Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация Ержан Абишев.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Қорытынды

Диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша келесідей тұжы­рымдама жасауға болады.

1. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңдегі даму процесінде бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу қиындық туғызады. Елімізде қалыптасқан жағдай дәстүрлі нарық елдерінен ерекшеленуіне байланысты қазақстандық тұтынушылық тауарлар нарығын талдау қажеттілігі туындайды.

2. Бәсекелестік артықшылықтар – бұл ұйым қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастыру саласында бәсекелестерден экономикалық көрсет­кіштермен (қосымша пайда, жоғары пайдалылық, нарықтағы үлесі, сату көлемі) өлшеуге болатын артықшылықтың барлық жағынан асып түсуін білдіреді.

3. Бәсекелестік стратегиясы өндірістік-шаруашылық ұйымның бәсекелік жайғасымын сақтауға не болмаса оны өзгертуге бағытталады. Бәсекеге қабілеттілікті талдау мен бағалау әдістерінде көп жағдайда жекелеген нарықтардың ерекшеліктері ескерілмейді.

4. Кондитерлік саланың, атап айтқанда «Рахат» АҚ-ның бәсекелік ортасының біз жүргізген мониторингі осы ерекшеліктің нарықтағы өзгерістердің ықпалынан туындаған әр түрлі макроэкономикалық және әлеуметтік-саяси факторлардың, яғни экономикалық дағдарыс салдарының, нарықтық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуының, инвестициялық белсенділіктің төмендігінің және т.б. ықпалымен қалыптасқанын көрсетті.

5. Кондитерлік саланың бәсекелестік мүмкіндіктерін бағалау үшін рейтингтік тәсілдемеге негізделген әдістеме әзірленді. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық және шетелдік өндірушілерді, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ғылыми мәселесі қалыптастырылып шешілмек.

6. Жұмыста кондитерлік өнімнің, сондай-ақ кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда бәсекелік ортаның өзгеруіне орай көрсеткіштер ескерілді. Ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, қызметтер мен ішкі инвестициялардың ендірілуін белсендіру нәтижесінде ұлттық өнімінің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын ендіру.

7. Жоғары сапалы, экологиялық таза және қауіпсіз өнім шығару үшін мемлекеттік стандарттарға жаңа техникалық регламенттер, стандарттар, өзгерістер мен толықтырулар, метрологиялық және талдау құралдарын, әдістерін енгізу. Бұл шараны орындау халықаралық стандарттарға сай жүргізілуі керек. Жоғары сапаны анықтайтын сертификациялық орталықтар желісі болуы тиіс.

8. Теріс пиғылды бәсекені жою. Қазақстандық нарыққа тамақ өнімдірінің кедендік баж төлемдерінсіз және жеңілдікті салық төлеу арқылы түсетін каналдарын жою. Қазақстанның кедендік территориясына импортты тауарды енгізгенде оның құнын төмендетуді жою үшін өнім топтары бойынша ең төменгі бағалар каталогын жасау.

Диссертациялық жұмыста кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ұйымдастыру-экономикалық маңызы белгіленді.

9. Нарықтық экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері:

Кондитерлік өнеркәсіптің отандық кәсіпорындары жұмыс істейтін кондитерлік сала мен кондитерлік ортаның дамуының негізгі үрдістерін экономикалық талдау нәтижесінде кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарында бәсекелестік өршіген жағдайда Қазақстанның кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары айқындалды.

Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда өнімнің өңірлік нарықтарының құрылымын, кондитерлік өнеркәсіптің өңірлік ірі және орта кәсіпорындарының сыртқы және ішкі ортасының ерекшеліктерін ескеруге және ұлттық және шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-экономикалық механизмі әзірленді.

Диссертацияда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі мен кон­дитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемесін ұлттық және шетелдік өндірушілердің, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік өршіген жағдайда ірі және орта кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім әзірлегенде пайдалануға болатыны атап көрсетіледі.

Тауар-ақша қатынастарының даму жағдайында тамақ өнімдері өндіруші нарығында бәсекелестік күрестің шиеленісуі жаңа өнімдерді өңдеуді қысқартуға мәжбүр етті. Әрбір сапалы кәсіпорын нарықта өз үлесін сақтау және тұтынушының өзгермелі сұранысын қанағаттандыру үшін өнім сапасына басты назар аудара бастады. Одан басқа, дамушы елдерде экономикалық даму көрсеткіштері ретінде өндіріс қуатының артуы, өндірілетін өнім санына назар аударылса, ал қазіргі кезде көбіне жанданудың негізгі көздері болып, жерді иелену мен капиталға байланысты емес, кәсіпорынды тиімді басқаруға қабілеттілік, жаңа идея, білім мен технологияны меңгеру де қажет. Әлемнің өнеркәсібі дамыған елдерінде сапа мәселесі алдыңғы орында. Қазіргі уақытта әлемлік экономикадағы нарықтың бір ерекшелігі, әлеуметтік және мәдениеті дамыған елдерде жоғары сапалы өнім шығаратын және оны отандық және шетелдік тұтынушыларға жоғары сапалы қызметпен ұсына алатын кәсіпорындарды құру болып табылады, сонымен бірге, өндіруші өнімдері тұтынушыға қалай сатылатындығына назар аударылады. Әрине бұл жерде жоғары сапалы өнім, төменгі баға және клиент қажеттілігі басты рөл атқарады.

Егер өнеркәсіптік кәсіпорында кластерлік даму қалыптасса, кластердің құрамдас элементтері болып: ауыл шаруашылығы, машина және құрал-жабдықтар жасау, химия өнеркәсібі, сапаны бақылау жүйесі, білікті мамандар дайындау және қайта дайындау, сервистік ұйымдар (жарнама, консалтинг агенттіктері), қоғамдық ұйымдар, дизайнерлік компаниялар, көтерме және жеке сауда желілері болып табылады.