Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
327
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

4‑Тақырып. Өндіруші теориясы. Өндіріс функциясы

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, өндіріс теориясы, өндірістік функция, қысқа және ұзақ мерзімдегі фирманың өндіріс туралы қабылдайтын шешімдері деген сұрақтарға жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Өндіріс теориясы. Технология және өндірістік функция.

  2. Изокванталар және өндірістік функцияның түрлері. Алмастырудың технологиялық шекті нормасы.

  3. Қысқа мерзімдегі өндірістік таңдау. Өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы.

  4. Ұзақ мерзімдегі өндірістік таңдау. Масштаб тиімділігі. Өндірістің тиімді көлемін анықтау.

  5. Өндіріс және техникалық прогресс.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

  1. Осы кестенің мәліметтері негізінде мыналарды анықтаңыз:

а) өзгермелі фактордың орташа өнімін;

ә) өзгермелі фактордың шекті өнімін;

б) қандай жұмысшыны жалдағанда орташа және шекті өнімдер төмендейді.

Жұм. саны

1

2

3

4

5

Өнд. көлемі

10

20

33

40

45

Орташа өнім

Шекті өнім

  1. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

    Өзгермелі ресурстардың көлемі

    Жалпы өнім

    Орташа өнім

    Шекті өнім

    1

    100

    2

    60

    3

    150

    4

    10

    5

    50

  2. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

    Өзгермелі ресурстардың көлемі

    Жалпы өнім

    Орташа өнім

    Шекті өнім

    1

    50

    2

    30

    3

    30

    4

    200

    5

    60

  3. Осы кестеге сәйкес 30 және 45 дана өнімді өндірудің изоквантасын сызыңыз:

    К маш/сағат

    L адам/сағ.

    10

    20

    30

    40

    10

    10

    21

    30

    38

    20

    22

    30

    38

    45

    30

    30

    37

    45

    51

    40

    34

    45

    52

    58

  4. Мынадай мәліметтер негізінде фирманың орташа және шекті өнімдерін анықтаңыз:

Жұмысшылар саны

Жалпы өнім

1

30

2

70

3

100

4

120

5

130

Бұл жағдайда өндіріс ауқымының кемімелі жағдайы қай жерден бастап орын алады?

  1. Фирма құрал-жабдықты жалдағаны үшін күніне 200 мың тг. және 100 мың тг. жалақы төлейді. Бұл жерде ол еңбек санының шекті өнімі 0,5-ке және капитал санының 1-ге тең болатын көлемін қолданады.

Пайданы жоғарылату тұрғысынан фирма өндіріс факторларының тиімді қолданылуын қамтамасыз етіп отыр ма?

  1. Шекті өнім дегеніміз не? Кестенің мәліметтеріне сәйкес шекті өнімнің шамаларын табыңыз:

Жұмыс уақытының жұмсалуы

0

1

2

3

4

5

6

7

Жалпы өнім

0

1

3,5

8,5

15

19

21

22,5

Шекті өнім

Шекті өнімнің жұмыс уақыты шығындарына тәуелділігін график арқылы көрсетіңіз. Сол графиктің көмегімен жұмыс күнінің қандай ұзақтылығы кезінде еңбек факторы максималды тиімділікпен қолданылады.

  1. Мына кестенің еңбек шығындары, капитал шығындары және өндіріс көлемі туралы мәліметтерін қолдана отырып мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

L

K

Q

А

10

30

100

Б

20

60

300

В

30

90

450

Г

45

135

540

а) А-дан Б-ға, Б-дан В-ға, В-дан Г-ға өткендегі масштаб тиімділігінің сипатын анықтаңыз.

б) Өндірісте ресурстардың қолданылу қарқынының бәсеңдеуі кездейсоқ па, әлде жоқ па? Өз жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз.

  1. Неліктен Индияда каналдар мен плотиналар құрылысына еңбек ресурстары көбірек қоданылады, ал Голландияда керісінше капитал ресурстары көп қолданылады? Бұл жерде құрылыста қандай әдіс тиімдірек болып табылады? Бұл екі елге техникалық және экономикалық тиімділіктің бірдей критерийлерін қолдануға бола ма?

  2. Мына кестенің еңбек шығындары, капитал шығындары және өндіріс көлемі туралы мәліметтерін қолдана отырып мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

L

K

Q

А

40

20

200

Б

60

30

400

В

120

60

800

Г

180

90

880

а) А-дан Б-ға, Б-дан В-ға, В-дан Г-ға өткендегі масштаб тиімділігінің сипатын анықтаңыз. Изокванталар картасын салыңыз.

б) А-дан Б-ға, Б-дан В-ға, В-дан Г-ға өткен кездегі қолданылатын ресурстардың өнімділігінің (қайтарымының) өсуі туралы не айтуға болады?

  1. Профессор Мамаев деген азамат – белгілі бір қалада менеджмент саласы бойынша ең атақты және табысы ең жоғары оқытушы болып табылады. Оның мерзімді жалақысы әріптестеріне қарағанда екі есе жоғары. Сонымен қатар, ол өз мақалаларын компьютерге жылдам тере алады, яғни минутына 300 белгі баса алады. Егер ол жұмысқа жалдағасы келетін ең жақсы хатшы минутына 200-ден аса белгі баса алатын болса, онда сол хатшыны жалдағаған дұрыс па? Неліктен?

5-тақырып. Өндіріс шығындары және пайда

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, өндіріс шығындарының қысқа және ұзақ мерзімдегі түрлерін талқылап, өндірушінің теңдестігін қалыптастыру жағдайындағы мәселелерді зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Өндіріс шығындары және олардың түрлері.

  2. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындарының қисығы. Изокосталар.

  3. Пайда және оның түрлері.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

  1. Кестені толтырыңыз.

Табу керек:

а) жалпы, орташа тұрақты, орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындарды анықтаңыз;

ә) орташа және шекті шығындардың қисығын салыңыз;

б) графиктің көмегімен шығындардың динамикасын түсіндіріңіз.

Шығарылым көлемі

Тұрақты шығындар

Өзгермелі шығындар

Жалпы шығындар

Орташа шығындар

Шекті шығындар

тұрақты

өзгермелі

жалпы

0

20

0

1

20

10

2

20

20

3

20

25

4

20

36

5

20

50

6

20

70

  1. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

    Шығарылым көлемі

    Тұрақты шығындар

    Өзгермелі шығындар

    Жалпы шығындар

    Орташа шығындар

    Шекті шығындар

    тұрақты

    өзгермелі

    жалпы

    0

    20

    1

    10

    2

    20

    3

    20

    4

    20

    5

    40

    6

    150

  2. Жоғарыдағы кестенің мәліметтеріне сәйкес орташа және жалпы шығындардың графигін салыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

а) фирмаға өндірістің қандай көлемін таңдау қажет;

ә) қандай фигураның кеңістігі жалпы шығындармен сәйкес келеді;

б) қандай фигураның кеңістігі өзгермелі және тұрақты шығындармен сәйкес келеді.

  1. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.

    Шығарылым көлемі

    Тұрақты шығындар

    Өзгермелі шығындар

    Жалпы шығындар

    Орташа шығындар

    Шекті шығындар

    тұрақты

    өзгермелі

    жалпы

    0

    50

    1

    40

    2

    30

    3

    40

    4

    40

    5

    70

    6

    310

  2. Жоғарыдағы кестенің мәліметтеріне сәйкес орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындардың графигін салыңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

а) фирмаға өндірістің қандай көлемін таңдау қажет;

ә) қандай фигураның кеңістігі жалпы шығындармен сәйкес келеді;

б) қандай фигураның кеңістігі өзгермелі және тұрақты шығындармен сәйкес келеді.

  1. Кестені толтырыңыз және жалпы, орташа және шекті табыстардың қисықтарын салыңыз:

    Баға Р

    Шығарылым көлемі Q

    Жалпы табыс TR

    Орташа табыс AR

    Шекті табыс MR

    15

    2

    14

    3

    13

    4

    12

    5

    11

    6

  2. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

    Баға Р

    Шығарылым көлемі Q

    Жалпы табыс TR

    Орташа табыс AR

    Шекті табыс MR

    2

    20

    4

    9

    6

    8

    6

    48

    8

    -8

  3. Сіз өзіңіздің жеке ісіңізді ашқыңыз келеді. Бұл жерде ғимаратты жалға алу құны жылына 500 долларға тең. Бұдан басқа сіз айына 50 долларды құрайтын жалақы алудан бас тартуыңыз керек. Өзгермелі шығындар айына 80 долларға тең. Сізге мыналарды анықтау керек:

а) жалпы шығындар жылына қаншаға тең?

ә) экономикалық шығындар қаншаға тең?

б) егер сіздің болжанған табысыңыз бір жылда 2000 долларға тең болса, онда бұл іспен айналысуға бола ма?

  1. Сіз нан пісіріп сатқыңыз келеді. Нанды сатуға арналған дүңгіршек (ларек) 200 долларға тең. Нанның бір данасын пісіруге кететін шығын 0,2 долларға тең. Табу керек:

а) сіздің бизнесіңіздің тұрақты және өзгермелі шығындары қаншаға тең?

ә) кесте құрыңыз және 100, 200, 300, 400, 500 дана нан пісірудің жалпы, орташа жалпы, орташа өзгермелі және шекті шығындарын анықтаңыз;

б) аталған шығындардың қисықтарын салыңыз.

  1. Белгілі бір компания жаңадан әлсіз алкогольді ішімдік шығарады. Ішімдіктің құрамына минералды су (80%) және шарап (20%) кіреді. Компания минералды судың литрін 4 теңгеден, ал шараптың литрін 100 теңгеден сатып алады. Фирма осы аталған компоненттерден басқа ресурстарды қолданбайды.

а) күніне 500 литр шарап пен 1000 литр минералды су қолданғандағы фирманың өндіріс көлемі мен шығындарын анықтаңыз;

б) өндірісті қайта ұйымдастырудың нәтижесінде шығындар төмендеді, бірақ өндіріс көлемі бұрынғы қалпында қалды. Енді жалпы және орташа шығындар қалай өзгереді? Шекті шығындар қандай?

6-тақырып. Нарықтық құрылымдар. Жетілген бәсеке жағдайындағы ұсыныс және пайданы мейлінше арттыру мәселесі

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың қабылдайтын шешімдері туралы мәселелерді зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

  1. Нарықтық құрылымдар және олардың түрлері.

  2. Жетілген бәсеке нарығы және оның шарттары.

  3. Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирмалардың пайданы мейлінше арттыру мәселесі. Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирмалардың ұсынысы.

  4. Ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік және бәсекелі фирмалардың ұсынысы.

  5. Бәсекелі нарықтардың тиімділігі. Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері.

Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

  1. Егер тауардың нарықтық бағасы 8 долл. болса, онда фирма өнім өндірудің қандай көлемін таңдайды және қандай пайда алады?

Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирманың жалпы шығындарының функциясы төмендегідей көрсетілген:

Q

0

1

2

3

4

5

TC

10

12

16

22

32

40

  1. Жоғарыдағы №1 есепте көрсетілген бәсекелі фирманың шығындарының функциясы негізінде бір дана өнім өндірудің бағасы 11 долл. болғанда фирманың өндіру көлемі мен алатын пайдасын анықтаңыз.

  2. Төмендегі кестеде жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың шығындары мен табыстары туралы мәліметтер берілген. Сәйкес көрсеткіштерді есептеп кестені толтырыңыз, бұл жерде тауардың бағасы 5000 долл. тең:

Өнім шығару, данамен Q

Жалпы шығындар, мың долл.

ТС

Орташа өзгермелі шығындар, мың долл. AVC

Шекті шығындар, мың долл. MC

Жалпы табыс, мың долл.

TR

Пайда

мың долл.

0

4

1

7

2

11

3

16

4

24

5

34

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) өндірістің қандай көлемін таңдаған дұрыс?

ә) өндірісті тоқтату үшін бағаны қандай деңгейге дейін төмендету қажет?

б) тұрақты шығындар мен шекті табыс қаншаға тең?

  1. Төмендегі кестеде жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың шығындары мен табыстары туралы мәліметтер берілген. Сәйкес көрсеткіштерді есептеп кестені толтырыңыз, бұл жерде тауардың бағасы 5000 долл. тең:

Q

ТС

TFC

TVC

TR

Пайда

(шығын)

0

2

1

6

2

10

3

21

4

36

5

55

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) шекті табыс қаншаға тең болады?

ә) өндірістің қандай көлемі тиімді болып табылады?

б) өндірісті тоқтату үшін бағаны қандай деңгейге дейін төмендету қажет?

  1. Кестенің бос орындарын толтырыңыз. Тауардың бағасы 10 долларға тең:

Q

ТС

TFC

TVC

TR

Пайда

(шығын)

0

10

1

2

2

10

3

15

4

60

5

40

Мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) өндірістің қандай көлемінде фирма өз пайдасын арттырады?

ә) бәсекелі фирма өндірісті тоқтату үшін бағаны қандай деңгейге дейін төмендету қажет?

  1. Айталық, фирма өнімінің бағасы – 50 теңге. Фирманың ағымдық өндіріс көлемі деңгейіндегі шекті шығындары 30 теңгеге тең. Фирма пайданы максималдау үшін не істеуі керек? Бұл жағдайды график арқылы түсіндіріңіз.

  2. Кәсіпорын жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейді. Кәсіпорынның жалпы шығындары (TC) кестеде көрсетілгене:

Уақыт бірлігімен өнім шығару (Q), дана

Жалпы шығындар (TC), ақшалай бірлікпен

0

4

1

8

2

10

3

14

4

20

5

28

Егер тауардың бағасы 5 тг.болса, онда кәсіпорын өндірістің қандай көлемін таңдайды? Кәсіпорынның нақты сол тауар өндірісін тоқтату үшін баға қандай деңгейге дейін төмендеуі керек?

  1. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма:

а) өнімнің нарықтық бағасын берілген деп қарастырады;

б) жаңа фирмалардың салаға енуін толық бақылай алмауы мүмкін, бірақ едәуір дәрежеде бақылай алады;

в) егер бағаны төмендетсе, онда көп өнім сата алады;

г) басқа фирмалардың сататын өнімдеріне қарағанда ерекше өнім сатады.

  1. Бәсекелес фирманың тұрақты шығындары 50 мың теңге болсын. Жалпы өзгермелі шығындардың өндіріс көлеміне байланысты бір жылдағы өзгерісі кестеде берілген:

Q, мың дана

1

2

3

4

5

6

TVC, мың теңге

40

70

95

130

185

275

Қысқа мерзімді кезеңде өнім бірлігі бағасының деңгейлері келесідей: 25, 30, 34, 50, 60, 90 теңге болғандағы фирманың ұсынысын анықтаңыз. Бағаның әр деңгейіндегі шығынның және пайданың шамаларын көрсетіңіз. Фирманың ұсыныс қисығын салыңыз.

7-тақырып. Жетілмеген бәсеке нарықтары.