- •5В050506 Экономика, 5в050507 Менеджмент, 5в050508 Есеп және аудит, 5в050509 Қаржы мамандықтары үшін
- •Астана 2012
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •5.4 Оқу пәнiнiң мазмұны.
- •5.5 Оқу пәнін оқытудың жоспары
- •6) Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •6.2 Қосымша әдебиет
- •7) Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8) Оқу пәнінің талаптары
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
- •Микроэкономиканың пәні және методологиясы
- •Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік
- •Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері
- •Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы
- •Өндіріс шығындары және пайда
- •Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі
- •Жетілмеген бәсеке нарықтары. Таза монополия нарығы және монополиялық билік
- •Монополистік бәсеке нарығы
- •Олигополия нарығы және оның модельдері
- •Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы
- •Капитал және жер нарықтары
- •Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік
- •Асимметриялық ақпарат нарықтары
- •Сыртқы әсерлер теориясы
- •Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Оқу құралы
- •Есептер жинағы
- •Ғылыми журналдан мақалалар
- •Нормативті құжаттар
- •5. Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
- •4‑Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы
- •Таза монополия нарығы және монополиялық билік
- •15Тақырып. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •6. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •2‑Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориялары. Нарықтық тепе-теңдік
- •4‑Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Таза монополия нарығы және монополиялық билік
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •15Тақырып. Қоғамдық игіліктер және қоғамдық таңдау теориясы. Экономикадағы мемлекеттің рөлі
- •5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •7. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
Өндіріс факторларының нарықтары. Еңбек нарығы
Мақсаты: өндіріс факторлары нарықтарының әрекет ету ерекшіліктерін қарастыру, оларда қалыптасатын баға белгілеу механизмдерін айқындау. Ресурстар нарығын жалпы қарастыра отырып, оларды зерттеуді еңбек нарығын талдаудан бастау. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қарастыруымыз керек.
Дәріс сабағының жоспары:
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. Өндіріс факторларына деген сұраныс және олардың ұсынысы.
Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі.
Еңбек нарығындағы монопсония.
Еңбек нарығындағы кәсіподақтар.
Еңбек нарығындағы екі жақты монополия.
Еңбек нарығындағы экономикалық рента.
Негізгі ұғымдар: өндіріс факторларының нарығы; факторлық табыстар; ресурстардың жетілген бәсекелес нарығы; туынды сұраныс; ресурстардың шекті өнімінен түсетін шекті түсім; ресурстардың шекті өнімінің құны; ресурстардың сұраныс қисығы; еңбек нарығы; еңбектің кері иілген ұсыныс қисығы; айқынсыз еңбекақы; экономикалық рента; таза монопсония; кәсіподақ; ұжымдық агент; еңбек нарығындағы дискриминация; т.б.
Тақырыптың қысқаша мазмұны.
Өндірістің әрбір факторы (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет) өз иелеріне табыс әкелерліктей (жалақы, пайыз, рента, пайда,) қабілеттерге ие.
Өндіріс факторлары нарықтарында факторларға деген сұранысты фирмалар қалыптастырады, ал олардың ұсынысын үй шаруашылықтары жасайды. Өндірістің факторларына баға белгілеу игіліктер нарығындағы сияқты принциптермен жүзеге асырылады, яғни факторлардың ұсынысы мен оларға деген сұраныстың арақатынасы негізінде қалыптасады.
Өндіріс факторларының иелері факторлық табыстарды алып отырады, ал ол табыстардың мөлшері факторлардың бағалары мен олардың сатылған көлеміне байланысты болады.
Өндіріс факторына деген сұраныс фирманың өндіретін өніміне деген сұраныстан туындайды. Фирманың өндіретін өніміне деген сұраныс неғұрлым көп болса, соғұрлым фирманың өндіріс факторларына деген сұранысы да көп болады. Фирманың ресурстарға деген сұранысын анықтайтын фактор ретінде сол ресурсты пайдалануды арттыру нәтижесінде алынатын жалпы табысының өсуі қарастырылады.
Фирманың ресурсқа деген сұраныс қисығы шекті факторлық табыс қисығы болып табылады, ал шекті факторлық табыстың шамасы өнімді сатудан түсетін шекті табыс пен ресурстың беретін шекті өнімінің көбейтіндісі ретінде есептеледі және оның қисығы кемімелі болып келеді.
Фирманың сатып алғысы келетін ресурстарының құрылымы мен көлемін таңдау жайындағы шешімі шекті факторлық табыстың берілген ресурстар бойынша шекті шығындармен арақатынасына байланысты болып табылады, осы шекті факторлық табыс пен шекті шығындардың арақатынасы тең болғанда ғана фирма үшін сол ресурстың көлемін пайдалану тиімді болады.
Пайдасын максималдайтын фирма үшін әрбір ресурс бойынша шекті факторлық табыс сол ресурсты қолданудың шекті шығынына тең болған кездегі факторлар жиынының құрылымы оңтайлы деп саналады.
Фирманың ресурс туралы шешім қабылдауы ресурстар мен игіліктер нарықтарының ұйымдастырылу типіне және олардың арасындағы үйлесімділіктерге байланысты болады.
Ресурсқа деген нарықтық сұраныс жекелеген фирмалардың сұраныс қисықтарын көлденеңінен қосу арқылы алынады және ол сол ресурстың бағасына, бағалық емес параметрлерге де байланысты болып табылады.
Ресурстың ұсыныс қисығы ресурс иесі ие бола алатын минималды табыс қисығы ретінде сипатталады және сол ресурстың иелері одан сол бір минималды табысты алуы үшін оны нарыққа шығаруға келіседі.
Ресурстардың нарықтық ұсынысы жекелеген ұсыныс қисықтарын көлденеңінен қосу арқылы есептеледі, ал ресурстың бағасы оның ұсыныс көлемін анықтайтын фактор болып табылады.
Өндіріс факторлары нарығындағы нарықтық тепе-теңдік ресурстың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік көлемін анықтайтын нарықтық сұраныс пен ұсыныстың теңесуі кезінде қол жеткізіледі.
Экономикалық рента – бұл факторлық табыстағы ресурс иелерінің сол ресурсты сату кезіндегі үстеме құн ретінде ала алатын ұтымы. Экономикалық рентаның мөлшері фактордың бағасы мен оның ұсынысының икемділігіне тәуелді болып табылады.
Еңбек нарығындағы ұсыныс жұмыскерлердің талғамына және еңбектің бағасына тәуелді болып табылады, ал еңбек бағасы ретінде еңбекақы мөлшерлемесі қарастырылады. Орташа еңбекақы мөлшерлемесі еңбектің тепе-теңдік бағасының көрсеткіші болып табылады, ал оның шамасы еңбек нарығының ұйымдастырылу типіне байланысты болып табылады.
Еңбек нарығының ұйымдастырылуының мынадай типтері бар:
А) Жетілген бәсекелі еңбек нарығы, бұл нарықтың типінде жалақының тепе-теңдік мөлшерлемесі еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысының әсері арқылы қалыптасады;
Ә) Монопсонистік еңбек нарығы, нарықтың мұндай типінде еңбекті жалғыз ғана сатып алушы істейді, ол монополиялық билікке ие бола отырып, еңбектің бағасын жетілген бәсекелес нарықтан төмен етіп тағайындайды;
Б) Монополиялық еңбек нарығы, мұнда сатушылар монополиялық билікке ие бола отырып, кәсіподақтар ретінде жұмыс істейді. Кәсіподақтар еңбек күшін жалғыз ғана сатушы ретінде еңбектің тепе-теңдік көлемін қысқарту есебінен еңбектің бағасын, яғни жалақы мөлшерлемесін арттыруды мақсат етіп қояды;
В) Еңбек нарығындағы екі жақты (билатералды) монополия, мұнда еңбек күшін жалғыз сатушы мен еңбек күшін жалғыз ғана сатып алушы кездеседі, яғни еңбек нарығындағы монополист пен монопсонисттің мүдделерінің түйісуі орын алады.
Қорытынды
1. Өндіріс факторларының нарықтары дегеніміз – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Өндіріс факторларының бағасы мен оларға сұраныс осы факторлардың нарығы мен тауарлар нарығының құрылымына байланысты болады. Яғни, өндіріс факторларына сұраныс олардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталады, сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс деп атайды.
2. Өндіріс факторларының нарығы екі негізгі түрде көрініс табады:
1) жетілген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторларының нарығы;
2) жетілмеген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторларының нарығы.
Жетілген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторлары нарығының басты ерекшелігі болып сатып алушының да, сатушының да өндірістік ресурстарға деген бағаға әсер ете алмауы табылады. Ал жетілмеген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторлары нарығының басты ерекшелігі болып сол сатып алушының да, сатушының да өндірістік ресурстарға деген бағаға әсер ете алуы табылады.
Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.
Біріншіден, туынды сұраныстың не екенін және оның ерекшелігін білу қажет, екіншіден, өндіріс факторлары нарықтарында орын алатын бәсекенің түрлерін, оларда қалыптасатын негізгі шарттарды білу қажет, үшіншіден, еңбек нарығының жетілген және жетілмеген бәсекелі түрлерін анықтап алу қажет. Әсіресе, еңбек нарығының жетілмеген модельдеріне не жататындығын білу қажет. Соңында, еңбек нарығында экономикалық рентаның мәнін ашу қажет.
11-тақырып. Дәріс