Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссер Ержан.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.3 Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау

Қазіргі таңда кеден рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ олардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқандығын жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта кеден шекарасында алдын-ала және кезеңдік декларациялау жүзеге асырылады.

2011 жылдың басынан «Әуежай-Астана» кеден бекетінде ұшатын жолаушылардың үш кезеңді ресімдеуі жүзеге асырылады:

1-кезең – жолаушылардың билеттері мен жол жүктерін ресімдеу;

2-кезең – кедендік бақылау;

3-кезең – төлқұжат бақылауы.

Кедендік бақылаудың екінші кезеңінде «Жасыл» және «Қызыл» дәліздер жүйесі қолданылады, бұл жолаушыларға өздігінен кедендік бақылауды өту өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. Аталған процесте қауіп-қатерді талдау және басқару жөніндегі жүйе пайдаланылады, ол жолаушыларды, сондай-ақ жолжүкті іріктеп алу бақылауына негізделген.

2009 жылдың соңында елдің кеден қызметінің ақпараттық бекеті ашылғаны белгілі. Бірқатар шет елдердің жаңа ақпараттық технологиялары енгізілді, соның нәтижесінде «KTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «Электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленген болатын. Оны іске асыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтуға мүмкіндік беретіні белгілі.

Жылдан-жылға ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізіле бастады, атап айтсақ, тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі ( бұдан әрі - ТЖБАЖ), контейнерлік сканерлеу кешені («TC-SCAN»), автоматтандырылған жеке адамдарды тіркеу пункті (кеден дүңгіршегі), «Янтарь» радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, «Web-декларант» электронды декларациялау кешені. Бұлар сыртқы сауда рәсімдерді жеңілдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Кедендік ресімдеуді өту кезінде қолданылатын «Янтарь» радиациялық бақылау жүйесі бөлініп шығатын радиациялық материалды автономды режимде айқындауға арналған. Радиоактивті материалды өткізуге әрекет еткенді айқындаған уақытта электронды байланыс арқылы ақпарат бір уақытта дыбыстық белгі беру арқылы рентген қондырғы серверіне түседі.

Сыртқы сауда қызметі – шетелдік мемлекетермен экономикалық байланыстын негізгі нысаны болып келеді, бұл ең алдымен, Қазақстан Республикасымен кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Сыртқы Экономикалық Қызметтін дамуы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауар және жолаушылардың ұлғаюына әсер етеді.

Сурет 1 – «Әуежай–Астана» кеден бекетінің 2009-2011 жылдардағы халықаралық әуе рейстерінің жалпы көрсеткіштерінің динамикасы

Астана қаласы бойынша Кеден бақылау Департаментінің «Әуежай–Астана» кеден бекеті бойынша 2009-2011 жылғы статистикалық мәліметтерді талдау көрсеткендеи, жаңа халықаралық әуежай терминалының ашылуына байланысты халықаралық әуе рейстері саны мен жолаушылар ағының көбейіп келе жатқандығы байқалады. Егер 2010 жылы кедендік бекетпен 2148 әуе рейске қызмет көрсетілсе, ал 2011 жылғы рейстер саны 16%-ке дейін көтерілгенін көреміз; жолаушылар саны 2010 жылы 111036 болса, ал 2011 жылы жолаушылар саны 147514 адам болды, осы екі жылдын арасын салыстырып қарасақ 2011 жыл 2010 жылға қарағанда жолаушылар саны 36478 адамға өсті; багаж саны 2010 жылы 2141058 болса, ал 2011 жылы багаж саны 2407174 болды, осы екі жылды салыстырғанда багаж саны 2011 жылы 2010 жылдан 266116 санына өсті.

Жолаушылар ағының көбеюі мемлекетті шығындарға алып келу мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы сақтамудың мүмкүндік деңгейінің жоғарлауына алып келеді, басқаша айтқанда тәуекел деңгейі көбейді. Қазіргі күні тәуекел факторларына кедендік төлемдерімен салықтарды төлеуден жалтару және айналымы шектелген немесе тиім салған тауарларды заңсыз әкелу мен әкету жатады. Құқық бұзушылықтардың бұл саласында кеден органдары мен тәуекелді анықтау мен талдау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді.

Кедендік рәсімдеуді жетілдіру мақсатында жолаушыларды қағаздық тасымалдағыштарды толтырмай ақ кедендік рәсімдеуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама дайындалды. Халықаралық әуежай терминалында жолаушыларды, багажды және қол жүгін рәсімдеуге арналған қазіргі заманғы жабдықтар орнатылған. Жаңа «Электрондық декларациялау» әдісі кедендік рәсімдеудің кедендік рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік туғызды.

Кедендік бақылауды жақсарту мақсатында «Ұшу» және «Ұшып келу» залдарында халықаралық әуе рейстерді ресімдеу бойынша визуалдық қарау, бейне ақпараттарды жинау мен сақтауды қамтамасыз ететіндей бейне бақылағыш камералар орнатылған. Электрондық байланыстың көмегімен халықаралық рейстерді ресімдеуді сол уақытта Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі кедендік бақылау комитетінің және Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау Департаментінің әкімшілік ғимараттарында бақылауға болады.

Еуро кеденнің сарапшыларының тұжырымы бойынша Қазақсқтан Республикасы Еуропадағы өзінің Ұлттық мүдделерін қорғауға және болашақта Еуропалық кедендік рәсімдерге үйлесімді кіруге, біріңғай кедендік ақпараттық кеңістікке кіруге мүмкіндік бар. Осыған байланысты кеден органдары кедендік ресімдеуді ұйымдастыруға байланысты жұмыстардың әдістерін жетілдіруде.

Астананың халықаралық әуежайында кедендік киоск деп аталатын, жеке тұлғаларды тіркеудің автоматты пунктері орнатылған.

«Кедендік киоск» бағдармалық – жабдықты терминалы келесідегідей мақсаттарда дайындалды:

  • жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының кеден шекарасында жолаушылар кедендік декларациясын толтыру процесін жеңілдету.

  • мәліметтерді кедендік жолаушыдар декларациясына электрондық теруді пайдалану жолымен жеке тұлғаларға қызмет көрсету сапасын жоғарлату.

  • мәліметтер және алып жүру мен тауарларды декларациялаудың мүмкін бұзушылықтарды ескерту жүйесін автоматты өңдеу жолымен кеден органдары қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыру.

  • жолаушылар декларацияларын жинау және электрондық көшірмелерін орталық сақтау.

Кеден шекарасын кесіп өтуші жеке тұлғаларды ақпараттандыру және өтуші кеңес беру мақсатында, 29.01.2010 ж. №56 Қазақстан Республикасының кедендік бақылау агенттіктің Бұйрығының негізінде жеке тұлғалармен тауарларды кедендік ресімдеудің тәртібіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілетін ақпараттық – кеңес беру пункті құрылды. Астана қаласының халықаралық әуежайының «Ұшу» және «Ұшып келу» залдарында жолаушыларға қажетті толық ақпарат тұратын үш тілдегі (қазақша, орысша, ағылшынша) стендтер орнатылған.

2 Сурет. 2010-2012 жылдар аралығындағы «Әуежай–Астана» кеден бекетіндегі әкімшілік тәжірибені талдау динамикасы

Кеден органдарының міндеттердің бірі кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарының күресу болып табылады.

2010 ж. «Әуежай–Астана» кеден бекетінде 130 кеден ережелерін бұзу анықталған. Барлық салынған айыппұлдардың құны 220824 тенге құрады. 2011 жылы «Әуежай–Астана» кеден бекетінде 86 кеден ережелерін бұзу анықталған. Оның ішінде 32 – сі қысқаша декларацияны берудің, 37 кедендік жүк декларациясын берудің, 11 жалған декларациялау, 3-і Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына тауарларды әкелу кезінде хабарламау, 3 кедендік бақылау аймағын бұзуға байланысты. Барлық салынған айыппұлдардың құны 391 313 тенге 2010 жылымен салыстырғанда кеден ережелерін бұзудың саны 44 азайды.

2012 жылдың бірінші кварталында ережелерді бұзу анықталып, оның ішінде 5 қысқаша декларацияны берудің мерзімін бұзу, 4 кедендік жүк декларациясы мерзімін бұзу, 1 кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің мерзімін бұзу бойынша.

Халаықаралық әуе рейстерді кедендік ресімдеу кезінде «Әуежай–Астана» кеден бекетінде қызметтік іздеу иттері, жарылғыш және есірткі заттарын, экономикалық контрабанданы анықтаудың кедендік бақылаудың техникалық құралдары пайдаланылады. Кедендік бекеттің қызметкерлерінің күшімен «Мәскеу-Алматы» халықаралық рейсін ресімдеу кезінде салмағы 1500кг. құрайтын контрабандалық тауарларды әкелу фактісі тіркелді, Америка Құрама Штаты доллары 112 мың құнына «Астана-Мәскеу» рейсімен ұшып шыққан азаматтан декларацияланбаған шетел валютасы табылды.

Кедендік бекет жұмысындағы негізгі бағыттары ол халықаралық әуе рейстерде қызмет көрсету, мемлеттік кедендік бақылау және Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін азаматтардың жүктерін, тауарларын және жолжүктерін кедендік ресімдеу болып табылады.

Кесте 1 – ресімделген кедендік жүк декларациясы және кедендік кіріс ордерін талдауы

2012

2011

+/-

Ресімделген кедендік жүк декларациясы саны (дана)

217

267

-50

Ресімделген кедендік кіріс ордер саны (дана)

239

67

+172

2010 жылғы қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігінің 2010 жылғы 19 қыркүйектегі №385 бұйрығына сәйкес «Web-декларант» электронды декларациялау кешенін енгізу және пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2012 жылғы 1 қаңтардан 2012 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде «Web-декларант» жүйесі бойынша 20 кедендік жүк декларациясы қабылданды, бұл жалпы декларация санынан 10 % құрайды, 2011 жылы 110 кедендік жүк декларациясы ресімделді, яғни 41 % құрайды.

2012 жылдың 3 айында кедендік ресімдеуге кедендік жүк декларациясы қабылданды, 2011 жылы 267 кедендік жүк декларациясы қабылданған болатын. Есептік кезеңдегі ресімделген кедендік кіріс ордері саны 239 құраса, 2011 жылы 67 кедендік кіріс ордер санын құрады.

Өткен жылдың есептік кеңімен салыстырғанда «Әуежай-Астана» кеден бекетінде ресімделген кедендік кіріс ордер санының ұлғаюы «Стамбул-Астана» халықаралық әуе рейсін ресімдеумен байланысты, онда халықтық тұтыну тауарларына 91 кедендік кіріс ордері ресімделді.

Күнбе-күнгі жүйе бойынша 186 кедендік жүк декларациясы ресімделді, яғни 86 %, ал өткен жылдың ұқсас кезеңіне 116 кедендік жүк декларациясы (бұдан әрі – КЖД), яғни 44 % құраған болатын.

Тауарды мерзімді декларациялау рәсімі бойынша (бұдан әрі - ТМД) 5 КЖД қабылданды, ал 2011 жылдың есептік кезеңіне тауарды мерзімді ресімдеу бойынша 14 КЖД ресімделген. Алдын-ала декларациялау (бұдан әрі - АД) 2 КЖД ресімделді. 2010 жылы АД рәсімі бойынша 1 КЖД ресімделді. АД рәсімі бойынша қабылданған декларациялардың аз болуы «Әуежай-Астана» кеден бекетінің тек әуе көлікпен жеткізілген жүктер ғана ресімделеді және өз ерекшелігі бойынша тауарларды әуе кемесіне тиген сәтінен бастап және жөнелту мемлекетінде жүкқұжатты ресімдеу және Астанаға шейін жеткізу бірнеше сағатқа ғана созылады. Аталған факті «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қатысушыларына АД рәсімін пайдалануға мүмкіндік бермейді.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 213-бабына сәйкес «Астана халықаралық әуежайында» кедендік бақылауға Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан халықаралық рейстер орындайтын барлық әуе кемелері, сондай-ақ жүктер, транзитті және трансферлі жолжүктер, жолаушылардың қол жүгі, оның ішінде транзитті және трансферлі қол жүктері жатқызылады.

«Әуежай-Астана» кеден бекетінде тұрақты негізде кеден төлемдері мен салықтарды мемлекет бюджетіне түсуі бойынша болжамдық тапсырмаларды бұлжытпай орындауда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрбір бекеттің жұмысының негізгі көрсеткіші нақты көрсеткіштер болып табылады, 2012 жылы болжамдық тапсырманы орындау 107 млн. 746 мың теңге немесе 66 % құрады. Осыған сәйкес 2011 жылы болжамдық тапсырмаларды орындау 83 % құрады.

Кесте 2 – «Әуежай-Астана» кеден бекетінің кеден төлемдерінің құрылымы

Төлем түрлері

Нақты 2011 ж.

Нақты 2012 ж.

1.

РФ-сыз ҚҚС

105 109 088

86 815 195

2.

РФ-мен ҚҚС

14 300 589

29 884 150

3.

Акциздер

0

13 600

4.

Кедендік алым

2 690 286

2 034 271

5.

Кедендік баж

18 312 167

18 883 340

6.

Барлығы

126 112

107 746

«Әуежай-Астана» кеден бекетінде 2003 жылғы қыркүйектен электронды пластикалық карточкалар арқылы кеден төлемдері мен салықтарды өндіру үшін халық банкінің POST-терминал орнатылды. Халық банкі пластикалық карточкаларды пайдаланумен POST-терминал арқылы «Әуежай-Астана» кеден бекетінің 2005 жылғы 1 қаңтардан 2006 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде 11 млн. 787 мың 166 теңге өндірілді, 78 операция өткізілді. 2005 жылы 28 млн. 056 мың 269 теңге өндірілді.

«Астана халықаралық әуежайы» әкімшілігі (бұдан әрі-Әуежай) «Әуежай» кеден бекетінің (бұдан әрі - Кеден) қызметі үшін, оның жолаушыларды, олардың жолжүктері, қол жүктерін кедендік бақылау бойынша жұмысын жүргізу үшін барлық жағдай жасайды. Құжаттарды тексеру және ресімдеу үшін әуежай кеденге аталған заңның 13-14 баптарына сәйкес, қажетті жабдықтарымен жабдықталған тексеру залдарын, қызметтік, қойма орындарын береді.

Әуе кемелерін, жолаушыларды, халықаралық пошта жөнелтімдерін, жолжүктерді, сондай-ақ жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қол жүктерін кедендік бақылау және кедендік ресімдеу «Астана халықаралық әуежайында» халықаралық әуе рейстерді кедендік ресімдеу технологиялық схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әуе кемелерінің Әуежайға «Ұшып келу» және «Ұшып кету» уақыты, олардың тұрақтауының ұзақтығы қолданыстағы нормативтік актілерге және кеден келісімімен анықталған кедендік және шекара бақылауын жүзеге асыруға қажетті уақытты есепке ала отырып, әуежай әкімшілігімен шешіледі.

Халықаралық рейстің жөнелтілуі, рейсте көрсетілген ұшақтың техникалық дайындығы туралы, ұшақ түрі, ұшу уақыты және тұрақ нөмірі кеденге әуежай әкімшілігімен ұшуға дейін 3 сағат бұрын және рейстің келуіне 1 сағаттан бұрын кешіктірмей немесе күн кестесінен тыс ұшып келген немесе ұшатын әуе кемесі туралы ақпарат келіп түскен уақытта шұғыл түрде хабарлауы керек.

Халықаралық рейске ұшатын әуе кемелеріне арнаулы тұрақтар бөлінеді, бұл әуе кемелеріне заңсыз кіруге жол бермеу, бақыланатын және бақыланбайтын шекараларды қорғауды қамтамасыз етеді. Кедендік және шекара бақылауында тұрған әуе кемелерінің тұрақ орнын ауыстырса, әуежай әкімшілігі бұны Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметі және кеденмен уақытылы келіседі. Әуе кемесін кеден рұқсатынсыз жөнелтуге жол берілмейді.

Әуе кемесін, құралдарды, жабдықтарды кедендік тексеру экипаж және басқа да тағайындалған тұлғаның қатысумен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Кеден Қызметі ОПК (бұдан әрі-ҚР ҰҚК КҚ ОПК) өзара қарым-қатынасы негізінде жүзеге асырылады.

Әуежайға аралық қону, егер әуе кемесінің, сондай-ақ жүктердің, халықаралық пошта жөнелтімдерінің, жолжүктің, поштаның бастапқы, толық, соңғы немесе бастапқы ресімделуі және жүргізілмесе, онда кеден және ҚР ҰҚК КҚ ОПК келісім және рұқсаты бойынша жүргізіледі.

Әуе кемесін қабылдау және жөнелту бойынша кедендік бақылау мақсаты үшін басты құжат әуе кемесі экипажы, жолаушылар саны, олардың жолжүгі туралы деректері бар бас декларация болып табылады. Бас декларация әуе кемесі командирімен немесе әуе тасымалдауышың басқа да уәкілетті өкілімен қол қойылады. Бас декларация жолаушы және жүк ведомостерімен қоса жүреді [25].

Ұшу. Шетелге бағыт алған әуе кемесін ресімдеудің технологиялық графигіне сәйкес кеден бекетінің кезекші инспекторы Жедел басқару қызметі (бұдан әрі - ЖБҚ) немесе Тасымалдау бөлімі қызметінен (бұдан әрі - ТБҚ) ұшақтың ресімдеуге дайын екендігі, оның рейсі, ұшақ типі, жөнелту уақыты, тұрақ нөмірінің көрсетілуімен хабарлайды.

Халықаралық рейс жасау үшін әуе кемесінің даярлығы туралы ақпаратты алғаннан кейін ауысым бастығы кедендік бақылау инспекторын ҚР ҰҚК КҚ ОПК қызметкерлерімен, Авиациялық техникалық база техникімен бірлесіп ұшақ бортын тексеруге жібереді.

Әуе кемесі командирі немесе пайдаланудың уәкілетті өкілі кеден инспекторына бас декларацияның екі данасы, жолаушы ведомосінің екі данасы, тиелген жүк және иесімен бірге жөнелтілмейтін жол жүктің тізімі бар ведомостің екі данасын көрсетеді.

Экипаж мүшелері өздерінің жол жүктерімен, қол жүгімен және валютасымен кедендік ресімдеуді міндетті түрде валюталық кітапшасын көрсете отырып кедендік ресімдеу залында өтеді.

Инспекторға әуе кемесін ресімдеу кезінде әуе кемесі кедендік ресімдеу аймағын қалдыруға, қызмет көрсетуші персоналмен қызметтік қажеттілікке байланысты емес келіссөздер жүргізуге рұқсат етілмейді.

Кедендік бақылау аяқталған соң, инспектор бас декларацияға сәйкес экипаж мүшелерінің болуын тексереді, екі данасына да борттық мөр, инспектордың фамилиясы, күні, жеке мөрі қойылады.

Егер қандай да бұзушылықты байқаған болса, инспектор шұғыл түрде радистанция бойынша ауысым бастығына хабарлайды.

Әуе кемесінің кедендік ресімдеуімен байланысты барлық технологиялық операциялар инспектор ауысым бастығына «Борт ресімделді», «Трап қойылды» және т.б. хабарландыру сызбасына сәйкес баяндап отырады [25].

Ұшып келу. Әуе кемесінің ұшып келгенді туралы ақпаратты алған соң, кезекші инспектор ауысым бастығына хабарлайды. Ауысым бастығы кезекші инспекторды ҚР ҰҚК КҚ ОПС, АТБ техникімен бірлесіп ұшақ бортын тексеруге жібереді. Халықаралық рейс жасайтын әуе кемесін кедендік бақылау олардың қону орнында жүргізіледі.ҚР ҰҚК КҚ ОПК келісімі бойынша кедендік қызмет инспекторы әуе кемесі бортына көтеріледі, оған әуе кемесі командирі немесе екінші ұшқыш әуе кемесі бортындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды хабарлайды және бас декларацияны (2 дана), жолаушы манифесін (2 дана), жүк ведомосін (2 дана) көрсетеді. Бірінші данасы кеденде, ал екіншісі ТБҚ-ға беріледі.

Жолаушылар шыққан соң ОПК және ТБҚ бақылауымен жинақтағышқа апарылады. әуе кемесін тексеру арнаулы құралдар мен қызметтік иттерді пайдаланумен ұшқыш кабинасынан басталады. Кедендік тексеру үшін әуе кемесінің барылқ бөлімдері ашық болу керек. егер Қазақстан Республикасы аумағына кіргізуге рұқсат етілмейтін контрабанда заттарын айқындаған жағдайда дереу ауысым бастығына хабарлайды.

Әуе кемесін тексеру инспекторы бөтен тұлғалардың кедендік бақылау аймағында, әуе кемесі бортында бөтен тұлғалардың болуына жол бермейді. Кедендік бақылаудан басқа тауарларды заңсыз тасымалдауды байқаған жағдайда ауысым бастығына хабарлайды және осы келеңсіз жайтты тоқтату үшін барлық шаралар қолданады [26].

Халықаралық бағыттағы әуе ұшу әуежайларда нақты бір кедендік бақылаудан өтумен ұштасады. Көптеген жолаушылар кезінде белгіленген тәртіпті білмеу салдарынан декларация толтыру кезінде қиналады. Сондықтан осы аталған жайтты түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетімен оқтын-оқтын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мысалға, «Қазақстан Республикасы халықаралық өткізу пункттерінде кедендік ресімдеу іс-шаралары» ақпараты.

Халықаралық әуежайлар елімізге, аймақтарға келетін/шығатын туристер мен бизнесмендердің ауқымды көлемі өтетін қақпа болып табылады. Сондықтан да тауарларды, шекарадан өтетін жеке тұлғаларды кедендік ресімдеуде ерекше көңіл бөлінеді және осы жұмысты атқаратын кәсіби, білікті мамандар құрамына байланысты болады. Сондықтан осы жайтқа баса назар аудара отырып, алынатын маманның шет тілді білу, кәсіптілік және білімі сияқты сапалары басымды болу қажет.

Қорыта айтқанда, осы бөлімде «Әуежай-Астана» кеден бекетінде жолаушыларды, тауарлар мен көлік құралдарын, жолжүк, қолжүктерді ресімдеу тәртібі, 2003-2005 жж. тауар айналым серпіні көрсетілді. Алдағы уақытта аталған кеден бекетінің жұмысын жетілдіруде, сапалы кедендік ресімдеуді жүргізуде осы саладағы шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу, қазіргі, жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жарақтандыру, сондай-ақ білікті мамандармен қамтамасыз ету керек.