Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары

1 Аралық бақылау сұрақтары

Бақылау түрі: тест тапсырмалары

І Нұсқа

1. Журналистика қандай термин?

А. мемлекеттік

В. бұқаралық

С. ақпараттық

Д. халықаралық

Е. үгіт-насихат

2. Журналистика пән ретінде қай жылдардан бастап зерттеле бастады?

А. 1900

В. 1940

С. 1920

Д. 1930

Е. 1850

3. Халық... қарым-қатынас жасау, барлық қоғамдық өмір... қамту – журналистика... қоғамдық рөлін арттырады. Тиісті жалғауларды қойыңыз.

А. –қа, -ді, -ның

В. –пен, -ді, -ның

С. –пен, -ден, -мен

Д. –тан, -ден, -ға

Е. –тың, -мен, -ны

4. Журналистиканы нешінші билік деп атайды?

А. екінші

В. билікке жатпайды

С. үшінші

Д. төртінші

Е. бірінші

5. Публицистика жанрында тіл құралдары қалай қолданылған?

А. еркін

В. үнемдеп

С. эмоционалды

Д. көркем

Е. көп

6. Сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Журналист оқырман ... зерттейді.

А. көңіл күйін

В. арманын

С. психологиясын

Д. мақсатын

Е. байлығын

7. “Деректі” сөзін қай сөзбен байланыстыруға болады?

А. фильм

В. сұхбат

С. материал

Д. монолог

Е. жанр

8. Мақалды толықтырыңыз. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ.

А. қол

В. сөз

С. ой

Д. тіл

Е. аяқ

9. Публицистикалық шығармалар ненің көрінісі?

А. журналист пікірінің

В. адамгершіліктің

С. өмірдегі шындықтың

Д. журналист табиғатының

Е. іскерліктің

10. Мақаланың неге тікелей қатысы бар?

А. іскерлікке

В. ойдың құрылымына

С. журналист шеберлігіне

Д. қоғам өміріне

Е. мамандыққа

11. Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес.

А. байланыс

В. қажеттілік

С. сауда-саттық

Д. Хабарлау

Е. Алыс-беріс

12. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз. Астана қаласы... мемлекеттік тіл... жоғары мән беріліп отырған... аңғарамыз.

А. –нда, -мен, -ын

В. –мен, -дің, -ын

С. –ның, -ге, -мен

Д. –нда, -ге, -ын

Е. –ның, -ден, -ды

13. Белгіленген сөз тіркестеріне қандай сұрақ қоюға болады? Газеттер күн сайын, апта сайын, ай сайын шығатын болып бөлінеді.

А.қашан?

В. қайтіп?

С. қалай?

Д. қай күндері?

Е. қайдан?

14. “Общественное сознание” сөзінің қазақша аудармасын табыңыз.

А. қоғамдық ой

В. қоғамдық талап

С. қоғамдық сана

Д. қоғам ойы

Е. қоғамдық мақсат

15. Бұқаралық ақпарат құралдары қашан пайда болды?

А. ертеде

В. 20-ғасырдың басында

С. 19-ғасырдан бері

Д. біртіндеп

Е. кенеттен

16. Радио қашан дүниеге келді?

А. 1890

В. 1900

С. 1896

Д. 1895

Е. 1899

17. Сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Қазақстанның кез келген ірі қаласында ... көптігі байқалады.

А. радиостанцияның

В. үнқағаздың

С. журналдардың

Д. Радиотолқындардың

Е. Телестудияның

18. Мақалды толықтырыңыз. Көп сөздің азы жақсы, аз сөздің ... жақсы.

А. көбі

В. өзі

С. бары

Д. шыны

Е. қысқасы

19. “Задумайся” сөзінің фразеологиялық тіркес түріндегі қазақша баламасын табыңыз.

А. ойланып жүр

В. қабырғаңмен кеңес

С. ойлан

Д. білген жөн

Е. ұмытпа

20. “Қой аузынан шөп алмас” деп қандай адамды айтады?

А. момын

В. шешен

С. әділ

Д. малшы

Е. бақытсыз

Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары

1 аралық бақылау сұрақтары

Бақылау түрі: тест тапсырмалары

ІІ Нұсқа

1. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіздер.

А) Аспазшы.

В) Азпазшы.

С) Аспасшы.

D) Азпасшы.

Е) Аспажшы.

2. Антонимдері бар мақалды белгілеңіздер.

А) Жері байдың-елі бай.

В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

С) Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азық.

D) Әлсіз ат сүріншек, ақылсыз адам еріншек.

Е) Батыр туса ел ырысы.

3. Дұрыс жазылған сөздердіңқатарын көрсетіңіздер.

А) Табиғат, кеден, сереңке.

В) Ұстаз, шәкірт, домбра.

С) Мектеп, мемлекет, ғылым.

D)Құндұз, асхана, арман.

Е) Кытап, майрам, ырис.

4. “Ұялды” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер.

А) Қой үстіне боз торғай жұмыртқалады.

В) Қара жер хабар бермесін.

С)Бет моншағы үзілді.

D) Періштенің құлағына шалынсын.

Е) Тал шыбықтай бұралған.

5.“Әділ” ұғымының мағынасын беретін фразеологизмді белгілеңіздер.

А) Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ.

В) Қараптан қарап жүріп.

С) Қара көлеңке, қара халық.

D) Қара қылды қақ жарған.

Е) Ат ойнатқан.

6.Синонимдік қатарды белгілеңіздер.

А) Дастарқандас, аттас, табақтас.

В) Әдепті, тәртіпті, байсалды.

С) Сабырлы, байсалды.

D) Икемді, бейімді,ұстамды.

Е) Сұлу, сауатты, арық.

7. Синонимдік қатарды белгілеңіздер.

А) Елді бейбіт, жұртты тыныш етті.

В) Тепсе темір үзеді.

С) Ар-ұят, аман-сау.

D) Жайдары жарқын мінез; қыршын жас.

Е) аспанды бұлт шалды.

8. Адамның кескін-келбетін сипаттайтын сын есімдерді белгілеңіздер.

А) Тау-тау, ата-ене.

В) Көк ала, қызыл-қоңыр.

С) Көк көз,аққұба, қыр мұрын.

D) Жаяу Мұса, қара торғай.

Е) Көк ала, аққұба.

9. Дене мүшелері атауларын табыңыздар.

А) Бас, мойын, саусақ.

В) Киім, өнім.

С) Сырмақ, піспе.

D) Отырғыш, кескіш.

Е) Көлем, аумақ.

10. Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар.

А) Ол -жүрек жұтқан адам..

В) Ол жүрек жұтқан- адам..

С) Ол, жүрек жұтқан адам..

D) Ол жүрек жұтқан адам..

Е) Ол жүрек, жұтқан адам..

11. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің дұрыс нұсқасын белгілеңіздер.

А) Ертең қар көшкіні болса, тауға шығамыз.

В) Ертең қар көшкіні болмаса, өйткені тауға шығамыз.

С) Ертең қар көшкіні болды, тауға шығамыз.

D) Ертең қар көшкіні болмаса, тауға шығамыз.

Е) Ертең қар көшкіні болмаса да, тауға шығамыз.

12.”Жігерлі” сөзінің синонимін табыңыздар.

А)Ерінбейді.

В) Жадырау.

С) Қуану.

D) Қажырлы.

Е) Сабырлы

13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Жақсыда- кек жоқ, кектіде тек жоқ.

В) Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

С) Жақсыда кек жоқ- кектіде тек жоқ.

D) Жақсыда кек жоқ : кектіде тек жоқ.

Е) Жақсыда, кек жоқ кектіде тек жоқ.

14. Дұрыс жазылған сөздердің қатарын белгілеңіздер

А) Базарға, қаламым, біздім.

В) Апаң, дәптердер, дала.

С) Ағасы, мұғалімдін, доп.

D) Қыздар, мектептер, үйлер.

Е) Мекемедер, отанма, керемет.

15. Отбасына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Дәрігер, мұғалім, аққу.

В) Нағашы, жиен, қарындас.

С) Тау, бөлме, терезе.

D) Асан, өзен, Сәуле.

Е) Мен, ол, терек.

16. Мамандықпен байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Ақыл, жасыл, парасат

В) Есепші, қаржыландырушы.

С) Білім, сағыныш, қорқыныш

D) Мінез, абырой, арна

Е) Офис, тапсырма, керек.

17. Адамның мінез-құлқын белгілейтін ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Шөп, қызғалдақ, гүл.

В) Су, өзен, теңіз.

С) Кеме, ұшқыш, жер серігі.

D) Сабырлы, шыдамды, еңбекқор.

Е) Батты, сары, алыс.

18. Табиғат құбылыстарына байланысты ұғымдарды белгілеңіздер.

А) Аялдама, жолсерік.

В) Ботакөз, Айдын, Дана.

С) Бұрқасын, найзағай, жаңбыр.

D) Бәйшешек, бұрын, өнерпаз.

Е) Бала, парта, терек.

19.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы.

В) Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы.

С) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы.

D) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы.

Е) Отыршы- жарығым жөніңді,айтшы.

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыздар.

А) Көрмес - түйені де көрмес.

В) Көрмес түйені - де көрмес.

С) Көрмес түйені де - көрмес.

D) Көрмес түйені де көрмес.

D) Көрмес, түйені де, көрмес.