Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
327
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Өндіріс шығындары және пайда

Мақсаты: нарықтағы фирмалардың максималды пайда табуы үшін жұмсайтын шығындарының мәнін анықтап, олардың қысқа және ұзақ мерзімдегі түрлерін талқылау, сонымен қатар, шығындарды минималдау арқылы өндірушінің тепе-теңдігі мәселелерін шешу. Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет.

Дәріс сабағының жоспары:

  1. Өндіріс шығындарының табиғаты, олардың құрылымы мен түрлері.

  2. Пайда және оның түрлері.

  3. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарының динамикасы.

  4. Ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындарының динамикасы.

  5. Өндіріс шығындарын барынша азайту. Изокосталар.

Негізгі ұғымдар: өндіріс шығындары; экономикалық шығындар; бухгалтерлік шығындар; қайтарылмайтын шығындар; жалпы шығындар; орташа шығындар; шекті шығындар; тұрақты шығындар; өзгермелі шығындар; шығындар функциясы; орташа тұрақты шығындар; орташа өзгермелі шығындар; орташа жалпы шығындар; изокосталар; өндірушінің тепе-теңдігі; даму траекториясы; фирманың пайдасы; экономикалық пайда; бухгалтерлік пайда; қалыпты пайда; т.б.

Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Өндіріс шығындары – өнім өндіру үшін қолданылған факторлардың жұмсалуының құндық (ақшалай) нысаны.

Өндіріс шығындарының экономикалық талдануы ресурстарды қолданудың баламалылығынан туындайды, олай болса бухгалтерлік және экономикалық өндіріс шығындарының арасындағы айырмашылықтың бар екенін көруге болады.

Бухгалтерлік өндіріс шығындары – ресурстарды сырттан тарту төлемдерімен байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылған нақты шығындар.

Өндірістің экономикалық шығындары – бұл балама қолданудан ұсталатын ресурстардың құны. Оларға жан-жақтан тартылған ресурстарға деген төлемдер де, төленбеген өндірістің меншікті факторларын балама қолданудан ұсталынған жіберіп алған табыстар да кіреді.

Экономикалық шығындар сыртқы (айқын), ішкі (айқын емес) және қалыпты пайда сомаларының жиынтығынан құралады. Сондықтан, экономикалық шығындардың мөлшері бухгалтерлік шығындардан айқын емес шығындар мен қалыпты пайда мөлшеріне үлкен болып табылады.

Табыс пен экономикалық шығындардың арасындағы айырманы экономикалық пайда құрайды, ал ол өз кезегінде бухгалтерлік пайдадан төмен болып келеді.

Ресурстарды өндірістің үздіксіз үрдісіне қосу сипатының әртүрлілігіне байланысты экономикалық шығындар тұрақты және өзгермелі шығындар болып бөлінеді, тұрақты шығындардың мөлшері қолданылатын тұрақты факторлардың көлемі мен бағасына тәуелді болса, ал өзгермелі шығындар қолданылатын өзгермелі факторлардың бағасына және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді.

Экономикалық шығындар деңгейінің сипаттамасы үшін өндіріс шығындарының жалпы, орташа және шекті көрсеткіштері қолданылады, олардың мөлшері өндіріс көлеміне тәуелді болып табылады.

Қысқа мерзімде өндірістік шығындардың деңгейі шекті өнімділіктің төмендеу заңына бағынады. Сондықтанда шығарылым көлемі ұлғайған сайын шығындар мөлшері өзгермелі фактордың қайтарымдылық сипатына байланысты өзгеріп отырады. Қайтарымдылықтың өсуі кезінде шығындар төмендейді, ал төмендегенде шығындар артады.

Шығарылым көлемінің артуымен байланысты өндіріс шығындарының өзгеру сипаты өзінің көрінісін өндірістің жалпы және орташа шығындарының қисықтары формасында табады.

Ұзақ мерзімде өндірістің барлық факторлары өзгермелі болып табылғандықтан, шығындардың қалыптасуы өндіріс ауқымы тиімділігінің орындалуымен байланысты болады. Өндіріс ауқымының оң (өспелі) тиімділігі кезінде ұзақ мерзімді орташа шығындар төмендейді, ауқымның тұрақты тиімділігі кезінде шығындар өзгермейді, ал өндіріс ауқымының теріс (кемімелі) тиімділігі кезінде ұзақ мерзімді орташа шығындар артады.

Берілген шығарылым көлемін өндірумен байланысты жалпы шығындар деңгейін изокоста сипаттайды. Изокоста – шығындардың тең жұмсалуы қамтамасыз етілетін өндіріс факторларының үйлесімділіктерін көрсететін сызық, ал оның көлбеулігі қолданыстағы өндіріс факторлары бағаларының арақатынасын көрсетеді.

Берілген шығарылым көлемі минималды экономикалық шығындармен қамтамасыз етілген жағдайдағы өндірісті ұйымдастырудың әдісі шығындар бойынша оңтайлы, әрі экономикалық жағынан тиімді болып табылады.

Өндірушінің басты міндеті болып шығарылымды өндірістің минималды орташа шығындарымен қамтамасыз ете отырып, сол өндірістің тиімді мөлшерін табу және қолданылатын факторларының оңтайлы үйлесімділіктерін таңдау табылады.

Өндіріс факторларының тиімді үйлесімділіктері ресурстардың шекті өнімділіктерінің және осы ресурстар бағаларының ара қатынастарының теңесуі кезінде орындалады, бұл теңдік графикалық түрде изокванта мен изокостаның жанасу нүктесіне сәйкес келіп, нәтижесінде өндірушінің тепе-теңдігі орындалады.

Ұзақ мерзімді орташа шығындардың деңгейі өндірістің тиімді көлемін анықтауға тікелей әсер етеді. Өндірістің тиімді мөлшері болып ұзақ мерзімді минималды орташа шығындар деңгейінің орындалуы табылады.

Ұзақ мерзімі орташа шығындардың өзгеру сипаты салалық нарықтың құрылымын анықтаушы фактор болып табылады.

Қорытынды

1. Өндіріс шығындары – өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әр түрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.

2. Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма. Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма. Экономикалық пайда – жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма. Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.

3. Қысқа мерзімде фирманың өндіріс шығындары тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар және жалпы шығындар болып бөлінеді. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар ретінде сипатталады. Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне байланысты өзгеріп отыратын шығындар болып табылады. Ал жалпы шығындар тұрақты шығындар мен өзгермелі шығындардың қосындысы болып табылады. Ұзақ уақыт мерзімінде орташа шығындар қисығы (LRAC) өндірістің қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар қисығын жанап өтеді және ол масштаб тиімділігін (өндіріс ауқымын) көрсетеді.

4. Өндірушілер көбінесе орташа шығындар шамасына көп көңіл бөледі. Орташа шығындар өнімнің бір бірлігіне шаққандағы жалпы шығындарды сипаттайды. Орташа шығындар орташа тұрақты шығындар, орташа өзгермелі шығындар және орташа жалпы шығындар болып бөлінеді. Ал өнімнің қосымша бірлігін өндіруге кететін қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды.

5. Изокоста (тең шығындар сызығы) – барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық.

Дәріске арналған әдістемелік кеңестер.

1. Студент тақырыпты оқу барысында маңызды сұрақтарға көңіл бөлуі қажет: экономикалық және бухгалтерлік шығындар, пайданың түрлері, өндіріс шығындарының қысқа және ұзақ мерзімдердегі түрлері, изокосталар, өндірушінің түрлері.

2. Тақырыпта қаралатын негізгі сұрақтарды графиктермен түсіндіре білу қажет.

3. Тақырыпты тереңірек түсіну үшін негізгі және қосымша әдебиет көздерінде көрсетілген оқулықтарды игеруі қажет.

6-тақырып. Жалпы шолу дәрісі