Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Теледидар мұнаралары

Теледидар мұнарасы басына теледидарлық хабар тарату антенналары, радиорелейлік байланыс антенналары, гидрометеорологиялық құралдар, кейде қабаттарына түрлі қызметтер орналасатын, металдан жасалған биік мұнаралар. Теледидар мұнараларының негізгі қызметі - радиохабар тарату.

Мұнараларды биік етіп жасау - техникалық қажетті жағдай, өйткені мұнара биік болса, теледидар хабары қолданылатын кашықтық ұлғаяды. Бұл шартты ескерген инженер - құрастырушылар көптеген мұнара жобаларын жасады. Әлемдегі ең биік теледидар мұнарасы – Торонто (Канада) қаласындағы мұнара. Оның биіктігі - 550 метр. Мюнхендегі мұнара биіктігі - 265 метр, ал радио дүниеге келмеген кезде тек әсемдік үшін салынған Париждегі Эйфель мұнарасының биіктігі 300 метр. Бұл мұнара қазір радио мен телевидениеде теңдесі жоқ орын алып отыр.

Телевидениенің дамуымен бірге мұнара биіктігі де арта түсуде. Осылайша Санкт-Петербургте - 330 метрлік, Берлинде 360 метрлік мұнаралар салынды. 1967 жылы Мәскеу қаласының Останкино ауданында салынған теледидар мұнарасының биіктігі - 533 метр. Оның бірінші қабатында кинозал, 15 қабатында метеостанция, асханалар орналасқан. 147 метр биіктікте қала көрінісін тамашалайтын 200 адам сиятын алаң бар. Мұнараның салмағы - 32 мың тонна, диаметрі - 74 метр. Мұнараның жобасын жасаушы – орыс инженері Николай Васильевич Никитин. Оған осы еңбегі үшін техника ғылымдарының докторы атағы және Лениндік сыйлық берілді.

  1. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә», сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сұрақтар

ИӘ

ЖОҚ

1. Әсемдік үшін салынған Париждегі Эйфель мұнарасының биіктігі 500 метр .

2. Останкино мұнарасының авторы А.Попов.

3. Мұнараларды биік етіп жасау - техникалық қажетті жағдай.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мұнара дегеніміз не?

2. Мұнара қандай болу керек?

3. Мұнара биік болса, не ұлғаяды?

4. Мәтіндегі етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз.

5. Мәтінді оқыңыз. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз.

Көктөбедегі радио және теледидар мұнарасы

Алматы қаласының Медеу ауданында еліміздің әлемге белгілі мақтанышы радио және теледидар мұнарасы бар. Әйгілі мұнара Көктөбенің батыс баурайында теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Бұл мұнара сейсмологиялық ауданда орналасса да 10 балдық жер сілкінісіне шыдай алады. Мұнараны тұрғызуға ресейлік және қазақстандық құрылыс компаниялары қатысқан. Мұнараның құрылысы 1978-82 жылдар аралығында жүргізіліп, 1984 жылы іске қосылған. Жобаның жалпы құны 600 млн. сомды құраған. Мұнараның биіктігі 371 метр, таумен қоса жалпы биіктігі 1452 метр, салмағы 70 мың тонна.

8 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз. Мәтінге ат қойып, мазмұнын айтыңыз.

Бурный рост передающей и приемной телевизионной сети начался в середине 50-х годов. Если в 1953 году работали только три телевизионных центра, то в 1960 году уже действовали 100 мощных телевизионных станций и 170 ретрансляционных станций малой мощности. К концу 1970 года до 300 мощных и около 1000 телевизионных станций малой мощности. 4 ноября 1967 года вступила в строй Общесоюзная радиотелевизионная передающая станция. Основным сооружением телевизионной станции в Останкино - является свободно стоящая башня, имеющая общую высоту 540 метров. Она превышает высоту знаменитой Эйфелевой башни в Париже на 240 метров. Конструктивно она состоит из фундамента, железобетонной части высотой 385 метров и стальной трубчатой опоры для антенны высотой 155 метров. Станция в Останкино располагает мощным современным техническим оборудованием, позволяющим транслировать телевизионные передачи в черно-белом и цветном изображении в эфир и по кабельной, радиорелейной и космической сетям. Общая площадь помещения телевизионного центра составляет 155 тыс. кв. м. Он имеет в своем составе 21 студию. Все телевизионное оборудование рассчитано как на создание передач, так и для записи на магнитную ленту.

2. Түсіндірме сөздікті пайдалану арқылы мәтінде берілген терминдердің мағынасын түсіндіріңіз.