Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссер Ержан.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Іі. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру (Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мысалында)

2.1 Қр кеден ісінің қазіргі кездегі жағдайы

Республикалық кеден қызметі ҚР Кеден комитеті құрылғаннан бері әртүрлі құрылымдық өзгерістерде душар болды. Осы жылдар ішінде қызметтік барлық деңгейінде бірнеше кезеңдік құрылымдық қайта құрулар және ведомстволық бағыныстылықтарда болды, мәселен жас тәуелсіз, егеменді Қазақстанның экономикалық қалыптасуы жолында қарқынды және елеулі оқиғаларға толы болды.

Егеменді кеден қызметінің 20 жыл жұмыс істеуі барысында бүгінгі күнде атқарылған істер орасан зор. Сонымен қатар, кеден органында одан әрі жетілдіру және әлемдік стандарттарға сәйкес келуге мақсатты түрде бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Соңғы уақытта, тұтастай алған кеден қызметіндегі жағдайды барынша жақсартуға мүмкіндік беретін 23 жүйелі шаралар әзірленді және енгізілді.

Бірінші кезекте, Дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алгоритмі әзірленді және оны іске асыруда нақты іс-шаралар жоспары құрылды. Комитеттің бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуін жеделдету туралы бастамасын Үкімет мақұлдады. Кедендік ресімдеудің ұзақ жылдарғы үш кезеңдік рәсімі бір кезеңдікке ауыстырылды.

Қытай тауарларының көлеңкелі айналымын азайту және заңды сыйлайтын азаматтардың мүддесін қорғау мақсатындакедендік төлемнің айырықша ставкасы 1 кг үшін 0,6 еуро енгізілді және оларды беру үшін тауарға ілеспе құжаттардың сейф-пакеттері пайдаланылады. Кәсіпкерлерді тексерудің барлық түрін қысқарту мақсатында құқық бұзушыларды ескерту және прафилактика механизмі әзірленді, сонымен қатар адал сыртықы экономикалық қызметке қатысушылар санын арттыру, себебі олар үшін заңды бұзу тиімсіз болады.

«Халықаралық сауда» көрсеткіштері бойынша Қазақстанның беделін жақсарту үшін ұсыныс ретінде «Doing business» рейтингінде кедендік ресімдеу мерзімдері мен құжаттардың санын кезең-кезеңмен 3-тен 1-ге дейін қысқарту жоспарланды. Бұл да кәсіпкерлердің уақыты мен құралдарын үнемдеуіне мүмкіндік береді.

Шекарада ықпалдасқан бақылау енгізілді, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау функциялары кеден қызметіне беріледі, өткізу пунктінде тек екі бақылаушы қызмет қалады (заң жобасы Мәжілісте).

Осыған байланысты шекараны қашықтық мониторингімен және кешенді басқару үшін Астана қаласында Комитеттің Жедел басқару орталығының функциясы кеңейтілді, сол себепті барлық мүдделі бақылаушы және құқық қорғау органдары үшін операция жүргізу орны болып жоғарыда аталған ЖБО құрылды.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің шеңберінде Қазақстанның көліктік әлеуетін арттыру үшін Комитет бірінші кезеңте Ресей мен Қытаймен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда елеуді ілгерлеуге қол жеткізді.

Біздің бастамамыз бойынша ресей-қазақстан шекарасындағы Қайрақ – Бугристое автомобиль өткізу пункттінде бірлескен кедендік бақылау бойынша эксперимент басталды. Бұл Кеден одағы шеңберінде Ресеймен және Белоруссиямен ықпалдасудың алғашқы элементі, мұнда біз әлемдік қажы дағдарысы жағдайында барлық басқа елдерге ертеңгі күннің қалыпты жұмысын және үлгі көрсете аламыз. Сонымен қатар біз трансұлттық қылмыстың күшейу тәуекелін ескереміз.

Одан басқа, Қазақстан кеден қызметінің жетістіктерін мойындай отырып Комитет осы қоғамдастықтың кеден заңнамасын әзірлеуде жауапты болып тағайындалды.

Сонымен қатар, ресейліктермен теміржол бойынша жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезіндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қытай шекарасында 2007 жылғы 15 желтоқсанда басталған бірлескен кедендік бақылаудың бірінші кезеңі жалғасын тапты. Енді «Қалжат – Дулаты» өткізу пунктінен басқа «Майқапшағай – Зимунай» пунктінде де эксперимент жалғасатын болады.

Ағымдағы жылғы 30 қазанда Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекттердің үкімет басшылары Кеңесінің отырысында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекттердің кеден қызметтері арасында энергия ресурстарын өткізуді бақылау саласындағы ақпараттармен алмасу туралы хататмаға қол қойылды.

Келесі күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР МемКЕңесінің ПРемьері Вэнь Цзябао екі жақты кездесуі барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы кеден қызметтерінің ынтымақтастығын іске асырудағы 2009-2011 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Осының бәрі экономикалық серіктестерімен жоспарлы және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үлкен қадам. Сонымен қатар біз трансұлттық қылмыстың күшейу тәуекелін ескереміз.

Осындай бастамалардың нәтижесінде халықаралық кедендік қоғамдастық арасында Қазақстан туралы пікір деңгейі арттатыны сөзсіз.

Сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы біздің елдің қызметін әлемдік стандар талаптарына жауап беретін кеден қыру үшін әлем елдерінің «пилоттық» ондығына енгізу үшін «постсоветском» кеңістігіндегі үлгілік модель деп таныды.

Осыған байланысты біз Дүниежүзілік банктің қолдауымен Кеден қызметін дамытудың жобасын әзірледік, ол бойынша 2008 жылғы 31 қазанда Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қолдады.

Одан әрі, барлық жаңалықтарды құқықтық алаңда іске асыру үшін Комитет 6 заң жобасын әзірледі, ол қазіргі уақытта Парламенттің қарауында, сондай-ақ бірқатар Үкімет қаулылары мен ведомстволық нормативтік құқықытық актілер іске асырылды.

Ел ішінде жұмысты жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде бұл да азаматтардың сенім деңгейінің артуына ықпал етпек. «Кеден – адал сұқпат», «Журналистикалық десант» атты республикалық ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Кеден органдарының жұмысы туралы барлық сыни материалдар бойынша тұрақты түрде БАҚ мониторингі ұйымдастырылды, тексеру жүргізіліп тұрады.

Халық арасында инфляцияға қарсы күтулерді қалыптастыру үшін апта сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарда азық-түлікке, көкөніс пен жемістерге, халықтық тұтынатын тауарларға орташа импорттық және бөлшек бағалардың кестелері жарияланады. Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасы бойынша монитроингтің нәтижесі бойынша осы бағалар барлық құқық қорғау органдарына жолданды.

Мемлекеттік шекараны кү­зету мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табы­ла­ды. Қазақстанның геосаяси ор­наласуы мен халықаралық қа­ты­нас жолдарындағы объек­тивті жағдайлар мемлекеттік шекара күзетін жетілдіру бой­ынша әрда­йым тиісті шаралар ұйымдас­тырып отыруды қажет етеді. Бүгінде еліміздің шекара қызметі Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті Шекара қызметінің бө­лімдері мен мемлекеттік шека­раның 109 өткізу пункттеріне жұмылды­рыл­ған. Соған қоса, соңғы уақытта көлік әлеуетінің өсуіне байланысты шекаралық өткізу пункттерінде жолау­шы­лар мен жүк ағымының, жеке адамдар мен көліктердің көбей­генін ай­туымыз керек.

Әлемді шарлаған қаржы дағда­рысы елімізге салқынын тигізсе де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қарқынын жоғалтар емес. Өйткені, Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету туралы тапсырмаларын орындау кезек күттірмейтін міндет болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдар бұл іске бір кісідей жұмыла кірісіп отыр. Соның ішінде кеден органдарын­дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше сипат алды. Мұны олардың 2009 жылғы атқарған жұмыс қорытындысына талдау жасағанда анық байқадық.

Әлемдік қаржы жүйесінің дағдарысы еліміздің шекара қыз­метіне залалын тигізген жоқ деу­ге болады. Өткен жыл­дың алты айлық қорытындысы бойынша, өткізу пункттерінде 11 млн. 405 мың 410 тұлға өт­кізілсе, 2009 жылы бұл көр­сет­кіш 13 млн. 604 мың 437-ге өсті.

Осы жылдың басынан бері еліміздің Мемлекеттік шекара­сын­да шекаралық бақылау бө­лімдері мен бөлімшелерінің өткізу пункттерінде контра­бан­да оқиғасының 383-інің жолы ке­сілді, соның ішінде есірткі заттарын тасымалдауға қатысты 50 жағдайға орын берілген жоқ.

Аталған комитет қоғамға жат келеңсіздік көріністерін түпкілікті азайту мақсатында бұрынғы жылы-ақ кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету алго­ритмін дайындаған еді. Атқару қызметіне толыққанды талдау жүргізу арқылы кеден органдары қызметінің сыбайлас жемқорлыққа көбірек ұшырайтын сегіз сегменті анықталды. Сөйтіп, негізгі күш соған бағытталды. Бұлар – сыртқы экономикалық қызметке қатысу­шыларды тіркеу, алдын-ала опера­циялар, кедендік ресімдеу, лицен­зиялау, кедендік аудит, құқық бұзушылықпен күрес, кадр саясаты және мемлекеттік сатып алулар. Осыған байланысты жемқорлықты нақты төмендету бойынша белгілі бір іс-шаралар жоспары дайын­далып, оны жүзеге асыру қолға алынды. Қашанда кез келген ұйым ішінде жүретін “бір құмалақ­тардың” сыбайлас жемқорлықпен айналысатынын сол ұйымның өзі алдымен байқайтыны белгілі. Соған орай Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығының ұсынған мәліметіне қарағанда, олар 2009 жылы кеден органдары қызмет­керлеріне қатысты 96 іс қозғапты. Ал 68 іс басқа құқық қорғау органдарының араласуымен қоз­ғалған. Жалпы тұтастай алғанда, бір жыл ішінде 164 адам қылмыс­тық іске тартылған. Осы есепті кезең ішінде нақты сыбайлас жемқорлық көріністерімен 131 адам ұсталды. Оның жүзден астамын кеден органдары өз кү­шімен анықтап отыр. Бұл цифрлар құрғақ сан емес. Әрбір санның артында адам іс-әрекеті тұр десек, қаншама келеңсіздіктің алды алынып немесе әрбір жемқорлық көрінісі назардан тыс қалмай дер кезінде жойылды деген сөз. Сондықтан да бұл цифрлардан байқайтынымыз, кеден органдары өз күшімен қозғаған қылмыстық істер бойынша өзгелерден оқ бойы озып отыр. Өйткені, бұрынғы жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлықты анықтау 53 пайызға арта түскен.

Сөйтіп, осындай тиімді шара­лардың нәтижесінде теріс пиғылды жандардың іс-әрекеті анықталып, республика бойынша кеден орган­дарынан 62 қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұлардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа салынуы салдарынан 23 қызметкер жауапқа тартылды. Жалпы, мұнда ішкі қауіпсіздік бөлімшелері үнемі кеден маңы аймақтарында жасалатын қылмыстарды айқындау үшін тыным таппайды. Соның арқа­сында лауазымды адамдардың парақорлық іс-әрекеттері дер кезінде анықталып, талай келең­сіздіктің жолы кесілді. Мәселен, жедел жүргізілген шаралардың нәтижесінде Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Алматы облыстары бойынша кедендік бақылау депар­таменттерінің пара алушылары қылмыс үстінде ұсталды. Бұған аталған кеден маңы аймақтарында брокерлер қылмысын анықтау да көмегін тигізіп отыр. Ішкі қау­іпсіздік бөлімшелері контрабан­далық тауарларды өткізген “Қор­ғас” кеден бекетінің, Ауыл ша­руашылығы министрлігі карантин қызметі адамдарының міндетін теріс мақсатқа пайдаланғанын анықтап, жауапқа тарты. Қазіргі кезде аталған лауазымды тұлғалар Алматы облысы Панфилов ауданы сотының үкімімен лайықты жазасын алып, бас бостандық­та­рынан айырылды. Сол секілді сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп не­месе ысырап еткені үшін Маңғыс­тау, Қызылорда облыстары бой­ынша кедендік бақылау депар­таменттерінің және қаржы-ша­руашылық кеденінің бас есеп­шілеріне қатысты ҚК-нің 176-бабы бойынша іс қозғалды.

Халықаралық қатынас ар­наларында шекара күзету тиім­ді­лігінің өсуіне “Бүркіт” бір­ыңғай ақпараттық жүйесі ком­понент­терін сапалы пайдалану септігін тигізуде. Шекаралық өткізу пункт­терінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының құзыретті органдары іздеу салған 63 адам ұсталды. Заң бұзушыларды ұс­тауда аса белсенділік танытқан өткізу пункт­тері ретінде “Ба­тыс-1189”, “Солтүстік-1038”, “Оңтүстік-671”, “Алматы-503” шекаралық бақылау жасағы өңірлік бас­қармаларын атауға болады.

Мемлекеттік шекараның ұзын­дығын, өткізу пункттерінің көп­тігі мен аса маңызды жо­лау­шы ағымын ескере отырып ең­бек еткен “Солтүстік” өңір­лік басқармасының басшылығы шекаралық бақылау сапасының көтерілуіне қол жеткізді. Мем­ле­кеттік шекара бұзушыларды анықтау, ескерту және оның жо­лын кесу бойынша “Оң­түстік” өңірлік басқармасында да бел­сенді іс-шаралар ат­қарылды. Жо­лаушылардың заңсыз тра­фи­гін бақылап, соны болдырмауға үлкен еңбек сіңір­ді. Осы орайда есірткі трафи­гімен күресті атап өтуді ма­ңыз­ды санаймыз. Ше­каралық ба­қылау әскери қыз­мет­шілері жылдың басынан мем­лекеттік шекара арқылы жал­пы салмағы 125 кг. есірткі заттарын өткізу­дің жолын кесті.

Шекаралық бақылау бөлім­ше­лері әскери қызметшілерінің есірткіні қолға түсірген бірнеше фактісін атап өтейік. “Сыпатай батыр” шекаралық бақылау бө­лімінің шекара наряды Қазақ­стан-Қырғызстан шекарасында Қырғызстанның екі азаматын тоқтатқанда, олардан алаңдау­шы­лық байқалып, Рекс атты ит­тің көмегімен олардан 32 кило­грамм героины бар пакет­тер тәркіленді. Сондай-ақ, “Қордай” ЖБӨП шекарашы­лары қазақ-қырғыз учаскесінде ұстаған адамнан 21 кг 400 гр гашиш пен 3 кг 970 героины бар 35 поли­этиленді пакет та­былды.

Үкіметтің өткен жылы кеден органдарының алдына қойған міндеттерін орындауға бағытталған тұтас кешенді іс-шараларды жүзеге асыру қаулысын орындау мақ­сатында комитет өзінің жоспарлы және реттік стратегиясын түзіп шықты. Оның негізі сыбайлас жемқорлықты төмендету үшін кедендік шараларды оңтайландыру мақсатында кедендік әкімшілен­діруді жетілдіру, ал жеке және заңды тұлғалар үшін әкімшілік кедергілерді жою, рұқсат беру құжаттарының санын және оларды беру мерзімін қысқарту болып табылады. Соның бір дәлелі, жақында құрылған КБК жедел басқару орталығы. Онда жоғарыда аталған стратегияның басым бағыттары ретінде қосымша қыз­меттер мен маңызды техникалық мүмкіндіктер одан әрі дамытыла түседі. Сөйтіп, мұндай қызметтер нәтижесінде еліміздің эконо­микалық дамуына әсер ететін және экономиканың бәсекеге қабілет­тілігін арттыратын тұрақты, тиімді қызмет жасайтын кеден жүйесі қалыптаспақ.

Ал мұндай атқарылып жатқан орасан зор жұмыстар нәтижесі не береді десек, алға қойған мақсат­тарға жету кедендік үдерістерді халықаралық стандарттарға сәйкес бір ізге салуға мүмкіндік туғызады. СЭҚ қатысушыларға мүлтіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, жиналатын кедендік төлемдер мен салықтардың көлемін ұлғайтады және бұдан басқа, ең бастысы, кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтады. Міне, бүгінгі таңда осы жұмыс шеңберінде кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мен одан әрі жетілдіру қолға алынып отыр. Бұл үшін қазіргі қолданыстағы бақы­лау­дың автоматтандырылған жүйе­лерін бірыңғай кешенге біріктіру, шекарадан қосымша мемлекеттік бақылаулардың түрін алу және ЖБО алыстан бақылау орталығы ретінде пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар, бір атап өтер жәйт, КБК құрып, жүзеге асырған жедел басқару орталығы қызметін басқа да министрлік пен ведом­ство­­лар­дың, мәселен, ҰҚК, көлік ба­қылау органдары, жол поли­циясы орган­дары, ветеринарлық-фитосани­тарлық бақылау қыз­меттері алдына қойылған міндеттер мен тап­сырмаларды орындау барысында пайдалануға кеңінен мүмкіндік туды.

Енді еліміздің кеден органдары жоғарыда қол жеткен табыстармен шектеліп қалмай, бүгінгі таңда алдарына жаңа міндеттер қойып отыр. Қысқаша атап өтер болсақ, олар қағаз түріндегі тауарларды жеткізуді бақылау құжаттарынан кезең-кезеңімен арылу үшін Кеден кодексіне өзгерістер дайындау, алыстан бақылауды жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді көздейді. Сол сияқты өткізу пункттерінде кедендік ресімдерді жылдамдату, тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне бақылаудың тиімділігін арттыру, бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар санын қысқарту, кедендік ресімдеуді бақылауды орталықтандыру, алдын ала операциялар кезінде кедендік брокерлердің қызметін алып тастау, кедендік ресімдердің ашықтығы мен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету секілді сапалы қыз­меттерге қол жеткізу үшін шека­радағы автокөлік өткізу пунк­терінде жеке тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына бақылау жүргізу және мемлекеттік орган­дардың өзара іс-әрекет ету нұс­қаулығы жобасын дайындады.

Қазіргі уақытта Шекара қыз­­метінде шекаралық бақылау бө­лім­шелерін технологиялық жаңар­ту мақсатында үлкен жұ­мыс атқарылуда. Соған сай ма­мандар да жеткілікті екенін атап өткен орынды.