Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссер Ержан.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары негізгі нысандарды қолданады, олар қолданыстағы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Кедендік бақылау нысандарының таңдауы және жеткіліктілігі оны ұйымдастыру қағидалары болып табылады. Кедендік бақылау нысанын таңдау кеден аумағына әкелінетін тауарлардың, олар орналастырылатын кедендік режим түрінде сипаты мен құнына байланысты болуы мүмкін.

Осы уақытта, егер әкелінетін тауарлар кеден баждары мен салықтар салынбайтын болса, онда осы тауарларға бірдейлендіру тексеру ғана жүргізіледі.

Егер кедендік бақылаудың сол не өзге де нысандағы жетімділік қағида белгісіз болса, онда осы нақты жағдай бойынша нормативтік құжаттарда кедендік бақылау нысанының жетімділігі туралы мәселе кеден органы мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының жеке қарауы бойынша шешіледі.

Кедендік бақылаудың таңдауы мен жетімділік қағидаларын сақтау азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзбау қажет.

Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің негізгі қағидалары. Осы аталған қағидалар деп Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын енгізуге және шығаруға қатысы бар барлық қатысушылар басшылыққа алуға міндетті болатын негізгі ережелер деп түсіндіріледі. Кодекстің 8-бабына сәйкес, Кеден кодексі және Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайлардан басқа барлық тұлғалар тең негізде тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына енгізуге, Қазақстан Республикасынан шығаруға және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке құқығы бар [3, 8].

Олардың орындауға және сақтауға міндетті іргелі құқықтық талаптарының мағынасы болады және тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, кедендік ресімдеу және кедендік бақылауды құқықтық реттеу негізін құрайды.

Тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге және әкетуге тұлғалар тең құқықты. Оның мәні барлық жеке және заңды тұлғалар тең негізде Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге және одан әкетуге, сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке құқығы бар. Заңды теңдік тауарларын өткізетін барлық тұлғаларға, олардың тауарлардың иелері бола ма, олардың сатып алушылары ма, меншік иелері немесе жеке атынан заңнамада қарастырылған тауарлармен әрекеттер жасау үшін жеткілікті басқа сипатта болатынына қарамастан танылады.

Жекелеген тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салу.

Заңнамада жекелеген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге тыйым салынуы мүмкін негіздер белгіленген. Оларға:

- мемлекеттік қауіпсіздікті ойлау;

- халықтың адамгершілігін қорғау;

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғау;

- жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Осындай тыйым салу үшін негіздеме тізбесін ашық болады және Қазақстан Республикасы заңнама актілері мен халықаралық шарттар негізінде өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарлар тез арада әкетуге немесе қайтаруға жатады, егер әкету немесе қайтару мүмкін болмаған жағдайда иелері қазақстандық кеден органдары болып табылатын уақытша сақтау қоймаларына тапсырады.

Тауарларды әкелуге және әкетуге шектеулер. Кодекстің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті қаулыларына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке тыйым салу және шектеу қою, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес шаралар белгіленуі мүмкін. Бұл талаптар экономикалық саясатты ойлауынан, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерді орындауынан, ішкі тұтыну нарығын қорғау, Қазақстан Республикасына дискриминациялық және өзге де қысым көрсетуге жауап ретінде, шетел мемлекеттерінің және оның одақтастарының акциялар және басқа да барынша маңызды негіздерге байланысты болады [3, 8].

Кедендік режимді таңдау құқығы. Кодекстің 11-бабының ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.

Режимді таңдау кезінде тауардың тағайындалуы және сипаттамасы, оны енгізу мақсаттары және оны алдағы уақытта пайдалану перспективалары, олар сатып алынатын жағдайлар және өзге де міндеттемелер есепке алынады.

Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау міндеттемелері қағидасы Кодекстің 10, 15-баптарындағы талаптарда бекітілген және Қазақстан Республикасы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасы Кеден заңнамасымен қарастырылған кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібі және жағдайына жатады.

Тауарларды әкетудің шартты қағидасы Кодекстің 14-бабында қарастырылған, онда Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, шектеулер сақтала отырып өздеріне қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген не осы Кодексте анықталған өзге де шарттар мен талаптар белгіленген тауарлар мен көлік құралдары шартты түрде жіберілуге тиіс.

Шартты түрде жіберілген жағдайда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.

Тауарларды сақтауды қамтамасыз ету қағидасы. Кеден операцияларын жүзеге асырған уақытта кеден органдары оларға келіп түсетін тауарлар мен көлік құралдарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеден режимдерінің барлығына жалпы болып тауарлардың сақталуына жауаптылықтан босату ережесі болып табылады, бұл апатты жағдай немесе белгісіз әсер ететін күшпен байланысты туындаса, егер табиғи тозуына немесе оларды қалыпты тасымалдау және сақтау жағдайында бүлініп, тауарлардың кемуіне жауаптылықтан босатылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының оларды әкеткен уақытқа дейін пайдалану және басқару реттілігі қағидасы Кодекстің 13-бабында қарастырылған. Тауарлар мен көлік құралдарын әкеткеннен кейін пайдалану және басқару өтініш берілген кеден режимі жағдайына сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын жоғарыда аталған жалпы қағидаларды сақтамай өткізу құқыққа қарсы деп танылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылады.

Кедендік бақылау нысандары:

- кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

- ауызша пікір сұрау;

- түсіндірмелер  алу;

- кедендік қадағалау;

- тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;

- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;

- жеке тексеру;

- тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңдарында  көзделген жағдайларда оларға бірдейлендіру белгілерін  соғу;

- тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;

- тауарлар мен көлік құралдарын  есепке алу ;

- үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады [3, 9].

Кеден декларациясы, құжаттар мен мәліметтерді тексеру. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді тексереді, оның мақсаты -құжаттардың шынайылығы және ондағы бар мәліметтердің растығы, сондай-ақ оларды ресімдеу дұрыстығын анықтау. Кедендік ресімдеу кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтердің шынайылығын тексеру басқа көздерден алынған ақпаратпен, оның ішінде бағдарламалық құралдарды пайдалану жолымен мәліметтерді өзге де кедендік бақылау, талдау өткізу нәтижесі салыстыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары кеден декларациясы және өзге де кеден құжаттарындағы ақпараттарды тексеру мақсатында қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқығы бар. Кеден органы мұндай құжаттар мен мәліметтерді жазбаша нысанда сұратады және осыларды орындап ұсынуға жеткілікті болатын мерзім белгілейді.

Кеден құжаттары – бұл тек қана кеден мақсаттары үшін жасалатын құжаттар. Кеден органдары тексеруге құқығы бар құжаттар әрқашан да кеден мақсаттарымен байланысты болмайды, бірақ кез-келген жағдайда олар декларант ұсынған құжаттарды тексеру үшін қызмет етеді [18, 130].

Құжаттар мен мәліметтерді тексерудің басты мақсаттары:

- құжаттардың түпнұсқалығы және ондағы мәліметтердің шынайылығын анықтау;

- құжаттар мен мәліметтердің дұрыс ресімделуін анықтау;

- құқық бұзушылықтың алдын алу үшін;

- кедендік қылмыстарды болдырмау;

- кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуге тыйым салу бойынша кеден заңнамасын сақтау;

Ауызша пікір сұрау – сұрап отырған адам сөздерінен ақпараттарды жинау әдісі, басқаша айтқанда жазбаша түрде емес ақпарат алу.

Ауызша пікір сұраудың негізгі ерекшеліктері:

- ауызша сұрау кеден органдарымен кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде жүзеге асырылады;

- ауызша сұрау кеден органдарының лауазымды тұлғалар жүргізеді;

- кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік заңнама ережелерін есепке ала отырып, кеден құжаттары негізінде Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін тұлғалардан ғана сұрауға құқы бар;

- кеден органдары ауызша сұрауды жеке тұлғаларға, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттеріне ие болатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғаларға жүргізуге құқығы бар;

- өз көлік құралдарында, сондай-ақ коммерциялық бағыттағы автокөлік құралдарында немесе теміржол көлігі арқылы кеден шекарасынан өтетін жеке тұлғалар көлік құралдарынан түспей-ақ, кедендік операциялар жасай алады, ал кеден органдары осы жағдайда жеке тұлғаның қандай тауарларды өткізіп жатқанын нақтылайды, енгізуге және шығаруға тыйым салынған тауарлардың бар-жоғын анықтайды, кеден шекарасы арқылы өтуіне қатысты өзге де сұрақтар қояды;

- кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және оларды Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізуге қатысты өкілеттеріне ие болатын ұйымдар өкілдерінен олардың тауарларды жеткізу ерекшеліктерін (автомобиль, темір жол, әуе, теңіз көлігімен) есепке ала отырып ауызша сұрайды.

Түсіндірмелер алу – кеден органдарының лауазымды тұлғаларының кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін, кеден ісі саласында қажет болатын ақпараттың маңызы бар жағдайларда мәліметтері бар декларанттар мен өзге де тұлғалардан түсініктеме алуы. Түсініктеме жазбаша нысанда ресімделеді, түсініктеме алу үшін тұлғаны шақырту туралы хабарландыру тиісті органның басшысымен қол қойылады және шақырылатын тұлғаға қол қою арқылы беріледі.

Кедендік қадағалау – визуалды бақылау, оның ішінде кеден органдары лауазымды тұлғаларының техникалық құралдарды пайдалана отырып, кеден бақылауында болатын тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауын, олармен жүк және басқа да операцияларды жасауды визуалды бақылау.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру – егер мұндай тексеру көлік құралдарын немесе оның жүк орындарын ашумен және тауарлардың орауышының бұзылуымен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары жеке тұлғалардың тауарлары, жолжүгін, көлік құралдары мен жүк сыйымдылықтарын, кеден пломбы, мөрлері және өзге де тауарларды бірдейлендіретін құралдардың болуын сыртқы визуалды тексеру болып табылады [3, 188].

Кеден органдары лауазымды тұлғаларының тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық пошта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың жол жүктерін тексеру кеден бақылауындағы тауарлардың сипаттамасы, шыққан жері, жағдайы, саны туралы мәліметтерді расталуын білу мақсатында жүзеге асырылады. Кедендік бақылау аймағында декларанттардың, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалардың немесе олардың өкілдері қатыспаған уақытта жүргізіледі, тек аталған тұлғалар тексеру кезінде қатысу туралы өтініш білдірген жағдайда қатыстырылады. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тауарлар мен көлік құралдарын тексеру нәтижесі бойынша егер осындай тексеру нәтижелері кедендік мақсатында пайдаланылатын болса, белгіленген нысанда акт құрылады. Тауарлар және көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие болатын тұлғалардың талаптары бойынша кеден органдарының лауазымды тұлғалары акт жасауға міндетті. Кедендік тексеру жүргізгені туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие тұлғаға беріледі.

Кеден органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың орауышын немесе көлік құралдарының жүк орындарын немесе тауарлар болатын немесе тауарлар болуы мүмкін сыйымдылық немесе контейнерлер, сондай-ақ басқа орындарды ашумен байланысты тауарлар және көлік құралдарына қатысты Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеруден өткізеді [8, 118].

Кедендік тексеру кеден мақсаттары үшін тауарларды идентификациялау, жазылған мәліметтердің растығына көз жеткізу үшін немесе Қазақстан Республикасы кеден заңнамасын бұзу туралы ақпарат болған жағдайда, осы ақпаратты тексеру мақсатында, сондай-ақ таңдау тексеруі негізінде кедендік бақылау жүргізуде қолданылады. Декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалар және олардың өкілдері жеке бастамасы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеру кезінде қатыса алады. Кеден органының лауазымды тұлғалары талаптары бойынша декларант немесе тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалар және оның өкілдері тауарлар мен көлік құралдарын тексеру кезінде қатысуға міндетті және кеден органы лауазымды тұлғаларына барынша жәрдем көрсетуі қажет.

Кеден органы тауарлар мен көлік құралдарының кедендік тексеруін декларанттар мен тауарлар мен көлік құралдарын тексеру тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалардың немесе олардың өкілдері қатыспаған уақытта мынадай жағдайда жүргізеді:

- тауарлар мен көлік құралдарын ұсынғаннан кейін он күн өткен соң аталған тұлғалардың келмеген кезінде;

- ұлттық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени құндылықтарын сақтауға қауіп төнгенде, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;

- тауарларды халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жіберген уақытта.

Тауарларды сақтауды қамтамасыз ету қағидасы. Кеден операцияларын жүзеге асырған уақытта кеден органдары оларға келіп түсетін тауарлар мен көлік құралдарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеден режимдерінің барлығына жалпы болып тауарлардың сақталуына жауаптылықтан босату ережесі болып табылады, бұл апатты жағдай немесе белгісіз әсер ететін күшпен байланысты туындаса, егер табиғи тозуына немесе оларды қалыпты тасымалдау және сақтау жағдайында бүлініп, тауарлардың кемуіне жауаптылықтан босатылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауы екі куәнің қатысуымен жүргізіледі және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысаны бойынша кедендік тексеру актісі ресімделеді. Егер кедендік тексеруге кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардың жартысы бір атаулы тауар ретінде берілген болса, онда осындай тексеріс нәтижесі кедендік декларацияда көрсетілген барлық тауарларға қатысты болады.

Кедендік тексеру нәтижесі бойынша екі данада акт жасалады. Кедендік тексеріс жүргізілгені туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

- кедендік тексеріс жүргізген кеден органының лауазымды тұлғаларының және оны жүргізу уақытында қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;

- декларант немесе тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғалар болмаған уақытта кедендік тексеру өткізу себептері;

- кедендік тексеру нәтижелері.

Актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттерге ие өзге де тұлғаға немесе оның өкіліне беріледі.

Жеке тексеру кедендік бақылаудың соңғы бір нысаны ретінде кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның немесе кедендік бақылау аймағында немесе халықаралық әуежайдың транзитті аймағындағы адамның Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу объектісі болып табылатын тауардың бар екенін жасырып және ерікті түрде бермегені туралы жеткілікті негіздеме болған уақытта жүргізіледі. Жеке тексеру жүргізбес бұрын, әдетте азаматқа кедендік декларацияда көрсетілмеген заттарды, валютаны, құнды заттарды өз еркімен тапсыруын сұрайды. Егер келіспеген жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы жеке тексеруге кіріседі.

Біздің заңды тәжірибеде ұстаумен, тексерумен қатысты экстремальды жағдайда қалған адамға оның құқықтары туралы егжей-тегжейлі түсіндіру қалыптаспаған. Сонымен қатар, кеденде жеке тексеруге жататын жеке адамның құқықтарын жақсы білуіміз керек, оған тексеруге байланысты барлық құқықтарын түсіндіргеніміз жөн.