Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.

13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ОТАНЫ

1-тапсырма. Мәтінді зейін қойып оқыңыз. Мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз. Жоспарды цитата, сұраулы сөйлемдерден құруға болады, жоспар жай немесе күрделі болуы мүмкін.

Жалпы ережелер

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бүдан әрі Ассамблея) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы занды тұлға құрмайтын мекеме болып табылады.

Ассамблея өз кызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық акхілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Ассамблея өз кызметін мынадай принциптерге негіздейді: халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы; жариялылық пен демократия, өз мүшелерінің тең құқығы мен құрамындағы қызметі үшін дербес жауапкершілігі; заңдардың үстемдігі, адам мен азаматтың нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге катысына, қандай әлеуметтік топқа жататынына қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттерін, тілдерін және салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыту; Халықаралық ұйымдармен, Қазақстанның және шет елдердің азаматтық қоғам институттарымен интеграциялық байланысты кеңейту.

3. Қызметінің мақсаттары, міндеттері мен негізгі бағыттары

4. Ассамблеяның мақсаттары: ұлттық мәселені әділетті шешудің негізі ретінде қоғамдық тұрлаулылықты нығайту; мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің өзекті топтастырушы рөлін арқау ету. Қазақстан этностарын қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізінде шоғырландыру жолымен қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру; азаматтардың өркениетті әрі демократиялық саяси мәдениетін қалыптастыру (Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ережеден).

2-тапсырма. Мәтіннің негізгі мазмұнын жоспарға сәйкес жазыңыз. Мәтін мазмұнын толық, фактілік қатесіз, жүйелі, стиль бірлігін сақтай отырып жазу керек.

1. Қазақстан халкы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме.

  1. Ассамблея қызметінің принциптері.

  2. Ассамблея қызметінің міндеттері мен негізгі бағыттары.

  3. Ассамблеяның мақсаттары:

  • қоғамдық тұрлаулылықты нығайту;

  • мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің өзекті топтастырушы рөлін арқау ету;

  • қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру;

  • азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыру.

3-тапсырма. Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтарға сүйене отырып, жазбаша түрде өз пікіріңізді баяндап беріңіз.

1-сұрақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай мекеме?

Дұрыс жауабы: Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме.

2-сұрақ. Ассамблея өз қызметін қандай заңдар мен актілерге сәйкес жүзеге асырады?

Дұрыс жауабы: Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, зандарына, Қазақстан Республикасы актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3-сұрақ. Ассамблеяның Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттері мен тілдеріне байланысты принципі қандай?

Дұрыс жауабы: Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттерін, тілдерін және салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыту.

4-сұрақ. Ассамблеяның ұлттық мәселені шешуге байланысты мақсаты қандай?

Дұрыс жауабы: Ұлттық мәселені эділетті шешудің негізі ретінде қоғамдық тұрлаулылықты нығайту.

5-сұрақ. Ассамблея қазақстандық сәйкестікті қандай жолмен қалыптастырады?

Дұрыс жауабы: Қазақстан этностарын қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізінде шоғырландыру жолымен қазақстандық сәйкестікті калыптастырады.

1-тапсырма. Мәтінді зейін қойып оқыңыз. Мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз. Жоспарды цитата, сұраулы сөйлемдерден құруға болады, жоспар жай немесе күрделі болуы мүмкін.