Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация Ержан Абишев.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

II. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемалары

2.1 Бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру жолдары

Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті бағалайтын индекстердің өзгерісі оларды есептеу әдістемесінде көрініс тапқан, бұл өз кезегінде жекелеген елдердің позициясының орын ауыстыруына алып келді. 2007 жылғы БЭФ қайтадан өзгерістер енгізді. Мысалы, «макроэкономика» параметрі «макроэкономикалық тұрақтылық» параметрімен алмастырылды, сол сияқты бірқатар жаңа компоненттер енгізілді («столптар» - pillars). 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 133 елі арасында жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша 61-орын иеленді (БЭФ жыл сайын бағаланатын елдер санын арттыру үстінде). Оның үстіне БЭФ бұрынғыша 2005 және 2006 жылдар үшін бағаланушы елдер рейтингін қайта есептеді. Нәтижесінде жаңартылған бағалар Қазақстан 2005 ж. 50-ші орын, 2006 жылы 56-шы орын алғандығын көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа критерийлерге сәйкес Қазақстан бес жыл бұрын-ақ әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына енді, бірақ соңғы кездері өз позицияларын жоғалтып, 67-орынға дейін сырғыды. Мысалы, 2009 жылы БЭФ рейтингісінде Қазақстан әлемнің 134 елі арасында 67 орынға дейін төмен түсті.

Көшбасшылардың (лидерлердің) алғашқы «ондығы» да өзгерді (7-кесте). Енді ең озық позиция Швейцарияға тиесілі, ол бұрын GCI-06 индексі бойынша 6-шы орында болатын. АҚШ 2006 ж. иеленген бірінші орнынан ығысып, 2-ші орынға түсіп қалды. 1993-2003 жылдар аралығында әлемдегі ең үздік инновациялық жүйені құра білген және бәсекеге қабілеттілік өсімі индексі бойынша 2003-2005 ж. әлемнің 115 елі арасында 1-ші орын иеленген Финляндия GCI-07/08 критерийі бойынша әлемнің 134 елі арасында алтыншы орынға кейін шегінді. GCI-07 жаңа критерий бойынша тек екі ел ғана өз позицияларын төмендетіп алды, олар: Жапония мен Германия – сәйкесінше 1-ші және 2-ші позициялар. 2008 ж. бағалаулары бойынша көшбасшылар ондығынан Ұлыбритания шығып қалды, сөйтіп ол он екінші орынға сырғыды да, өзінің оныншы орнын Канадаға берді.

1-кесте – Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 10 көшбасшы елдер, 2009-2010 ж.

Елдер

2009-2010 ж. рейтингі

2009-2010 ж. мәні

2008-2009 ж. рейтингі

2007-2008 ж. рейтингі

Швейцария

1

5,60

2

2

АҚШ

2

5,59

1

2

7-кестенің жалғасы

Сингапур

3

5,55

5

7

Швеция

4

5,51

4

4

Дания

5

5,46

3

3

Финляндия

6

5,43

6

6

Германия

7

5,37

7

5

Жапония

8

5,37

9

8

Канада

9

5,33

10

13

Нидерланды

10

5,32

8

10

Ескерту: Интернеттен алынған соңғы мәліметтер негізінде автор құрастырған.

2007-2008 ж. қорытынды бағалары бойынша Қазақстан ТМД елдері арасындағы өзінің көшбасшылық позициясын жоғалтып алды. Ендігі лидер әлемнің 134 елі арасында 51-ші орын алатын Ресей болып табылады. 2007 жылы БЭФ 62-орын алған Өзбекстанды рейтингке алғаш рет енгізді, алайда 2008 жылғы рейтингте Өзбекстан жоқ. ТМД елдерінің тізімінің соңында әдеттегідей Қырғызстан тұрады (2-кесте).

2-кесте. ТМД елдері бәсекеге қабілеттілігінің рейтингі

Елдер

Бәсекеге қабілеттілік өсімінің индексі

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

2005 ж.

2006-2007 ж.ж.

2007-2008 ж.ж.

2008-2009 ж.ж.

Ресей

75

59

58

51

Қазақстан

61

50

61

66

Әзірбайжан

89

62

66

69

Украина

84

69

73

72

Армения

79

80

93

97

Тәжікстан

104

96

117

116

2-кестенің жалғасы

Қырғызстан

116

110

119

122

Ескерту: Интернеттен алынған соңғы мәліметтер негізінде автор құрастырған.

«Экономикалық өсім мен дамудың базалық негіздері» подиндексі бойынша Қазақстан әлемнің 134 елі арасында 74-орынға, ал ТМД-да Ресей (56-орын) мен Әзірбайжаннан (62-ші) кейінгі үшінші орынға орналасты. «Тиміділікті күшейтушілер» подиндексі бойынша ТМД-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші, ал «инновациялар және даму факторлары» подиндексі бойынша Әзірбайжан, Украина және Ресейден кейінгі төртінші орын иеленді. Соңғы подиндекс бойынша ТМД елдері арасындағы көшбасшылық позицияға Әзірбайжан (57-ші орын) ие, бірақ бұл инновациялық даму саласындағы нақты картинаны бейнелей алмайды деп ойлаймыз. Бұл жерде сарапшылық бағалаудағы субъективизм айқын көрініс тапқандығы сөзсіз, себебі ол бағалаулар 2008 жылы 134 елдің 11 000-нан астам бизнес лидерлеріне сауалнама жүргізу негізінде құрылған. Инновациялық саланың даму контексінде ТМД-ның барлық республикаларының ішінде көшбасшылық позицияға Ресей ие, ол 2008 жылы әлемнің 134 мемлекеті ішінде 73-орын иеленді. БЭФ жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін инновациялық саланың дамуы бойынша бағалайды. «Инновациялар мен даму факторлары» подиндексі бойынша Қазақстан көрсетілген елдер арасында 77-орын алды, сөйтіп өзінің 2007 жылмен (84-орын) салыстырғандағы позициясын едәуір жақсартып, ал 2006 жылмен (73-орын) салыстырғандағы позициясын төмендетіп алды.

Қазақстанның 2006-2007 ж. жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің қайта есептелген бағалауымен салыстырғандағы 2008 жылғы барлық он екі компонент бойынша жағдайын толығырақ қарастырып көрейік (3-кесте).

3-кесте. Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің компоненттері, 2006-2008 ж.

Компоненттер

2008-2009 ж. рангі

2007-2008 ж. рангі

2006-2007 ж. рангі

Екі жыл ішіндегі ранг өзгерістері

І. Экономикалық өсім мен дамудың базалық негіздері:

74

66

57

-17

1. Институттар сапасы

81

80

73

-18

2. Инфрақұрылым

76

71

67

-9

3. Макроэкономикалық тұрақтылық

74

25

14

-60

4. Денсаулық және бастауыш білім

81

94

83

+2

3-кестенің жалғасы

ІІ. Тиімділік күшейткіштері:

64

58

49

-15

5. Жоғары білім және кәсіби дайындық

59

57

51

-8

6. Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі

80

63

54

-26

7. Еңбек нарығының тиімділігі

12

15

13

+1

8. Қаржы нарығының даму деңгейі

97

80

60

-37

9. Технологиялық деңгей

75

77

70

-5

10. Нарық көлемі

55

56

57

+2

ІІІ. Инновациялар және даму факторлары:

77

84

73

-4

11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі

86

85

75

-11

12. Инновациялық әлеует

62

75

65

+3

Ескерту: Интернеттен алынған мәліметтер негізінде автор құрастырған.

3-кестеден көрінгендей, соңғы екі жылда ЖБИ-дің барлық 3 негізгі компоненті, сол сияқты он екі компоненттің сегізі бойынша рейтингтің төмендеуі орын алды.

Біздің еліміз «еңбек нарығының тиімділігі» компоненті бойынша әлемнің 134 бағаланушы мемлекеттері арасында 12 позиция иеленіп, жақсы көрсеткішке қол жеткізді. 2008 жылы біз 2007 ж. салыстырғанда үш позицияға, ал 2006 ж. салыстырғанда бір позицияға жоғары көтерілдік. Қазақстанның «нарық көлемі» компоненті бойынша позициясы жақсару үстінде, яғни 2008 ж. біз 55-ші орын иелендік, сөйтіп жыл сайын бір-бір позициядан жоғары көтеріліп отырдық. 2008 жылы «денсаулық және бастауыш білім» компоненті елеулі түрде жақсарды, сөйтіп біз 81-орын алдық, ал бұл 2007 жылғы 94-ші және 2006 жылғы 93-ші орындармен салыстырғанда бірталай ілгері жылжығанымызды көрсетеді.

Позицияның жақсаруы бойға оптимизм ұялатады, алайда осы компонентпен байланысты жағдай әлі де күрделі болып қалып отыр. «Денсаулық және бастауыш білім» параметрі 11 көрсеткіш негізінде есептелетіндігін ескерген дұрыс, олардың сегізі денсаулық сақтау, ал үшеуі білім саласына жатады. Білімнің үш көрсеткішінің екеуі, атап айтқанда «бастапқы қабылдау» – мектепке алғаш рет баратын балалар саны және «білім беруге кететін шығындар» статистикалық мәліметтер негізінде есептеледі. Денсаулық сақтауға төмендегілер жатады:

1) безгектің, яки малярияның бизнеске орташа жеделдіктегі әсері;

2) құрт ауруының, яғни туберкулездің бизнеске орташа жеделдіктегі әсері;

3) СПИД-тің бизнеске орташа жеделдіктегі әсері;

4) бала өлімі;

5) өмір сүрудің күтулі ұзақтығы;

6) безгектің кең таралуы;

7) құрт ауруының кең таралуы;

8) СПИД-тің кең таралуы.

Бұл жерде төрт көрсеткіш сауалнама бойынша, ал төртеуі статисткалық мәліметтер негізінде анықталады.

Көрсетілген статистикалық көрсеткіштерді талдау осы саладағы жағдай шынында да күрделі екендігін дәлелдейді. Мысалы, «өмір сүру ұзақтығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте төмен позицияға ие және экономикалық тұрғыдан артта қалған елдерден, мысалы Қырғызстаннан, кейін орналасып отыр. Айталық, Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша 2004 жылы Қырғызстандағы ер азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 64 жас делінсе, Қазақстанда ол 60 жас болды. Әйел азаматтардікі, сәйкесінше, 71 және 72 жасты құрады. Осымен қатар соңғы жылдары Қазақстанда құрт ауруымен (туберкулезбен) ауырған халық санының өсуі өткір мәселеге айналды, ал оның алдындағы кезеңде бұл толықтай дерлік жойылған болатын. СПИД-пен ауырғандар саны да өсіп келеді. Алайда Қазақстанда безгек сияқты ауру түру кездеспейді десе де болады. Түсініксізі, осы аурулардың бизнеске ықпалы қалай бағаланып жүр?

Егер 2006-2007 жылдары біздің еліміз «макроэкономикалық тұрақтылық» параметрі бойынша, сәйкесінше, 14-ші және 25-ші орын алып, жақсы позиция иеленсе, 2008 жылы 74-орынға дейін құлдырады, сөйтіп соңғы екі жыл ішінде өз позициясын 60 орынға дейін төмендетті. «Макроэкономикалық тұрақтылық» параметрінің тап осылай жедел құлдырауы ең алдымен 2007 жылы инфляция деңгейінің 18 пайызға дейін артуымен байланысты еді.

Енді Қазақстанның алты компонент негізінде анықталатын «тиімділік күшейткіштері» параметрлер тобы бойынша рейтингісін талдап көрелік. Жалпы осы топ бойынша қазақстандық рейтинг 2006 жылмен салыстырғанда 15 позицияға, ал 2007 жылы 6 позицияға төмендеді. Айталық, «жоғары білім беру мен кәсіби дайындық» компоненті бойынша біздің еліміз екі жылда сегіз позицияға төмен түсті, сөйтіп әлемнің 134 елі ішінде 59-орын тепті. 2006 жылмен салыстырғанда «тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі» параметрі бойынша жағдай 26 позицияға нашарлады, ол бойынша Қазақстан қазір бұрынғы 54-шінің орнына 80-ші орынға дейін төмендеді. Осы топ ішінде анағұрлым үлкен төмендеу «қаржы нарығының даму деңгейі» параметрі бойынша орын алды: 60-шыдан 97-орынға күрт түсу. «Қаржы нарығының даму деңгейі» параметрі 9 көрсеткіш негізінде есептелетіндігін ескерте кеткен жөн, олардың жетеуі сауалнама негізінде анықталады, ал тек екеуі ғана статистикалық индикаторлар ретінде ұсынылады. Талдау осындай төмен позициялар (89-шы, 105-ші, 113-ші орындар) республикада дамыған қор нарығының жоқтығымен, банктер қызметіндегі (86-орын) транспаренттіктің жеткіліксіздігімен байланысты.

Соңғы екі жыл ішінде «технологиялық деңгей» параметрі бойынша жағдай бес позицияға төмендеді, ал бұл параметр қазақстандық экономиканың әлсіз буындарының бірі болып саналады, өйткені оның дамуының барлық жаңа кезеңі бойында, кеңестік дәуір кезіндегі сияқты, кәсіпорындардың техникалық та, технологиялық та тұрғыдан елеулі түрде артта қалғандығы байқалады. Технологиялық дамуды тежейтін себептер қатарына келесілерді жатқызған жөн:

а) технологиялар трансфертінде прогресстің жоқтығы;

ә) ғылыми-зерттеу ұйымдарының матреиалдық-техникалық және интеллектуалдық әлеуеті деңгейінің жеткіліксіздігі (бұл мамандықтың беделсіздігі туралы қолдан жасалған түсініктің ықпалы нәтижесінде дарынды ғылыми қызметкерлердің елеулі бөлігінің елден кетуімен байланысты);

б) мемлекеттік сатып алуларда басыңқы шарт ретінде ұсыныстың инновациялығы мен технологиялық деңгей факторы емес, баға факторының алға шығуы;

в) мемлекеттік және сасалалық бағдарламалар түзу кезінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мен енгізуді ынталандыру жөніндегі мәселелер назардан тыс қалады, ескерілмейді (не толық көлемде ескерілмейді).

Айтылғандар белгілі бір шамада «технологиялық деңгей» параметрін есептеу кезінде қолданылатын көрсеткіштерге БЭФ сарапшылары берген төмен балл түрінде көрініс тапты. Мысалы, әлемнің 131 мемлекеті ішінде біздің еліміз «соңғы (ең жаңа) технологияларға қол жетімділік» көрсеткіші бойынша 90-шы, «тікелей шетелдік инвестициялар және технологиялар трансферті» көрсеткіші бойынша 101-ші, Интернеттің кең жолақты желісіне жазылушылар саны бойынша 106-шы, Интернетті пайдаланушылар саны бойынша 112-ші орын алады. Бұған соңғы он бес жыл ішінде ғылымның даму деңгейі, бірінші кезекте оны лайықты түрде қаржыландырудың жоқтығы себепті, төмендегенін және ғылымның өндірістен қол үзгендігін қосып айтуға болады (ғылым дамуының көрсеткіштері «инновациялар» параметрінде ескеріледі).

Ең соңында, 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда Қазақстанның «инновациялар және даму факторлары» параметрлер тобы бойынша позициясы елеулі түрде нашарлады, төмен түсті, ал 2007 жылмен салыстырғанда 7 позицияға жоғары көтерілді. Сонымен бірге осы подиндекстің мәнінің артқаны байқалады (2008 ж. 3,5, ал 2006-2007 жылдары бұл мән сәйкесінше 3,44 және 3,43 болған). Бұл Қазақстанға қарағанда неғұрлым жоғары позицияға ие елдер факторлардың үшінші тобы бойынша өз рангтерінің мәнін жақсартқандығын дәлелдейді. Осы подиндексті анықтау кезінде екі компонент пайдаланылады:

а) «компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі», ол бойынша Қазақстан 2008 жылы 86-шы орын алды (2006 ж. – 75-ші, 2007 ж. – 75-ші орын);

ә) «инновациялық әлеует» бойынша 2008 жылы 62 орын иеленсе, 2006 және 2007 жылдары сәйкесінше 65-ші және 75-ші орын алған.

Көріп отырғанымыздай, егер осы компоненттердің біріншісі бойынша біздің рейтинг он бір позицияға нашарласа, онда екіншісі бойынша, керісінше, үш позицияға жақсарған. ТМД елдері ішінде Қазақстанның алдында тұрғандар: Әзірбайжан (57-орын), Украина (66-орын) және Ресей (73-орын). Біздің республикамыздан кейін Гамбия (78-орын) мен Тринидад және Тобаго (79-орын) орналасқан. «Инновациялар және даму факторлары» подиндексі бойынша бірінші орын АҚШ-қа, екіншісі – Швейцарияға, үшіншісі – Жапонияға тиесілі.

Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі компоненттерін талдауды аяқтай келе, БЭФ сарапшылары сауалнамаларының нәтижелері бойынша жыл сайын әр елдегі бизнес жүргізуді тежейтін ең мәселелі факторлар анықталатындығын атап өткенді жөн санап отырмыз. 2007 жылы біздің республика үшін осындай факторлар қатарына төмендегілер жатқызылды:

  1. Жемқорлық (коррупция), сұралғандардың 16,2%-ы.

  2. Жұмыс күшінің біртекті білімге ие еместігі (13%).

  3. Салық тұрғысынан әкімдік ету (12,9%).

  4. Салықтық мөлшерлемелер (12,0%).

  5. Инфрақұрылымның біртекті ұсынысқа ие болмауы (9,0%).

  6. Қаржыландыруға қатысты қол жетімділік (8,5%).

  7. Инфляция (7,2%).

  8. Үкімет тарапынан орын алар бюрократия (5,9%).

  9. Еңбекті реттеудегі шектеулер (3,3%).

  10. Шетелдік валютаны реттеу (1,4%).

  11. Үкіметтің тұрақсыздығы (1,4%).

  12. Тұрақсыз саясат (0,9%).

2008 ж. мәселелі факторлар иерархиясы мен оларды бағалау біршама өзгерді: жемқорлық – сұралғандардың (респонденттердің) 15,7%-ы, салық тұрғысынан әкімдік ету – 12,9%, инфляция – 12,4%, салықтық мөлшерлемелер – 11,8%, қаржыландыруға қатысты қол жетімділік – 10,3%, жұмыс күшінің біртекті білімге ие еместігі – 8,1%, инфрақұрылымның біртекті ұсынысқа ие болмауы – 6,1%, үкімет тарапынан орын алар бюрократия – 6,0%, қылмыс пен ұрлық – 3,1%, еңбекті реттеудегі шектеулер – 2,8%, үкіметтің тұрақсыздығы – 2,7%, ұлттық кадрлар арасындағы жұмыс күшінің кедейлігі – 2,3%, денсаулық сақтаудың төмен деңгейі – 2,3%, тұрақсыз саясат – 1,9%, шетелдік валютаны реттеу – 1,6.%.

Қорыта айтқанда, соңғы жылы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі елеулі төмендеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының биік позицияларға сүйреуші локомотив тек бір ғана параметр – «еңбек нарығының тиімділігі» болып есептеледі. Бұрын бұған «макроэкономикалық тұрақтылық» параметрі де жататын, ол бойынша біздің еліміз бірден 60 (!) позицияға төмен түсіп кетті. Бұл ұлттық экономиканың елеулі әлсіздікке ие екендігін дәлелдейді және Қазақстанның ЖБИ-дегі позициясының тұрақтылығына белгілі бір қауіп төндіреді. Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін әлеуметтік және технологиялық салаларды дамытқан дұрыс, осы жолмен тиісті профильдік рейтинг бойынша көтеріле аламыз және бәсекеге қабілеттіліктен айырылып қалу тәуекелін әртараптандырамыз. Сонымен бірге біздің республикамыздың ұлттық бәсекеге қабілеттілігіне қатысты басқа бір қорытынды бәсекеге қабілеттілік үшін аса қажетті сфералар – ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салалар дамуының сақталып отырған төмен деңгейі болып табылады. Бұл өзге де халықаралық ұйымдардың тиісті рейтингтерінде көрініс тапқан. ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) мен ЖҰТ (жалпы ұлттық табыстың) жан басына шаққандағы үлесі, инфляция деңгейінің төмендеуі, ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың) қаржыландырылу көлемінің ұлғаюы, өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында денсаулық сақтау мен өмір сүру сапасын арттыру, халықтың табыс деңгейі бойынша әір қарай бөлшектенуінің алдын алу, білім, денсаулық сақтау, ғылым және т.б. қаржыландыруды елеулі түрде ұлғайту сияқты параметрлердің өте жоғары қарқынмен дамуы қажет.

Көрсетілген міндеттердің шешімін табу тек қазақстандық экономика сапасының көтерілуі мен оның бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ғана емес, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың рейтингтік бағаларында елдің алға жылжуына, оның халықаралық аренадағы мәртебесінің биіктеуіне және Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылуы бойынша алға қойған басты міндетін орындауға да мүмкіндік туғызады.