Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_bilety2.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
54.05 Кб
Скачать

3) Берілген сөздерді құрамына қарай талда:

Құрылысшылар: құр-негізгі түбір,ыл- ырықсыз етіст. жұрн., ыс-зат ес. жұрн., шы-сөз тұдыр. жұрн., лар-көптік жалғау;

Құбылыстарың: құбыл-етістіктің. нег. түбір, ыс-зат ес.сөз тудырушы жұрн., тар-көптік жалғау,ы-Т.ж., 3ж., көп.түрі, н-Т.с.жалғау.;

Тіршілік: тір-сын ес. негізгі түб., шілік-зат ес.сөз тұдыр. жұрн.

4-билет

  1. Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин(1841-1889 ж.ж.) қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында (Бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Алманқарағай болысы) дүниеге келді. Ол-қазақтың тұңғышұлттық педагогикасының негізін салушы, аудармашы, жазушы, ақын, ағартушы-ұстаз, қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы(«Қазақ хрестоматиясы»). Тұңғыш қазақ мектебін ашты, тұңғыш қыздар мектебін ашты. Балалар әдебиетінің негізін салушы. Оқу, өнер жайлы өлендері: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» т.б.

  1. Етістер. Етістіқтің іс-әрекеттің орындалуына қарай 4 түрі бар. Олар өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ етістер. Өздік етіс:-ың,-ін,-н,-ыл,-іл,-л (жуынды, таранды). Өзгелік:-ғыз,-гіз,-қыз.-кіз,-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір,-т (оқыт). Ырықсыз:-ыл,-іл,-л,-ың,-ін,-н (берілді). Ортақ:-ыс,-іс,-с (айтыстырды, жүргізілді).

  2. Берілген етістерден етістер жаса, сөйлемдер құрастыр: ойла, шеш,жу,тара,ки.

Ойлан, ойландыр, ойланғыз, ойлат, ойлас; шешін, шешендір, шешілді, шешіс; жуынды, жұғызды, жуғызылды, жуғыс; таранды, тарандыр, тарат, таратылды, тарас; киінді, киіндір, киілді, киіс.

5-билет

  1. Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов (1835-1865) қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде дүниеге келді. Шоқанның арғы атасы-ұлы Абылай хан. Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым. Тарихшы, этнограф, географ, саяхатшы, ағартушы-демократ, әдебиетші, фольклорист, заңгер. 1857 жылы «Орыс-география қоғамының» толық мүшелігіне сайланды. Оның Қашқарияға сапары- әлем ғылымына қосқан үлкен үлесі.

  1. Шылаулар.

Шылау сөзбен сөзді сөйлеммен және сөйлемді байланыстырады, өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау.

Септеулік шылау сөздерді сабақтастыра байланыстырады. Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар: Атау, Барыс, Шығыс, Көмектес септігіне қатысты. Атау септеуліктері: туралы, жайлы, жайында, жөнінде (о), арқылы (через), бойы (по), ушін (для), сайын (через). Барыс с.: дейін, шейін (до), жуың, таман (около). Шығыс с.: кейін(после), әрі, горі (чем), бері(чем), соң (после). Көмектес с.: бірге, қатар, қабат (с, вместе)

Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырады. Оның 6 түрі бар: ыңғайластық(да,де,та,те,және,әрі), қарсылықты(алайда, бірақ, дегенмен), себеп-салдар(себебі,өткені), талғаулықты(не, немес, яқи), кезектес(кейде, бірде), шартты(егер, егерде).

Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды, тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағынабереді. Оның 6 түрі бар: сұраулық(ма,ме,ба,бе,па,пе,ше), күшейткіш(ау,ай,ақ,да,де,та,те), белгісіздік(міз,мыз,да,де,та,те), болымсыздық(түгіл,тұрмак), шектік(ғана,қана), нақтылау(ақ,ғой,қой) мағына беретін демеулік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]