Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Сөж тапсырмасы

1-тапсырма «БІЛІМ. КӘСІБИ БАҒДАР. ОҚУ ОРЫНДАРЫ. МАМАНДЫҚ» тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырма «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбына шағын шығарма жазу

3-тапсырма Еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз

Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

Жас кезіңде бейнет бер,

Қартайғанда дәулет бер.

10-апта

Лексикалық тақырып: Денсаулық.

Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем.Маған ... етістік + у керек (қажет), Менің ... етістік + у + ТЖ керек (қажет). Мен ... етістік + БС + тиісті + ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіз? 2. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?

3. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

4. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?

5. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны? 6. Есірткі заттарының зардаптары? 7. Жұқпалы аурулар жайлы не білесіз? 8. Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыз? 9. Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек?

2-тапсырма Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз

Крепкий иммунитет, здоровый образ жизни, крепкое здоровье, ежедневная зарядка, вечерняя прогулка,физические нагрузки, правильное питание, саблюдение диет, здоровый сон, режим сна, режим питания, чистый воздух.

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Дені саудың – жаны сау

Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» - деген мақал бар. Шынымен де, егер адамның денсаулығы болмаса, оның бүгінгі қоғамның толық белсенді мүшесі болуы қиынға түседі. Күнделікті өмір бізге әр түрлі қиындықтарды алға тартады. Оларды жеңу үшін, өз мақсаттарымызға жету үшін, ең алдымен, деніміз сау болуы керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», - деген де мақал бар. Ауырмау да өз қолымызда. Біз дұрыс тамақтанып, көптеген ағзаға зиян заттардан аулақ болып, денемізді шынықтыра білсек, дәрігерлерге жиі-жиі бара бермес едік.  Халықтың денсаулығы оның әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан біздің елімізде халықтың денсаулығын сақтап қалу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Ерте кезде қазақтар табиғатпен өте тығыз байланыста өмір сүрді. Жазда жайлауда, қысы қатал қыстауларда мал бағып, сол малдың етімен, сүтімен қоректенген қазақтар өте төзімді халық болған. Түйенің шұбаты, жылқының қымызы тек тамақ қана емес, сонымен қатар ауруға ем де болған. Ауыра қалса, емді ата–бабаларымыз табиғатта өскен шөптердің дәрілік қасиеттерінен тапқан.  

Қазіргі уақытта денсаулықты сақтау - өте өзекті мәселелердің бірі. Медицинаның дамыған тұсында адам ағзасының ауруларға қарсы тұруы әлсіреген. Бұған экологиялық факторлардың әсері де бар. Жас буын өз денсаулығын қазірден ойлар болса, жағымсыз әдеттерден аулақ болғаны дұрыс. Бұлар: ішімдік, темекі, есірткі. Олардың орнына денсаулыққа пайдалы тағам, спорт, табиғатқа жақындық т.б. тәнге де, жанға да жайлы істермен айналысу абзал. Адамға берілер өмір де, денсаулық та - ең басты байлығымыз.  Оларды қадірлей білейік!

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырмаЕсте сақтайық!

Денсаулықтың он құпиясы: 1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр 2. Біздің тыныс алуымызда 3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі

4. Дұрыс тамақтану 5. Күлкі 6. Дем алу 7. Тұлғаны түзу ұстай білу 8. Сенім күші 9. Сүйіспеншілік күші 10. Таза қоршаған орта

6-тапсырмаБерілген сөздерді кестеге толтырыңыз

Арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау.