Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссер Ержан.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.2 Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері

Халықаралық әуе рейстері жолаушыларына қызмет көрсету ережелері Қазақстан Республикасы халықаралық рейстері әуе жолаушыларын қызмет көрсетудің негізгі талаптарын белгілейді.

Бақыланатын аймақ - әуежайдың, әуе аймақтың жұмыс аумағы және оған іргелес жатқан аумақ, оған кіру бақыланатын қызметтік ғимараттар, құрылыстар, қоймалар.

Стерильді аймақ – жолаушыларды, жолжүктерді, жүктерді, қол жолжүктері тексерудің, қараудың бірінші қосыны мен кіру қатаң бақыланатын әуе кемесі арасындағы стерильді аймақ бөлігі.

Транзитті аймақ – шекара бақылау қосыны мен әуе кемесі арасындағы стерильді аймақ бөлігі. Транзитті аймақ аумағында жолаушы. Оның жолжүгі, қол жүгі қосымша тексеруге, қарауға жатпайды. Транзитті аймаққа рұқсат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша әуеаймақ әкімшілігімен берілген қатаң түрде белгілі бір үлгідегі рұқсат бойынша жүзеге асырылады.

Бақылау тексеру, жолаушыларды, азаматтық әуе кеме экипажы мүшелерін, қызмет көрсетуші тұлғаларды, қол жүгін, жолжүкті, жүктерді, пошта және борттық қорларды тексеру (бұдан әрі - Тексеру) – заңсыз араласу актісін жасау үшін пайдаланылуы мүмкін қару-жарақ, жарылғыш заттар немесе өзге де қауіпті құрылғыларға айқындауға арналған техникалық құралдарды немесе басқа да құралдарды пайдаланумен болған іс-шаралар кешенін айтамыз.

Жалпы тексеру аймағы – авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеру аймағы және кедендік бақылау аймағы.

Шекара бақылауы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Кеден қызметінің кедендік бақылау құрылымдарымен өткізілетін іс-шаралар кешені, оған мыналар енеді:

- Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарды тексеру;

- көлік құралдары, жүктер мен өзге де мүліктерді тексеру;

- көлік құралдарын және олармен ілескендерді тексеру;

- Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынған тұлғаларды бақылау;

Шекара бақылауы жедел және режимді іс-шаралармен бірлесіп жүзеге асырылады.

Транзитті жолаушы – халықаралық әуе тасымалы шартына сәйкес, аралық әуежайға келген сол рейсімен одан әрі тасымалданатын жолаушы.

Трансферлі жолаушы - халықаралық әуе тасымалы шартына сәйкес, трансфер қосынына бір рейспен әкелінеді, ал кейіннен сол не басқа тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданады.

Транзитті жүк (жолжүк) – жүк жөнелтпе құжатына (жолжүк ведомості) сәйкес жүк (жолжүк) аралық қосынға жеткізілген рейспен одан әрі тасымалданады.

Трансферлі жүк (жолжүк) - жүк жөнелтпе құжатына (жолжүк ведомості) сәйкес жүк (жолжүк) трансфер қосынына бір рейспен жеткізіледі, ал кейіннен сол не басқа тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданады.

Барлық жолаушылар, жолжүк, қол жүгі, сондай-ақ экипаж мүшелері және олардың қол жүгі оларға әуе кемесіне көтерілуге немесе стерильді аймаққа өтуге рұқсат етілгенге дейін тексеруден өту керек.

Тексеру билеттерді, жолжүкті, жүктерді тіркеуден өткізгенге дейін жүргізіледі. Аталған әрекеттер дипломатиялық артықшылықтарын және иммунитетін пайдаланатын тұлғаларға қолданылмайды.

Қол жүгін, жолжүкті, пошта, борттамақтану, әуе кемесі экипажын және жолаушыларды жеке тексеруді жүргізу құқығы арнайы дайындықты өткен шекара бақылау бөлімшелері, кеден органдары және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметшілеріне беріледі.

Жалпы тексеру аймағынан өтуді бақылау кеден органдары мен авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне, шекара бақылау аймағынан өтуді шекара органдары қызметкерлеріне жүктеледі.

Егер жолаушының жарылғыш зат, қару-жарақ немесе өзге де заты бар туралы мәлімет түссе немесе айқындаса, тексеру авиациялық қауіпсіздік қызметі және ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі (ішкі істер органдары қызметкерлерін шақыру тәртібі, келу уақыты әуежай және ішкі істер органы басшыларымен әзірленетін және бекітілетін өзара әрекет сызбасымен белгіленеді).

Жеке тексеруден немесе қол жүгі және жолжүгін тексеруден өткізуден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді.

Ұшатын жолаушыларға қызмет көрсету:

Жалпы тексеріс аймағында тексеру мынадай тәртіпте жүргізіледі:

- тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің қызметкері жолаушылардың әуебилеттері мен жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарын тексереді, тексеруді өту ережелері туралы кеңес береді және техникалық тексеру құралдары арқылы жолжүктер мен қол жүктерін бақылау тексеруді өту орындарына өтуін ұсынады. Жолаушылар жалпы тексеру аймағына өтеді, онда авиациялық қауіпсіздік қызметі және кеден органдары қызметкерлері техникалық құралдарды пайдалану арқылы жолаушыларды, жолжүктерді және қол жүктерін тексереді;

- тексеріс аяқталған соң әуебилетте авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жеке нөмірлі мөрімен өткізілген тексеру туралы белгі соғылады және жолаушы кедендік ресімдеу үшін кедендік бақылау аймағына жіберіледі.

Жалпы бақылау, тексеру аймағындағы кеден қызметі қызметкерлері:

- бөгде адамдардың стерильді аймаққа өтуіне жол бермейді;

- жолаушыларды кедендік ресімдеу өту үшін кеден декларацияларын, төлқұжаттарын, банктік рұқсанаманы және өзге де құжаттарды әзірлеу қажеттілігі туралы ақпараттандырады;

- азаматтарға қолданыстағы кеден ережелері туралы түсініктеме береді, кедендік бақылау аймағында тәртіпті қадағалайды;

- жолаушы кеден декларациясының дұрыс толтырылғанын тексереді;

- жолаушылармен ауызша сауалнама жүргізеді;

- қажеттілігіне қарай, қол жүгі мен жолжүкті тексереді, декларацияда көрсетілген валютаның, өзге де заттардың немесе құндылықтардың сәйкестігін тексереді, анықтама-сертификаттарды және өзге де құжаттарды тексереді.

Қазақстан Республикасынан шығаруға жол берілмеген валюта, заттар және өзге де құндылықтар тексеру барысында белгіленген заңнама тәртібінде ресімделеді. Кеден ережелері бұзылған жағдайда, контрабанданы айқындау немесе контрабанданың болуына негіз болғанда, кеден органдары қызметкерлері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді. Кедендік ресімдеуді өтпеген жолаушылар тіркеуге жіберілмейді.

Кедендік ресімдеу және бақылау аяқталған соң кедендік декларацияға мөр соғылады және жолаушы тіркеу орнына және әуебилетті ресімдеуге, жолжүкті тапсыру, жолаушыларға тасымалды қамтамасыз ету орнымен отыру талондары берілетін орынға бағытталады. Кейіннен жолаушы шекара бақылау аймағына өтеді.

Шекара бақылау аймағындағы шекара бақылауы шекара бақылауын өту тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қызметкерлері Қазақстан Республикасы аумағына келген шетелдік азаматтардың келу заңдылығын анықтауға төлқұжаттарын тексеруді, визалық режимнің сақталуын тексереді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын өтуге құқық беретін жолаушы құжаттарының шынайылығын тексереді.

Шекара бақылауын өтіп, Шекара қызметі қызметкерлерінен төлқұжаты мен отырғыз талонын алған соң, жолаушы транзитті аймаққа жіберіледі. Ұшақтың ұшуға дайындығынан кейін, жолаушылар әуежай тасымалын қамтамасыз ету қызметтерімен ілесіп, шекара қызметі қызметкерінің бақылауымен әуе кемесі бортына жеткізіледі.

Шетел бағытындағы әуе кемесіне жолаушыларды отырғызу, жолжүкті, пошта, жүкті және өзге де мүлікті тиеу кеден органдарының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Шетел бағытындағы әуе кемесінің тұрақ орнынан қозғалу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Ұшып келген жолаушыларға қызмет көрсету:

Әуежай әкімшілігі әуежайда орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органының бөлімшелері мен кеден органдарын шетелден әуе кемесінің келетінін, атап айтқанда: уақыты, тәуелділігі, типі, тоннажы, жолаушы саны, әкелінетін жүк салмағы, орны, тұрақ нөмірі, осы әуе кемесіне қызмет көрсету бойынша қандай қызмет көрсетуші персонал бригадасы жіберілгендігі туралы ақпараттандыруға міндетті.

Жолаушыларды қарсы алуды тасымалды ұйымдастыру қызметінің қызметкерлері және шекара органы қызметкерлері жүзеге асырады, олар жолаушылардың арнаулы процедураларды өтуі туралы ақпараттандырады.

Әуе кемесі келген соң, шекара және кеден органдары қызметкерлері экипаж мүшелерінен қажетті құжаттарды, сондай-ақ әуе кемесі бортындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алады. Қажеттілікке байланысты, уәкілетті медициналық қызмет қызметкерлері шақыртылады.

Тасымалды ұйымдастыру қызметінің қызметкері шекара қызметкерлері рұқсатымен және бақылауымен жолаушыларды әуежай ғимаратына әкеледі.

Әуежай ғимаратына әкелінген соң, жолаушылар шекара бақылауы (транзитті аймақ) залына өткізіледі, қажеттілікке қарай транзитті аймақта орналасқан консулдық қызмет қызметтерін пайдаланады.

Шекара бақылауы аймағында жолаушылар төлқұжат бақылауын өтеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі органдары Қазақстан Республикасына кіруге құқығы бар шынайы құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін тұлғаларды өткізуді жүзеге асырады.

Шекара бақылауын өткен соң жолаушылар жүк беру аймағына жіберіледі, жолжүктерін алады және кедендік бақылау аймағына өтеді.

Кедендік бақылау аймағында жолаушылар Қазақстан Республикасы кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпте кедендік ресімдеу мен бақылауды өтеді.

Кеден қызмет қызметкерлерінің кедендік бақылауын жүзеге асыру кезінде:

- жолаушыларды кеден декларациялары, төлқұжаттар мен өзге құжаттарды көрсету қажеттілігі туралы ақпараттандырады және оларды кедендік ресімдеу және бақылау өтуге жөнелтеді;

- азаматтарға қолданыстағы кеден ережелері туралы түсініктеме береді, кедендік бақылау аймағында тәртіпті қадағалайды

- жолаушы кеден декларациясының дұрыс толтырылғанын тексереді;

- бөгде адамдардың стерильді аймаққа өтуіне жол бермейді;

- рентгентелевизиялық құрылғылардың көмегімен жолаушылардың қол жүгін және жолжүгін тексереді;

- жолаушылармен ауызша сауалнама жүргізеді.

Қажеттілігіне қарай, кеден қызметі қызметкерлері қол жүкті және жолжүкті тексереді, валютаның және өзге де заттардың немесе құндылықтарды жолаушы декларациясында көрсетілген заттармен салыстырады, сәйкес келген жағдайда жеке нөмірлі мөрмен кеден декларациясын растайды. Кеден ережелері бұзылған жағдайда, контрабанда айқындалғанда немесе контрабанданың болуы туралы болжауға негіз болған уақытта кеден қызметі қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қимыл жасайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген бажсыз жүк тасу нормаларынан асатын тауарларды өткізетін жолаушылардың кедендік ресімдеуі жүк кеден декларациясын толтыру арқылы жүргізіледі.

Транзитті жолаушыларға қызмет көрсету:

- транзитті рейстің келетіні туралы ақпаратты алған кезде (рейс нөмірі, ұшып келудің есептеме уақыты, транзитті жолаушылар саны мен санаты) кеден, шекара органдары және әуежай қызметтері ауысымдарының қызметкерлері транзитті рейспен келетін ұшақты қарсы алу үшін жауаптыларды тағайындайды және тиісті нұсқаулық жүргізеді;

- әуе кемесі экипажы әуежай диспетчерлік қызметіне ұшақ бортынан жолаушылар саны және экипаж мүшелері, жолжүк және жүгі туралы хабарлайды, ал диспетчерлік қызмет бұл мәліметті шекара, кеден және әуежай қызметтеріне хабарлайды;

- әуе кемесінің қонуы және оның тұрағының орны туралы ақпаратты алған соң, әуежай, кеден және шекара қызметкерлері оның тұраққа бұрылатын сәтінде барады;

- шекара қызметі қызметкерлері жолаушыларға ұшақтан шығуға рұқсат береді. Ұшақ ұшатын уақытқа дейін шекара режимін сақтау үшін, транзитті халықаралық рейсін ресімдеуден өткізетін шекара органдары қызметкерлері әуе кемесі (шетел әуе кемесінен басқа) бортында қалады;

- әуе кемесінен түскен соң, жолаушылар әуежай тасымалдауын ұйымдастыру қызметінің қызметкерлерімен және шекара органдары бақылауымен кеден режимін қамтамасыз ету үшін транзитті залға өткізіледі;

- бөгде тұлғалардың транзитті залда болуы немесе кіруге ұмтылуына үзілді-кесілді тыйым салынады;

- ұшатын жолаушыларды тіркеу аяқталғаны және әуе кемесі мен экипаждың жолаушыларды қабылдауға дайын екендігі туралы ақпаратты алған соң шекара органдары қызметкерлері транзитті (трансферлі) жолаушылардың әуе кемесіне отырғызылуын бақылайды;

- ішкі істер органдары, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыратын ұйымдар стерильді аймақтан тыс жерде болады және қажеттілікке байланысты тартылады. Сонымен қатар, ішкі істер органдары арнаулы іс-шараларды өткізу барысында өз қызметін белгіленген заңнама тәртібінде жүргізеді.

Ішкі және халықаралық желілердегі әуе кемесі экипажын, жолаушылардың, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген арнаулы тізім бойынша мемлекеттің лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын депутаттардан басқа, қол жүгін, жолжүкті, жүктерді, пошта, борттамақтану, және жолаушыларды жеке тексеруді бақылау және тексеру тәртібі. Бақылау және тексеру мақсаты – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, жердегі мамандардың, халықтың өмірі мен денсаулығын және әуежай құралдарын заңсыз араласу актілерін қорғау.

Жол жүкті, жолжүкті бақылау, қарау және әуе кемесі жолаушылары мен экипаж мүшелерін, сондай-ақ халықаралық әуе желілеріндегі жүктерді, поштаны, борттамақтануды жеке тексеруді Қазақстан Республикасы әуежай, кеден және шекара қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Қол жүкті, жолжүкті бақылау, қарау және әуе кемесі жолаушылары мен экипаж мүшелерін, сондай-ақ халықаралық әуе желілеріндегі жүктерді, поштаны, борттамақтануды жеке тексеру қауіпті заттар тізімімен белгіленген қауіпті жүктер мен заттарды, сондай-ақ жолаушыларға азаматтық әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған есірткінің барлық түрін тасымалдаудың алдын алу үшін жүргізіледі. Тізім Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетімен келісілген соң көліктегі мемлекеттік басқару органымен бекітіледі.

Қол жүкті, жолжүкті бақылау және тексеру және жолаушыларды жеке тексеру ұшуға арналған билеттерін көрсеткен соң жүргізіледі. Қол жүгін, жолжүгін тексеруден және жеке тексеруден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді. Бақылау және тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады. Бақылау және тексеруді ұйымдастыру әуе компания және авиа кәсіпорындар басшыларына жүктеледі.

Қол жүгін, жолжүгін және жолаушыларды жеке тексеруді бақылау және тексеруде жолаушыға тізімде көрсетілген қауіпті жүк немесе зат болған уақытта көрсетуін сұрау туралы өтініш білдіреді. Жолаушының қол жүгін, жолжүгін бақылау және тексеру оның қатысуымен бірге жасалады. Ал егер күтпейтін жағдай болғанда, жолаушының жоқ кезінде де жүргізіле береді.

Жолжүкті ашу қажеттілігімен байланысты жолаушы болмаған кезде жолжүкті бақылау және тексеру әуежай басшысы, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бастықтың орынбасарлары, тасымалдауды ұйымдастыру қызметтерінің бастықтары, осы қызмет ауысымдары, қалалық әуевокзалдары, оларды қызмет көрсетуі белгіленген аумақта әуежай орналасқан полиция бөлімшелері, уәжді шешімі (жазбаша түрде мазмұндалған) бойынша жүргізіледі. Аталған лауазымды тұлғалар болмаған уақытта тексеруді жүргізу туралы шешім белгіленген тәртіпте олардың орнын басушы тұлғамен қабылданады.

Жолжүкті тексеру екі куәнің қатысуымен тексеру актісін ресімдеу жолымен жүргізіледі. Жолжүкте, қол жүгінде немесе жолаушылардың өздерінде тексеру кезінде азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктерді немесе мүлікті айқындау фактісі, сондай-ақ жолжүкті ашу қажеттілігімен байланысты жолаушы болмаған кезде жолжүкті тексеру актімен ресімделеді және арнаулы журналда тіркеледі.

Жолаушыларды жеке тексеру техникалық құралдармен бақылау тексеру белгілері, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік қызметі және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының шешімі бойынша азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынатын мүліктерді, заттарды және жүктерді айқындау үшін қажеттілік шегінде жүргізіледі. Тексеру нәтижесі актімен ресімделеді және жолаушыларды тексеруді жүргізетін тұлғаға тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған тұлғамен қол қойылады.

Жолаушыларды жеке тексеру және жолжүкті ашу қажеттілігіне байланысты жолаушы болмаған кезде жолжүкті тексеруге лауазымды тұлғалар, сондай-ақ олардың бұйрығы бойынша әуежайдың тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің диспетчерлері мен кезекшілері (қалалық әуевокзалдары), полиция қатардағы және басшылық құрамындағы тұлғалар, ал шекара және кеден бақылауы жүзеге асырылатын әуежай аймақтарында шекара әскерлері бақылау-өткізу пунктінің офицерлік құрам тұлғалары және прапорщиктері, бөлім бастықтары, аға кеден инспекторлары (кеден қосынының) жүргізеді.

Жолаушының қатысуымен қол жүгін, жолжүгін тексеру лауазымды тұлғалардың бұйрығы бойынша арнайы бөлінген әуежайдың тасымалды ұйымдастыру қызметтері қызметкерлерімен (кезекшілерімен), ал шекара және кеден бақылауы жүзеге асырылатын әуежай аймақтарында шекара әскерлері бақылау-өткізу пункті бақылаушыларымен және кеден инспекторларымен (кеден қосыны) жүзеге асырылады.

Жолаушыны жеке тексеру тексерілетін жолаушымен бір жынысты тұлға әуежайдың санитарлық және гигиеналық талаптарға жауап беретін арнаулы бөлінген орнында жүргізіледі. Бір орында бір уақытта бірнеше жолаушыны жеке тексеруге тыйым салынады.

Ұшып келе жатқан азаматтық әуе кемесінде қол жүкті, жолжүкті және жолаушыларды жеке тексеруді жүргізу осы кеме командирінің шешімімен экипаж құрамына енетін тұлғамен жүргізіледі. Қол жүкті, жолжүкті және жолаушыларды жеке тексеру, қажеттілікке байланысты жолаушылардың келіспеуіне қарамастан жүргізілуі мүмкін.

Жолаушыны жеке тексеру немесе оның қол жүгін, жолжүгін тексеру барысында жолаушы заңсыз өткізуге ұмтылған қауіпті заттар, жүктер мен мүліктер табылса, жолаушы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен жауапқа тартылады.

Жолаушыны жеке тексеру немесе оның қол жүгін, жолжүгін тексеру барысында азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар, жүктер мен мүліктер табылмаса, онда әуе кәсіпорынның лауазымды тұлғалары, сондай-ақ тексеру жүргізген басқа да тұлғалар жолаушыны билет алынған рейске немесе кезекті рейспен жөнелтуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдау қажет және қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес оған келтірілген материалдық және моральды зиянның орнын толтырады.

Егер жолаушы тексерумен туындаған жөнелтуді тоқтата тұру себебіне байланысты ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартса, онда әуе кәсіпорыны оның талабы бойынша билеттің толық құнын төлеп беруге немесе пайдаланылмаған бөлігін төлеп беруге міндетті.

Жолаушыларды, қол жүкті, жол жүкті тексеру мен бақылауды, жолаушылар мен экипаж мүшелерін жеке тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар жолаушыларға қатысты өте мұқият және сыпайы болуы керек және олардың әрекеттері тексеруден өтетін адамның ар-намысын төмендетпеу керек. Осындай бұзушылыққа жол берген тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап береді.

Қол жүгін және жолжүкті тексеру ұшу және қону залында, транспортерлі лентада немесе оның жанында жүргізіледі:

- қызметтік іздестіру иттерін пайдалану, кейіннен оларды рентген аппараттан өткізу;

- қол жүгін және жолжүкті тексергенге дейін, жолаушылардан сұрау жолымен тексеру кезінде олардың мүліктерінде жаралауы мүмкін қауіпті заттар (бритва, лезвий, шприц, ине және т.б.) бар-жоғын айқындау;

- жолжүкті барлық жағынан қарап шығу;

- жолжүкті ауадан босату үшін басу, бұл қызметтік іздестіру иттерінің жұмысын жеңілдетеді;

- бөгде, күшті иістің болуы анықтау (желім, лак, әтір және т.б.);

- барлық жағдайда барлық ұсақ-түйекке және иттердің әрекетіне мән беру.

Әуе кемесінің сыртын тексеру, егер сыртынан тексеру барысында есірткі заттары айқындалмаса, салон ішін тексеруге көшеді. Әуе кемесінің барлық орындарын тексеру тек экипаждың қатысуымен ғана жүргізіледі. Әуе кемесінің кез-келген бөлігі, құралдар, құрылғылар тек бортинженер немесе бортмеханикпен кеден органдарына ұсынылады, ал олар бас тарқан жағдайда әуежай мамандары ұсынады. Қызметтік іздестіру иттерін пайдалану кезінде инспектор-кинолог иттің қимылын жіті бақылайды және оның әрекеті арқылы есірткі затын тығуы мүмкін орынды немесе учаскені анықтайды.

Кинологтың жұмысы кезінде контрабандамен күрес және кеден ережелерін бұзу жөніндегі бөлім қызметкерлері, есірткінің заңсыз айналымымен күреске жауаптылар инспектор-кинологке кенеттен шабуыл жасаудың алдын-алу, болғызбау үшін кедендік бақылау жүргізіліп жатқан учаскеге жақын жерде болады.

Әуежайларда «Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін халықаралық өткізу пунктінде қолдану туралы шешім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетімен қабылданады [27].

«Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесін қолдану Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін тұлғаның тауарлары өткізілетін кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін мағлұмдама нысанын және оған сәйкес дәлізді жеке таңдауын білдіреді.

Кәмелетке толмаған тұлғалармен өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін мағлұмдама беру нысанын және тиісті дәлізді таңдау ілесуші тұлғамен жүргізіледі. Кәмелетке толмаған тұлғалармен өткізілетін тауарлар туралы мәліметтер ілесуші тұлғаның жолаушы кеден декларациясында көрсетіледі.

«Жасыл дәліз» - Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін жеке тұлғалардың өткізілетін тауарларын және Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғалардың және қол жүгі мен ілеспе жолжүгінде кедендік бақылау, кедендік ресімдеу ережелеріне сәйкес, міндетті жазбаша мағлұмдауға тауарлардың болмауынан тауарларын мағлұмдаудың жеңілдетілген кедендік бақылау тәртібі.

«Жасыл дәлізде» жекелеген кедендік бақылау нысандарын қолданбау тұлғалардың Қазақстан Республикасы кеден заңнамасын сақтау міндеттерінен босатуды білдіреді деп түсінбеу керек.

«Қызыл дәліз» - міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын жол жүгі және ілеспе жолжүгіндегі тауарлары бар жеке тұлғаларға қолданылатын Қазақстан Республикасы кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті кеден бақылау нысандарын пайдаланумен Қазақстан Республикасы кеден шекарасында халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін жеке тұлғалардың кедендік бақылау тәртібі.

«Жасыл» және «Қызыл» дәліздердің басталуы және аяқталу кедендік бақылау аймағы шегінде кеден органдарымен белгіленеді.

Ерекше жағдайларда Кеден комитетінің шешімімен «Жасыл» дәліз уақытша жабылуы мүмкін. Мұндай шешім оперативті жағдайға байланысты өткізу пунктінде қалыптасқан, Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарлары Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін тұлғалардың санаттары, мемлекет ерекшеліктеріне байланысты қабылдануы мүмкін.

Жеке тұлғалардың «Жасыл дәліз» жүйесі бойынша өту тәртібіне тоқталатын болсақ, жеке тұлғалардың «Жасыл дәліз» бойынша өту жазбаша және ауызша нысанда мағлұмдамасыз (жолаушы кеден декларациясын толтырмай) конклюдентті нысанда мағлұмдауды білдіреді. Оларға және олармен өткізілетін тауарларға Ереженің 13, 14-тармақтарына көрсетілген жағдайдан басқа кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану жолымен тексеру және бақылау қолданылмайды.

Кеден органымен жеке тұлғаның «Жасыл дәліз» арқылы өтуі оның қол жүгі және жолжүгінде міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын тауарлардың жоқ екеніндігі туралы жолаушының өтініші ретінде қарастырылады.

Егер жеке тұлға өзінде немесе жолжүгінде міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын тауарлардың бар екенін болжауға негіз болса, онда кеден органының лауазымды тұлғалары «Жасыл дәлізде» Кеден кодексімен қарастырылған кедендік бақылаудың өзге де нысандарын пайдалана алады.

«Жасыл дәлізде» сондай-ақ, таңдап кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін.

Жеке тұлғалардың «Қызыл дәліз» жүйесі бойынша өту тәртібіне жеке тоқталсақ, «Қызыл дәліз» бойынша өтетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтетін жеке тұлғаның міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын тауарларды кедендік ресімдеу, мағлұмдау және кедендік бақылаудың белгіленген тәртібіне сәйкес тауарларды өткізу туралы мәліметті жолаушы декларациясында жазбаша мағлұмдайды.

«Жасыл және қызыл дәліздерді» қолдану үшін шекарадағы өткізу пункттеріне қойылатын талаптар. «Жасыл және қызыл дәліздер» жүйесі шекарада кедендік бақылау пункті аймағында «Жасыл дәліз» талаптарына сәйкес жабдықталған кем дегенде бір дәліздің, «Қызыл дәлізге» қойылатын талаптарды есепке ала отырып жабдықталған кем дегенде бір дәліздің болған уақытында қолданылады.

Дәліздердің саны кеден органымен анықталады. «Жасыл және қызыл дәліздерді» ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылады:

- дәліздер өткізу пункті ғимаратына байланысты жолжүкті беру орнынан әрі орналасу керек;

- кедендік бақылау технологиясы, тексеруді қоса, жеке тұлғалардың кедендік бақылау аймағы арқылы жолжүкті беру орнынан шығатын жерге (ұшып келгенде) және кіру орнынан әуебилеттер мен жолжүкті ресімдегенге дейін (ұшатын уақытта) өтуін қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек;

- әрбір дәліз бойынша жүру бағыты анық көрсетілуі керек;

- дәлізге кіру орны еденде ені 10 см барлық дәліз еніне көлденең жолақпен, сондай-ақ графикалық төртбұрыш ретіндегі символмен белгіленеді:

ені 100 см, ұзындығы 50 см;

символдың периметрі және диагоналі (жоғары оң жақ бұрыштан сол жақтағы төменгі бұрышқа) тиісті белгіленеді:

«Қызыл дәліз» үшін – ені 10 см қызыл жолақпен;

«Жасыл дәліз» үшін – ені 10 см жасыл жолақпен;

ақ түс символы үстіне мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде тиісті жазбалар жазылады:

«Жасыл дәліз» үшін – «Жасыл дәліз»,

«Қызыл дәліз» үшін – «Қызыл дәліз» [27].

«Жасыл» және «Қызыл» дәлізге кіре берісі кедендік бақылау нысанын таңдау шарттары, олардың әрқайсысында кедендік ресімдеу тәртібі, оның ішінде міндетті жазбаша мағлұмдауға жатқызылатын тауарлар тізімін көрсетумен жолаушы кеден декларациясын толтыру тәртібі және кедендік бақылаудан жалтарған немесе Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды толық мағлұмдамаған жеке тұлғалардың жауаптылығы көрсетілген ақпараттық стенділермен жабдықталады.

Стендтердегі ақпараттар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ оны пайдалану кеден органымен дұрыс деп табылатын кез-келген басқа тілде жазылуы мүмкін.

Кеден органы ақпараттық материалдарға қажетті өзгертулерді уақытылы енгізуге міндетті.

Кедендік бақылау аймақтары алдында орналасқан өткізу пункттері орындары немесе аймақтары жолаушы кеден декларациясы бланкілерін толтыруға арналған үстелдермен жабдықталуы керек, сонымен қатар бланкі қоры мен оны толтыру үлгілері болуы қажет.

Жеке тұлғаларға ақыл-кеңес беру үшін ақпараттық аймақта жеткілікті практикалық жұмысының тәжірибесі бар кеден органдарының лауазымды тұлғалары болуы керек.

«Жасыл» және «Қызыл» дәліздер, ең алдымен, телевизиялық бақылау жүйелерімен жарақтандырылуы керек.

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Кодекстің 258-бабына сәйкес әзірленді және техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеудің тәртібін айқындайды [28].

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасының кеден органдары оларды уақытша сақтауға орналастырмастан жүргізеді.

Ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектері – тозған, жарамсыздыққа ұшырағандарын ауыстыруға орнатылған, сондай-ақ қосымша бөлшектер, тозудың техникалық сипатын жоғалтпау және сақтау мақсатында орнатылған (тетіктер, агрегаттар, механизмдер және олардың бөлшектері) бөлшектер.

Қазақстандық әуе кемелерінің шетел мемлекетінің қазақстандық әуекәсіпорындары жалға алған аумағында және шетелдік әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрған уақытында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу үшін кеден органына:

- Ережеде белгіленген мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып белгіленген тәртіппен жүк кедендік декларция. Жүк кедендік декларацияның 44-бағанында 4 санының астына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

- жүк кедендік декларцияның электрондық көшірмесі;

- атқарылған жұмыстар актісі - нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттар. Атқарылған жұмыстар актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

ауыстырылған бөлшектердің атауы (тетіктер, агрегаттар);

сызбалық не сериялық нөмірлер;

ауыстырылған күні;

- нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған, ауыстыру үшін сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған инвойс (шот-фактура);

- сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған жарамдылық сертификаты.

Кеден органының лауазымды адамы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттардың негізінде әуе кемелерінің бөлшектерін тексерусіз кедендік ресімдеуді жүргізеді.

Қажет болған жағдайда, әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісі әуе кемесіне орнатылған бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлерін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттарда көрсетілген деректермен салыстыру жолымен тікелей әуе кемесінің бортында жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкелуге/кері әкетуге жататын әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкетуге жататын қазақстандық әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу кезінде, ауыстырылған және әкетілген бөлшектерді әкелудің бұрын жүзеге асырылуының заңдылығын растау ретінде кеден органына мынадай құжаттар ұсынылады:

- бөлшек ретінде әкелінген жағдайда – жүк кедендік декларация;

- әуе кемесінің құрамында әкелінген жағдайда - әуе кемесінің ерекшелігіне бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлері. Ережеде белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Отандық әуежайлардағы кедендік бақылауға көз жүгіртсек, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында кедендік тексеру маңызды емес уақыт ішінде жаңа технологиялық схема бойынша жүргізіле бастағанын көреміз. Сонымен қатар, әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыруда жоғарыда аталып өткен «жасыл дәлізді» пайдалану бойынша, соңғы уақытта ең адал кәсіпкерлерге аталған дәлізді пайдалануға құқық беретін сертификаттар беріле бастады. Бұл кәсіпкерлер арасында тауарларды өткізуде жол берілетін бұзушылықтар санының төмендеуіне себеп болады деп ойлаймыз.