Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер

------------------------------------- --------------------------------------

7-тапсырма Төмендегі денсаулыққа байланысты берілген нақыл сөздерді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріп, орыс тіліне аударыңыз

1. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

Т.Карлейль

2. Денсаулық – байлықтан да қымбат

Д.Рей

3.Әдемілік – азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі

Л.Шеффер

4.Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ

А.А.Семашко

8-тапсырма Дәрігер мен емделуші арасындағы сұхбатты жалғастырыңыз

– Сәлеметсіз бе?

– Сәлеметсіз!

– Кіруге рұқсат па?

– ......

Сөж тапсырмасы

1-тапсырма «ДЕНСАУЛЫҚ» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма «Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу

3-тапсырма Білгенге маржан!

Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:

1. «Қол тазалығы» – артық нәрсені алмау дегенді білдіреді. Сондай-ақ, кірістің біршама бөлігін мұқтаж жандарға бөліп беру еске алынады.

2. «Құлақ тазалығы» – үрейдің құрсауында жүретін, ашуға берілгіш, ырымшыл адамдардың сөзіне құлақ аспау, бос сөздер мен өсекті сүейтіндерден бойыңды алыс ұстау дегенді білдіреді.

3. «Көз тазалығы» – көзіңді кектен, ашу-ызадан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтауды нұсқайды.

4. «Ауыз тазалығы» – бұл дегенің ауызды артық сөзден және балағаттаудан тыю.

5. «Тән және киім тазалығы» – дене мен киімді әрдайым тазалықта ұстау кез келген адамның міндеті.

6. «Ой тазалығы" – басты негативті ойлар мен теріс ниеттерден тазарту, өзіңді аяудан алыс болу.

7. «Жан мен жүрек тазалығы» – бұл өзіңнің ішкі сезімдеріңді кірлетпей, сақтай білу. Сүйіңіз, сүйікті болыңыз, бірақ ақысына ештеме сұрамаңыз. Сүйіспеншіліктің өзі бақыт емес пе?

11-апта

Лексикалық тақырып: Еңбек. Еңбек нарығы.

Грамматикалық тақырып: Тыйым мәнді сөйлем.–(у)ға, (у)ге, -қа, -ке) болады (болмайды) лексика-грамматикалық тіркесінің түрленуі.

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1.Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс-әрекеттер жасайсыз? 2. Салауаттылық – өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?

3.«Ас – адамның арқауы» дегенді калай түсінесіздер?

4. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

5. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?

6. Қандай тағам түрлерін білесіздер?

7. Дұрыс тамақтанбағаннан қандай аурулар пайда болады?

2-тапсырмаМәтінді оқып, өз ойыңызбен жалғастырыңыз

“Денсаулық зор – байлық” - дейді дана халқымыз. Ойлап қарасаңыз, денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ! Мордова халқының: “Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін” деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам ағзасының қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада дұрысталуы мүмкін емес.        Адам баласының денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау қажет. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып,  тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау қажет. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаланы дұрыс.

Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.

3-тапсырмаДиаграмманы толтырыңыз