Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Соөж тапсырмалары

  1. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз

Көп ұлтты егеменді мемлекет, халқының саны, ұлт өкілдері, табиғаты бір-біріне ұқсамайды, аймақтың байлығы, кен байлықтары, түсті және асыл металдар, ауылшаруашылығы, мәдениетті және білімді елге айналу.

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз

Қазақстан

Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазіргі Қазақстанда ұлт өкілі тұрады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан мың жыл бұрын мекендеген.

Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әртүрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады.

Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес, мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.

Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. (Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих» оқулығынан)

  1. «Қазақстанның қазба байлықтары» тақырыбында эссе жазыңыз

СӨЖ тапсырмалары

  1. Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Отаныңды қалай суреттер едің?

  2. Қазақ елінің болашағын қалай елестетесің?

  3. «Қазақ елі – бірлік пен ынтымақ мекені» дегенді қалай түсінесің?

  1. Мәтінді мазмұндаңыз, тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз

Қазақстан жері

Қазақстан жері Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді. Соның ішінде Батыс аймаққа Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жатады.

Атырау – мұнай қоры мол аймақ. Ол Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан. Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы осы аймақта. Бұл аймақта Әйтеке би, Сырым батыр, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы мен Дина дүниеге келген.

(Интернет материалынан)

«Қазақ елі» монументі туралы шағын әңгіме құраңыздар

2-апта

Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот

Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем

Лексикалық қор

Ойтүрткі

1. Еліміздегі басқару жүйесі дегеніміз не, ол туралы не білесіз?

2. ҚР Президенті кім, ол туралы не білесіз?

3. Парламент қандай орган? Ол немен айналысады?

4. Үкімет дегеніміз не, оның елді басқарудағы қызметі қандай?

5. ҚР Соты жайлы не білесіз?

1. Тірек сөздермен танысыңыз

Басқару – управлять

Жүйе – система

Басшы – глава

Бағыт – направление

Айқындау – определять

Құқық – права

Бостандық – свобода

Кепіл – гарантия

Лауазым – должность

Қудалану - преследовать

2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?

1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Республика Президентi - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымасты-ғының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

Республика Президентi мемлекеттік билiктiң барлық тармағының келісіп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.

Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

2. ҚР Президенті - Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Республиканың  Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президент болып  сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Республика Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан  Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан  Республикасының Президенті қызметіне кірісті. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.

3 – тапсырмаМәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз

4 – тапсырма Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз

1. Республика Президентiне .... сөйлеу құқығы берiледi.

2. Республика Президентiне ..... ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.

3. Қазақстан  Президентін .... рәсімі өткізілді.

4. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың .... жария етті.

5. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа .... мәртебесі берілді.

6. Тәуелсіз Қазақстанның .... басталды.

5 -тапсырма Диаграмманы толықтырыңыз

Нұрсұлтан

Назарбаев