Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

7 . Сұхбатты жалғастырыңыз.

  • Радиолокация қандай мәселелермен шұғылданатын ғылым мен техниканың саласы?

  • Алғашқы радиолокациялық станция кімнің басқаруымен қай жылы жасалып, іске қосылды?

5 СӨЖ тапсырмасы:

1. Түсіндірме сөздігін пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Радиоқабылдағыш, радиола, радиолокатор, радиотолқын, радиолокация, радиосигнал, радиостанция, радиотелеграф, радиотелескоп, радиосәуле, радиотелефон, радиохабар, радист.

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Телеграф байланысының даму тарихы

Дискретті хабар тарату адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Дискретті хабар таратусыз әр түрлі салаларда автоматталған басқару жүйелері құрыла алмайды. Дискретті хабар тарату техникасын қолдану қымбат, өйткені олар жоғары өнімді есептегіш техникасын пайдалануды талап етеді. Телеграф орталықтарының дамуы халықтың ақпаратпен алмасу қажеттілігін қамтамасыз етеді. Дискретті хабар тарату техникасы өндіріс, мекемелер жұмысының сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Көптеген уақыт адамзат ақпаратты аз уақыт ішінде алыс арақашықтықтан тез, минималды қателіктермен тарату мәселесін шеше алмады.

ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда суда орналасқан телеграф болды, оның хабар тарату үдерісі әлі де қолданылады. Ү ғасырдың соңында семафорлы телеграф пайда болған. Ежелде пайда болған телеграфтар ауа райының қолайсыз кездерінде хабарды тарату мәселесін шеше алмады. ХІХ ғасырда электротехниканың бірінші жетістіктері - ол ауа райының барлық жағдайында жауап бере алатын электрлік телеграфтар болды.

1832 жылы академик П.Л. Шилинг дүние жүзінде алғаш болып электромагнитті телеграфтық аппаратты сынақтан өткізді. Электрография саласын зерттейтін ғалым, физик Б.С. Якоби алғаш әріп басатын, электро қабылдағышы бар телеграфты аппарат ойлап тапқан. П.Л. Шилинг пен Б.С.Якоби еңбектері электромагниттік телеграфияның, яғни электротехниканың негізін қалады.

Телеграф жүктемесінің өсуі әлемде бір сәтте бірнеше көздерден шыққан хабарды желілер арқылы тарататын жоғары өнімді телеграф аппаратын талап етті. Осындай аппараттардың бірі - француз инженері Бодо аппараты болды (1845-1905ж). 1866 жылы Атланта мұхиты арқылы кабель жүргізілді. Еуропа мен Америка телеграф арқылы байланыса бастады. Осы уақыттан бастап телеграфты желілер мемлекеттер мен құрлықтарды байланыстыра бастады.

Қазіргі кезде үлкен көлемді ақпаратты тарату үшін стартстопты телеграф аппараты қолданылады. Сонымен қатар, жылжымалы бейне тарату аппараты қолданылады.

2. Ретсіз жазылған әріптерді дұрыс оқысаңыз, мәтінді оқисыздар. Мәтін не туралы?

ЭЛЕКТРОНДЫҚПОШТАНЫҢЕҢЕЛЕУЛІЕРЕКШЕЛІГІОНЫҢЖЫЛДАМДЫҒЫЭЛЕКТРОНДЫҚПОШТАНЫҢЖЫЛДАМДЫҒЫТЕЛЕФОНМЕНБІРДЕЙБІРАҚМҰНДАЕКІАБОНЕНТТІҢБІРСӘТТЕБОЛУЫҚАЖЕТЕМЕССОНЫМЕНҚАТАРМҰНДАХАБАРЛАМАНЫҢКӨШІРМЕСІЖАЗБАША ТҮРДЕЖЕТКІЗІЛГЕНДІКТЕНОНЫСАҚТАПҚОЮҒАЖӘНЕБІРДЕНБІРНЕШЕАБОНЕНТКЕЖІБЕРУГЕБОЛАДЫ.ЭЛЕКТРОНДЫҚПОШТАХАТСУРЕТБЕЙНЕЛІКМӘЛІМЕТДЫБЫСБАҒДАРЛАМАТАСЫМАЛДАЙАЛАДЫ.

3. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда ..... ................ (установленный на воде) телеграф болды. Ү ғасырдың соңында семафорлы телеграф ........... (появился). Ежелде пайда болған телеграфтар ауа райының қолайсыз кездерінде ................. (распространять вести) мәселесін шеше алмады. ХІХ ғасырда электротехниканың бірінші ........... (достижения)- ол ауа райының барлық жағдайында жауап бере алатын электрлік телеграфтар болды.

4. Тақырып бойынша диаграмманы толтырыңыз.

Телеграф

5. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Сөйлесу қатынас құралдары

Күн сайын адамдар әр түрлі жолдармен байланыс жасайды. Олар: хат, телефон, факс, электронды пошта, интернет және т. б. құралдар.

Бұрын адамдар хат-хабарларды түйе немесе ат арбамен 20 000 шақырымға дейін жеткізетін. Кейін пошта бөлімшелері пайда болды.

Қазақстанда алғаш пошта бөлімшесі 1860 жылы Алматы (бұрыңғы Верный) қаласында ашылған. Орталық пошта республикамыздағы ең ірі байланыс жүйесі болды. Бұл жерден адамдар жедел хат, сәлемдеме, бандероль жіберіп, ақша аударған. Орталық поштада қалааралық сөйлесу жүйесі де болды. Бұл жұмыстарды Орталық пошта әлі күнге дейін атқаруда.

Бұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет пайда болды. Интернеттің тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды, сондықтан 70-жылдары Америка ғалымдары бұл істі қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады. Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болып, интернет жүйесі дүние жүзіне тарай бастады.

Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға болады. Интернет арқылы машина, үй сатып алуға, басқа қаладағы қонақ үйлерінен орын алуға, кино көруге, ағылшын газеттерін, жапондық журналдар оқуға, кітаптар сатып алуға да болады.

Интернеттің көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы басқа елдермен байланыс жасауға болады және ол телефонмен сөйлесуден арзанға түседі.