Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз яз умк 2011 радиотехника.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
676.35 Кб
Скачать

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Радиобайланыс негізін қалаған ғалым

Попов Александр Степанович - орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған ғалым. Ол 1859 жылы Уралдағы Турьинские рудники ауылында дүниеге келген.

1882 жылы Петербург университетін үздік бітірген соң, А.С. Поповты электрик мамандарын даярлайтын Кронштадтағы офицерлер класына шақырады. Ол жерде сол кезге бай кітапханасы және жақсы жабдықталған физикалық зертханасы бар екендігін біліп, А.С.Попов басқа шақырулардан бас тартып, осы қалаға келеді. Осы кезде оқытушылық қызметпен бірге А.С. Попов электротехника саласында үлкен ғылыми жұмыс жүргізеді. Ол 1895 жылдың 7 мамырында Орыс физика және химия қоғамының отырысында алғаш рет 250 метрлік қашықтыққа радиограмма жібереді. 1900 жылы А.С. Париж қаласында өткен ІҮ Дүниежүзілік электротехниктер конгресінде осы еңбегі үшін Алтын белгі және Құрмет дипломымен марапатталады.

1945 жылдан бастап 7 мамыр - Радио күні деп аталады.

А.С.Попов неміс физигі Г.Герц жасаған электрмагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдаланғаны туралы еңбектер жазады және француз физигі Э.Бранли ұсынған радиокондукторды жетілдіреді. Бұл құрылғы - екі электроды бар шыныдан жасалған түтік. Оның ішінде ұсақ металл үгінділері бар. Бұл құрылғының қызметі электр разрядтарының металл үгінділеріне тигізетін әсеріне негізделген. Қалыпты жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісуі нашар. Келген электромагниттік толқын көгерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Сымсыз байланысты жүзеге асыруда А.С.Попов сигналды қабылдағаннан кейін когерерді сілкіп қалып тұратын қоңырауды пайдаланды. Құрылғының сезгіштігін арттыру мақсатында, А.С.Попов когерердің бір ұшын жерлестіріп, ал екінші ұшын биіктікте орнатылған сымға жалғап, тұңғыш рет қабылдаушы антеннаны қолданады.

Радио - (латынша сәуле таратамын, шығарамын деген сөз) арнаулы станциялардан электромагнит толқындары арқылы алыс қашықтыққа хабар беретін және қабылдайтын сымсыз аппарат.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Радио сөзі қандай мағынаны білдіреді?

  2. Радио сөзі қай тілден келген?

  3. Радиобайланыс негізін қалаған кім?

  4. 1900 жылыА.С Попов қандай құрметке ие болды?

  5. Радио арқылы қандай жұмыс іске асырылады?

3. Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұнын айтыңыз. Ұлттық телерадиохабар тарататын спутниктік жүйе

1999 жылдың аяғында телевизиялық хабарды таратуға арналған «Жарық» желісі іске қосылды. Бұл желінің 12 КА транспондері арқылы ұлттық теледидар хабарлары таратыла басталды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Intelsat Халықаралық ғарыштық байланыс ұйымының құрамына мүше болып, Қазақстан, Оңтүстік Ресей, Орта Азия республикалары, Солтүстік Қытай және Батыс Монголияны қамтитын спутник сәулесіне ие болды. Сонымен қатар, осы жылы Үкіметке ұлттық телерадиохабар тарататын спутниктік жүйе құрудың бағдарламасы және тұжырымдамасы ұсынылды. Аталмыш бағдарламаны Үкімет қолдап, «Қазақтелеком» ЖАҚ-ның жанынан ұлттық желіні құруға арналған бөлімше ашуды жоспарлады. Бұл желінің басты мақсаты - ол Қазақстанның ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік ақпараттық қауымдастыққа интеграция, республика және қазақ диаспорасы тұратын шет елдерде ұлттық арнаны тарату.

1997 жылдың 26 мамырында Алматыда «Кателко» Орталық қабылдағыш таратқыш станциясының (ОҚТС) салтанатты ашылуы өтті. Осы кезде Қазақстан-1 және Хабар  телеарналары және Қазақстан- 1 және Шалқар радиоарналарының жұмысы басталды. Қазір бұл желімен Хабар-1, Хабар-2, Қазақстан-1, ОРТ- Қазақстан, КТК, НТК телеарналары және Қазақстан-1 мен Европа+ радиоарналары хабар таратады. Шет елдерде тұратын қазақтар үшін, Ресей Федерациясының Астрахань облысы мен Монголия мемлекетінде «Кателко» қабылдағыш стансасы орнатылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде Астана қаласында спутниктік хабарды таратуды басқару орталығы салынып жатыр.