Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссер Ержан.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.3. Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану

Қазіргі таңда сауда мен өндіріс заңды тауарларын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін қарапайым және тиімді рәсімдерді қажет етеді. Қауіпсіз сауданы қамтамасыз ету мемлекеттік кеден қызметтерінің кедендік бақылаудың жаңа техникалық құралдарын, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жаңалау және пайдалану кезінде мүмкін болады. Өз кезегінде, оларды қолдану кеден операцияларының уақытын қысқартуға және сапасын арттыруға негіз болады.

Кедендік ресімдеу уақытын қысқарту, тексеру сапасын көтеру, жүктерді ұстап қалуды төмендету мақсатында кеден органдарымен 2003 жылдан шекара арқылы өткізуді жүзеге асыратын өткізу бекеттері қазіргі, жоғары технологиялы жабдықтармен, атап айтқанда автомобиль, теміржол, ірі габаритті контейнерлерді ашпай тексеруге арналған инспекциялық тексеру кешендерімен жарақтандырылып жатыр.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдары - кеден ісі саласында құқық бұзушылық фактілерін айқындау мақсатында жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу процесінде кеден органдары қолданатын арнаулы техникалық құралдар кешені [28].

Кедендік бақылау техникалық құралдарын пайдаланудың негізгі ережесі – кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар, көлік құралдары және оның құрамын дистанционды немесе қашықтықтан бақылаудан өткізу болып табылады. Техникалық құралдарды пайдалану кезінде техникалық төлқұжаттар мен нұсқаулықтарда көрсетілген нормалар мен ережелерді сақтау керек.

Техникалық құралдарды пайдалану адам өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болу керек және тауарлар, көлік құралдары мен ілесуші тұлғаларға зиян келтірмеу қажет.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:

- интраскопиялық тексеру техникасы – жолаушылардың иесімен бірге жөнелтілетін жолжүк және иесімен бірге жөнелтілмейтін жолжүктің құрамын, халықаралық пошта жөнелтімдерін, ұсақ, орташагабаритті және ірі габаритті таралы тауарларды ашпай, рентгенскопия, рентгенграфия және гамма – бета иондар негізінде сканирование жасауда визуалды тексеру үшін кеден органдарымен қолданылатын кедендік бақылау техникалық құралдары. Аталған жүйелерде органикалық және бейорганикалық материалдарға бөлу қызметтері және сканированиеден өткізілетін объектілердің көлемді көрінісін алу қызметтері пайдаланылады. Кеден органдары стационарлы, ауыспалы және мобильді жүйелер қолданылуы мүмкін.

- радиациялық бақылау техникалық құралы - радиоактивті және бөліп шығаратын материалдарды, қауіпті қалдықтарды айқындау, оқшаулау және идентификациялау үшін және олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеу үшін тағайындалған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі [28].

Бастапқы радиациялық бақылау мақсаты – Қазақстан республикасы мемлекеттік шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары ағынынан құрамында радиациялық материал бар объектілерді айқындау болып табылады. Бастапқы радиациялық бақылау кедендік бақылау аймағында кедендік тексеруді жүзеге асыратын тауарлар мен көлік құралдары орнын бақылайтын кеден органдары лауазымды тұлғаларымен жүзеге асырылады. Радиациялық бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасынан өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарын қамту қажет. Бастапқы радиациялық бақылаудың негізгі нысаны – радиациялық материалды айқындау стационарлық аппаратурасының, ал ол болмаған уақытта немесе бұзылған уақытта – радиациялық бақылаудың ауыспалы аппаратурасы арқылы кедендік бақылау техникалық құралдарын пайдалану болып табылады.

Иондалған сәулеленудің жоғары деңгейі бар тексерілетін объектісінің классификациясы критерийі бастапқы радиациялық бақылау аппаратурасын қайталап пайдаланылғаны расталған радиациялық материалдарды кедендік бақылаудың техникалық құралдары тұрақты игеру болып табылады. Стационарлық жүйенің жұмыс істеу қабілеттілігі бұзылған уақытта міндетті түрде кеден органы басшысына хабарлану керек. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның радиациялық материалдарын кедендік бақылау органы басшысын ескертіп, бұзушылықты жою мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдайды. Бұл жағдайда, радиациялық бақылаудың ауыспалы құралдары радиометр-дозиметр «РКС-01-СОЛО», іздестіру дозиметрі «ДРС-РМ 1401» және осыларға ұқсас құралдар көмегімен жүргізіледі.

«ДРС-РМ 1401» құралының көмегімен бастапқы радиациялық бақылау жүргізу кезінде:

- тексерілетін объектіден 5-10 метр қашықтықта «О» түймесін басып дозиметрді қосу;

- автоматты тестілеу операциясын аяқтаған соң, 36 сек кейін дозиметр автоматты түрде жұмыс режиміне өтеді, индикаторда эквивалентті фон дозасының қуаттылығының күші көрсетіледі;

- n = 1 орташа шаршы ауытқу санын анықтау, дозиметрде келесі түрде: «V» түймесін басу, сұйық кристалды индикаторда n коэффициентінің бұрынғы енгізілген мәні көрінеді, содан кейін «О» түймесін басып қайта босату керек. Коэффициент мағынасы n бірлікке өзгеру керек, басқаша айтқанда егер 4 деген сан көрінсе, түймені басқаннан соң 5 деген сан көріну керек;

- түймені әрбір басқан сайын коэффициент мәні 1-ден 7-ге дейін (7-ден кейін қайтадан бір шығады) бір санға ұлғайып отырады. Орташа шаршы ауытқулары санын анықтаған соң «V» түймесін қайтадан басу қажет, одан кейін дозиметр іздеу режиміне ауысады. Дозиметрді объектіге 1 см қашықтықта жақындату және объектіні өлшеуді жүргізу;

- егер өлшенетін өлшем фондық мағына бір орташа шаршы ауытқуға ұлғайған болса, онда дыбыстық сигнализация қосылады. Онда объектіде радиациялық материалдың барлығын бағалау үшін 3-ке тең орташа шаршы ауытқулардың санын белгілеу қажет және объектіні радиациялық бақылауды қайта жүргізу қажет;

Радиациялық бақылауды «РКС-01-СОЛО» құралының көмегімен «іздеу» режимінде бақылауды өткізу жоғарыда аталғанмен ұқсас, бірақ, ең алдымен, орташа шаршы ауытқушылығының көлемін анықтау қажет: n = v(350*НФ), мұнда НФ-табиғи фон көлемі, МК3в/сағ. Зерттелетін объектіде радиоактивті материалдың болу фактісі «РКС-01-СОЛО» құралының көрсеткіші НФ+3*n тең немесе көлемінен жоғары болады.

«Кедендік тексеру» режимінде «РКС-01-СОЛО» құралы көмегімен радиациялық бақылауды жүргізу тәртібі жоғарыда айтылғандарға ұқсас, бірақ n – орташа шаршы ауытқуы көлемінің мәнін шығармай-ақ қоюға болады;

Радиоактивті көзді іздеу және оқшаулау егер құрал детекторы радиация көзінен мүмкіндігінше жою деңгейінде болса, «Іздеу» режимінде құрал шкаласында эквивалентті доза қуаттылығының максимальды мәні бойынша жүргізіледі [28].

Техникалық іздеу құралы - жолаушылардың жеткізіп салушысы бар жолжүгі және жеткізіп салушысы жоқ жолжүгін, халықаралық пошта жөнелтімдерін, тауарлар мен көлік құралдарындағы қиынырақ орындарын кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде қолданылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі. Мұндай техникалық құралдар мыналар:

- металлодетекторлар – қара және түсті металдардан жасалған заттарды табуға мүмкіндік беретін электронды құралдар; портативті, жылжымалы және стационарлы болады;

- тексеру айналары – түрлі формалы және әртүрлі өлшемді ауыстырылатын айналары бар телескоптық құрал, олар автокөлік құралдарының түпкі орындарына жарық түсіру үшін қолданылады, сондай-ақ көлік құралдарындағы түпкі орындардан заттарды алу үшін арнаулы ілгіштері болады;

- тексеру қысқыштары – диаметрлері және ұзындықтары әртүрлі ерекше закалкалы металл стерженьдер, арнаулы формалы тесігімен де болады (жұмсақ және картон орауыштарды, көлік құралдарындағы отыратын орынды, төгілетін жүкті және т.б. тексеруге арналған).

- эндоскоптар – көлік құралдарында қол жеткізілуі қиын орындарды тексеру үшін және түрлі , оның ішінде агресивті сұйықтыққа толтырылған ыдыс. Үш модификацияда әзірленеді: «қатты» (бароскоптар) – ұзындығы әртүрлі метал түтіктер; тексеру фонарьлары; тығыздығының өзгерісін анықтайтын детекторлар.

- техникалық бірдейлендіру құралдары – кедендік тексерудің техникалық құралдарының бірі, оларға: кеден және өзге де құжаттардың, пломбылардың, мөрлердің түпнұсқалығын анықтау құралдары; асыл еталдар сынасын шынайылығын анықтайтын құралдар; асыл тастар шынайылығын анықтау құралдары; есірткі және жарылысты заттарды идентификациялау; криминалистік кешендер; микроскоптар, лупалар, қызылкүлгін фонарьлар; рентгенофлуорэсцентілген анализаторлар; өлшеу құралдары.

- техникалық тексеру құралдары – кеден органдары құзыретіне де берілген қылмыстар туралы шұғыл тергеу әрекеттерін өткізу кезінде құқық бұзушылық іздерін айқындау және бекіту үшін және нақты істер мүдделерін білдіретін тұлғалардың дыбыстық және бейне жазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын кедендік бақылау техникалық құралдарының бір түрі. Аталған техникалық құралдарға: криминалдық құралдар жинақтары, техникалық құжаттау құралдары (фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитафондар және телемониторлар, диктофондар) жатады.

- визуалды бақылаудың техникалық құралдары – кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бірі. Кеден органдары кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі оперативтік жағдайды бақылау үшін пайдаланылады. Оларға оптикалық бақылау құралдары, дүрбілер, монокулярлар және стерео түтіктер, түнгі уақытта көруге арналған құралдар, сондай-ақ бірыңғай бақылау пультымен және және бақылау мониторларымен қашықтықтан басқарылатын телевизиялық камералар желілері.

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінде есірткі заттарын, жаппай қырып-жою қаруларын, оқ-дәрінінің заңсыз айналымымен, контрабанда, заңсыз көші-қонмен айналысатындарды айқындауға арналған рентген құралды таныстыруы өтті. Құралдың қызмет көрсету спектрі сан алуан, әсіресе халықаралық әуежайларда, теңіз порттарындағы жол жүкті, сондай-ақ ірі габаритті контейнерлер мен жүк автокөлігін тексеру үшін жылжымалы және стационар рентген-қондырғылар қолданылады.

Аталған жоғары технологиялы, бірақ салыстырмалы алғанда қымбат емес жабдықтың бірқатар басымдықтары да бар: есірткі және жарылғыш заттарды айқындау; жоғары радиациялы фонымен заттарды айқындау; заңсыз мигранттарды айқындау; контрабанданы айқындау; жылдамдығы (сканер объектіні 15 секунд ішінде 6-10 км/сағ жылдамдықпен тексере алады). Сырттай қарағанда сканерлейтін жабдығы бар жылжымалы қондырғы қарапайым жылжымалы құрал ретінде көрінеді. Оның күмәнді объектілерді байқатпай зерттеу мүмкіндігі бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шетелдік кеден қызметтері өз жұмыстарында қазіргі және жоғары технологиялы кедендік тексеру құралдарын кеңінен пайдаланады, осы уақытта кедендік қызмет инспекторының тікелей жеке тексеруіне қатысу минимумға жеткізіледі, яғни «адам факторы» қатыспайды.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасы Үкіметі республиканың кеден органдарын техникалық кедендік бақылау құралдарымен жарақтандыруға аса көңіл бөлініп отыр, оған 2006 жылға арналған республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 3 млрд. 437 млн. 978 мың теңге бөлінгені дәлел бола алады [24]. Мұндай жаңа технологияларды, құралдары қолдана отырып, біз кеден қызметінде орын алған сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді деп, заңсыз контрабанда, есірткі заттарын өткізуге жол бермейді деп сенеміз.