Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Химияның даму заңдары

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Дмитрий Иванович Менделеев – орыс химигі. Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия, химиялық техногия, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр құрастырды (1859). «Органикалық химия» деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют теориясы (1860), гидраттық теорияны (1865 – 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі – периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон-Менделеев теңдеулерін шығарды. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877), көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент менделеевий аталды.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3-тапсырма. Мына сөз тіркестердің көмегімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Пайдалы қазбалар, ерітінділер, жалпы химия, сутегілер, ауаның ылғалдылығы, химиялық қондырғылар, ғарыш сәулелері, ауыспалы элементтер, әрекеттесу ықтималдылығы, реакцияның жылдамдығы, электрондық құрылыс, химиялық байланыстар.

4-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.

Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын. Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзөі әуе шарымен көкке ұшты.

Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды.

Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады.

Д. И. Менделеев болжаған жаңа элементтердің ашылуы және олардың қасиеттерінің тәжәрибе нәтижелерімен сәйкес келуі периодтық заңды бүкіл дүние жүзі ғалымдарының тауына әкелді. Д.И. Менделеев периодтық заң ары қарай жаңа мәліметтермен толықтырылуы және дамуға тиіс деп түсінді.

Бөж тапсырмалары

5-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Менделеевтің әкесі осы қаладағы гимназияның директоры болатын. Гимназияны аяқтағаннан кейін ол Петербургтегі педагогика институтына түсіп, оны алтын медальмен бітіріп шықты (1857 ж.). 1859 жылы магистрлік диссертациясын қорғаған соң ол екі жылға Германияға ғылыми іс сапарға жіберілді. Қайтып оралған соң алдымен Петербург технологиялық институтының, екі жылдан кейін осы қаладағы университеттің профессоры болып сайланып, осы жерде 23 жыл бойына жемісті еңбек етті.

Д.И. Менделеев 1876 ж. Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. Ол 90-жылдардағы студенттер толқулары кезінде өз оқушыларының жағында болып, оларды қорғағаны үшін университеттен кетуге мәжбүр болды.

Д.И. Менделеев үнемі іздену үстінде көп жылдар бойы қарқынды еңбек еткен ғалым. Осы еңбектерінің ең биік шыңы, оны дүние жүзі ғалымдарының қатарына қосқан әрине, «Периодтық заңды» ашуы болды. Бұдан басқа ол «Ерітінділердің гидраттық теориясын» ұсынған, бұл еңбек әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Мұнан бөтен ол табиғи пайдалы қазбаларды жан-жақты толық пайдалануға, көптеген технологиялық үдерістердің ғылыми негізін қалауда да аса көп еңбек еткен ғалым.

Д.И. Менделеевтің «Химия негіздері» атты еңбегінде бейорганикалық қосылыстар химиясы периодтық заң тұрғысынан алғаш рет теориялық негізделіп түсіндірілді. Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы Д.И. Менделеевке ғылымға сіңірген теңдесі жоқ зор енбегі үшін Фарадей атындағы алтын медаль берілді.

6-тапсырма. «Химия – тұрмыста» тақырыбында сұхбат құрастырыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Химияның адам өміріндегі маңызы қандай?

2. Химиялық элементтер дегеніміз не?

3. Қандай химиялық жаңалықтарды білесіздер?

4. Хмимяның адам өмірінде қандай пайдалы-зиян жақтары бар?

13-САБАҚ