Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Грамматикалық минимум

Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:

а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы.

Отандық өндірістің дамуына қандай себептер кедергі болып отыр?

ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше сұраулық шылауларының қолдануы арқылы.

Қазақстанның экономикасы қарқындап дамуда ма?

б) ғой, қой, -ау,-еу шылауларының; иә, сірә сияқты сөздерінің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:

Осы ғой, алған жоспары? – Иә, осы.

в) Сұрау интонация арқылы.

Япырай, ие бермей кетпесе?

Парламент. Үкімет

1 – тапсырма Мәтінмен танысыңыз

Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган. ҚР Парламенті құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата - Сенат және төменгі палата - Мәжiлiстен тұрады.

Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұқпау құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.

2 – тапсырма 1) Мәтіннен өзіңізге таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздікпен жұмыс жасаңыз; 2) Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз

3 - тапсырма Сөйлемдерді «шын» немесе «жалған» деп белгілеңіз

ҚР Парламенті құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата - Сенат және төменгі палата - Мәжiлiстен тұрады.

Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Сенатта, содан соң Мәжiлiсте қарау арқылы заңдар қабылдайды.

Мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды.

Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайламайды

Палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтамайды

4 - тапсырма Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын еске түсіре отырып, хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз

Тәулсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ Қазақстан мемлекеті ішкі саясаттың бастапқы бағыты ұлтаралық келісім мен біртұтастық деп жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы жылдардағы қызметі айрықша. Ұлтаралық келісім сақталып отыр. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстар ұмыт бола бастаған тілін, мәдениетін, дәстүрлерін қайта жаңғыртып жатыр, ешқандай шектеу жоқ. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуда. Өйткені, достығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады. Қазақ халқының ең байлығы - көсіліп жатқан кең байтақ даласы. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет.

5 - тапсырма Мәтінді оқып шығыңыз, аударыңыз

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

СОТ

1 – тапсырмаСөздердің аудармаларын сәйкестендіріңіз

1. сот жүйесі

гражданский

2. жергілікті соттар

уголовный

3. азаматтық

местные суды

4. қылмыстық

судебная система

5. жоғары сот органы

административный суд

6. алқа төрағалары

специализированный суд

7. мамандандырылған сот

коллегиальные председатели

8. әкімшілік сот

высший судебный орган

2 – тапсырма Мәтінмен танысыңыз

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.

Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, соттардың қызметіне бақылау жүргізеді және сот тәжірибесінің мәселелерi бойынша түсiнiк береді.

Жоғарғы Соттың құрылымы – Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот Төрағасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот алқа төрағалары және судьялары Қазақстан Республикасы Президентiнің ұсынуы арқасында Сенатпен сайланады. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, төрағалар және  судьялар  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiмен сайланады.

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);

2. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасында арнайы соттар құрылуы мүмкін (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері бойынша).

3 - тапсырма 1. Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздікпен жұмыс жасаңыз; 2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз

4 - тапсырма Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз

Қазақстанның Жоғарғы Соты ... жоғары сот органы болып табылады. Соттардың қызметіне ... және ... мәселелерi бойынша түсiнiк береді. Жоғарғы Соттың құрылымы – Жоғарғы Сот ... тұрады. Жоғарғы Сот Төрағасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот алқа төрағалары және судьялары Қазақстан Республикасы Президентiнің ... Сенатпен сайланады. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, төрағалар және  судьялар  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен ... Қазақстан Республикасының Президентiмен сайланады.

5 - тапсырма Диаграмманы толықтырыңыз

Жоғары Сот

3-апта