Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

6-тапсырма. Өзіңіздің қоғамдық жұмысыңыз туралы монолог айтыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қоғам дегенді қалай түсінесіз?

2. Қоғамдық жұмыстар дегенді ше?

3. Университетте сіздің көмегіңіз керек жұмыстар бар ма?

4. Мереке кездерінде университетке қандай көмек көрсетер едіңіз?

5. Қоғамдық міндет дегенді қалай түсінесіз?

3-САБАҚ

Денсаулықты сақтау

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдегі сөздердің қай шақта тұрғанын анықтап, көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойыңыздар.

Біз қоршаған ортаны қорға...мыз. Улы заттардың әсерінен қазір табиғат ластан... . Ата-бабаларымыз жерді, елді, табиғатты көзінің қарашығындай сақта... . Өзендер мен көлдердің суын заводтар мен фабрикалар қалдықтарын төгіп ласта... жатыр.

2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыздар.

Дені саудың жаны сау.

Таза ауа – дертке дауа.

Денсаулықтың ең басты кепілі – табиғат.

Денсаулық – зор байлық.

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар.

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші-экстрасенстарге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре-сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бүзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегініз сыздап, қапаланып қаласыз. «Денсаулық – зор байлық» дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтінімз өкінішті-ақ! Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам ағзасының қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес.

БӨЖ тапсырмалары

4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Ұлт болашағы – жақсы денсаулықта

Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Айналадағы ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап, оның сақталуына өз үлесін қосуы керек. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ адам денсаулығына игі әсер етеді.

5-тапсырма. «Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған ортаны кімдер ластайды?

2. Лас ауа адам ағзасына қалай әсер етеді?

3. Ауаның ластануы қауіпті ме?

4. Денсаулыты жақсарту үшін қандай шаралар қажет?

5. Спорттың қандай түрімен айналысасыз?

4-САБАҚ

Су – тіршілік көзі

Мақсаты: Студенттердің қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуге, табиғатты сүюге баули отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Жерасты суы – подземная вода

өзен торы – сеть реки

су көздері – источники воды

суармалы – поливной, орошаемый

құрлық – материк

құдық – колодец

минералды су – минеральная вода

тұщы су – пресная вода

ауыз су – питьевая вода

су тапшылығы – нехватка воды

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.