырғының орнатылуы;

  • 2002 жыл – конфет цехының реконструкциясы;

  • 2003 жыл – ирис цехының реконструкциясы және шоколад өндіретін қондырғыларды ауыстыру;

  • 2005 жыл – шоколад әзірлейтін және ирис цехтарында конфеттің пралинді сорттарын өндіретін жаңа технологиялық желілердің құрылуы.

«Рахат» АҚ – ның тарихы 1992 жылы Алматы кондитер фабрикасының приватизациялау сәтінен және мемлекеттік кәсіпорынның жеке капиталды кәсіпорынға қайта құрылуынан басталды. Қазіргі уақытта компанияның 1500-ге жуық акционерлері бар және «Рахат» АҚ 100 пайыздық жеке капиталы бар халықтық қоғам статусына ие.

Қазір «Рахат» АҚ – да 12 еншілес кәсіпорыны бар, олардың ішінде «Рахат – Шымкент» ЖШС өндіретін, 8 ЖШС өнімді аудандық сату бойынша коммерциялық бағыттағы қызметі бар, «Рахат-К» ЖШС – компанияның қажеттілігі үшін тұрғын үй-коммуналды объекттілерді ұстау және қызмет көрсету бойынша өндірістік емес қызметін қамтамасыз етеді, «Рахат-Тр» ЖШС көлік қызметтерін көрсетеді.

Бүгінгі күнде «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдердің 240-тан астам түрлерін өндіреді.Бұл өнімдерді жалпы екі топқа бөліп қарастыруға болады:

Қанттан жасалатын өнімдер:

  • карамельдер, конфеттер, ирис, шоколад және какао-ұнтақ, драже, мармелад және пастила, шығыс тәтті тағамдары.

Ұннан жасалатын өнімдер:

  • печенье, вафли.

Конфеттер тобына пралинді, далапты, грильяжды, желелі глазурленген және глазурленбеген конфеттер, сондай-ақ көркем безендірілген қораптардағы шоколадтар жиынының кең ассортименті кіреді.

Тәтті тағам әуесқойлары 44 түрлі шоколадты, вафли, пралинді, далапты және желелі кәмпиттер ішінен өз таңдауын таба алады.

Әсем безендірілген қораптарға салынған әр түрлі спирттелген жидектермен, глазурленген жемістермен толтырылған шоколад кәмпиттерінің небір сорттары аса талғамшыл адамдардың да көңілінен шығады.

Карамель, жеміс-жидекпен, далаппен толтырылған көп қабатты карамельдердің 40 шақты түрі ұсынылады.

Пастилді-мармеладты өнімдер тобына агарадағы мармелад, желатин және зефир жатады. Мармелад пен зефир глазурленіп және глазурленбей, сонымен бірге көркем қораптарға қорапталып шығарылады. Зефирдің ақраушангүл түстес үлпегі әрқашан деликатес болып көрінеді. Шоколад глазурінің жеңіл де тәтті дәмін классикалық табиғи түсі толықтырып тұрады.

Фирмада өндірілген жоғары сапалы какао майынан 20 түрлі тақта шоколадтарын, оның ішінде десертті, сүтті сорттары, қоспалары мен салмалары бар шоколадтар, кеуекті шоколад әзірленеді. Сондай-ақ, ақ шоколад, какао-ұнтағы және қантты диабетпен ауыратын адамдарға арнайы диабеттік шоколад өндіріледі.

Иристер тобына иристің 8 түрлі тіл үйіретін тәтті дәмнің тамаша үйлесімінің гаммасын сезінуіне мүмкіндік беретін классикалық сорттары кіреді.

Шығыс тәтті тағамдарының тобы нуганың бірнеше түрін, козинаки мен парварданы құрайды.

5 түрлі драже дәстүрлі сорттарын фабрика технологтарының жасап шығарған жаңа түрлері толықтырады.

Ұннан жасалған өнімдер тобы қантты, созылмалы печенье және май салмалары бар вафлиларды ұсынады.

Тұтынушылардың арасында вафлидің 9 түрі және қантты печеньенің 11 түрі үлкен сұранысқа ие болуда. Фабрика бұрынғыдай қазақстандық өндірушілердің ішінде тек бір өзі 6 түрлі созылмалы печеньені тұтынушыларға ұсынып келеді, олардың ерекше рецептурасы көпшіліктің көңілінен шығатын дәм дайындаудың құпиясына ие.

«Рахат» АҚ өндіретін өнім түрлерінің ассортименті байқап отырғанымыздай өте кең.

Осы өнімдерді өндіру бойынша «Рахат» АҚ – ның есебін біз 3-кестеден көре аламыз. Осы кестеге сүйене отырып, қай өнім түрі қандай көлемде шығарылғанын және оның қаншалықты ауытқығанын баяндай аламыз.

Төменде берілген 3-кесте бойынша біз қай өнім түрін өндіру көлемі артқанын немесе кемігенін жақсы байқай аламыз. Өндіру көлемінің ауытқуына тұтынушылардың сұранысы, өзге компаниялардың ұқсас өнімдері және тағы басқа бірқатар факторлар тікелей әсерін тигізеді.

Тұтынушылардың арасында вафлидің 9 түрі және қантты печеньенің 11 түрі үлкен сұранысқа ие болуда. Фабрика бойынша ең көп өндірілген өнім түрлеріне тамақ өнімдері-29 464 тонна; Какао, шоколад, қанттан жасалған кондитерлік өнімдер-23 583 тонна және Шоколад, шоколадтан және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер-23 317 тонна жатады.

11-кесте. «Рахат» АҚ-ның 2007-2008 жылдар аралығындағы жалпы өндірілген өнім көлемі

Өнім түрінің атауы

2007 жылы өндірілді

2008 жылы өндірілді

Ауытқулар

Динам/қ көр/р

2006ж-2005ж

Өсу қарқыны

Заттай сипатта, тонн.

Есепті жылдағы бағамен, мың тг

Заттай сипатта, тонн.

Есепті жылдағы бағамен, мың тг

Зат. сипат.тонн.

Ес. жыл. бағ.

мың тг

Зат. сипат тонн.

Ес. жыл. бағ.

мың тг

+ ; -

+ ; -

%

%

Тамақ өнімдері, өзгелері

27138

4746010

29464

5757184

2326

1011174

108,57

121,34

І. Қытырлақтар ж/е печеньелер ұзақ сақталатын конд/к өнімдер

8003

873342

5881

677635

-2122

-195707

73,48

77,59

1) Тәтті печенье, вафли:

  • Тәтті печенье, толық н/е жартылай шоколадпен қапталған вафли;

312

59815

402

71330

90

11515

128,85

119,25

  • Тәтті печенье, какаосыз вафли

  • Қантты печенье

  • Басқа топтама/ға кірмейтін печеньелер

6515

4029

2486

610100

388481

221619

4488

2041

2447

427612

202991

224621

-2027

-1988

-39

-182488

-185490

3002

68,89

50,66

98,43

70,09

52,25

101,35

11-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  • Вафлилер, какаосыз өзгелері

  • Май салымдары бар вафлилер

  • Пралинді салымдары бар вафлилер

1176

1176

*

203427

203427

*

991

490

501

178693

90342

88351

-185

-686

*

-24734

-113085

*

84,27

41,67

100,0

87,84

44,41

100,0

ІІ. Какао, шоколад, қанттан жасалған кондитерлік өнім/р

19135

3872668

23583

5079549

4448

1206881

123,25

131,16

  1. Какао майы

5

3240

2

1928

-3

-1312

40,0

59,51

  1. Какао ұнтағы

261

33787

264

59839

3

26052

101,15

177,11

ІІІ. Шоколад, шоколадтан ж/е қанттан жасалған кондитерлік өнім/р

19135

3835641

23317

5017782

4182

1182141

121,86

130,82

  1. Қораптағы немесе брикеттағы глазурлі шоколад

8

2522

2

633

-6

-1889

25,0

25,10

  1. Салымдары бар тақта шоколад ж/е брикеттағы немесе пластиктағы ұқсас өнім/р

60

15791

59

16175

-1

384

98,33

102,43

  1. Жеміс-жидек ж/е орех қоспалары бар шоколад пен тақталы өнімдер

1

577

14

6262

13

5685

14 есе

10,85 есе

  1. Қоспалары жоқ шоколад пен тақталы өнімдер:

598

224538

802

317608

204

93070

134,11

141,45

  • Қоспасы жоқ шоколадты десерт

27

10106

28

10500

1

394

103,70

103,90

  • Қоспасы жоқ шоколад ж/е өзгелері

571

214432

774

307108

203

92676

135,55

143,22

  1. Шоколадты конфеттер:

5518

1639011

7397

2313183

1879

674172

134,10

141,13

  • Шоколадты конф/р (сод. алког)

7

4979

13

7161

6

2182

185,71

143,82

  • Өнімдердің есепті жылдағы бағаларының құрамына ҚҚС мен акциздер кірмейді.

«Рахат» АҚ өндірген жалпы тұтынушылар тауарларының көрінісін төмендегі 11-кестеден көреміз.

12-кесте. «Рахат» АҚ-да 2007-2008 жылдар аралығындағы жалпы тұтынушылар тауарларының өндірісі

Көрсеткіштің атауы

2007 жылы өндірілді,

мың тг

2008 жылы өндірілді,

мың тг

Ауыт- қуы

+ ; -

мың тг

Динамикалық көрсеткіштер

Өсу қарқыны, %

ҚҚС және акцизсыз тұтынушылар тауарлары

4746010

5757184

1011174

121,31

Соның ішінде:

Тамақ азық-түліктері (алкогольді өнімдердің құнысыз)

4746010

5757184

1011174

121,31

Сілтеме ?

Тұтынушылар тауарларын өндіру 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1 011 174 мың теңгеге өсіп отыр. Бұл жағдайға тұтынушылар сұранысының және қажеттіліктерінің артуы, халық санының ұлғаюы, нарықтағы үлесінің өсуі ықпал етті.

Қазіргі уақытта «Рахат» АҚ техникалық мүмкіншіліктері бүгінгі салалық ғылымдар мен техникалардың даму дәрежесіне сәйкес келетін тәтті тағам өндірісінің барлық дәстүрлік технологиялары бар. Фабрикадағы өндірістік саясаттың ең негізгі өзегі шығарылатын өнімге қажетті шикізатты таңдай білу мен барлық технологиялық процестердің жүргізілу барысын қатаң сақтау болып табылады.

Кәсіпорында 3 008 адам еңбек етуде. Өндірістік күштердің 65 000 тонна кондитер өнімдерін шығаратын мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда кәсіпорында 6 цех: бисквит, карамель, ирис, шоколад, кәмпит, зефир цехтері жұмыс істеуде.

Фабриканың зертханасы шикізаттың және өндірудің барлық сатысында өнімнің сапасына бақылау жасап отырады.

Шоколад дайындайтын цехтың жыл сайын 3,6 мың тонна какао бұршағын өңдеу мүмкіндігі бар. Нәтижесінде жоғары сапалы какао майы, ұнтақталған какао, какао ұнтағы, шоколадты глазурь өнімдері дайындалып, олар тек өз өндірісімізде ғана емес, сондай-ақ, көптеген ҚР тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында және еліміздің сырт жерлерінде үлкен сұранысқа ие.

Жаңа және дәстүрлік өнімдерді шығарған кезде фабрика мамандары тамақ өнеркәсібіндегі ҒЗИ ең соңғы мәліметтерімен, отандық және шетелдік диетологтар мен экологтардың кепілдемелерін және медицинаның түрлі бағыттарын қолданады. Мәселен, қазіргі уақытта түрлі өнімдердің құрамында 5%-дан 40%-ға дейін глюкозид шәрбаты бар. Сол шәрбатпен сахарозаның тиісті мөлшерін биологиялық құны жоғарырақ глюкоза мен фруктозаны ауыстыруға болады. Кәмпит пен карамельдердің он шақты түрін дайындағанда қантты глюкозамен тікелей ауыстыруға болады. Экологиялық қолайсыз жағдайларда өмір сүретін адамдар үшін үлкен көмегі бар пектиндер рецептурада кең орын алған. Диабетиктерге арналған өнімдердің құрамында қант арнайы мальтисорб және мальтидекс, фруктоза сияқты ингредиенттермен алмастырылған.

Кәсіпорында өндірістің қуаттылығын арттыруға бағытталған арнайы шаралар жүргізіледі. Соның нәтижесінде жоспар бойынша алға қойған мақсаттарға жетуге жағдай жасалады. Бұл сөздің айғағы ретінде төмендегі 5-кестені көрсетуге болады.

Берілген кестеге сүйене отырып, 2009 жылдағы тамақ азық-түліктерінің өндіріс қуаттылығы 2008 жылмен салыстырғанда 16,05 %-ға, ал шоколад, шоколадтан және қанттан жасалатын кондитерлік өнімдердегі өндіріс қуаттылық 21,85 %-ға ұлғайғанын байқаймыз.

13-кесте. Кәсіпорынның 2009 жыл бойынша өндіріс қуаттылығы

Өнім түрі

Өл-шем бір-лігі

01.01.2005 жылдың қуаттылығы

Істеп тұрған кәсіпор/ды қайта қаруландыру және ұйымдастыру-техникалық шараларды жүргізуге байланысты өндіріс қуаттылығы-ның өзгеруі

01.01.2006 жылдың қуаттылы-ғы

/есепті жылдағы өнім ассорти-менті ж/е номенкла-турасында

Орта-ша жыл-дық қуат-ты-лық

Есепті жылы шыға-рылған өнім н/е өңдел-ген шикі-зат саны

Орта-ша жыл-дық қуат-тылық-тың қолда-нылуы,

%

Тамақ азық-түліктері өзгелері

тонн

42180

6770

48950

44440

29464

66,3

Қытырлақтар ж/е печеньелер: ұзақ сақталатын кондитерлік ж/е пирожны өнімдері

тонн

11200

*

11200

11200

5881

52,5

Шоколад, шоколадтан ж/е қанттан жасалатын кондитерлік өнімдер

тонн

30980

6770

37750

33240

23583

70,9

  • 01.01.2009ж қуаттылығы=01.01.2008ж қуаттылығы + Істеп тұрған кәсіпор/ды қайта қаруландыру ж/е ұйым/у-тех/қ шара/ды жүргізуге бай/ты өнд.қуат/ң өзгеруі.

  • Орташа жылдық қуаттылықтың қолданылуы=Есепті жылы шығарылған өнім н/е өңделген шикізат саны : Орташа жылдық қуаттылық х 100%.

Төменде аталған құрылымның тармақтары мен буындары өзара байланысты және тәуелді болып келеді.

1-сурет. «Рахат» АҚ – ның құрылымы

Жоғарыда атап өткендей, «Рахат» АҚ 3 008 адам өнімді еңбек етеді. Жұмыскерлердің денсаулығын қолдау үшін Компания кезекті еңбек демалысында төленетін Қоғамдағы жұмыс стажына сый ақылар аударады. Әділ және тиімді еңбек алғыс айтулар арқылы, сый ақылар төлеу, бағалы сыйлармен марапаттау, кондитер өнімдерінің топтамасымен, марапаттау қағаздарымен (кәсіпорында жұмыс істеген әр 10 жыл үшін; жұмыскерлердің өміріндегі юбилей күндеріне; туған күндеріне; тұңғыш тұрмыс құрғандарына және зейнетке кететіндерге) ынталандырылады.

Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру, тұрмыс деңгейлері төмен жұмыскерлерге көмек, табиғи апаттың немесе өрттің кесірінен жоғалтқан мүліктің орнын толтыру түрінде қосымша әлеуметтік льготалар да бар.

Еңбек ақының уақытында төленуі қатаң бағаланады. Кәсіпорындағы еңбек ақының жалпы құрылымы 2-суретте берілген.

2-сурет. «Рахат» АҚ- ғы еңбек ақының құрылымы

Қосымша ақы мен төлемдер мамандану деңгейіне, демалыс күндерге, мейрамдарға, түнгі жұмысқа және бригадирлікке төленеді. Сондай-ақ, ең бастысы – жоспардың орындалуы болып табылады. Жоспар кез келген жағдайда міндетті түрде орындалуы тиіс. Егер жоспар орындалса, онда жұмыскердің тұрақты жалақысы 0,5-ке көбейтіліп, шыққан сома тұрақты жалақыға қосылып төленеді. Мысалы, тұрақты еңбек ақы – 47.500 тг болсын, онда жоспардың орындалуына байланысты: 47.500 тг х 0,5= 23.750, 47.500 тг + 23.750= 71.250 тг. Демек, жұмыскердің алатын еңбек ақысы 71.250 теңгені құрайды. Осы тәрізді шаралардың нәтижесінде еңбектің тиімділігі арта түсетіні сөзсіз.

«Рахат» АҚ 2008 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмысшылардың орта тізімдік көрсеткіштерін қолдана отырып, әр бөлім жұмысшылардың үлесін диаграмма арқылы сипаттаймыз (14-кесте мен 3.1-сурет және 3.2-сурет). 2007 жылдағы жалпы фабрика бойынша жұмыскерлердің орта тізімдік саны 3.1-суретте, ал 2008 жыл сәйкесінше 3.2-суретте бейнеленген. Көрнектілік үшін диаграмма түрінде бейнелеуді жөн көрдім. Диаграммада 1-ші сан – объектінің көрсеткіші, ал 2-ші сан – жалпы жиынтықтағы үлесі ретінде берілген.

14-кесте. «Рахат» АҚ 2008 жылдың жұмысшылардың орта тізімдік саны

 

Орта тізімдік сан

Өсу қарқыны %

2007жыл адам

2007жыл %

2008жыл адам

2008жыл %

Негізгі цехтар

 

 

 

 

 

басқарушылар

29

3,5

32

3,1

110,3448

мамандар

44

5,3

43

4,1

97,72727

жұмысшылар

765

91,3

962

92,8

125,7516

барлығы

838

100,1

1037

100

123,747

Көмекші бөлімшелер

 

 

 

 

 

басқарушылар

25

5,3

25

4,8

100

мамандар

12

2,5

13

2,5

108,3333

жұмысшылар

439

92,2

478

92,6

108,8838

барлығы

476

100

516

99,9

108,4034

Басқарма

 

 

 

 

 

басқарушылар

37

35,9

35

33,7

94,59459

мамандар

63

61,2

68

65,4

107,9365

жұмысшылар

3

2,9

1

1

33,33333

барлығы

103

100

104

100,1

100,9709

Өндірістік емес топ

 

 

 

 

 

басқарушылар

2

6,9

2

7,1

100

мамандар

16

55,2

17

60,7

106,25

жұмысшылар

11

37,9

9

32,1

81,81818

Барлығы

29

100

28

99,9

96,55172

Жалпы фабрика бойынша

1446

1685

116,5284

басқарушылар (1)

93

6,4

94

5,6

101,1

мамандар (2)

135

9,3

141

8,4

104,4

негізгі цех жұмысшылары (3)

765

52,9

962

57,1

125,8

көмекші бөлімше жұмысшылары (4)

439

30,4

478

28,4

108,9

басқарма жұмысшылары (5)

3

0,2

1

0,1

33,3

өндірістік емес топ жұмысшылары (6)

11

0,8

9

0,5

82

3.1-сурет. 2007 жылдағы әр бөлім жұмысшылардың үлесі

3.2-сурет. 2008 жылдағы әр бөлім жұмысшылардың үлесі

Берілген мәліметтерге сүйене отырып, фабрика жұмысшыларының басым бөлігі - негізгі цех жұмысшыларынан (3) – 54% - 57 % және көмекші бөлімше жұмысшыларынан (4) – 30% - 28 % тұратынын анықтадық. Ал мамандар үшінші кезекте тұр.

Еңбек ақы қоры мен 2007-2008 жылдар бойынша берілген жалпы орта тізімдік санды қолдана отырып, 3 кварталға және 1 жылға орташа айлық жалақыны есептейміз, сондай-ақ, еңбек ақының өзгеру тенденциясын 4-суреттегі гистограммада көрсетеміз.

15-кесте. 2007-2008 жылдар бойынша орташа айлық жалақы

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2007жыл

2008жыл

Ауытқулар

(+ ; -)

%

Орта тізімдік сан

адам

1547

1744

197

112,7

Аударылған еңбек ақы

мың тг

393660,5

531405

137744,5

134,9

Орташа айлық жалақы:

 

* 9 ай - 3 тоқсан

тг

28274,1

33856,07

5581,9

119,7

* 12 ай - жыл

тг

21205,5

25392,05

4186,4

119,7

Сілтеме?

Екі жылдың еңбек ақы қорының жалпы өзгеруін төмендегі 4-суреттен бақылай аламыз.

4-сурет. 2007-2008 жылдарға аударылған еңбек ақының өзгеру тенденциясы

«Рахат» АҚ бойынша 2008 жылы жұмысқа 425 адам қабылданып, 276 адам жұмыстан шыққан. Алдыңғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда жұмысқа қабылданғандар саны 97 адамға, ал жұмыстан шыққандар 53 адамға кеміп отыр. Бұл әрине жақсы көрсеткіш.

Кәсіпорынның еңбек ұжымы өзара бірлесіп еңбек етеді және мақсатқа жету барысында бірегей көз қарастар мен бағыттарды ұстанады. Бұл өз кезегінде еңбектің өнімділігіне, кәсіпорынның табыстылығына оңтайлы ықпал ететіні анық.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс табу болғандықтан, барлық көңілді осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін жалпы тиімділікпен, яғни нәтижені шығындармен салыстырылған, есептелінген шамамен сипаттауға болады. Сондықтан, экономиканың әр түрлі деңгейіндегі бір уақыт мерзімінде және динамикасында жалпы экономикалық нәтижелерді талдау және бағалау үшін осы әдісті қолданамыз.

Нарық өзінің қатаң заңдарымен өмір сүреді және оның әлемдік сападағы тамақ өнімдерін талап ететіні сөзсіз. Екі он жылдықтың аралығында «Рахат» АҚ - мы өндіріс көлемімен де, шығаратын кондитерлік өнімдердің сапасымен де Қазақстан нарығындағы сөзсіз көшбасшы болып отыр.

«Рахат» АҚ – ның нарықтағы қызметтерінің негізгі түрлеріне кондитер өнімдерін өндіру мен сату жатады. Компанияның қызметтері Қазақстан тұрғындарының бір жағынан заман талаптарына сай, екінші жағынан дәстүрден аттамайтын жоғарғы сапалы кондитерлік өнімдерге деген қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға бағытталған. Акционерлердің мүдделерін қорғауға байланысты, бизнестің негізгі мақсаты компания қызметінің тұрақты табыстылығы мен капиталдануын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, кәсіпорын тұрғындардың жартысын жұмыс орындарымен қамтамасыздандыру және кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу арқылы нақты әлеуметтік міндеттерді де орындайды.

Фабрика өнімдерінің тұтынушыларға арзанырақ болуы үшін және әрбір өнімнің құндылығы бір өнімнің құндылығы мен ерекшелігін толық көрсету үшін фирмалық дүкендер тізбегі ашылды. Бүгін республиканың 14 қаласында тұтынушыға бірлескен қызмет көрсету стилімен, фирманың өнімдері толық көрсетілген фирмалық дүкендер ашылды.

Республиканың өңірлеріндегі тұтынушылар фабрика өнімдерін алматылықтармен тең дәрежеде сатып алу мүмкіндігіне ие болуы үшін 10 еншілес кәсіпорын және бірнеше өңірлік өкілдері Қазақстанның облыстарында және Бішкек қаласында ашылған. Бұл бөлімшелер барлық жерде бірдей баға саясатын ұстап, сұраныстарға байланысты тұтынушыларды «Рахат» АҚ өнімдерінің керекті ассортиментімен қамтамасыз ету мәдениетін құрады.