Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәнінен мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде берілген тапсырмаларды орындайды. Білімгерлердің кәсіби тақырыптарына байланысты мамандықтарына қатысты лексиканы меңгеру негізінде салалық лексиканы меңгереді. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікірлесу, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорлары молайып, жетік меңгеруге дағдыланады. Сонымен бірге мамандығына қатысты тақырыптар негізінде түрлі жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына ықпал етеді.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу арқылы олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

1-САБАҚ

Тіршілік негіздері

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс:

табиғи орта – природная среда, табиғи орта

өнеркәсіп – промышленность

қалдықтар – отходы

адам ағзасы – организм человека

күн сәулесі – солнечный лучь

күкірт қышқылы – серная кислота

улы заттар – ядовитые вещества

қатерлі ауру– опасная болезнь, неизлечимая болезнь

улану – отравится

сутек – водород

2-тапсырма. Ойтүркті сұрақтар:

1. Қоршаған ортаны кімдер ластайды?

2.Лас ауа адам ағзасына қалай әсер етеді?

3.Ауаның ластануы қауіпті ме?

4.Қазіргі кезде қандай аурулар көп?

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Айналадағы орта мен адам денсаулығы

Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы. Сондықтан оның көптеген сұраныстарын қамтамасыз ететін шикізат көзі болып отыр. Айналадағы ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Қазақстанның шөлейтті, далалы жерлерінде мал шаруашылығымен айналысса, ал өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан.

Адамдардың түрлі шаруашылықпен айналысуы қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардағы әртүрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам ағзасына келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әртүрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам ағзасына әсер ету уақытына қарай түрлі нәтижелер туғызады. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен адамның басы айналып, құсуы, жөтелуі мүмкін. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, адам қатты уланып, есінен тануы, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі бар. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Мысалы, улы заттар ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналып, адамдар мен жануарлардың тыныс жолдарына, терісіне әсер етеді және жүйке ауруын туғызады. Ауадағы фторлы сутек те өте улы. Адамға жағымсыз әсер етіп, қатерлі аурулар туғызады. Ол пластмасса жаққан кезде пайда болады. Қоңыр көмірді жаққан кезде ауаға күл бөлініп шығады да, көкөністерге, жеміс-жидектерге зиянын тигізеді. Ластанған өсімдіктерді жеген адамдар мен жануарлардың ағзасында физиологиялық өзгерістер болады.

Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына, ең алдымен денсаулығына, жасы мен жынысына байланысты. Улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар адамдар өте сезімтал болып келеді.

Улы заттар адам ағзасына біртіндеп әсер етіп жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның мынадай белгілері бар: адам тез шаршағыш болады, ұйқышыл немесе ұйқысы қашуы, бейжай, ұмытшақ, көңіл-күйі құбылмалы болып, зейіні төмендеуі мүмкін.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары...................................................................................... .

2. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың................................................... ..

3. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен ........................................................................ .

4. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе,..................................................... .

5. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен ......................................... .

6. Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі ......................................... ...................................................................

7. Улы заттарға .............................................................................................................

өте сезімтал келеді.

5-тапсырма. Іс-ірекеттің қашан болғанын айтыңыздар.

Атам көп ағаш отырғызатын. Қоршаған ортаны қорғау туралы оқытушы ескерткен. Бізге ешкім айтқан емес. Сіз тауға баратын едіңіз. Үнемі бақшаға баратынсыңдар. Айгүл қашан келетінін айтқан. Өткенде сенбілікке қатысыпты. Ерте айтқанда келетін едім.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына өткен шақтың тиісті жұрнақтарын қойып жазыңыздар.

Біз таза ауада демал... . Олар бүгін ағаш егуге барма... . Бұл туралы өткенде сен айт... . Табиғат туралы ғылыми еңбектер жаз... . Ол кезде ауа таза бол... . Ешкім маған айт... жоқ. Сіз табиғатты қорғау туралы жиналысқа бар... емес... . Бақшаға ағаш отырғыз... еді. Ауа таза болмағаннан адам денсаулығы нащарлай... . Машиналар ауаны ластай... .

7-тапсырма. Жақшаның ішіндегі етістіктерді нақ осы шаққа айландырып, сөйлемді аяқтаңыздар.

Мен тамақ (дайында) ..........................................

Айман сабақ (оқу)................................................

Сен университетте (оқы) ...................................

Айнаш пен Ажар бақшада шөп (жұл)................

Арман қазақ тілін (үйрен) ..................................