Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Су ресурстары

Қазақстанның су ресурстарына беткі судан (өзен, көл) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен торы онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы ресурстарын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, су тапшы аудандағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты сауықтыру орындары осы су арқылы емдеу орталықтарына айналған.

Жалпы Қазақстан территориясының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су ресурстарының маңызы арта түседі. Себебі құрғақ климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе, суармалы егістерді өркендету үшін су ресурстары басты орын алмақ.

Су ресурстарын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды дұрыс пайдалана білсе, тиімділігі арта түсер еді. Өзендерге су техникалық қондырғыларын салмақшы болған жағдайда жергілікті табиғат ерекшеліктерін міндетті түрде ескерген жөн.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Су ресурстарына не жатады?

2.Жер асты суларын пайдаланудың қандай маңызы бар?

3. Неліктен жерасты суларын пайдаланамыз?

4.Мал шаруашылығын шөл және шөлейт жерлерде өркендету үшін қандай

құдықтарды пайдаланады?

5.Су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін қалай арттыруға болар еді?

4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Шөл және шөлейттер

Қазақстанның шөл зонасы Қазақстан оңтүстігінің, орталығы мен батысының көп жерлерін алып жатыр. Шөлді жерлер Каспий теңізі жағалауларынан бастап, шығысын жетісу Алатауына дейін және оңтүстік шығысында Тянь-Шань тауларына дейін жетеді. Ол жалпы республика территориясының 44 пайызын құрайды. Шөлді зонаның теріскей жиектері солтүстік ендіктер (47 және 48 градус) бойымен өтеді. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең таралған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, олар тек шағын учаскелерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.

Шөлді зонада далалы зонадағыдай өсімдік қалың өспейді. Өсімдік көбіне құмды төбелер аралықтары мен олардың баурайларында ғана кездеседі. Ағаш тұқымдастардан мұнда өсетіні – ақ сексеуіл мен қара сексеуіл. Олардың арасында қоянсүйек, жыңғыл, жүзген, шеркез, қандым болады.

Сексеуіл республикадағы барлық орман алабы аумағының тең жартысынан астамын алып жатыр. Қара сексеуіл Бетпақдаланың батыс бөлігіне тегіс, сарысу бойының орталығына, Іле өзенінің сағалық оң жақ жағалауына және Шу өзені мен Мойынқұм аралығына тараған.

Қара сексеуілдің биіктігі өсуге қолайлы жағдайда 6-8 метрге жетеді. Оның діңі өте тығыз, ауыр болады.

Ақ сексеуілді тоғайлар Қарақұмда, Қызылқұмда, Балқаш төңірегі мен Мойынқұмда кездеседі.

Шөлейттің негізгі топырағы – ашық қызғылт топырақ. Оның құрамында шірінді аз болады. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі.

Таулы-төбелі гранитті Қызыларай сілемі – шөлейттегі әсем жазираның бірі. Онда қарағай ормандары өседі.

Шөлейт те қой мен жылқы шаруашылығы басым дамыған. Кей жерлерінде көкеніс пен бақша өнімдері өсіріледі.

5-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

Гидросфера – жердің су қабығы. Ол мұхиттардың, теңіздердің, құрлық сулары мен мұздықтардың жиынтығы. Гидросфера Жер бетінің 71 пайызын алып жатыр. Гидросфераның негізгі бөлігін дүниежүзілік мұхит сулары құрайды. Жер шарында оның алып жатқан аумағы 361 млн квадрат км.

6-тапсырма. Етістіктерді тиісті рай формасына қойыңыз.

Өзенге шомыл... келеді. Жаңбыр жау... жер көгерер еді. Ертең студенттер «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы конференцияға түгел қатыс... . Суды үнем... . Үнді мұхитын көр... келеді. Суды ластап жатқан кәсіпорындарға айып салын... дұрыс болар еді.

7-тапсырма. Суға байланысты айтылатын ырым сөздер мен мақал-мәтелдерді есте сақтаңыздар.

Ағын су бал татыр,

Шабағы май татыр.

Арық бар жерде су бар,

Су бар жерде ну бар.

Суды сапырма.

Суға түкірме.

Шелектегі суға аузыңды батырма.

8-тапсырма.Төмендегі үлгілердің көмегімен сөз тіркестерін жасаңыз.

...-ған, ...-ген, ...-қан, ...-кен дұрыс, жөн. Үлгі: айтқан жөн, кеткен дұрыс

...у қажет, керек. Үлгі: айту қажет, кету керек

...уға, ...уге болады. Үлгі: айтуға, кетуге, келуге болады