Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

2.Сөздікті жаттап алыңыздар.

шаруашылық - хозяйство

байланыс - связь

біртұтас - всецело

жиынтық - совокупность

заңдылық - законность

еркін - свободный

күрделі - сложный

саяси - политический

мәдени - культурный

сезімтал – чувствительный

3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.

Сыртқы – артта қалу

Үлкен – бұрынғы

Кіру – шығу

Қазіргі – кіші

Даму – тәуелсіз

Тәуелді - ішкі

4.Мәтінді оқыңыздар. Халықаралық экономикалық қатынастар

Әлемдік экономикада дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтижесінде бір-біріне қарама-қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.

Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.

Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалды - техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай-ақ, қоғамдық құрылымының сипаты мен жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты – оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық сипатын көрсетеді.

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан-жақты дами алады.

Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы – оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесіндегі атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Әлемдік экономика дегеніміз не?

  2. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмыстарымен қандай ғылымдар айналысты?

  3. Әр ел бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

6.Мәтіндегі етістіктің шақтарын ажыратыңыздар.

7.Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

  1. Шаруашылық, жиынтығы, дүниежүзілік, шаруашылықтың, ұлттық.

  2. Жұмыстарымен, ғалымдар, халықаралық, байланыстарды, экономикалық, зерттеу, айналысқан.

  3. Ел, бір-бірінен, өзінің, ерекшеленеді, тарихи-географиялық, құрылымы, әлеуметтік-саяси, әр, ұстанымымен

  4. Бар, ұлттық, өзіндік, экономиканың, шаруашылықпен, дүниежүзілік, ерекшеліктері, қосылуының, ұлттық.

8.Сөйлем мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы

  1. Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен ғалымдар айналыспаған.

  1. Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты екі жүйеден тұрады.

  1. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.

9.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.

1945 жылдың 24 қазанында БҰҰ-ның Жарғысы ... , Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Содан бері бүл күн бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми күні ретінде аталып өтіледі. 1995 жылдың наурызына дейін БҰҰ-на 185 ел ... болды. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның ... қабылданды. БҰҰ-ның орталық ... Нью-Йоркта орналасқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ... тілі бар. Олар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдері.

Қажетті сөздер: құрамына, қабылданып, ресми, мүше, штабы,

10. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Халықаралық сот Бас Ассамблея сайлайтын 15 судьядан тұрады. Судьялар олардың азаматтығы негізінде емес, іскерлік қабілетіне қарай сайланады. Алайда сот құрамында бір елдің екі азаматы бола алмайды. Соттың орналасқан жері – Нидерландының Гаага қаласы. Мүше мемлекеттер соттың қарауына шекаралық даулар, балық аулау мен пайдалы қазбаларды өндіру құқықтары мен өзге де Жарғыда көрсетілген мәселелерді бере алады.

11.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Халықаралық қатынас - XX ғacырдың соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану үрдісінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр.

Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің материалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық ұстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр.