Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
327
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

  1. Жалпы экономикалық тепе-теңдік – бұл:

А) тек тауарлар нарығы ғана тепе-теңдік қалыпта болатын экономикалық жүйенің жағдайы

В) тек өндіріс факторлары нарығы ғана тепе-теңдік қалыпта болатын экономикалық жүйенің жағдайы

С) (n-1) нарығында болатын тепе-теңдік жағдайы

D) тауарлар мен ресурстардың барлық нарықтарында орын алатын тепе-теңдік жағдайы

Е) бұл макроэкономикалық тепе-теңдік болып табылады

  1. Бағаларды мемлекеттік бақылау кезінде туындайтын тепе-теңдік моделі қалай аталады?

А) қатаң бағалар моделі

В) өрмекші тәріздес моделі

С) тепе-теңдікті күту моделі

D) жұмсақ бағалар моделі

Е) Солоу моделі

  1. Жекелеген нарықтарда өндірістің тепе-теңдік бағасын және тепе-теңдік көлемін зерттеу не деп аталады?

А) жалпы нарықтық тепе-теңдікті талдау

В) жеке нарықтық тепе-теңдікті талдау

С) «шығындар-өнім өндіру» кестесін талдау

D) нарықтық құрылымдарды талдау

Е) тұтынушылық тепе-теңдікті талдау

  1. Парето бойынша тиімділік принципін орындау кезінде бір субъектінің әл-ауқатын жақсарту неге алып келеді:

А) басқа бір субъектінің әл-ауқатын төмендетеді

В) басқа бір субъектінің әл-ауқатын жоғарылатады

С) жалпы әл-ауқаттылықты өсіреді

D) басқа бір субъектінің әл-ауқаттылық деңгейіне әсер етпейді

Е) басқа бір субъектінің әл-ауқаттылық деңгейін тұрақтандырады

  1. Жалпы экономикалық тепе-теңдік – бұл игіліктер мен өндіріс факторлары нарықтарында:

А) бір мезгілде тепе-теңдіктің болу жағдайы

В) жалпы тепе-теңдіктің болуының мүмкін еместігі

С) факторлар нарығының тепе-теңдігіне байланысты болуы

D) тауарлар нарығының тепе-теңдігіне байланысты болуы

Е) тұтынушылардың тепе-теңдік жағдайға жетуі

  1. Экономикада жалпы тепе-теңдікке жету механизмі барлық экономикалық жүйелердің тиімді жұмыс істеуін және қоғамның әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді немесе бұл жағдайды басқаша қалай атауға болады?

А) экономиканың парето – тиімді жағдайда болуы деп түсінуге болады

В) парето – максимум деп атаймыз

С) парето – мүмкіндік деп атаймыз

D) квази – оптимум - тепе-теңдік деп түсінуге болады

Е) Коуз бойынша экономикалық тиімділік дейміз

  1. Эджуорт қорабы микроэкономикада не үшін қолданылады?

А) тұтынудағы тиімділікті анықтау үшін

В) өндірістегі тиімділікті анықтау үшін

С) өндірістегі және тұтынудағы тиімділікті сипаттау үшін

D) өндірістегі ресурстардың тиімді қолданылуын сипаттау үшін

Е) өндіріс пен тұтынудың арасындағы кемшіліктерді сипаттау үшін

  1. Жалпы экономикалық тепе-теңдік дегеніміз – бұл:

А) игіліктер нарығы ғана тепе-теңдік қалыпта болатын экономикалық жүйенің жағдайы

В) факторлар нарығы ғана тепе-теңдік қалыпта болатын экономикалық жүйенің жағдайы

С) нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың тепе-теңдігін сипаттайтын экономикалық жағдай

D) игіліктер мен факторлардың барлық нарықтарында орын алатын тепе-теңдік жағдайы

Е) еңбек нарығы мен капитал нарығында бір уақытта тепе-теңдіктің орын алу жағдайы

  1. Жалпы тепе-теңдік моделін алғаш рет зерттеген кім?

A) К. Менгер B) Л. Вальрас C) Дж. Хикс D) А. Смит E) В. Парето

  1. Жалпы тепе-теңдік қандай модельге сүйеніп зерттеледі?

A) таза монополия B) ойындар теориясы C) Аукционист D) Сценарист E) көрінбейтін қол

  1. Жалпы тепе-теңдік басқаша қалай аталады?

A) Вальрас теңдігі B) Эджуорт теңдігі C) Парето теңдігі D) Маршалл теңдігі E) Нэш теңдігі

  1. Ресурстарды Парето бойынша тиімді бөлу мүмкін болмаған жағдайда:

A) «үшінші ең жақсы бөлу» орындалады B) «бірінші ең жақсы бөлу» орындалады C) әлеуметтік әділеттілік орындалады D) «екінші ең жақсы бөлу» орындалады E) Вальрас теңдігі орындалады

  1. Ресурстарды «бірінші ең жақсы бөлу» кезінде:

A) Парето бойынша тиімділіктің орындалуы мүмкін емес B) Парето бойынша тиімділік орындалады C) уақыт факторы ескеріледі D) нарықтар жетілген бәсеке жағдайында болмайды E) трансакциондық шығындар орын алады

  1. Әлеуметтік әділеттіліктің қандай сипаттамасы бойынша қоғамның кез – келген мүліктік теңсіздігі жойылады деп тұжырымдалады?

A) Парето - тиімділік бойынша B) нарықтық концепция жолымен C) Эгалитаризм сипаттамасы арқылы D) Роулсиандық сипаттама бойынша E) Утилитаризм бағыты бойынша

13-тақырып. Асимметриялық ақпарат нарықтары

2-сағат

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Нарықтық белгісіздік және оның туындау себептері;

  • Тәуекел: пайда болу себептері, түрлері, азайту жолдары;

  • Нарықтық механизмнің кемшіліктері мен артықшылықтары;

  • Сақтандыру және оның нарықтағы рөлі;

  • Нарық фиаскосын реттеудегі мемлекеттің рөлі;

  • Ақпарат асимметриясын төмендетудің тиімді жолдары;

  • Спекуляция және оның экономикадағы рөлі.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Аукциондар және олардың түрлері;

  • Спекуляция және оның маңызы;

  • Тәуекелдің түрлері: сақтандырылатын және сақтандырылмайтын тәуекелдер.